Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы

е айналады, өйткені ол нормаларды халықтың басым көпшілігі дұрыс орындайды.

2.    Нормада субьектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субьектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.

3.    Норма ерікті түрде орындалмаса, мемлекет орындатуға мәжбүр етеді.

4.    Құқықтық нормалардың жүзеге асырылуын, орындалуын мемлекет қамтамасыз етеді.

5.    Құқықтық норма адамдардың, қоғам тәртібінің кепілдігі ретінде жұмыс істейді.


Сонымен, құқықтық норма – қоғамдағы қатынас субьектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын жалпыға бірдей мемлекетпен қамтамасыз етілетін ереже-қағида.


Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.


Диспозициця – қатынас мазмұны мен субьектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді. Мысалы, екі немесе көп жақты мәмілелер мен шарттардағы тұлғалардың міндеттері мен құқықтары айқын көрсетілуі. Диспозицияның үш түрі болады:

Жалпылама түрі: нормада субьектілердің міндеттері мен құқығы айқын көрсетілмейді.

Толық айқын түрі: мазмұны нормада айқын көрсетіледі. Мысалы, Қылмыстық кодекстің баптарында диспозицияның мазмұны толық көрсетіледі.

Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады. Мысалы, Азаматтық кодекстің бірнеше баптарында сілтеме қолданылады.


Гипотеза – диспозиция қашан басталады, аяқталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек. Гипотезаның жалпылама күрделі , альтернативтік түрлері бар.


Санкция – құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияның түрлері: абсолютті анық, баламалы, салытырмалы.


Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:


1.                Қоғамның әр саласныа қарай өндірістік, ауылшаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика, әлеуметтік, білім, ғылым т.б. бағыттағы нормалар.

2.                Құқықтың әр саласныа қарай мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, азаматтық, қылмыстық, азаматтық-прцессуалдық, қылмыстық-процессуалдық, т.б. саладағы нормалар.

3.                Атқаратын жұмысына қарай нормалар екіге бөлінеді: реттеуші нормалар, қорғаушы нормалар.

4.                Мазмұнына қарай нормалар үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым салушы, ерік беруші нормалар.

5.                Мамандандырылған құқықтық нормалар – қоғамның мамандық салаларының қарым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, қылмыстық, заңгерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т.б.



Құқық қорғау органдары.




     Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес.


     Сондықтан мемлекет азаматтардың, олардың бірлестіктерінің, шаруашылық ұйымдардының, мемлекеттік органдарының, олардың лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін белгіңлейді. Мемлекет өзі қабылдаған заңдарды барлық адамдардың қатаң сақтауын, заңдардың талаптаорын бұзушылардың заңмен жауапқа тартылуын әрдайым қадағалап отырады.


     Мемлекеттің мұндай қызметі, яғни заңдар талаптарынан ауытқуларға жол бермеу үшін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде, шаруашылық және қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік органдардың қызметіндегі белгіленген тәртіпті сақтау – бақылау және қадағалау қызметі деп аталады.


     Құқықты қорғау қызметі, негізі, үш нысанда жүзеге асырылады: а) құқық бұзушылықтан сақтандыру жөніндегі әр алуан шаралар жүргізу жолымен; ә) заңды істерді қарау және шешу жолымен; б) құқық бұзушыларды заңмен жауапқа тарту жолымен.


     Мемлекеттің құқықтық қорғау қызметін жүзеге асыру үшін құқықтары мен міндеттері арнаулы заңдармен реттелініп әр түрлі органдар құрылады.


     Қазақстан Республикасында қандай құқық қорғау органдары құрылған: Оған мыналар жатады: полиция органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура, әділет министрлігі, әр алуан мемлекеттік инспекциялар (өрт, санитарлық, қаржы және т.б., сот органдары,адвокатура, нотариаттар, кедендік органдар, ішкі және шекара әскерлері, Президент күзетінің қызметі және т.б.


    

     Құқық қорғау органдары, негізінен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Прокуратураның және Әділет министрлігінің құрамында әрекет етеді.


     Полиция органдарының қызметі. Полиция – Ішкі істер министрлігінің құқықтық қорғау органдары жүйесінде басшылық орын алады, оған құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және болдырмау жөніндегі жұмыстардың анағұрлым көп көлемі жүктелген. Сондықтан ПМ жүйесінде толып жатқан полициялық органдар құрылған. Олар: 1) қылмысты істер полициясы, ол қылмыстарды болдырмау және ашумен айналысады; 2) патруль полициясы – көшелер мен елді мекендерде, басқа да қоғамдық орындарды қоғамдық тәртіпті сақтауды ұйымдастыруды; 3) жол полициясы – жол қозғалысы ережелерін сақтауды және оның қауіпсіздігін қадағалайды; 4) әкімшілік полициясы, оның міндеті - әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу; 5) полицияның арнайы отрядтары – күзетілген маңызды объектілерде құқықтық тәртіпті қаитамасыз етуге бағытталған және т.б.


     Заң бойынша – полиция қылмыстар, әкімшілік бұзулар туралы өтініштерді, хабарлауларды қабылдауға және тіркеуге, қылмыстардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетуге, қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге; қару сатып алуға, алып жүруге және сақтауға рұқсат беруге; кәмелетке толмағандардың панасыздығы мен құқық бұзуларын анықтауға; шетелдік азаматтардың Қазақстан аумағында болуы кезінде ережелерді сақтауға бақылауды жүзеге асыруға және т.б. міндетті.


     Заң полицияға: құқық бұзулар жасағаны жөнінде сезікті азаматтардың құжаттарын тексеруге; әкімшілік құқық бұзулар туралы хаттамалар жасауға; заңда көрсетілген жағдайларда азаматтарды ұстауға және қамауға алуға; бас бостандықтарынан айыру орындарынан босаған адамдар тұрғысында бақылауды жүзеге асыруға; қылмыс жасаған адамдардың ізіне түсу кезінде азаматтардың тұрғын үйлерінде ұйымдар орналасқан бөлмелерге кіруге, оларды тексеруге және т.б. құқық береді.


     Қазақстанның полициясы басқа еларалық келісімдер негізінде басқа елдердің полициясымен өзара әрекеттестікте жұмыс істейді. Қазақстан өз аумағында қылмыс жасаған адамдарды іздестіруге, ұстауға және ҚР-на беруге көмектесетін халықаралық полиция ұйымының – Интерполдың мүшесі болып табылады.


     ПМ-нің полициялық органдарынан басқа Қаржы пллициясы агенттігінің жүйесінде қаржы полициясы, ал қарулы күштерде - әскери полиция жұмыс істейді.


     Қаржы полициясының құқықтары төменді

123
скачать работу

Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ