Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Майлин Бейімбет (1894-1938)

лең-диалог түрін енгізді. Сұрақ пен жауапқа ғана құрылған, екі адамның сөйлесуі түріндегі «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» деген өлең соның мысалы. Әрқайсысы бір, екі-үш сөзден ғана тұратын тақ-тұқ үш сұрақ пен үш жауап арқылы, төңкерістен кейін қазақ аулында ғасырлар бойы қалыптасқан өмір қалпын асты-үстіне шығарған әлеуметтік топтар психологиясына әсерін тасқа басқандай етіп көрсеткен. Өлеңде бірде-бір артық элемент жоқ, әр сөз, әр сөз емес-ау, әр қосымша сөйлесушілердің мәнді әлеуметтік-психологиялық мінездемесі қызметін атқарьш тұр. Оны айтасыз, өлеңдегі маңызды әлеуметтік мазмұн оның ойнақы, қызықты болып шығуы да, сайып келгенде, сол -мыз, -мын қосымшаларының мысқыл, ажуа тудыратын мағыналарына байланысты. Өлеңнің екі бөлігін салыстырып оқыған кісі бұған оңай көз жеткізеді.

«Ыбыраймыз, Ыбыраймында»:

Кеше: -  Уа, кімсіз? ,

-   Ыбыраймыз.

-  Жаймысыз?

-  Жаймыз.

-  Уа, қайдан келесіз?

-  Сайлаудан келеміз.

-  Елге ойран сап,

-  Ойнаудан келеміз.

Кеше: сұрақ қоюшы ізет-құрметпен: «Уа, кімсіз?» — дейді, жауап беруші: «Ыбыраймыз», — деп сызданады.

Ал бүгінгі сөйлесудің әуені мүлде керісінше.

Бүгін: -  Уа, кімсің?

-  Ыбыраймын.

-  Жаймысың?

-  Жаймын.

-  Қайдан келесің?

-  Соттан келемін.

-  Соттан емес-ау,

-  Оттан келемін…

Бүгін кешегіндей мүләйім үнмен: «Кімсіз?», «Жаймысыз?», «Қайдан келесіз?» демейді, «Кімсің?», «Жаймысың», «Қайдан келесің?» дейді. Неге бұлай, мұның себебі не? Себебі бүгін кешегі етектегі — өрге, есіктегі төрге шыққан. Ақынның тапқырлығы қайран қалдырады.

Қазақ әдебиетіне Бейімбет енгізген бұл өлең-диалог үлгісі кейінгі ірі ақындар шығармашылығында өзінің сәтті жалғасын тапты (мысалы, Ә. Тәжібаевтың «Сыр жырлары», М. Мақатаевтың «Нетер едің?» өлеңі, т.б.).

Қорыта келгенде, Б. Майлин поэзиясын Қазақ төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі жылдардағы ауыл өмірінің өзінше бір көркем кестелі шежіресі деуге болады, оның өзіне тән елеулі ерекшелігі мен тарихи мәні де осында.

1234
скачать работу

Майлин Бейімбет (1894-1938)

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ