Мемлекеттік бюджет
ар мен шел мемлекеттердің қаржыларын пайдалану арқылы
Көптеген мемлекеттерде мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі ағымдық шығындар бюджеті және даму бюджеті болып бөлінеді. Бөлудің бұл түрі бюджеттің жіктелуіне байланысты. Бюджеттің жіктелуі- бұл біртекті сипаты бойынша бюджет шығыстары мен табыстарының жүйелі түрде топтастырылуы.
Шығындардың экономикалық жіктелуі (сыныпталуы) оларды 4 бөлім бойынша экономикалық нысандарына сай бөлістіреді:
Ø Санат (категория)
Ø сынып
Ø сыныпша
Ø ерекшелік
Шығындар санатына (категориясына) келесілер жатады:
ü ағымдық шығындар
ü капиталдық шығындар
ü несие беру
ü қаржыландыру
Сынып, сыныпша және ерекшелік бюджетке төленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды Мысалы, жымысшылардың еңбек ақы қоры – бұл жұмысшылардың еңбек ақысын білдіреді.
Бюджеттік жіктелу тиімді басқаруға қол жеткізу үшін шығындар мен кірістерді жан-жақты және орын-орнымен жүйелеуге мүмкіндік береді.
Бюджеттік шығындардың ролін анықтау үшін оларды белгілі бір нысандары бойынша жіктейді. Бюджеттің шығыс бөлігін жіктеудің бірнеше нысандары бар. Ең бастысы бюджет шығындар олардың ұлғалмайлы өндіріс үрдісіне ықпал ету дәрежесіне байланысты бөлінеді. Сонымен қатар капиталдық және бюджеттік шығындарды бөліп көрсетуге болады. Ағымдық шығындарға заңды тұлғалардың ағымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бөлінген бюджеттік қаражаттарды айтамыз. Бұл шығындарға:
§ мемлекеттік тұтыну шығындары (экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, мемлекеттік салалардың шығындары, азаматтық және әскери сипаттағы тауарларды сатып алу, мемлкеттік мекемелердің ағымдық шығындары)
§ төменгі сатылы билік орагандарына, мемлеекттік және жеке кәсіпорындарға ағымдық субсидияның бөлінуі
§ транспорттық төлемдер
§ мемлекеттік несие бойынша пайыздарды төлеу қаражатттары
Капиталдық шығындарға мемлекеттік запастар мен резервтік қаражаттарды құрумен, негізгі қорлармен, материалдық емес активтерге бюджеттік қаражаттардың бөлінуімен байланысты шығындар жатады. Оларға жаңа құрылысқа, мемлекеттік меншіктегі субъектлерді дамытуға бөлінетін қаржылар, инвестициялық субсидиялар, ұзақ мерзімді несиелер, инвесторларға мемлекеттік кепілдік шығындары жатады. Жергілікті өзін-өзі басқарудағы капиталдық шығындар жеке блок ретіндеанықталып, олардың жиынтығы даму бюджетін құрайды. Экономикалық мәні және мазмұны бойынша мемлекеттік шығындар біркелкі емес. Экономикалық мазмұны бойынша олар үш негізгі топтарға бөлінеді:
1) материалдық өндіріспен тікелей байлансты және өндірістік аяға жататын шығындар
2) өндірістік емес аяның шығындары
3) мемлекеттік резервтерді құру шығындары
Шығындардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен және ұлттық табысты құрумен байланысты
Шығындардың екінші тобы қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Қаржылар мекемені ұстап тұруға, жалпылай жарықтандыруға, денсаулық сақтау саласына, ғылым мен мәдениетті дамытуға, тұрғын-үй құрылысына, әлеуметтік қамтамасыдандыруға жұмсалады. Сонымен қатар мемлекеттің қорғаныс саласымен, мемлекеттік аппаратты ұстап тұруға жұмсайтын шығындары осы топқа кіреді.
Мемлекеттік шығындардың үшінші тобы мемлекеттік резервтерді құру мен толықтыруға байлансты. Олар күтпеген төтенше жағдайларда материалдық және материалдық емес аяның қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты (стихиялық жағдайлар, шығындарды орнына келтіру, үздіксіз қамтамасыз ету).
Пәндік нысаны (мақсаттылығы) бойынша мемлекеттік шығындар келесі түрлерге бөлінеді.
• Экономикаға шығындар
• әлеуметтік-мәдени шараларға шығындар
• Ғылымға шығындар
• Қорғанысқа саласына шығындар
• Басқару шығындары
Аймақтық нысаны бойынша мемлекеттік шығындар экономикалық аймақтар бойынша шығындарға бөлінеді.
Салалық нысаны бойынша шығындар материалдық өндіріс аясындағы шығындарға (өндіріс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс, сауда салаларындағы шығындар) және материалдық өндіріс аясындағы шығындарға ( білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, қорғаныс және басқару саласындағы шығындарға) бөлінеді. Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың екі әдісі бар:
1. Шаруашлық есептегі кәсіпорындарды қаржыландыру. Ол жеке меншікті ресурстар арқылы, банк несиесі арқылы, сонымен қатар бюджет қаржаттары арқылы жүргізіледі.
2. Бюджеттік қаржыландыру. Ол арнайы құжат- смета арқылы жүргізлетін әлеуметтік-мәдени шараларды, мемлекеттік билік органдарын, қорғаныс саласын қаржыландыруда пайдаланылады. Мұндай мекемелер бюджеттік деп аталады.
Сонымен қатар бюджеттің қаржыландырудың келесідей нысандары бар:
• Дотация. Ақшалай қаражаттар қайтарымсыз тұрғыда бюджет пен бюджеттік емес қорлардан кәсіпорындардың шығындарын жабу үшін қолданылады
• Субвенция. Қаржылық көмектің бұл түрі халықты әлеуметтік қолдау бойынша бойынша дайындалатын бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады.
• Субсидия. бюджеттен, бюджетік емес қорлардан және арнайы қорлардан ақшалай және натуралды нысанда бөлінетін қайтарымсыз жәрдемақы.
5. Бюджет тапшылығы және оны жабу әдістері
Әрбір бюджетте мәндетті түрде кіріс пен шығыс бөлігін теңестіру қажет. Бюжет балансы (теңгерімділігі)– бұл тепе-теңдік;бюджетті құру барысында мемлекеттің ақшалай қаражаттары мен шығыстарының тепе –теңдік жағдайға келуі басты негізгі сұрақтардың бірі.
Бюджет тапшылығы несиені қоса алғанда бюджеттік түсімдер мен шығыстар арасындағы кері айырмашылықты білдіреді; ал бұл көрсеткіштер арасындағы оң айырмашылық яғни шығындардан түсімнің артық болуы артықшылықты немесе бюджет профицитін береді. Ол мемлекеттік қарыздарды жабудан кейінде артық болып, бюджет қалдығында бос қалдыруы мүмкін. Бұл бос қалдықтар жылдың соңында республика үкіметінің және арнайы жергілікті атқарушы органдардың арнайы есеп-айырысу шотына аударылады; сонымен қатар олар мемлекеттік қарызды жабуға немесе, кассалық нақты ақша айналымын арттыруда қолданылады.
Тапшылық – шығыстардың табыстардан артуы. Тапшылықтың мүмкін деңгейі мемлекеттің ішкі өнімінің 2-3 пайзынан аспауы тиіс.
Мұндай жағдайларда тапшылық мемлкеттік займдар мен қағаз ақшаларды эмиссиялау арқылы оңай жабылады. Бюджет тапшылығы экономиканың жағдайына әсер етеді, ал оның қалыптасуының себептеріне келесілер жатады:
- ел экономикасындағы жалпы өндірістің құлдырауы
- қоғамдық өндіріс шығындарыны артуы
- тауар массасын жаппайтын айналымға ақшаның көптеп шығарылуы
- экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін бюджеттік шығындардың ішінде әлеуметтік шығындардың басым болуы
- әскери -өнеркәсіптік кешенді ұстап тұруға, басқаруға жұмсалатын қаржылар көлемінің көп болуы
- «жасырын» экономиканың айнылымының ірі көлемді болуы
- ұлттық шаруашыытағы өндірістік емес шығындардың артуы.
Бюджет тапшылығын жабудың келесідей әдістері бар:
- Мемлекеттік займдар
- салық салудың артуы
- ақша эмиссиясы.
Бюджет тапшылығына байланысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді:
1. Жыл сайынғы теңгерілетін бюджет. Бұл бюджет осы уақытқа дейін фискалдық саясаттың мақсаты болып есептелініп келді. Бірақ, бюджеттің бұл жағдайы фискалық саясаттың тұрақтандырушы бағыттылығын кемітеді. Жұмыссыздықтың болуы және халықтың табысының құлдырауы кезінде салықтық түсімдер автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда мемлекетке салық мөлшерлемелерін арттырып, мемлекеттік шығындарды кеміту қажет немесе екі әрекеттеде жүзеге асыру қажет. Осының нәтижесінде жиынтық сұраныс кеміп, өндіріс көлемі одан әрі кемиді. Ал бюджеттік артықшылық жағдайында мемлекет келесі шараларды жүзеге асырады: салық мөлшерлерін төмендетеді немесе мемлекеттік шығындарды арттырады, немесе аталған шараларды бірге қолданады. Аталған шаралардың кез-келгенінде де инфляция деңгейі артады.
2. Циклдық негізде теңгерілетін бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі.
Өндірістің құлдарауының алдын алу үшін мемлекет салықтарды төмендетіп, шығындарды арттырып, саналы түрде тапшылықты туындатады. Ал экономикалық өсу жағдайында мемлекет салықтарды көбейтіп, шығындарды кемітеді, ал қалыптасқан бюджет артықшылықтары құлдырау жылдарындағы тапшылықты, қарыздарды жабуға жұмсалады. Экономикалық цикл барысында бюджет теңгерімділігі осылай жүзеге асырылады. Бірақ құлдарай мен өрлеу тереңдігі мен ұзақтылығы бойынша бірдей болмағандықтан, бюджеттің циклдық тепе-теңдігінің бұзылуы орын алады.
3. Қаржының функционалдық концепциясының мақсаты макроэкономикалық тұрақтылыққа инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл жағдайда салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық тұрақтылық бұл өсуді ынталандыратын болады. Осының нәтижесінде тапшылық өзі-өзі қаржыландырады.
Циклдық негізде және функциялық&nbs
| | скачать работу |
Мемлекеттік бюджет |