Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мағжан ақынның дүниетаным әлемі

осы бағыттың, Батыс пен Шығыс арасында өркениеттік сұхбат арқылы рухани келісім мен татулық орнату ісінің бірден-бір орталығына айналып келеді.

 

Ұлт — ұлыс — жалпы адамзат қауымындағы саяси-әлеуметтік мәселелер туралы тереңнен ой толғаған Мағжан ақын әлемдегі барлық дау-жанжал мен қайшылықтардың түп тамыры жеке адамда, оның бойындағы ізгілік пен зұ­лымдықтықтың арақатынасында жатыр деген тұжырымға келеді.

 

Ойшыл ақын адам болмысына жақсылық жасауға деген ұмтылыс пен жаман­дықтан бойын аулақ салу тән, “ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе” деп есептейді. Мағжанның пікірі бойынша, “махаббат” және “ізгілік” сөздерінің мазмұны өте жақын, өйткені сүю ізгілікке ұмтылуды, қара ниеттен аулақ болуды білдіреді. Бақытты өмір адам мен қоғамның, ұлт пен адамзаттың бірлігін қалайды. Адам бақыты — біріншіден, анаға, одан кейін жақынына, Отанына сүйіспеншілігіне, екіншіден, ұлт пен адамзаттың жай-күйіне тәуелді. Адам өз заманы мен мәдениетінің перзенті, ол өзінің қызметінде өз ұлты мен адамзаттың мүддесін басшылыққа алады. Ой еркіндігі Мағжан дүниетанымының басты принциптерінің бірі. Еркіндік адамның өз ойы мен ісі үшін жауапкершілікте екенін білдіреді. Жауапкершілік сезімі адамның басқалармен бір­ге өмір сүру қажеттілігінен туындайды. Адамның ақылы мен ойы неғұрлым терең болса, соғұрлым оның жауапкершілік сезімі де жоғары.

 

Мағжан қазақ халқының шынайы өкілі ретінде әлемді, тарихты, кеңістікті “адам мен адам”, “адам мен қоғам” және “адам мен табиғат” арасындағы үйлесім арқылы бейнелейді. Ұлы ойшыл адамның жандүниесіне керекті бірден-бір қасиет — қиял­дың қалыптасуына жағдай тудыратын оның қоршаған ортасы деп санаған. Адам халықтың мүддесі тұрғысынан шынайы қиялдай білуге тәрбиеленуі керек, сонда ғана арман мен қиял адамды жақсылыққа, ізгілікке жетелейді.

 

Мағжанның көзқарасы бойынша, адамның әдемі пішіндерді, табиғаттың сұлулығын көру қабілеті, терең ойлау мен қиялдың ұшқырлығы күрделі таным процесі арқылы жүреді. Ақын жалпы “таным” деген ұғымды әртүрлі әдемі түстерден рақат алу, табиғат құбылыстарының жаратылысы, ондағы дыбыстардың сан алуандылығынан ерекше әсер алу деп ұғады. Сұлулықты сезіну адамның өмірге деген қызығушылығын арттырады. Ол эстетикалық талғамы бар адамның барлық уақытта жамандықтан жиреніп, ізгіліктің, жақсылықтың қажеттілігін сезіне білетіндігін баса айтады: “Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, хатта жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді”.

 

Ақын табиғат жайлы былай толғанады: “Үлбіреген гүл, күңіренген орман, сыл­дыраған су, былдыраған бұлақ, шексіз-шетсіз қара-көк теңіз... Міне, осылар сықылды жаратылыстың сұлу заттары, яки искусствоның тылсымды жанды билеп алып кететін ән, күй, сиқырлы сөз... адамның көру сезімін сиқырлап барып, жанда сұлулық толқындарын туғызады”.

 

Мағжанның философиялық көзқарасы бойынша, жан дегеніміз әлемді тануға бейім әрі адамның ерік күш-жігерін өзіне аудару, әдемі буын, тамаша дыбыс, ғажап түрмен (пішінмен) ләззаттану. Жан жамандыққа жиіркеніш сезіммен қарап, жақсылыққа, ізгілікке қарай талпынады. Философ-ақын адам үшін жанның қан­шалықты мәнді екені жайында: “Адамзат дене һәм жан аталған екі бөлімнен тұрады, бұл екі бөлімнің соңғысы, яғни жан, адамзат үшін аса қадірлі болады, дұрысын айтқанда, адамға шын мағынасымен адам деген атты осы жанға береді” деп жазады.

 

Мағжанның ойынша, жан дегеніміз оның көріну формаларының жиынтығы емес, ол құпия қалпында қалады. Тек тіл ғана жан құпиясына жақындай түсуге мүмкіндік береді.

 

Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы арнасында Мағжан жанды, көбінесе, жүрек бейнесінде жырлайды:

 

“Өзгеріссіз өмір сорға айналмақ,

Жүйрік жүрек сұр өмірде байланбақ.

Шын адам сол — ылғи шаттық жырымен,

Жүрек қалай қуса, солай айдалмақ”.

 

Өз жүрегінің қалауымен, жан-дүниесінің тілегімен ғұмыр кешкен адам ғана бақытты дейді ақын. Бірақ Мағжан ғұмыр кешкен заман ақынның өз жүрек қалауымен өмір сүруіне мүмкіндік бермеп еді. Содан да ол:

 

“Уланды жүрек, жан күйді,

Ішім толған қызыл шоқ.

Не себептен, тәңірі ие,

Денеге ем бар, жанға — жоқ”, — деп күңіренеді, бұл пәнидегі өз ғұмырының, жалпы адамзат тіршілігінің мәніне ой жібереді.

 

Жалпы, адам өмірінің мәні, өмір мен өлім проблемасы — философиядағы мәңгілік тақырыптардың бірі. Әсіресе, қазақ философиясында бұл тақырып терең зерделенген. Мысалға, өлімді өнердің күшімен кідірткен Қорқыт Ата ұлағатының өзі әлемдік философиядағы мәңгілік проблеманың өзгеше шешімі болып табылады.

 

Ал, Мағжан “Қорқыт” поэмасын жазып, философиядағы өмір мен өлім тақырыбын өзінше қозғайды:

 

“Әншейін өмір деген ермек үшін,

Күні ертең соғар жүрек өлмек үшін.

Ойланып қалай ғана уланбассың,

Берілсе адамға өмір өлмек үшін”.

 

Иә, адам — жер бетінің қонағы. Қазақ халқы бұл ақиқатты “өзекті жанға бір өлім” деп қысқа да нұсқа тұжырымдаған. Ал Мағжан болса, өлімді — адамның жер бетіндегі ғұмырының аяқталуы деп қана емес, мәңгілік мекеніне аттануы деп баға­лайды. Ажал адамның:

 

“Өлгені емес, жерді тастап кеткені,

Шын бақытқа ерте бастан жеткені”.

Содан да ақын бір сәт:

 

“Жел күңіренбе, жасың тый

Өлім күйі — тәтті күй

Балқиды жаным бұл күйге

Мені де, өлім, әлдиле

Әлдиле, өлім әлдиле”, — деп, жер бетіндегі азап пен қасіреттен құтылып, мәңгілік тыныштық табуды аңсайды?.

 

Жалпы, Шығыс философиясында, оның ішінде қазақ философиясында да, адам баласының ертеңгі “бір өлім” туралы ойлануы оның имандылыққа, ізгілікке бет бұруының өлшемі ретінде қарастырылады. Өлім туралы ойланған адам сатқындық пен арамдық жасамайды, бұл пәнидегі ғұмырын мәнді өткізуге ұмтылады. Мағжан да өлім туралы ойлана отырып, бұл пәнидегі өз өмірінің мәні туралы тебіренеді:

 

“Ақылға кеш айналдым, қайран күнім,

Бір күні құшағына алар өлім.

Қара жерді құшақтап мен жатармын,

Сол кезде не деп мені сынар елім?”

 

Кешегі кеңестік құқықтық саясат ұзақ уақыт бойы осынау кемеңгер ақынның есімін де айтқызбай, халық жадынан ұмыттыруға тырысып бақса да, Мағжан жырлары қара түнектің өзін жарып шықты, сөйтіп, өзі армандаған тәуелсіз қазақ елінің еркін ойлы азаматтарына мәңгілік рухани азыққа айналды.

 

“Жібердің басқа жұртқа жолбасшылар,

Әр жұрттың жолбасшымен көзі ашылар.

Не елші, не жол сілтер кітабы жоқ,

Алашқа әлде жазғаны бар да шығар?” — деп, бүгінгі күнді болжап кеткен ақынның сұңғылалығына тәнті бола отырып, нағыз сын сағатта елімізді тәуелсіздікке бастаған Жолбасшының да болғанына, жол сілтер кітаптардан да кенде қалмағанымызға мың да бір шүкіршілік етеміз.

Шынайы поэзия туындысының қадір-қасиеті уақыт өткен сайын бедерлене түсетіні белгілі. Тарихи тұлға Мағжанның туған халқы мен адамзат өркениеті алдында сіңірген еңбегі де солай — ғасырдан ғасыр озған сайын өркештене түседі. Ал, тағдырдың ең бір қиын бұралаңдарында халқының бойына қуат берген, жігерін жанумен болған Мағжан поэзиясы келер ғасырлардағы толқын-толқын талай ұрпаққа ата-бабаларының мұңы мен шерін, арманы мен рухын ұмыттырмай, үнемі құлағына құюмен болары анық. Жер бетінде Қазақ елі мәңгі тұрғанда, осынау мәңгілік сарын да ешуақытта үзілмейді және сөнбейді. Оған ешкімнің ешқандай күмәні болмас. Сонымен қатар, оның рухани мұрасында өз халқының жарқын болашағына мол сенімі, жалпы сенім құндылық ретінде тереңірек қарастырылған.

Мағжан поэзиясындағы адам құқы мен бостандығы ұлттық пен жалпыадамзаттық құндылықтар, поэзия мен философияның арақатынасы, ой еркіндігі, адам болмысы мен имандылығы, әлеуметтік таным мәселелері, Мағжанның ойлау мәдениеті және дүниетанымы қазіргі күні жаһандану тұрғысынан жүйелі және тереңірек философиялық-дүниетанымдық зерттеуді қажет етіп отыр.

Авторы: Әбдімәлік НЫСАНБАЕВ.

123
скачать работу

Мағжан ақынның дүниетаным әлемі

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ