Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мағжан ақынның дүниетаным әлемі

деңгейге дейін көтерілу, туған халқының мүддесі үшін құрбандыққа баруға әзірлік — Мағжан Жұмабаевтың өмірлік мұраты. Жас ұрпаққа арналған “Педагогика” оқулығында ол: “Өзінің елін сүюі, яғни еліне жауыздық тілемей, ізгілік тілеу, пайда келтіріп, зиян келтірмеуді” әрбір адамның қасиетті борышы ретінде атап көрсетеді.

 

Жиырмасыншы ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялыларының ұлы шоғырын топтастырған ортақ мұрат — бодандық бұғауында жаншылған елін құлдықтан құтқару, жаңа ұлттық сананы қалыптастыру, өзге өркениетті елдер қатарына қосу болғаны белгілі. Мағжан да осы мұратты жүзеге асырудың жолдарын іздеп, басын тауға да, тасқа да соққан.

 

“Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайық,

Отырайық жиылып, оңдалайық.

Мың жылғы өткен қумай ата заңды,

Өнерден кем қалмайық, ойланайық,

Жер қалар, біз жиылып қала салсақ,

Қайдағы оңды жерді таңдап алсақ”, —

 

деп, отырықшы тұрмысқа көшіп, қала салуды елді, жерді ешкімге бермей, сақтап қалудың бірден бір жолы ретінде ұсынады. Сондай-ақ:

 

“Ескіше тұрып егеспе,

Заман — түлкі, тазы бол

Базарша дүкен құр енді”, —

 

деп халықты сауданың тілін білуге, қазіргі тілмен айтқанда, нарықтық экономика заңдарын меңгеруге шақырады. Ал мына өлеңінде ақын:

 

“Кітап әпер, оқысын, балаң қолына,

Малды аяма оқу-білім жолына.

Өнер алып, басқалармен қатар бол,

Қосыл бірдей азаматтың тобына!” —

 деп, қазақ ұлтының әлемдік өркениет көшіне қосылуының жолын өнер-білімнен, жас ұрпақты өзге елдердегі замандастарымен бәсекеге түсе алатындай етіп тәрбиелеу ісінен іздейді.

 

Мағжан Жұмабаев — тек бір ұлттың ішкі әлеуметтік проблемаларымен шектеліп қалмаған ойшыл. Дана ақын ойы қазақтың кең даласынан жоғары көтеріліп, бүкіл әлемді шарлап кетеді:

 

“Адамзат баласына енді көштім:

Япыр-ай, осындай-ау адам-дағы

Бірі күшті, біреуі жаман-дағы

Күштісі әлімжеттік қылғаннан соң,

Дүние де жақсылықтан аман-дағы”.

 

Иә, адамзат қауымындағы Мағжан заманында болған негізгі қайшылықтар бір ғасыр өтсе де шешімін тапқан жоқ. Керісінше, жиырма бірінші ғасырдың басында олар әлдеқайда күрделене түскен сыңайлы. Бұл әлемде күшті мен әлсіз, бай мен кедей қалай бейбіт қатар өмір сүре алады? Күштінің әлсізді жем қылуы, өз мүддесіне пайдалануы, өз ықпалында ұстауы өзгермейтін заң ба әлде? Бүгінгі жаһандану заманында талай елдің алдында тұрған осынау сауалдардың жауабы кезінде Мағжан ақынды да толғандырыпты. Қандай жауап тапқан дейсіздер ғой. Ол, міне, мынау:

 

“Күшсіздер де тырысып, қатар болсын!

Дедім де жөнелдім мен қолым сермей!”

 

Қалай “тырысады”, қалай “қатар болады”? Әрине, өзін-өзі дамыту, содан соң бір-бірімен бірігу арқылы. Мағжанның жұрттың бәрі айтып жүрген “түркішілдік” идеясы, яғни түркі халықтарының рухани және мәдени бірлігін жырлауы, міне, осыдан шыққан.

 

“Қарашы төңірекке мойның бұрып,

Алтай, Орал бойында тұрған түрік.

Аты да, заты да жоқ, дыбысы жоқ,

Жоғалған әлдеқайда іріп-шіріп...” — деп, сонау замандарда ықпалымен жарты әлемді қалтыратқан түркі халықтарының бір-бірінен іргесі ажырағаннан соң, әркімге бодан болып кеткенін күйіне жырлаған ақын, ендігі әлемдегі күштілермен теңесудің бірден-бір жолы сол бірлікті қалпына келтіру деп біледі:

 

“Япыр-ай, айырылдық па қалың топтан,

Шабылып қайтпайтұғын жауған оқтан?!

 

Түріктің жолбарыстай жүрегінен,

Шынымен қорқақ құл боп жаудан бұққан?!

Шарқ ұрып ерікке ұмтылған түрік жаны,

Шынымен ауырды ма, бітіп халы?!

 

От сөніп жүректегі құрыды ма

Қайнаған тамырдағы ата қаны?!

Бауырым! Сен о жақта, мен бұ жақта

Қайғыдан қан жұтамыз.

Біздің атқа лайық па құл боп тұру?

Жүр, кетелік Алтайға, ата мирас алтын таққа”.

 

Алтай – түркі халықтарының бір алтын бесігі, өз тарихында мың өліп, мың тірілген ұлысқа пана болған, жойылып бара жатқан тәуелсіз елдігін сан мәрте қайтадан қалпына келтіруге қуат берген құтты мекен. Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан шығып, әлемнің жартысын жаулап алған. Мағжан ақын да сол даңқты оқиғаларды түркі жұртының жадына түсіріп, “күштілермен қатар болғымыз келсе қайта бірігейік” деп жар салады.

 

Ақынның бұл ұлы арманы Кеңес одағы ыдырап, әлем картасында түркі халықтарының жаңа тәуелсіз мемлекеттері пайда болғаннан кейін ғана жүзеге аса бастағаны белгілі. Түркі халықтарының бүгінгі өзара саяси, экономикалық және мәдени-рухани қарым-қатынастарының даму қарқыны жаман емес, тек тіл-көзден сақтасын дейік.

 

Қазір қырықтан аса халық болып қалыптасқан барлық түркі жұртының әрбір баласы үшін жер бетінде ыстық та, қастерлі екі мекені бар. Оның бірі — жоғарыда өзіміз айтқан Алтай, екіншісі — Түркістан. Мағжан өзінің “Түркістан” поэмасында былай дейді:

 

“Түркістан — екі дүние есігі ғой,

Түркістан — ер түріктің бесігі ғой,

Тамаша Түркістандай жерде туған,

Түріктің тәңірі берген несібі ғой”.

 

Шынында да, Түркістан екі дүниенің — Шығыс пен Батыстың рухани есігі ғой. Бұл тек қана ақынның жеке тұжырымы емес, барша түркі баласының санасына мықтап орныққан түсінігі. Себебі, дәл осы қалада жеке үлгі-өнегесімен барша түркі жұртын ислам біліміне, сопылық іліміне ұйытқан, бұдан кейінгі танымы мен түсінігін қалыптастырған, алпыс үш жасында өз еркімен қылуетке түсіп, Хақ дидарын көруді, яғни дүниенің ақиқатына жетуді мұрат тұтқан ұлы піріміз Қожа Ахмет Ясауи тұрған. Себебі, дәл осы қалада ақтық аманаттары орындалған аруақты ата-бабаларымыз жерленген. Мұнда ақыл-парасатымен болашақты болжаған даналарымыз, қаһарымен алыс-жақын көршілерін қалтыратқан әміршілеріміз, кең байтақ еліне көз алартқан дұшпандардан қаһармандығымен қорғап қалған атақты батырларымыз бақилық орнын тапқан. Түркістанның пәни жалғаннан бақи дүниені жалғар қасиетті рухани қақпа аталатыны, міне, осыдан.

 

Ұлт тағдыры, ұлыс бірлігі туралы “он ойланып, жүз толғанған” қазақ ақыны бірте-бірте әлемдік ойшылдар қатарына көтеріліп, жалпыадамзаттық проблемаларға өзінше үн қатады. Адамдардың жаппай пайда қууы, өнер-білімнің өзін пайда табудың, біреуге зорлық жасаудың құралына айналдыру — адамзатты апатқа соқтыратын жол екенін Мағжан сол кезде-ақ сезінген. Пайдакүнемдік рационалдық ойлауға негізделген Батыс өркениеті ақынды қатты шошындырады. Шығыс философиясындағы сезімдік таным әдісі, пайдалылыққа емес, руханилыққа басымдық беру дәстүрі Мағжанды қатты қызықтырған. Әлемді апаттан құтқаратын Шығыстағы дәл осы руханилық нұры деп есептейді ақын.

 

“Көп білем деп бөлуге,

Көп күлем деп өлуге

                Жақын қалды Күнбатыс...

Қысық көзді Күншығыс,

Болсын соңғы бұл жүріс.

                Күнбатысқа жүрелік...

 

Гүл қылайық қаласын,

Ұл қылайық баласын,

                Мейірім есігін ашалық.

Мұндарларды адасқан,

Айырылып естен шатасқан

                Күншығыстың жолына

 

Салайық, шетсің демейік,

Аямайық көмейік

                Күншығыстың нұрына...”

 

“Таспен атқанды, аспен ат” деп, қатігез адамның өзін мейірім шуағымен қайта тәрбиелеп алуға болатынына сенетін қазақ халқының ұлы гуманистік рухын бойына сіңіріп өскен Мағжан әлемді меңдеген “өзімшілдік” дертін де мейіріммен, рухани­лық нұрымен ғана жеңу қажет дейді.

 

Біз қазір төрткүл дүниенің Батысы мен Шығысы, Солтүстігі мен Оңтүстігі арасындағы тайталастың тым өршіп кеткенінің куәсі болып отырмыз. Не жасаса да пайдалылық принципін ғана ұстанған АҚШ пен Батыс әлем байлығының басым бөлігін бауырына басып қана қоймай, ғылым мен техниканың барша жетістіктерімен мұздай жарақтанып алып, енді жұмыр жер бетіндегі адамзатты бірегейлендіруді көздеген жаһандану процесін бастап кетті.

 

Әрине, жер бетіндегі адамзат қауымы біртұтас. Бірақ олардың ұстанатын діни сенімі де, ділі де, дүниетанымы да, ойлау машығы да сан алуан. Әрбір ұлт пен ұлыс жаһанданудың аранында жұтылып кетпей, өзіндік ерекшелігін сақтап қалғысы келеді. Оған ықпалды да өзімшіл АҚШ пен Батыс бой берер емес. Бүкіл әлемге әлеуметтік құрылым туралы өз түсінігін, өзіндік ойлау машығын таңғысы келеді. Мұндай тегеурінге қарсы тұрар қауқары жоқ Шығыс не істей алады? Біреулер күрестің тым ұшқары түрі — жанкештілік (шаһиттік) пен лаңкестікті (терроршылдық) таңдап алуда. Бұған біздер қарсымыз. Ал қазақ ақыны Мағжан Жұмабаев осыдан бір ғасыр бұрын-ақ бұл тайталастың басты қаруы — Батысты Шығыстың “мейіріміне, руханилық нұрына” бөлеу деп айтып кеткен. Мағжан ақынның бүгінгі тәуелсіз Отаны — Қазақстан дәл

123
скачать работу

Мағжан ақынның дүниетаным әлемі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ