Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мәлметтер қоры



 Другие рефераты
Кестелік процессорлар Жоспарлау мен болжаудың түсінігі және маңызы Қазақстандағы жалпы ұлттық өнім және оны есептеу әдістері Компьютерлік желілер. Желілердің қызметі

Мәліметтер  қорының классификациясы

Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялықМҚБЖ болып үшке бөлiнедi. 

МҚБЖ – бағдарламалық жабдық, оның көмегiмен МҚ (мәлiметтер қоры) құрылады, соның негiзiнде ақпаратты iздеу жүйесi (АIЖ) құрылады және жұмыс iстейдi. Ақпаратты iздеу жүйесi дегенiмiз – мәлiметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетушi бағдарламалар. 

Кез-келген мәліметтер қоры деректердің реляционды моделіне негізделеді.

Мәліметтердің реляционды моделінің негізінде қатынастар (relation - ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр. Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады. Кесте көрнекті, әрі адамға түсінікті бейнелеу болып табылады.  

Реляционды мәліметтер қоры бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі.

Қатынастарға қолданылатын негізгі амалдарға:

·  Жиындарға қолданылатын амалдар: қиылысу, айырма, декарттық көбейту, бөлу, біріктіру;

·  Арнайы реляционды амалдар: проекциялау, біріктіру, таңдау (селекция, шектеулер) жатады. 

Мәліметтер қорын басқару жүйесінің деңгейі осы айтылған амалдарды орындауда қолданылатын құралдардың бар болуымен және олардың қолайлылығымен өлшенеді. Қатынастарда, реляционды мәліметтер қорында бұл амалдарды орындауда қолданатын тілдерді екі класқа бөлуге болады:

·  Реляционды алгебра тілдері;

·  Реляционды есептеулер тілдері. 

Реляционды алгебра тілдері реляционды алгебраға негізделген. Қатынастарға қолданылатын амалдарды тізбектей белгілі ретпен жазып, қажетті нәтиже аламыз. Сондықтан реляционды алгебра тілдері процедуралық тіл болып, ал мәліметтер қорын басқару жүйелері тілдерінің көбі процедуралық программалау тілдері болып табылады.  

Бұтақ тәрізді объектілердің кестесі иерархиялық құрылым болады. Бұндай құрылым үшін төменгі деңгейдегі объекті жоғарғы деңгейдегі  объектіге бағынышты. 

Мәліметтер құрылымының үшінші түрі желілік МҚБЖ.

Керектi ақпараттарды жинау ғана емес, оларды жақсылап құрылымдау да маңызды. Кез-келген ақпараттық құрылым келешекте қажеттi ақпаратты алу үшiн құрылады. Сондықтан да ол мәлiметтердiң құрылымын жасау мына әдiстерге сүйену арқылы жасалады:

1)  объектiнiң сипаттамаларын анықтау;

2)  осы объектiлердiң атрибуттарын (атрибут – қатынас бағандары) анықтау;

3)  объектiлердiң арасындағы байланысты көрсететiн құрылым типтерiн таңдау (кесте, иерархиялық, желiлiк).

ақпараттық құрылымның дәл экземплярын құру.

МҚБЖ функциясы, мәлiметтер қорының басқару жүйесi 

МҚБЖ мәліметтер қорын құру, жүргізу және қолдануға арналған тілдік және бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Қолданылу түріне байланысты МҚБЖ дербес және көпшiлiк қолданушы деп бөлінеді. Дербес МҚБЖ бір компьютерде жұмыс істейтін желiлiк мәліметтер қорын құруды қамтамасыз етеді. Дербес МҚБЖ-не Paradox, dBase, FoxPro, Access т.б. жатады. Көпшiлiк қолданушы МҚБЖ клиент-сервер архитектурасында жұмыс істейтін ақпараттық жүйелерді құруға мүмкіндік береді. Көпқолданылушы МҚБЖ-не  Oracle, InterBase, Microsoft SQL, Server, Informix және т.б жатады. МҚБЖ-ң негізгі үш функциясын бөліп көрсетуге болады.

·  Мәліметтерді анықтау (Data definition) сіз өзіңіздің мәліметтер қорыңызда қандай ақпараттар сақталатынын анықтай аласыз, мәліметтер құрылымын және типін, сонымен қатар бұл мәліметтер бір-бірімен қалай байланысқанын көрсете аласыз. Кейбір жағдайларда сіз, сонымен қатар, мәліметтерді тексеру форматы мен критерийін бере аласыз;

·  Мәліметтерді өңдеу мәліметтерді әр түрлі тәсілдермен өңдеуге болады. Мәліметтерді онымен байланысқан басқа бір ақпаратпен байланыстырып, нәтиже мәнін есептеуге болады; 

Мәліметтерді басқаруда – сiз мәліметтермен кім танысуына болатынын көрсетіп, оларды өшіріп немесе жаңа ақпарат қоса аласыз. Сонымен қатар, мәліметтерді ұжымдық қолдану ережелерін анықтауға болады.

Мәлiметтер қорында қолданылатын терминдер

Мәлiметтер қоры – ақпараттар сақталатын қойма. Мәлiметтер қорынан керегiне қарай қажеттi мәлiметтер алу үшiн сақталады. Басқаша айтсақ, мұнда керектi ақпаратты iздеу ұйымдастырылады.  

Кесте – мәлiметтердi  жазба  (жол) және  өрiс (бағана) түрiнде  сақтауға  арналған  обьект  болып  табылады.  Әрбiр  кесте  нақты  бiр  сұрақ  бойынша  мәлiметтердi  сақтауға  қолданылады. 

Мәлiметтер қорында екi өлшемдi кестенiң жолдары жазбалар деп, бағандары өрiстер деп аталады. Дәлiрек айтқанда мәлiметтер қорында, кестедегi әрбiр жол жазба болып табылады, ал жазба бiрнеше өрiстерге бөлiнедi. 

Сұрау бiр немесе бiрнеше дайын кестелердiң негiзiнде құрылады. Форма мен Есеп беру бiр кесте (немесе сұрау)негiзiнде құрылады. Сұрау қажеттi мәлiметтi бiр немесе бiрнеше кестеден алуға мүмкiндiк  бередi. 

Форма мәлiметтер енгiзу үшiн қолданылады. Әрбiр формаға енгiзу үшiн, кесте өрiсiндегi мәлiметтердi бейнелеу үшiн немесе өзгерту үшiн қолданылатын басқару элементтерiн орналастыруға болады.

Есеп беру мәлiметтердi баспадан шығаруға арналған. Есеп беру қағазға басып шығаруға арналған, мәлiметтердi көрудiң ерекше формасы. Мәлiметтер қорын баспаға шығармастан бұрын, қағаз бетiнде қандай түрде бейнеленетiндiгiнжәне қандай жазбалар мен өрiстер енгiзiлетiндiгiн қарастыру керек. Есеп берудi кез-келген бiр кестеден, сұраудан  қарауға  болады.

Өрiстер типтерi және қасиеттерi

Мәлiметтердiң әр түрлi типтерi болады. Ендi информациялық жүйелердегi мәлiметтердiң, яғни өрiс мәндерiнiң типтерiне тоқталайық.

Негiзгi типтер:

·   Текстiк мәлiметтер(TEXT). Текстiк мәлiметтердiң мәндерi алфавиттi- цифрлi символдардан тұрады және  ұзындығы  255-тен  аспауы  керек;

·   Сандық мәлiметтер(NUMBER).  Бұл  типтегi атрибуттардың  мәндерiмен арифметикалық амалдар орындауға болады. Сандық  мәлiметтер  ұзындығы  бүтiн сан болса 2 байт, бөлшек сан болса жылжымалы нүктелi сан форматында 4 байт орын  алады.  Бүтiн  және  бөлшек  бөлiктерi  санда  нүктемен  ажыратылады.

·   Дата немесе уақыт типi (DATE/TIME). Дата  типi  белгiлi  бiр  форматта берiледi, мысалы: кк.аа.жж (күн, ай, жыл). Алғашқыда бұл текстiк мәлiметтiң бiр жағдайы сияқты көрiнедi.  Алайда, информациялық  жүйеде дата типтi  қолданудың  ерекшелiктерi  бар.

·   Жүйе қатты  бақылау  жүргiзу  мүмкiндiгiн  алады;

·   Автоматты түрде датаны әр елдiң дәстүрiне байланысты бейнелеу мүмкiндiгi  туады;

·   Программалау барысында даталарға арифметикалық амалдарды орындау жеңiлдейдi.

·   Логикалық мәлiметтер (YES/NO). Бұл типтiң мәлiметтерiн булевтiк деп атайды және мәндерi TRUE немесе FALSE (шартты түрде 1 немесе 0) болады және мұндай мәлiметтер “иә”, “жоқ” болып интерпретацияланады.

·   OLEобьектiсiнiң алаңы. Бұл ең бiр қызықты типтердiң бiрi болып табылады. Бұл типтiң мәнi ретiнде OLE объектiсiнiң  кез-келгенi  болуы мүмкiн (егер компьютерде болса) графика, дыбыс, видео.

·   Қолданушының  типi.  Көптеген  жүйелер  қолданушыларға өздерiнiң  типiн  жасауға  мүмкiндiк  бередi.  Мысалы: “апта  күнi” (дүйсенбi, сейсенбi  және  т.б), “адрес” (почта  индексi-қала-және&nb

12
скачать работу


 Другие рефераты
Гражданское общество
Азаматтық құқықтың негізгі элементтері
Психологические подходы к изучению теории личности и межличностных отношений
Быт и верования восточных славян


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ