Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы, мемлекеттік органдары

nbsp;    атқара береді /7, 1-2б./.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 60-бабында Үкіметтің келесідей құзыреті берілген. Оларға қысқаша сипаттама беріп өтелік:

1)     мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2)     Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті әзірлеп ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді;

3)     Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;

4)     Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;

5)     Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;

6)     Министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;

7)     Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;

8)     Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

9)     Конституциямен, заңдармен және Президент актілерімен өзіне жүктелген өзге де қызметтерді орындайды /6, 33б./.

Үкімет құрылымы төмендегідей: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және                    11 мемлекеттік комитет. Олар өздерінің құзыреті бойынша бұйрық                  және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне           Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты.             Премъер – Министр және оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы Төралқаның құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің                 өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге              хақылы. Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына                    басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті-салааралық              үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы             болып  табылады.

Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында                  орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитеттің жанындағы өзге де                    мемлекеттік басқару органы юолып табылады. Ол министрлігінің, министрлік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарушы және               бақылау-қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді                не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жүзеге                 асырады  /1, 53-54б./.

Енді, Республика Үкіметінің қызметін ұйымдастыру сұрақтарына тоқталып өтетін болсақ.

«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 4-тарауы  Республика  Үкіметінің  қызметін ұйымдастыруға арналған.

Үкіметтің отырыстары айына кем дегенде бір рет өткізіліп               отырады. Үкіметтің отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президенті шақырады.

Үкіметтің отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етеді,                   ол болмаған кезде міндеттердің бөлінуіне сәйкес Премьер-Министрдің міндетін атқаратын Премьер-Министрдің орынбасарлары төрағалық етеді. Үкімет ерекше маңызды мәселелерді қарағанда оның отырыстарында Республика Президенті төрағалық етеді.

Үкімет мүшелерінің кемінде үштен екісі Үкімет отырысына            қатысса,  отырыс құқылы болып саналады. Үкімет мүшелері оның отырыстарына  алмастыру  құқығынсыз  қатысады.

Үкімет отырыстары ашық нысанда өткізіледі. Президенттің не Премьер-Министрдің бастамасымен Үкіметтің жабық отырыстары өткізілуі мүмкін. Үкімет отырыстарын әзірлеу мен өткізу тәртібі Үкімет Регламентімен белгіленеді.

Республика Премьер-Министрі Үкіметтің жұмысын           ұйымдастырады және Үкімет мүшелерінің арасындағы қызметтік  міндеттерді бөледі; Республика Президентімен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста Үкіметтің атынан өкілдік етеді немесе Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; халықаралық              қатынастарда Үкімет атынан өкілдік етуді тапсырады; Үкімет              мүшелерінің орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының есебін тыңдап отырады; заңмен қарастырылған өзге де өкілеттіктерді атқарады /7, 2б./.

 

 

                      2.3. Сот билігі

Қазақстан Республикасының Конституциясының 75-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек қана сот жүзеге асырады.               Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды             мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады.              Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы                   Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика               аумағында   Қазақстан   Республикасының    Әскери   соттары   болады                /1, 54б./.

Республиканың тәуелсіздік алуына байланысты 1993 жылы қабылданған Республикалық Конституцияда сот билігі Конституциялық Сотқа, Жоғарғы Сотқа және Жоғарғы Төрелік  Сотқа, сондай-ақ заң бойынша құрылатын төменгі соттарға тиесілі екені көрсетіліп, сот билігінің өзге мемлекеттік биліктердің  қатарында екендігіне кепілдік берілді. Аталған Конституция судьялардың сайлануы мерзімін  10  жылға  дейін  ұзартты.

1995 жылы 30 тамызда референдумда қабылданған мемлекетіміздің жаңа Конституциясының дүниеге келуінен басталды.   Жаңа кезең бойынша сот құрылымына тек Республика Жоғары Соты  және жергілікті соттар жататындығы белгіленіп, бұл соттар тұрақты судьялардан тұратын болды. Сөйтіп, бұрынғы Конституциялық Сот және Жоғарғы  Төрелік  Сот таратылды.

2000 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейту жөніндегі шаралар туралы»    Жарлығымен байланысты. Жарлықпен Республикадағы соттар қызметін материалдық-техникалық  және өзгедей қамтамасыз етуді жүзеге асыратын уәкілетті орган ретінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитет құрылып, сот билігі  атқарушы  биліктің  ықпалынан  толығымен  шығарылды.

Республикадағы сот билігінің тәуелсіздігін бекітудегі тарихи               маңызы бар келесі тағы бір оқиға – 2000 жылдың 25 желтоқсанында «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның қабылдануы. Бұл Заң судьялардың құқықтық мәртебесін және жаңа сот жүйесін бекітіп, Жоғарғы                              Сот Төрағасының және жергілікті соттар төрағаларының өкілдіктерін кеңейтті /8, 10б./. 

12345
скачать работу

Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы, мемлекеттік органдары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ