Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Махамбет шығармаларының көркемдік ерекшеліктері

п беруге үлкен мәні бар. Хан мен билердің ел басына туғызылған қара күнін, басқа күндерден айырықша көрсету ушін, ақын сол күннің бейнесінде оқушыларының көз алдына елестету үшін "күн" деген сөздің алдына, "шұбар", "мұнар" деген эпитеттерді қолданған. Осы үзіндідігі:

 

                                                            Буыршын мұзға тайған күн,

                                                            Бура атанға шөккен күн,-

 

деген жолдарындағы өткен шақтық есімше етістік арқылы жасалған эпитеттер мен аралас келген поэтикалық контраст тамаша шебер қолданылған.

 

            Мақсаты орындалмай Исатай өліп, жолдастары оққа ұшып, көтеріліс апатқа ұшырап, оңға деген іс теріске, ойланған мақсат керісінше шыққандықтан-Махамбеттің қолданатын образы, сөздері де керісінше, шалыс келеді.

            Дұрысын алғанда, буыршын, жалпы жас түйе, мұзға таймайды, оның қара құсы өткір, табаны бедерлі болады. Мұны ол білмей отырған жоқ, біле тұра қолданып отыр. Сол шалыс келген образдар арқылы ел басындағы ауыр күндерді жайшылықтағы күндерден жекелеп көрсетіп, оқушыларын өз көзімен көргендей, өз жүрегімен сезгендей дәрежеге жеткізу ушін қолданып отыр.

            Жалғыз эпитет, не поэтикалық контраст емес - теңеу, метафора қолданыстары да ақынның мақсатымен ұштасып жататынын және өздерін жауынан жоғары етіп, жауын төмендете, оған оқушылары жексұрын көзбен қарайтын етіп шығару үшін қолданғандығын көреміз.

Исатайды ел қамқоры етіп көрсету үшін: "Қызғыштай болған есіл ер",-дейді.

            Қазақ елінің ұғымында бұл жақсы түсінік беретін теңеу. Ал оның ерлігін көрсетейін деген жерде оны арыстанға балайды:

                                                            Арыстан еді-ау Исатай,

                                                            Бұл фанидің жүзінде

                                                            Арыстан одан кім өткен,-

 

деп оның ерлігін метафора арқылы көрсетеді. Арыстан ел ұғымындағы ең күшті аң. Біреуді мықты етіп көрсетпек болса, елдің арыстанға, жолбарысқа балап теңейтіні бізге мәлім. Сөйтіп ол Исатайды арыстанға баласа, өздерін апатқа ұшыратқан жауын ел ұғымындағы ең оңбаған айуанға балайды. Баймағамбетке: "Сендей нарқоспақтың баласы", - дейді Өйткені балап отырған түйесі - түйенің ең жаман түрі. Мал шаруашылығымен күн көрген әсіресе көшпелі елдердің түйе малы ішінде ең жақсы көретіні бірі тума нар, қас жампоз, онан кейінгісі қоспақ (түйенің басқа да түрлері көп); ең жек көркетіні гүрт, жарыбай, сұлама, нарқоспақ. Міне Махамбет жауын жексұрын етіп көрсету үшін, Баймағамбетті қор туған нарқоспаққа балайды. Махамбет былай дейді:

                                                          

Шамдансам жығар асаумын,

                                                            Шамырқансам сынар болатпын.

 

            Бұл арада да жауынан өзін биік етіп көрсететіндігі, сондықтан да өзін асыл нәрселерге балайтыны анық. Махамбет шығармаларында жай теңеу, не метафораның ұлғайған түрі көп кездеседі. Мысалы:

 

                                                            Мен тауда ойнаған қарт марал,

                                                            Табаным тасқа тиер деп.

                                                            Сақсынып шыққан қиядан,-

деген үзінді бұған толық мысал бола алады.

            Ақындық тілдің өте бір толық түрі, ақынның шеберлігін керек ететін (өз орнына қолдана алса ), суреттейін деген өмір құбылысын айтып беру үшін мәні күшті ауыстырып айтатын сөздердің бір түрі - метонимия (алмастыру ).

            Махамбеттің:

                                                            Қой мойынды, көк жұлын…

                                                            Көк жұлынды, жетелеп,-

 

деген екі жолындағы метонимия әрі орынды, әрі шебер болып шыққан. Бұл сықылды метонимиялар Махамбетте көп, оның бәрін келтіріп жатудың керегі аз.

            Махамбет өлеңдерінде теңеу, не метафора ғана кездесіп қоймайды, ауыстырудың алуан түрлері де табылады. Сонымен қатар, оның өлеңдерінен фигураның түрлері де өте көп кездеседі, мысалы:

 

                                                            Ау қызғыш құс, қызғыш құс!

                                                            Көл қорыған сен едің-

                                                            Сен де айрылдың көліңнен,

                                                 &nb

12345След.
скачать работу

Махамбет шығармаларының көркемдік ерекшеліктері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ