Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Махамбет шығармаларының көркемдік ерекшеліктері

егі қазақ халқының тіл байлығынан қажетінше ала да, оны өзінің керегіне жарата да білген.

            Көшпелі шаруашылық тұрмыс жағдайынан туған әртүрлі атаулар мен түсініктер әрі дәл, әрі өте шебер түрде, асқан місекерлікпен Махамбет өлеңдерінде өріліп жатады. Жауынгерлік өмірге тән қару-жарақ аттары да, сол жағдайға лайықты сөздер де, халықтың рухани күшінің биік шыңы болған жортуылды күндердің сипаттарын берерлік тамаша образдар да  Махамбет өлеңдерінен өшпестік орын алды. Тек қана жауынгерлік емес, сонымен қатар халық өмірінің басқа жағдайдағы көріністерін суреттеу үшін қолданған сөз бейнелері күні бүгінге шейін өзінің сырын да, сынын да жойған жоқ.

            Тілінің байлығы жағынан және оны шебер қолдана білуі жағынан Махамбет атақты сөз ұсталарының қайсысынан болсын кем түспейді. Махамбет тілінің асқан көркемдігі, анықтық, дәлдігі, әр алуан поэтика тілдердің элементтерін (эпитет, теңеу, тропа, фигуралардың түрлерін) жеке де, өзара байланысты түрде де өте ұсталықпен қолдана алуында ғана емес, ең алдымен, оның өлеңдерінде кездесетін сөз образдарының өмір шындығына дәл келетіндігімен, сөйлем құрылыстарының ішкі логикалық байланыстарының беріктігінде.

            Қандай ақынға болсын, ең алдымен қойылатын шарт, өлеңдеріндегі қолданылатын сөз образдарының тек сыртқы сұлулығы емес, логикалық мәні, образының өмір шындығына дәл келу, келмеуі, міне осы болуы керек. Көркем сөз образдарын әр ақын-ақ таба алады. Бірақ сол қолданып отырған сөз образдары өмір шындығына дәл келмей, айтайын деген ойдың бір керегіне жарамайтын болса, ол оқушының эстетикалық сезімін оята алмайды. Бұл жайт тілдегі реализм болады. Ұлы ақындардың қайсысын алсақ та, сөз образдары, өмірдің бір бөлшегі болып, сол сөздің төркінін қуаласақ, тұрмыстың өзінде дәл сол айтқанындай болып шығады.           

Осы айтылғандар тәрізді, сөз образдарының өмірдегі нақтылы шындықтан алынып, мағына дәлдігіне бейнелеу, теңеулері де дәл келіп отырушылық-Махамбет өлеңдеріне де тән.

 

Мысалы:

                                                            Арғымақтың баласы,

                                                            Аз оттар да, көп жусар,

                                                            Талаудан татқан дәні бар.

                                                            Азамат ердің баласы,

                                                            Аз ұйықтар да, көп жортар.

                                                            Дұшпанда кеткен ары мен

                                                            Барымтаға түскен малы бар, -

 

деген үзіндіні алсақ, мұндағы сөз образдарының қайсысы болса да өмір шындығына дәл. "Арғымақтың баласы" - деп қазанаттың ең асылданған тегін ұғынсақ, олар шындығында аз оттап, көп жусайды.

            Өзі үшін туып, ел үшін еңбек етуді аңсаған ер ұлдардың қиыннан тоят тілеп, қияға құлаш сермеулері, ел намысын, ер намысын аяққа бастырмау үшін жарғақ құлағы жастыққа тимей, жауымен арпалысып, жорық жолында өлетіндігіне - әр елдің-ақ тарихы, тарихи ерлердің өмірі айғақ.

            Өмірдің  әралуан  құбылыстарына шаншыла көз тігіп, терең ұғынуға машықтанған ақын, сөз образдарын да сол өмірдің бір бөлшегі етуге тырысқан.

 

            Екінші бір өлеңінде:

                                                            Тағыдай таңдап су ішкен,

                                                            Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген,-

дейді.

            Махамбет өлеңдерін сөз еткенде, екінші бір көңіл аударатын мәселе, оның өлең жолдарының ішкі логикалық байланыстарының беріктігі дедік. Қандай ақынға болсын бұл ең керекті шарттың бірі. Не көркем сөз, не әдеби, тіпті үздік образдарды қолданса да, өлең сөйлемдердің ішкі мазмұны өзара жымдасып, шебер түрде қиюласып жатпаса, образдар айтайын деген ойдың бір керегіне аспаса, ол образдардың оқушыға ешбір әсері болмайды. Көркемдіктің негізгі тірегі - мазмұн. Мазмұн сөйлемдегі сөздердің өзара логикалық тығыз байланысынан туады.

            Махамбет өлеңдерін сан рет оқысаң да, оқығың келе беретіндігінің, оқыған сайын оқушысының эстетикалық сезімін оятып, өзіне қызықтыра түсетіндігінің бір тамыры - сол логикалық байланыстарының күштілігінде. Оның өлең жолдарында ой нендей жайылма сөйлеммен айтылса да, кейде көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем болып келсе де, өлең жолдарындағы логиканың күштілігі, оқушысын ертіп әкетеді. Сөйлемдеріндегі логикалық байланыстардың күштілігі, бағызы бір өлең жолдарында кездесетін артық буындарды да аңғартпай кетеді.

            Махамбет шығармаларының тілі әрі көркем, әрі образды, әрі өткір, әрі күшті болуымен қатар, әр сөзі орынды, әр жағдайдың өзіне лайықты, соған тән болып келеді. Оның тілдерінің күштілігі, көркемдігі мазмұнға бағыныңқылығында. Мысалы:

                                                            Мұнар да, мұнар, мұнар күн,

                                                            Бұлттан шыққан шұбар күн.

                                                            Буыршын мұзға тайған күн,

                                                            Бура атанған шөккен күн,-

 

деген үзіндідегі "мұнар", "шұбар" деген эпитеттерді алсақ, бұл эпитеттердің батырлардың өз бастарына және ел басына түскен ауыр халдерін суретте

12345След.
скачать работу

Махамбет шығармаларының көркемдік ерекшеліктері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ