Мектепті басқарудың негізгі функциялары
Другие рефераты
Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педаго-гикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығарма-шылықты да қосатын болды.
Мектеп басшысының басқару мәдениеті, оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылық-тарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы. Бұндай жағдайда басқару мәдениетінің компоненттері — аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығарма-шылық болып табылады.
Мектеп басшысы басқару мәдениетінің аксио-логиялық компоненттері. Қазіргі заманғы мектепті басқарудың маңызы мен мәні болып табылатын басқару-педагогикалық құндылықтардың жиынтығын құрайды. Мектеп басшысы басқару қызметінің процесінде басқару-дың жаңа теориясы мен концепциясын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Ал практикалық қызмет барысын-да олардың қаншалықты маңыздылығына баға беріледі. Қазіргі кезде басқару тиімділігін артыруда білім, идея, концепция сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда.
Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құнды-лық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты және бағалау құндылық-мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат береді; құндылық-білімдер басқару саласындағы мектептің білімінің мәні мен маңызын ашады; басқарудың әдістемелік негізін, мектепішілік менеджментті білу, ауыл және қала мектептері мұғалімдерімен жұмыстың ерекшеліктерін білу, педагогикалық процестерді басқару тиімділігін критерийлерін және т.б.
Құндылық-қатынастар педагогикалық процеске қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың, педагогикалық және оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады;
Құндылық-сапалар басқарудың субъективтігі ретінде басқарушы-менеджердің дербестік, тұлғалық, арасушылық қасиеттерінің көптүрлігінің мәнін ашады. Ол сапалар бастықтың өз қызметін болжамдап, оның салдарын алдын-ала көре білу қабілеті, өз әрекеті мен мақсатын өзгелердің әрекетімен, мақсатымен салыстыра білу қабілеті, ынтымақ-тасу және бірлесе басқару қабілетінен және т.б. көрінеді.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің техно-логиялық компоненті педагогикалық процесті басқарудың әдістері мен тәсілдерін біріктіреді. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттерді шешу басшы-менеджердің педагогикалық талдау және жоспар-ластыру, педагогикалық процесті бақылау және реттеуді атқара алатын іскерлігіне байланысты. Мектеп дирек-торының басқару мәдениетінің деңгейі аталған міндеттерді шешудің әдіс, тәсілдерін қаншалықты меңгере алуына тікелей байланысты.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық акт ретінде қарастыру арқылы ашылады. Мектеп басшысының басқару қызметі өзінің табиғатында шығармашылық болып табылады. Басқарудың құндылықтары мен технологиясын меңгере отырып басшы-менеджер тұлғалық ерекшеліктері мен басқару объектісінің ерекшеліктеріне сай, ол құндылық-тарды өзінше қайта құрып, талдап түсіндіруге ұмтылады. Осылайша, педагогикалық жүйені басқару тұлғалық қабілеттерді іске асыратын және жұмсайтын сала болып табылады. Басқару қызметінде мектеп директоры тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде өзін-өзі танытады.
Тұтас педагогикалық процестегі педагогикалық талдаудың рөлі. Тұтас педагогикалық процесті басқару функцияларының бірі педагогикалық талдау болып табылады. Педагогикалық талдау функциясын қазіргі ұғымда алғаш рет қолданып, мектепішілік басқару теориясына енгізген Ю. А. Копержевский еді.
Педагогикалық талдау басқару циклы құрылымында ерекше орын алады: бір-бірімен байланысқан функция-лардан тұратын кез-келген басқару циклы талдаудан басталып, талдаумен аяқталады. Басқару қызметінің жалпы тізбегінен педагогикалық талдауды алып тастау оның күйреуіне жол береді, өйткені жоспарластыру, ұйым-дастыру, бақылау, реттеу функцияларына өз кезегінде талдау жасалмаса ол логикалық қорытындыға жете алмайды.
Педагогикалық талдау педагогикалық басқару процесі нде ті келей емес, оқу-тәрбие барысында іске асырылатын болғанықтан мұғалім сабақ, тәрбиелік туралы өткізер алдында соған тікелей қатысты болатын педаго-гикалық жағдайдың негізгі элементтерін ескеруі және жан-жақты талдауы тиіс. Уақытынан кеш немесе шала-шарпы жүргізілген талдау мектеп директорының мақсатын белгілеп, міндеттерді айқындау кезеңде қателікке, шашыраңқылыққа, көбіне негізсіз шешім қабылдауға душар етеді. Педагогикалық немесе оқушылар ұжымында шынайы жағдайды білмеу педагогикалық процесте және өзара қарым-қатынастарда дұрыс жүйе қалыптастыруда қиындықтар тұғызады.
Педагогикалық талдаудың мектепті басқару функ-циясы ретіндегі негізгі қызметі Ю. А. Копержевскийдің пікірінше педагогикалық процестің даму тенденциялары мен жағдайын зерттеу, оның нәтижелерін объективті бағалап, соның негізінде басқарылатын жүйелі жақсарту туралы ұсыныстар дайындау болмақ. Бұл функция — басқару циклының құрылымындағы ең күрделісі, өйткені, талдау зерттеу объектісін бөлшектеуді, оның әрқайсы-сының орны мен рөлін бағалауды, жеке бөліктен тұтас объектіні тани алуды, жүйе құрушы факторлердің байланысын анықтауды қамтыды. Басқа функциялар мен, мысалы жоспарластыру және ұйымдастыруға қарағанда сырттай тиімділігі төмен болып көрінетін педагогикалық талдау жасырын, көлеңкелі сипат алады, сондықтан ол тұлғадан жинақтау, салыстыру, жүйелеу арқылы педаго-гикалық факторлер мен құбылыстарды талдау үшін ақыл-ойды барынша ширатуды талап етеді.
Педагогикалық талдаудың түрлері мен мазмұны
Мектепішілік басқарудың теориясы мен практика-сында (Ю. А. Копержевский, Т. И. Шомова және т.б.) педагогикалық талдаудың негізгі түрлері анықталған. Талдаудың субъектісіне (не талданады) қарай оның көп-теген түрлері кездеседі. Солардың арасынан параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдау деп аталатын үш түрді бөліп атауға болады.
Параметрлік талдау оқу процесінің барысы мен нәтижесі туралы күнделікті мәлімет жинап, ондағы кемші-ліктердің себебін анықтауға бағытталды. Параметрлік талдау барысында тұтас педагогикалық процестің барысына өзгерістер мен түзетулер еңгізіледі. Параметрлік талдаудың мазмұны ағымдағы сабақ үлгерімі, сыныптағы, мектептегі бір күндік, бір апталық тәртіп, сабаққа, сыныптан тыс шараларға қатысу, мектептің санитарлық жағдайы, сабақ кестесінің сақталуы және т. б. сияқты мәселелерді қамтиды. Соның ішіндегі мектеп директоры мен оның орынбасар-ларының негізгі жұмысы сабаққа және сыныптан тыс шараларға қатысуы. Параметрлік талдау нәтижелерін тіркеп, жүйелеп, қорыту тақырыптың педагогикалық талдауға негіз қалайды. Осы тұрғыдан алғанда параметрлік талдау — фактілерді атап көрсету емес, оларды салыстыру, жинақтау, оның қалыптасу себебін анықтап, соңғы салдарын болжау. Осындай талдау нәтижелері және соның негізінде қабылданған шешім шұғыл түрде іске асыруды қажет етеді.
Тақырыптық талдау педагогикалық процестің барысында барынша тұрақты ағымдар мен нәтижелерді зерттеуге бағытталады. Тақырыптық талдау мазмұны мынадай кешенді мәселелерді қамтиды: оқытудың озық әдістерін үйлестіру, оқушылардың білім жүйесін қалып-тастыру; мұғалімдердің, сынып жетекшілерінің адамгер-шілік, эстетикалық, дене, ақыл-ой тәрбиесінің жүйесі; мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру; мектепте кановациялық орта қалыптастырудағы педұжымның рөлі және т.б.
Параметрлік талдау негізіне сүйене отырып, тақырыптық талдау барысында мектеп басшылары қорытынды талдаудың мазмұны мен технологиясын негіздейді.
Қорытынды талдау уақыт, кеңістік және мазмұн жағынан да барынша кең көлемді қамтиды. Ол оқу тоқсаны, жарты жылдық, оқу жылының қорытындысымен өткізіліп, қол жеткен нәтижелер, олардың алғышарттарын оқып-үйренуге бағытталады. Қорытынды талдау басқару циклының барлық функцияларын қамтиды. Қорытынды талдау үшін мәліметтер параметрін, тақырыптық талдау тоқсандық, жарты жылдық бақылау жұмыстары, мұғалім-дер, сынып жетекшілері, қоғамдық ұйымдар ұсынған ресми есеп, анықтамалардан құралады.
Педагогикалық талдаудың негізгі объектілері
өз бойына балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барлық мақсаты, міндеті, мазмұны, түрлері мен тәсілдерін жинақтаған педагогикалық талдаудың негізгі объектісі ең алдымен сабақ, сыныптан тыс шаралар және мектептің оқу жылының қорытындысы. Педагогикалық талдаудың барлық объектісін біріктіруші — ортақ әдістемелік жүйе болып табылады.
Мектепті басқарудың қызметі ретінде педагогикалық талдаудың жүйелік ыңғайының әдістемесі мен қисыны мынадай әрекеттердің сабақтастығынан аңғарылады: -сабақты, тәрбиелі шараларды немесе оқу жылына барынша жалпы жүйелік бөлігі ретінде қарастыру, яғни олардың рөлін сабақтар, тәрбиелік шаралар жүйесіндегі және осы оқу жылын өтпек, болашақ оқу жылдарымен салыстырғанда алатын орнымен айқындау;
-(педұжым, оның педагогикалық мәдениет деңгейі, мектептегі моральдік-психологиялық ахуал және т.б.) тиімділігін айқындайтын жиынтық факторларды табу;
- оқу жылында жоспарластырған жұмыстардың негізгі бағыттарының мазмұны мен түрін, әдебиеттің мақсат-тылығы мен негізділігін айқындау;
- оқу жылы бойындағы жұмыстың, сабақ, тәр
| | скачать работу |
Другие рефераты
|