Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мектепті басқарудың негізгі функциялары

инновация еңгізудің перспективасы.
  • Мектептің педагог кадрларға деген сұранымы.
  • Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру (МБЖИ, курстар, семинарлар, тренингтер және т.б.)
  • Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту (құрылыс жұмыстары, ЭЕТ және компьютер жабдықтары, кітап қорын толықтыру, кабинет безендіру).
  • Оқушылар мен мұғалімдерді әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту.
  • Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде (бірінші оқу тоқсаны) мектеп директоры, оның орынбасарлары дамыту мен білім беру, соның ішінде жоспарластыруға да қатысты теория-лық және әдістемелік, нормативтік және нұсқау сипатын-дағы құжаттармен танысады. Екінші кезеңде (екінші оқу тоқсаны) директордың басшылығымен жоспар, жобасы-ның құрылымын жасау, қажетті мағлұмат көздерін тауып, мәлімет жинақтайтын бастамашыл топ құрылады. Үшінші кезеңде (үшінші оқу тоқсаны) жинақталған мәліметтер талданады, комиссия мүшелерінің есептері талданады, қалыптасқан қиындылықтардың себебі айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады. Төртініші кезеңде (төртінші тоқсанның соңы) жоспар жобасы дайындалып, талқыға салынады. Жоба оқу жылының алғашқы педкеңесінде мектептің жұмыс жоспары бекітіледі.

    Ағымдағы жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанында жасалады. Осылайша жоспарлардың негізгі түрлері педагог, оқушы және ата-аналар ұжымдарының әрекетін үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл жоспарлар мұғалімдер мен сынып жетекші-лерінің жұмысы үшін стратегиялық жоспар болып табылады.

    Мектептің жылдық жұмыс жоспарының үлгі мазмүны

    Мектептердің жылдық жоспарларының түрлі нұсқаларын жинақтай келіп, жоғарыда жоспарластыруға қойылған талаптарды ескеріп, жылдық жоспардың мынадай үлгі жоспарын көрсетуге болады:

    1. Мектеп жұмысының өткен оқу жылының қысқаша қорытынды талдауы және жаңа оқу жылының міндеттері.
    2. Мектеп ұжымының жалпы білім қорының жұмысын атқаруы.

    Жұмыс жоспарының бұл бөлігінде мектеп мөлтек ауданы анықталады, нақты мектептанту мүмкіндігі ескеріледі. Мектеп оқушылардың жалпы орта білім алуына бағытталған шараларды жоспарластырады. ҚР »Білім туралы» заңның баптарының орындалуын басшылыққа алады, ата-анасы жоқ, қамқорлыққа зәру балаларға материалдық көмек ұйымдастырады. Бұл жоспар бойынша баланың құқын қорғау, оларды үйде оқыту, тәрбиесі қиын оқушыларға көмек көрсету мәселелері де қамтылады. Педұжым мен ата-аналардың жұмыс жоспарында балалардың дербес-шығармашылық дамуына жағдай жасау да қарастырылуы тиіс.

    3.  Педагогикалық ұжымның оқу-тәрбие процесінің сапасын көтеру қызметі

    Оқушы мен мұғалім қызметінің барлық саласын қамтитын болғандықтан жоспардың бұл бөлімінің көлемі барынша мол болады. Бұл, әсіресе, білімнің, дағдының іскерліктің сапасын қамтамасыз ету, ол үшін оқу процесін ұйымдастырудың жаңа түрлерін қолдану, оқытуды дербестендіру және жіктеу болып табылады. Сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру, оқушы тұлғасының мәдени базасын қалыптастырудағы мектеп қызметінің алуан түрлілігі оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту, балалардың қоғамдық ұйымдарын қолдаудың »Бала құқықтары туралы Б¥¥ Конвенция-сына» сәйкестігі.

    1. Мектептің, отбасының, қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымының оқушылар тәрбиесіндегі бірлескен жұмыстары. Мектептің ата-аналардың педагогикалық білімін көтерудегі жұмыстары. Бұл жұмыстың мазмұны отбасы мен қоғамдық орталық бірлескен әрекетіндегі мектептің ұйымдастырушы орталық ретіндегі рөлін нығайтуға бағытталады. Ол мазмұнға ата-аналар ұжымы мен мектеп кеңесінің жұмысы, педагогикалық лекторийлер, жалпы мектептік педагогикалық конференция, педагогикалық университет сабақтары, ата-аналар үшін ашық есік күндері енеді. Ата-аналарды үйірме, секция, студия және т.б. қоғамдық жұмыстарды жетекшісі ретінде оқушылардың тәрбие жұмыстарына тарту, сол сияқты ата-аналармен дербес жұмыс жүргізу де осы бағыттың мазмұнын құрайды.
    2. Педагог кадрлармен жұмыс. Педагог кадрларды аттестациялау, олардың кәсіптік дайындығының деңгейіне баға беруде информатика мен ЭЕТ құралдарын пайдалану, мектеп ұжымының жалпы мектептік ғылыми-әдістемелік мәселелермен — семинар, конференция, педоқу, әдісте-мелік кеңес отырыстары, педагогикалық кеңес өткізу. Озық педагогикалық тәжірибе мектебінің жұмысын жолға қою. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестіктері қызметінің мазмұнын айқындау. Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және таратуға басшылық жасау. Мектепте инновациялық орта қалыптастыру, педагогикалық инновацияны бағалау және енгізу.
    3. Мектепішілік бақылау жүйесі. Бұл тарауда бақылауға байланысты арнайы іс-әрекет бағдарламасы қарас-тырылады.
    1. Мектептің оқу-материалдық базасын нығайту мектептің материалдық құндылықтары, оқытудың техникалық құралдары, оқу құралдарын түгендеп отыру жыл бойына жоспарластырылады. Оқу кабинеттерін безендіру және қайта жабдықтау. Ұзартылған күн тобы мен 6 жасар балалармен жүргізілетін сабақ жұмыстарын жетілдіру. Спорт, туризм, техникалық шығармашылықпен айналысудың материалдық-техникалық базасын нығайту. Мектеп кітапханасының қорын толықтыру. Мектепті ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізудің бағдарламасы.
    2. Ұйымдық-педагогикалық іс-шаралар. Жоспардың бұл бөлімінде мектеп кеңесі отырысының, педагогикалық кеңестің,өндірістік жиынның тақырыптары жазылады. Мектеп басшылары арасында міндет бөлісіледі, мектептің біртұтас жұмыс тәртібі, кезекшілік кестесі анықталады, оқу жүктемесі, сынып жетекшілігі, кабинет меңгерушілігі және т.б. бөлініп беріледі.

    Біртұтас басқару циклында жоспарластыру қызметін іске асыру мектеп қызметінің тиімділігін арттырады.

    Қабылданған шешімдерді іске асыруда оған қажетті жүйені іске қосу, оның түрлі компоненттерінің өзара тиімді әрекеттесуін қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру кезеңі қажет. «Ұйымдастыру» ұғымы бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, өткізілген сабақтың сыныптан тыс жұмыстың сапасын, тұтас оқу-тәрбие процесінің немесе оның бір бөлігінің жағдайына берілген баға ретінде қолданылады. Екіншіден, ұйымдастыру ұғымы мектеп басшыларының, мұғалімдердің, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының белгіленген жоспарды іске асыруға, алға қойған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған, жалпы тұтас педагогикалық процесті басқаруды ұйымдастыру мағынасында қолданылады.

    Адамның ұйымдастырушылық қызметі өзінің табиғатынан нақты жағдайда психологиялық­педаго-гикалық білімдерді шұғыл қолдана алуға негізделген практикалық қызмет. Әріптестермен, оқушылармен тұрақты түрде өзара байланыста болу ұйымдастырушыл-дық қызметке біршама танымалдық бағдар береді. Ұйымдастыру қызметін жетілдіруді жоспарлауда мектеп басшысы тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру, мектеп менеджерлерін дайындау жүйесі сияқты мектепішілік менеджмет идеяларын қолдану мүмкін.

     Ұйымдастыру қызметі

    қабылданған шешімдерді іске асыруға бағытталады. Ал оны нақты — мұғалімдер, балалар, ата-аналар, жұртшылдық өкілдер атқарады. Сондықтан кез келген істі ұйымдастырғанда оны адамдық фактордың мүмкіндігін пайдалану және іске асыру тұрғысынан бағалаған орынды. Ұйымдастырушы орындау-шыларды алдын ала іріктеу, оларды жұмыс орны, уақыты және ұжымдық іске қатысу реттілігімен бөлу сияқты мәселелерді шешеді. Алдағы іс-әрекеттің мазмұнын, түрі мен әдістерін таңдауда нақты жағдай мен орындау-шылардың мүмкіндігін арақатынасын айқындау қажет.  Бұл жерде нақты жағдай ретінде әрекетке қажетті еңбек заттары мен құралдары, олардың орналасуы мен өтетін орны және т.б. компонеттерді атауға болады. Басшының ұйымдастыру қызметінің құрамында алдағы әрекетті дәләлдеу, нұсқау беру, тапсырманы орындаудың қажеттілігіне деген сенім қалыптастыру, педагогикалық және оқушылар ұжымы әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, әрекеті ынталандырудың ең тиімді формасын таңдау маңызды орын алады. Сол сияқты басшының ұйымдас-тырушылдық қызметінде нақты істің барысы және нәтижесін бағалау да аса қажет сапалардың бірі. Сонымен бірге мектеп директорының ұйымдастырушылдық қызметі педагогикалық ұжымды, пікірлестер ұжымын қалыптастыруға бағытталады. Бұл жұмыста басшының кәсіпқойлық, жалпы және педагогикалық мәдениеті, мектептің, оқушылар мен мұғалімдер қызметіне деген қызығушылығы, міндет қоя білу және іске асыруға қол жеткізе алу сияқты жеке қасиеттері маңызды рөл атқарады. Басшының ұйымдастырушылық мәдениетінің ендігі бір көрсеткіші-өзінің және қарамағындағылардың уақыттарын барынша тиімді етіп жоспарлау. Бұл жерде мектеп директорының әкімшілік қызметпен бірге белгілі бір пәннің мұғалімі ретінде педагогикалық қызметпен де айналысатындығын ескеру керек. Директордың негізгі уақыты әкімшілік қызметіне жұмсалады, бірақ оның педагогикалық қызметі өзге мұғалімдерге үлгі болатындай болу керек, сонда ғана директор ұстаздардың ұстазы бола алады. Бұл жағдай сабаққа дайындалуға, жаңа психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқуға көп уақыт бөлуді талап етеді. Сондықтан да уақытты мақсатты түрде пайдалана білу шеберлігі — мектеп директорының, мұғалімнің еңбегін ғылыми ұйымдастырудың негізі. Әсіресе мұғалімдердің де, басшылардың да жүктемесі шамадан тыс артып отырған кезде бұл әрекеттің маңызы арта түседі.

    Мектепте басқару қызметінің ұйымдастыру шаралары. Мектептегі басқару қызметін ұйымдастыру формаларының ең бастылары ретінде мектеп кеңесі, педагогикалық кеңес, директор жанындағы кеңес, мектеп директорының орынбасары жанындағы кеңес, әдістемелік семинар, комиссия, клуб мәжілістері, оқушылар комите-тінің отырыстарын атауға болады. Ендігі кезекте мектептің педагогикалық кеңесінің ұйымдастырушылық қызметіне мектептің педаг

    1234
    скачать работу

    Мектепті басқарудың негізгі функциялары

     

    Отправка СМС бесплатно

    На правах рекламы


    ZERO.kz
     
    Модератор сайта RESURS.KZ