Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттік бюджет

p; қаржы тұжырымдамасында бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттарына тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.

6. ҚР бюджет жүйесін ұйымдастыру
Бюджеттік құрылымға бюджет жүйесінің құрылуы мен ұйымдастырылу қағидалары жатады. Ол заң актлерімен бекітіліп, мемлекеттік құрылыммен анықталады.
Бюджетттік құрылымға келесі түсініктер кіреді:
•    Бюджет жүйесі
•    Бюджет құқығы
•    Бюджет үрдісі
•    Бюджеттік реттеу
Бюджеттік құрылым бюджеттің жеке түрлері арасында кірістер мен шығыстардың бөлістірілуін қарастырады. Мемлекеттің тұрақтылығын қалыптастыруда жергілікті  бюджет жүйесінің маңызы зор.  Оның негізін жергілікті салықтар мен займдар құрайды. Жергілікті бюджет шығындарының басым бөлігі білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік шығындарға жұмсалады. Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражаттары арқылы тұрғын-үй коммуналды шаруашылық шығындары, жол жөндеуге кеткен, қала ішін көріктендіру шығындары кіреді. Жергілікті бюджеттің шығындары ағымдық және капиталдық шығындарға бөлінеді. Ағымдық шығындар көп жағдайда жергілікті салықтар мен орталық бюджетт субсидиялары арқылы жабылатын болса, капиталдық шығыгндар- займдар арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті салықтардың өзі үш топқа, мүліке салынатын салықтар, көлікке салынатын салықтар және жалпы салықтар тобынан тұрады. Сонымен қатар, жегілікті жанама салықтарды да айта кеткен жөн (жанар-жағар майға, спирттік ішімдіктерге, кең қолданыстағы тауарларға салықтар).
Жергілікті бюджеттің кірісіндегі басты үлесті салықтық емес түсімдер құрайды. Оған жергілікті билік органдарының меншігіндегі жерлерді жалға беруден немесе жерді сатудан, коммуналдық кәсіпорындардан түсетін түсімдер немесе айып пұлдар жатады.
Бюджеттік құқық мемлекеттің бюджет жүйесін, бюджетті құру бойынша мемлекеттік және жергілікті билік органдарының міндеттерін сонымен қатар бюджеттің бекітілуі мен атқарылу тәртібін   айқындайтын заңды нормалардың жиынтығын береді. Бюджеттің құқықтық негізі елдің конституцциясымен анықталған.Көптеген меамлекеттер бюджеттік құқық қатынасында жергілікті билік органдарының құқығын сақтауға бағытталады.
Бюджеттік құқық экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген барлық бюджеттердің жиынтығын береді.
ҚР бюджеттік жүйесінің құрамына:
- республикалық бюджет
-    жергілікті бюджет: облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер
Республикалық бюджеттің орындалуына бақылауды Есеп комитеті жүргізеді ал, жергілікті бюджетті сәйкес жергілікті деңгейдегі тексеріс комиссиясы, сонымен қатар ҚР қаржы министрлігі мен оның өкілетті органдары жүргізеді

123
скачать работу

Мемлекеттік бюджет

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ