Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттік құнды қағаздар нарығы: мәні және қазіргі жағдайы

бөлінген қарыз қаражаттарын уақытында қайтармауға байланысты қауібін өтеу мақсатында, эмиссия жүргізушінің бюджеттік жін е басқа да мүліктік кепілі қарастырылуы мүмкін. Ішкі қарызды қарастыратын бюджеттік қорды құру және қарыз мүліктік кепіл қорын құру жолдарымен облигациялық қарыз аймақтық бюджеттер қаражаттарымен қамтамасыз етілуі мүмкін:

- мемлекетті жекеменшік бойынша өкілеттілігіне шек қою нәтижесінде берілген нысандар;

- эмисся қаражат есебінен құрылған және алынған нысандар, және үлестік бастауларда да;

- коммуналдық жеке меншікте тұрған жекешелендірілген кәсіпорындар акциялары.

МҚҚ алғашқы нарығы

2009 жылы Қазақстан Республикасының қаржы Министрлігі (ҚРҚМ) МҚҚ 1 761 528 млн. теңгеге орнатты, ол 20,1% құрайды, былтырғы жылмен салыстырғанда едәуір көп болып келеді. Жалпы алғанда, қысқа мерзімді қағаздарды орнату 40,4% құрады, орта мерзімді қағаздарды орнату – 59,6% құрады. ҚРҚМ мемлекеттік құнды қағаздарын өтеу, сыйақы төлемін қоса алғанда 2009 жылы 71,7 млрд теңгені құрады[1].

Нәтижесінде, 2009 жылдың желтоқсан айының аяғында айналымындағы ҚРҚМ құнды қағаздар көлемі 2008 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 51,1% 633 190 млн. теңгеге дейін көтерілді. 3 және 6 айлық қысқа мерзімді МЕККАМ айналымнан шықты, 2008 жылдың желтоқсанында бұлар толығымен өтелді. Нәтижесінде, 2009 жылдың соңында құнды қағаздар айналымы келесі бейнеде:

>  қысқа мерзімді МЕККАМ (тек 12 айлық) жалпы көлемнен 9,2% құрады;

>  орта мерзімді МЕОКАМ (2-10 жыл мерзім айналымындағы) – 89,6% құрады;

>  орта мерзімді МЕИКАМ (3-7 жыл мерзім айналымындағы) – 1,2% құрады.

2009 жылы 12 айлық бойынша МЕККАМ кірісі 6,91%-дан 4,5% дейін төмендеді, 5 жылдық бойынша МЕОКАМ 6,31%-дан 6,84% дейін көтерілді , 6 жылдық бойынша МЕОКАМ 6,19%-дан 5,68% дейін, 7 жылдық МЕОКАМ 6,19%-дан 5,78% дейін және 8 жылдық МЕОКАМ 6,30%-дан 6,19% дейін (соңғы аукциондар бойынша) төмендеді. Қалған құнды қағаздар түрлері бойынша кірістер бұрынғы деңгейінде сақталып қалды: 2 жылдық МЕОКАМ  — 5,88% және 10 жылдық МЕОКАМ  — 6,50% құрды.

Мемлекеттік бағалы қағаздардың өсім қарқыны 71,76%-ын 2006 жылы, 165%-ға 2007 жылы жоғарлануын және 2008 жылы 41,02% төмендеуін байқаймыз. МБҚ төмендеу немесе жоғарлау жағдайы мемлекеттің қаржы саясатының мазмұнына, республикалық бюджеттің ағымдық жағдайы және институттардың өтімділігін сақтау үшін жүргізілген саясатқа тәуелді.

МБҚ құрылымында ең үлкен бөлігін ҚР Қаржы министрлігі шығарған бағалы қағаздар алады. 2005 жылы және 2007 жылы олардың үлесі 38,73% және 31,8%-ы құраса, қалған екі жылда МБҚ құрылымында қомақты бөлігін, яғни 2006 және есепті кезеңде 67,33%-ы және 73,37%-ы сипат алды.

ҚР Ұлттық банктің ноттары мемлекеттің ақша-несие саясатының құралы бола отырып, ЕДБ-дің өтімді активтеріне жатқызылады. Сонымен қатар, қор биржа мәмілесінде пайда табудың ең қолайлы құралына жатқызады. Олардың үлесі 2005 жылы және 2007 жылы өскенін байқаймыз. Сәйкесінше, олардың үлесі 59,83%-ды және 67,82%-ды құрайды.

МҚҚ ТҮРІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ

МҚҚ түрінде шығарылған Қазақстанның мемлекеттік қарыз соммасы 2010 жылдың 1 қаңтар айынан бастап 758,7 млрд теңгені (5,8 млрд долл.) құрды. 2009 жылдың желтоқсан айы барысында қарыздың жалпы соммасы 18,2 млрд (+2,46%) немесе 140,8 млн доллар (+2,47%) өсті. 2009 жылдың қараша айында қарыз көрсеткіштерінің өзгерісі +33,4 млрд теңгені (+4,72%) немесе +338,3 млн доллар (+6,32%) құрады.

2009 жылы ҰБ ноталарының шығарылым көлемі 561,8 млрд теңгені құрады (2008 жылы – 613,02 млн теңге). Эмитент 374,7 млрд теңгені құрайтын (485,7 млрд теңге) міндеттемелерді жапты. МҚҚ нарығында ҰБ қарызға алу – нетто сальдосы талдау кезеңінде +187,1 млрд теңгені (2003 жылы +127,2 млрд теңгені) құрды.

ҚРҚМ 2009 жылы МЕККАМ 126,2 млрд теңге соммасына (2008 жылы – 105,1 млрд теңгеге) шықты. Купон төлемдерінің соммасы және облигациялардың атаулы құны өтеу барысында (евроноталарды қоса алғанда) 125,3 млрд теңгені (2008 жылы 79,1 млн теңгені) құрды. ҚРҚМ қарызға алу нетто сальдосы 2009 жылы «Ирбис» Қор нарығының ақпараттық агенттігі + 838,3 млн теңге соммасында бағаланды (2008 жылы +25,9 млрд теңге).

МҚҚ нарығында муниципалды органдар 2009 жылы облигациялар эмиссиясын жүзеге асырған жоқ.  Муниципалды МҚҚ өтеу және қамтамасыз ету көлемі 2009 жылы 2,6 млрд теңгеден асқан жоқ, бұл қарызға алу – нетто сальдосына да  — 2,6 млрд теңгені береді.

ҚРҚМ және ҰБ жалпы қарызға алу нетто сальдосы 2009 жылы «Ирбис» Қор нарығының ақпараттық агенттігі +185,3 млрд теңгеде бағаланады.

Келтірілген деректер бойынша, ҚРҚМ 2008 жылы МҚҚ нарығында ағымдағы қарыздың қайтақаржылану аясында жұмыс істеді, шағрылып кеткен қарызды өз жағына ұзарту және арзандату бойынша борыш талаптарын өзгерту. Бұған қарсы, ішкі нарыққа шет ел валютасының қосылуының маңызды өсуі барысында ҰБ бір жылға дейінгі айналым мерзіммен өздерінің ноталарын шығару арқылы артық теңге массасын «сіңіруге» мәжбүр болды. Бұл мәселені ескере отырып, Мемлекеттік қарыздың жедел құрылымының қысқарылуы түсінікті болып келеді. ҰБ белсенділігінің артуы ҰБ құнды қағаздарына ауысу арқылы ҚРҚМ МҚҚ ығысуына алып келді.

ҰБ ноталарын шығару көлемі, жалпы алғанда 2009 жылдың желтоқсан айында 85,8 млрд теңгені (қараша айында – 73,7 млрд теңгені) құрды, оларды өтеу 36,6 млрд теңгені (қараша айында – 33,09 млрд теңгені) құрды. МҚҚ нарығында желтоқсандық ҰБ қарызға алу нетто сальдосы +49,2 млрд теңгені (қараша айында — +40,6 млрд теңгені) құрды.

2009 жылдың желтоқсан айында ҚРҚМ өздерінің облигацияларын орнату бойынша жұмыстар жүргізген жоқ. Купондық төлемдер соммасы және облигациялар номиналды құны 28,7 млрд теңгені (қараша айында – 7,4 млрд теңгені) құрды. «Ирбис» ИАФР мәліметі бойынша ҚРҚМ желтоқсандық қарызға алу нетто сальдосы  -28,7 млрд теңгені (қараша айында -7,4 млрд теңгені) құрды. Жалпы желтоқсандық ҚРҚМ және ҰБ қарызға алу нетто сальдосы +19,5 млрд теңгені (2009 жылдың қараша айында +33,1 млрд теңгені) құрды.

МҚҚ қайталама нарығы

Өткен жылдардағыдай, МҚҚ биржалық нарық 2009 жылы биржа айналымының 4,9% ала отырып,  KASE алаңының бастауышы болып келеді. Сауда-саттық операциясының көлемі 753,1 млрд теңгені (5,5 млрд долл.) құрып, былтырғы жылдан 2,1 есеге өсті. Мысалы, 2008 жылы KASE-ке МҚҚ сәйкес операциялар көлемі 353,9 млрд теңгені немесе 2,3 млрд долларды құрды (3 кесте).

Сурет 6-2009 жылғы МҚҚ биржалық нарығы, млн. доллар[2]

Кезең

МҚҚ бойынша қор нарығының сектры

Барлығы

Алғашқы орналастыру

Қайталама нарық, сауда-саттық

Қаңтар

0

60 134,4

60 134,4

Ақпан

0

37 397,2

37 397,2

Наурыз

0

49 250,1

49 250,1

Сәуір

0

52 472,5

52 472,5

Мамыр

0

40 059,5

40 059,5

Маусым

0

150 262,5

150 262,5

Шілде
 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ