Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы, мемлекеттік органдары



 Другие рефераты
Коммуникативные особенности поведения в конфликте Новые формы изучения иностранного языка Коммуникативный аспект общения. Вербальное и невербальное общение Салық құқығы

                          М А З М Ұ Н Ы

 

Кіріспе.....................................................................................................................3

1.     Мемлекеттік аппараттың сипаттамасы

             Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары............................4

2.     Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі

             Өкілетті органдар.............................................................................................7

             Атқарушы органдар.........................................................................................11

             Сот билігі..........................................................................................................15

3.     Мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының принциптері..............................…………………........................................... 19

Қорытынды............................................................................................................21

Пайдаланылған адебиеттер тізімі........................................................................22

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген.

Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты» деп аталады.

Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік аппарат ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.

Мемлекеттік аппарат мемлекеттік  органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі – бұл аппарат болып табылады.

Курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:

-              мемлекеттік аппараттың жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі, белгілері және нысандары;

-               мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың түрлеріне  нақтырақ толық мәлімет беру,

-              мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі принциптерін талдап беру.

Жалпы мемлекеттік аппарат өзінің мақсаты бар және оны орындау үшін –өз құзіреті бар мемлекеттік аппараттың бір буынына жатады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке – жеке қарастырып өтелік.

1  Мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттамасы.

 1.1  Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары.

Мемлекеттік аппарат – бұл қоғамды басқару үшін арнаулы                құрылған мемлекет органдарының  біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың             байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын             қорғау  үшін  құрылады /1, 48б./.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»           Заңының 2-бабында: «Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің               өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген /2, 3б./.

Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде               әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары,                    қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын – патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада     негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференция, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет – конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың             мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге             асыратын  кәсіптік  қызметі /1, 48б./.

Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекеттік аппарат» және «мемлекет механизмі» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекеттік аппарат – бұл мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі /3, 5б./.

Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы  мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.

Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес, мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:

1)           тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;

2)           құқықтық нысандар – бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:

а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;

б) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;

в) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б. байланысты қызмет /3, 22б./.

Осы жерде мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттағы белгілеріне тоқталып өтелік.

Біріншіден, мемлекеттік аппарат арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).

Екіншіден, мемлекеттік аппарат органдардың және мекемелердің қиын жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста болады.

Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық қызметтері ұйымдастыру және қаржы құралдарымен қамтамасыз етіледі /4, 69б./.

 

 

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы

            2.1. Өкілетті органдар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына мыналар жатады:

1)     өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;

2)          биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;

3)    &n

12345
скачать работу


 Другие рефераты
Банки и банковская система
Развитие творческих способностей у детей
Радиациялық ластану
Компьютерные вирусы


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ