Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттік меншік құқығы

nbsp; атқарушы  билік  органдары  орындайды.  Мысалы,  республикалық  мемлекеттік  кәсіпорындарға  қатысты  мемлекеттік  меншік  иесі  субъектісінің  функциялары  министрліктерге,  мемлекеттік  комитеттерге,  ведомстволарға  және  министрліктердің  кейбір  департаменттеріне  және  Үкімет  өкілеттік  берген  өзге  органдарға  жүктелген.

Заңнамада  көзделген  реттер  мен  тәртіпте  Қазақстан  Республикасының  арнайы  тапсырмасымен  оның  атынан  өзге  де  мемлекеттік  органдар,  заңды  тұлғалар  мен  азаматтар  өкілдік  ете  алады  (АК – ның  111 – бабының  2 — тармағы).  Мысалы,  мемлекет  қатысқан  акционерлік  қоғамға  мемлекет  атынан  акционер – мемлекет  функциясын  орындауға  уәкілеттік  берілген  тұлға  тағайындалады,

Жергілікті  өкілдік  және  атқарушы  органдар  заң  құжаттарында,  ережелерде  немесе  сол  органдардың  мәртебесін  анықтайтын  өзге  құжаттарда  белгіленген  өз  құзіреті  шегінде  әкімшілік- аумақтық  бөлініс  атынан  әрекет  етіп  мүліктік  және  жеке  мүліктік  емес  құқықтар  мен  міндеттер  иемдене  алады,  сотта  оның  мүддесін  қорғай  алады.  Заңнамада  көздеглген  ретте  және  тәртәпте,  арнаулы  тапсырма  бойынша  жергілікті  мемлекеттік  орргандар,  заңды  тұлғалар  (мемлекеттік  еместерді  қоса)  мен  азаматтар  да  әкімшілік – аумақтық  бөліністің  мүддесін  білдіре  алады.  Мысалы,  әкімшілік – аумақьық  бөлініс  қатысқан  акционерлік  қоғамға  әкімшілік – аумақтық  бөлініс  атынан  акционер — әкімшілік – аумақтық  бөліністің  мүддесін  қорғауға  құқық  берілген  тұлға  тағайындалады.  Заңнама  тікелей  сондай  құқық  берген  мемелекеттік  органдармен  заңды  тұлғалар  ғана  әкімшілік – аумақтық  бөлініс  атынан  азаматтық  құқық  қатынастарына  кіре  алады.  Азаматтық  айналымда  әкімшілік – аумақтық  бөлініс  атынан  әрекет  жасай  алатын  билік  және  басқару  органдарына,  бірінші  кезекте,  маслихаттар,  әкімат,  атқарушы  биліктің  аумақтық  органдары  (облыстық  әділет  басқармасы,  облыстық  қаржы  басқармасы,  мемлекеттік  мүлікті  басқары  жөніндегі  аумақтық  комитет ) жатады.

Мемлекеттік  меншік  құқығының  мазмұны

Меншік  құқығының  мамұны  құқықтар  мен  міндеттердің  жиынтығымен  анықталады.”Меншік  иелерінің  өз  құқықтырын  жүзеге  асыру  көлемі  мен  шектері,  оларды  қорғау  кепілдіктері  заңмен  белгіленеді  ”  (Конституцияның  6 – бабының  2- тармағы ).  Яғни,  мемлекет,  мемлекеттік  меншік  объектілерінің  бірден – бір  меншік  иесі  ретінде,  азаматтық  құқықтарды,  сондай – ақ  міндеттерді  жүзеге  асырудың  шектері  мен  қорғауды  заң  арқылы  өзі  үшін  өзі  анықтайды.

АК – ның  188 – бабының  2 – тармағына  сәйкес  өз  мүлкін  иелену,  пайдалану  және  оған  билік  ету  құқығы  меншік  иесіне  берілген.  Азаматтық  айналымда  мемлекет  екі  субъект  арқылы  берілген:  Қазақстан  Республикасы  және  әкімшілік – аумақтық  бөлініс,  олар  мемлекеттік  меншікті  іске  асыра  отырып,  өз  аттарынан  әрекет  етеді.  Сондықтан  субъектік  құрамның  күрделілігі  меншік  иесінің  құқық  өкілеттіліктерін  мемлекеттік  меншіктің  аталған  субъектілерінің  бірі  болып  табылатын  мемлекет  пен  олардың  мүддесін  білдіруі  мүмкін  тұлға  арасында  бөлуді  көздейді.

Мемлекеттік  меншікті  иелену  құқығы  дегеніміз – мүлікті  іс  жүзінде  иемденуді  жүзеге  асырудың  заңмен  қамтамасыз  етілген  мүмкіндігі.  Мемлекет,  материалданбаған  ерекше  субъект  ретінде,  барлық  реттерде  иемдену  құқығының  титулын  сақтайды,  өз  мүлкін  іс  жүзінде  иемденуді  мемлекеттік  органдар  жүйесі  арқылы  жүзеге  асырады.  Мемлекеттің  иемдену  құқығы  туралы  мәселе  заң  әдебиеттерінде  дау  туғызады.  Мысалы,  А.  В.  Венедиктов  иемдену  дегенді  затқа  іс  жүзінде  үстемдік  жасау  құқығы,  “затты  қолда  ұстау”  құқығы  деп  түсінеді.  Сондықтан  ол  ммелекет  ұшан – ғайыр  өз  мүлкін  тікелей  емес,  тек  өз  органдары  арқылы  ғана  иемденеді  дейді.

Мемлекеттік  меншікті  пайдалану  құқығы  дегеніміз – ммелекеттік  мүліктен  оның  пайдалы  табиғи  қасиеттерін  алудың,  сондай – ақ  одан  пайда  алудың  заңмен  қамтамасыз  етілген  мүмкіндігі.  Пайда  табыс,  өсім,  жеміс,  төл  түрінде  және  өзге  формаларда  болуы  мүмкін.  Мемлекеттік  мүлікті  пайдалану  әртүрлі  формада  жүзеге  асырылады.  Мысалы,  заңмен  жол  берілген  салада  кәсіпкерлік  қызметпен  айналысатын  мемлекеттік  органдарға  мемлекеттің  жер  учаскелерін  жалға  және  пайдалануға  беруі,  пайдалы  қазбалар  өндіруі,  ғимараттар  мен  құрал – жабдықтарды,  жиһазды  пайдалануға  беруі  кең  таралған.

Мемлекеттік  меншікке  билік  жасау  құқығы  дегеніміз  мүліктің  заңдық  тағдырын  анықтаудың  заңмен  қамтамасыз  етілген  мүмкіндігі.  Айналымда  жүрген  мемлекеттік  мүліктің  деніә  ақша  қаражаты  болғандықтан,  әдетте,  пайдалану  және  билік  жасау  құқық  өкілеттіктері  біріне  бірі  сәйкес  келеді.  Мемлекет  негізінен  бюджет  ақшасын  таратады.  Бұл  функцияны  жүзеге  асыруға  өкілдік  және  атқарушы  билік  органдары  тартылады.  Алдымен  Парламент  пен  мәслихаттар  бюджетті  бекітеді,  сонан  соң  Қазынашылық  пен  Әкіматтар  ақша  қаражатын  мемлекеттік  органдар  бойынша  бөледі,  ал  олар  қаржыландыру  субъектісіне  жеткізеді.

Мемлекеттік  меншік  шектерінде  мынадай  схема  жиі  қолданылады – ммелекет  мүлікті  иелену,  пайдалану  және  оған  билік  ету  құқығын  мемлекеттік  заңды  тұлғаларға  береді.  Бұл  ретте  мемлекет  меншік  құқығын  жоғалтпайды.  Ол  дегеніміз – мемлекетке  жоғарыда  аталған  үш  заттық  құқықтан  басқа  тағы  да  титулдық  құқық  бар  деген  сөз,  ол  меншік  құқығын  жоғалтқанда  шарт  бойынша  тек  ерікті  түрде  ғана  иеліктен  алынуы  мүмкін  не  пайдалану – билік  ету  нәтижесінде  объектінің  жаратылып  кетуі    нәтижесінде  тоқтайды.  Бұл  тезис  АК – ның  188 – бабының  3 – тармағында  бекімін  тапқан,  онда  былай  делінген:  меншік  иесі  өзіне  тиесілі  мүлікке  қатысты  өз  қалауы  бойынша  кез  келген  әрекеттер  жасауға,  соның  ішінде  бұл  мүлікті  басқа  адамдардың  меншігіне  беріп,  иелігінен  шығаруға,  өзі  меншік  иесі  болып  қала  отырып,  оларға  мүлікті  иелену,  пайдалану  және  оған  билік  ету  жөніндегі  өз  өкілеттігін  тапсыруға,  мүлікті  кепілге  беруге  және  оған  басқада  әдістермен  ауыртпалықтар  түсіруге,  оларға  өзгеше  түрде  билік  етуге  құқылы.  Бұл  ереже  мемлекеттік  заңд

1234
скачать работу

Мемлекеттік меншік құқығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ