Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Майлин Бейімбет (1894-1938)

ан жазушының бұра тартар жөні де жоқ болатын. Әйтсе де суреткер Бейімбет шындыққа өктемдік жасап, өңін айналдырған жоқ, оның туындыларында қоғамдағы әлеуметтік қайшылықтар, жаңа мен көненің күресі, түрлі таптар мен жіктер өкілдерінің ой-санасы, мінез-құлқы, психологиясы, даралық сипаттары көзбен көріп, қолмен ұстағандай жанды, әсерлі бейнесін тапты. Қазіргі оқырман үшін де ол типтер эстетикалық ләззатқа бөлеп, елітіп әкететіндей шынайы.

Ақын төңкеріске дейінгі де, төңкерістен кейінгі де ауылды суреттегенде кедейлерге мұраттастық, мұңдастық тұрғысынан көрсетеді.

Бейімбеттің кедейлерге іш тартуы мен жақындығы кеңестік саясат пен идеологияның ғана әсері десек, шындықтан бұра тартқандық болады. Ол сонау медреседе оқып жүрген кезінің өзінде жазған «Мұқтаждық» деген алғашқы өлеңінде-ақ:

Ай, мұқтаждық, кесел болып тұрдың ғой!

Талапкерге қарсы тұзақ құрдың ғой!

Қолды созып, бойды жазып жүргізбей,

Ауруы жоқ бір мүгедек қылдың ғой, — деп, мұқтаждықтың талапты жастың алға басқан қадамын кейін тартып, «жалыңдаған жүрегін сендіретінін» күйіне жазған.

Медресе-Ғалиядағы шығьш тұратын қолжазба журнал— «Садақта» тұңғыш жарияланған (1912) «Мұсылмандық» деген қазақтың ескі тұрмысының кейіпсіз, кесірлі, күйінішті, күлкілі көріністерін ажуа-сықақ, мысқылмен шындыққа сай суреттей келе, кейбір қазақтардың діншілдігінің жасандылығын келемеждейді. Дін парызын орындағансып, зекетке берген көтерем тай, қотыр қойының есебіне «о дүниеде» жұмақтан бір-ақ шыққысы келетіндерді кекетіп:

Барлық қазақ иемденіп жұмақты,

Басқаларға орын қылмай жүрмесін,- дейді ақын.

Бейімбеттің ақындығының алғашқы қадамынан осылайша басталған сатира мен әзіл-сықағы келе-келе поэзиясының күшті де әсерлі бір көркемдік сипатына айналады. Қарапайым өлең жолдарын бейнелі, терең мәнді қызықты етіп жібереді.

Мырқымбай бейнесі. Ақын өз талантының осы ерекшелігін сүйіне сомдаған кейіпкері — Мырқымбай бейнесін, болмыс-бітімін суреттегенде молынан пайдаланады. Мырқымбай образының сәттілігі, тартымдылығы көп жағынан ақынның нақ осы мейірбан әзіл-мысқылына байланысты.

Жазушы бұрын табан астында жаншылған қараңғы ауыл кедейінің замана үрдесіне ілесіп, еркіндікті сезініп, ел қатарына қосылу барысын шынайы, нанымды, тартымды бейнелейді. Оның атының өзінде жинақталған ұғым, астарлы мағына бар. Қазақтар елеусіз, ескерусіз біреуді Мырқымбай ғой, Мырқымбайлардың бірі ғой дейді. Мына Мырқымбай — сол жүздеген, мыңдаған Мырқымбайлардың 20-жылдардағы қат-қабат өзгерістер барысындағы тағдыр-талайының мәнді белгілері іріктеліп жасалған ортақ бейнесі. Лауға ат сұраған ауылнайға тіл тигізіп, ожарлық көрсеткен Мырқымбайға әкесі:

Мырқымбай! Мырқымбай! Мырқымбай!..

Бай, бай, бай, бай!

Жарым ес-ай!

Құның ба еді

Бір шолақ тай! — дейді. Ал Мырқымбай бұған:

Әке-ау, мұның не? Ауылнай құдай ма еді? Әкімді құдай  деп, шұлғимыз да отырамыз ба? — деп жауап береді.

Реалист жазушы шындық шеңберінен шығып отырған жоқ. Бұл кездегі, яғни 1922 жылғы Мырқымбай одан бес жыл бұрынғы байға бағынышты, болыстың сөзі, қылығы болатын Мырқымбай емес, өмірдегі жаңа өзгерістің өзіне қатысты жақсы жағын сезініп, еті тіріле бастаған. Алдына қойған мақсаты үшін күресу сезімі оянған, бірақ ол күресуді қарсы келгенмен жағаласа кету, қисық сөйлеп, қыңырлын көрсету, бет бақтырмау деп біледі. Одан арғыға білігі жетпейді.

Ал әкесі баласының әлгіндей қылығына күйіп-піседі:

Бар, шақырып кел!

Сары атты бар!

Қол қусырып, аяғына жығылсаң,

Ашуын тастадым дер! — дейді. Бірақ тоң мойын бала әке ақылын алмайды:

—  Бара алмаймын.

Оған пенде бола алмаймын!

Тентіретіп жіберсең де,

Бұл тіліңді ала алмаймын! — деп, алған бетінен қайтпайды.

Бейімбеттің әр кезде Мырқымбайға арналған жиырма шақты өлеңі арқылы Мырқымбайдың өсу, өзгеру жолы, мінез-құлқының әр қыры дәл, нанымды, өзінше өзгеше суреттеледі. Сөйтіп, Мырқымбай бейнесі сомдалып, типтік, барша Мырқымбайларға ортақ бейнеге айналады.

Әкесі болса, әйтеуір, атқамінерлердің ашуына тап болып, бір пәлеге ұшырап қалмасақ екен дейді. Сорлы әкенің, әйтеуір, атқамінер атаулыға құлдық ұрып, қорғалаудан басқа қолынан келері жоқ, одан басқа білері жоқ.

Боқтауын да есітті, Шауып алудан тайынбас, — Түріп қойын есікті. «Малын жасырды» деп, «Егіні басылды» деп, «Налок» дей ме, «мәлок» дей ме, Әй, қатырды ғой басымды кеп, деген сөздерінен оның өрісі мен ересі, өзіндік болмысы көрініп тұрған жоқ па?!

Дүниені асты-үстіне келтіріп, «жаңа қоғам» құрамыз деп, жоғарыдан бір жарлық болса, оның мәнісіне түсінбей тұрьш, момын елдің басына әңгір таяқ ойнатуға құмар, пәтуасыз ауылнайлар бейнесі де көрінбей қалмайды. Жазушы оларды ашық алаңға шығарайын десе, заманнан аса алмағаны да байқалмай қалмайды. Олар турасында сөз арасыңда, «реті келгенде» айтып қалғандарының өзінен ауыл белсенділерінің жазушының ызасын келтіретін, тап басып айтылған сипаттары білінбей қалмайды.

Ауылда болып жатқан өзгерістер Мырқымбайды айналып өтпейді, оның мінезінен де, түснігінен де көрініс табады.

Мынандай қызық штрихқа назар аударайықшы. Еңбекті бейнет деп қана ұғатын жалқау кедейдің ескі әдетіне бағып, Мырқымбай көктемгі егіс науқанына селт ете қоймайды, жаңадан қосылған жас келіншегін айналсоқтап, үйінде қалады да, жер жыртуға әкесі кетеді. Соқаға көк шолақ ат пен көк сиырды парлап жеккен олақ та күйгелек шал үйреншікті бай-байына басып:

Айт!.. Боразда!.. Бауыздалғыр көк шолақ.

Өй! Мырқымбай… Жүгендемей, ноқталап…

Өк!.. өк.. өк.. ек!.. Арам қатқыр көк сиыр…

Әй, құдай-ай, көрсеттің-ау көрімді!..

Бүгін үйде жататұғын екенмін,

Мырқымбай мен жіберіп-ақ келінді! — дейді ісінің берекесі болмай.

Алайда ауылды үйіріп, өз арнасына тартып әкетіп бара жатқан өзгеріс-жаңалыктар Мырқымбайдың ойы мен бойын билеп, жаңа іс-әрекеттерге бастайды. Шаруаға қолайлы басқа бір өңірге отбасымен бет алған Мырқымбай мынау:

Майлаусыз сықырлаған ағаш арба,

Көк шолақ мықшыңдайды тартып зорға.

Шаңырағын таңып алып жүк үстіне,

Мырқымбай көсемсініп барады алда.

Өмірден өз орнын тауьш, тұрмыс-тіршілігі оңданып, біраз жұртқа үлгі де болатын қасиет тапқан кейіпкері Мырқымбаймен ақын:

Жидың білем қоңыңды,

Көрдің бе енді жолыңды;

Ілгері көшке жетейік,

Бер, Мырқымбай, қолыңды! — деп көңілді қоштасады.

Мұнда ақынның тап болған бейтаныс өмір соқпағымен талап талқыдан өтіп, бір белеңге көтерілген ауылдың болашағына деген үміті, тілегі бар. Поэмалары дегенде, қаламгердің өзі ат қойып, айдар таққан әйел теңдігі, махаббат тақырыбындағы «Рәзия қыз»,

«Маржан»‘ «Зайкүл», «Қашқан келіншек» пен әлеуметтік маңызды тақырыптарды көтерген «Қанай», «Бөліс», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» тәрізді сүйікті туындыларын атаймыз. Осылардың ішіндегі көркемдік деңгейі мен жанр табиғатын сақтауы жөнінен ертеректе (1919) жазылған «Рәзия қыз» бен бертінде, Бейімбет бірыңғай прозаға ден қойған кезінде, жазылған «Маржан» (1933) поэмалары көрнекті орын алады.

«Рәзия қыз» поэмасында бай қызы (Рәзия) мен кедей жігіттің (Әлім) ғашықтық хикаясы, екі ғазиз жастың көксегендері орындалмай, ақ бандылардың қолынан қайғылы қазаға ұшырағандары суреттеледі. Ал екінші поэмасының кейіпкері Маржан қыздың көңілі түскен кедей-жалшы жігіттер (жасы жағынан бірі — сақа, екіншісі — өзі қатарлы жас) Самалық байдың кесепатына кезігіп, дүние салады да, Маржан ауыр қасіретке душар болады.

Қалған поэмалары ішінде «Хан күйеуі» шытырман оқиғалы, қиял-ғажайып ертегі түрінде келеді де, өзгелері 1916-жыл оқиғасы, азамат соғысы, жер бөлісі тақырыптарын қозғайды.

Бейімбетте қара өлең бастаған қазақ өлеңінің байырғы түрлерінің бәрі дерлік бар және Абай жасаған жаңаларының да (мысалы, «Мырқымбай» топтамасында алтыаяқ үлгісінде жазылған өлең бар) кейбірі кездеседі. Бірақ солардың бәрінен ақынның өзіндік қолтаңбасын, стильдік мәнерін айыру қиынға түспейді. Бұл ерекшелік Б. Майлин өлеңдерінде көбінесе ойға салмақ түсіріліп, сыртқы әшекей, түрлеуінен гөрі, ішкі сырына баса мән беретінінен көрінеді. Ақын поэзиясы айтайын деген ойының айқын, анықтығымен, тілінің құнарлы, суреттілігімен ерекшеленеді. Әсіресе, «Мырқымбай» топтамасынан бастап өзінше бір ұғымды стильдік сипатқа ие болған ауызекі сөйлеу мәнерін (интонациясын) бөліп атауға болады. Оған шымшыма мысқылы мен аңқаусыған әжуасы, ақжарқын күлкісі қосылғанда, шығарманы жандандырып, қызықты да тартымды етіп жібереді.

Айталық, ұжымдық шаруашылықтың, әйтеуір, «босқа өлтірмейтін», не істеп, не қоям дегізбей, екі қолға бір жұмыс тауып беретін «кереметіне» деген ауыл кедейінің көзқарасын оның өзіне тән мәнерде:

Бәрін айт та, бірін айт,

Коллективтің жырын айт, — деп қуақы көңілділік танытса, «Мырқымбайда»:

— Мырқымбай, Мырқымбай, Мырқымбай!

Бай, бай, бай, ит-ай!

Күйдіріп-ақ болдың-ау!

Әй, құдай-ай!

Жынды бала бергенше,

Мұның жүзін көргенше,

Қу бас болған көп артық қой,

Құр күйікпен өлгенше, — деп, қара дүрсін ауыл қазағы, кәрі әкенің томырық мінез баласына деген кейісті халін ауызекі сөйлеу мәнерімен қызықты етіп жеткізеді.

Бейімбет қазақ поэзиясына ой мен сезімді баяндау, суреттеусіз-ақ айтып жеткізудің ө

1234
скачать работу

Майлин Бейімбет (1894-1938)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ