Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттік меншік құқығы

ы  тұлғада  арнаулы  құқыққабілеттік  бар  екендігіне  есептелген,  ал  мемлекет,  өзінің  абсалюттік  меншік  құқығын  іске  асыра  отырып  өзінің  мүлкін,  азаматтық  айналымда  көзделген  мақсатта  қатаң  пайдаланылуы  үшін,  мемлекеттік  заңды  тұлғаларға  береді.  Ммелекеттік  органдар  мен  әкімшілік – аумақтық  бөліністердің  өздері  де  мемлекеттік  ақша  қаражатын  бекітілген  бюджетке  сай  жұмсайды.

Мемлекеттік меншік құқығының объектілері

Мемлекет өз меншігіне кез келген объектіні ала алады. Мемлекеттік меншік объектілері республикалық немесе коммуналдық меншікке кіреді. Республикалық мемлекеттік меншік субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Ал, коммуналдық мемлекеттік меншік субъектісі — әкімшілік-аумақтық бөлініс. Мемлекеттік меншікті республикалық  және коммуналдық деп бөлуді Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. Тиісінше, мемлекеттік мүлікті меншіктің бір түрінен екінші түріне аудару мәселесін Үкімет немесе ол өкілеттік берген орган шешеді.

АК-ның 192-бабының 2-тармағына сәйкес қазынаға алтын-валюта қоры мен алмаз қоры кірді. 1995 жылғы 30 наурыздағы №2155 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкы туралы» Заң (ары қарай – Ұлттық Банк туралы Заң) бұл қорды «алтын-валюта активтері» деп атайды (10,15,41, 56, 58 және 60-баптар). Қазақстан Ұлттық Банкының алтын-валют қоры қазақстан теңгесінің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жасалады және пайдаланылады, ол: тазартылған алтыннан; Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі Қазақстан Ұлттық Банкы есебіндегі банкнот түріндегі шетел валюталарынан, мәнеттерден және қаражат қалдықтарынан; шет елдердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және кепілдік берген бағалы қағаздардан; өтімпаздығы және сақталуы қамтамасыз етілген, шетел валютасында ірілендірілген басқа сыртқы активтерден тұрады.

Ұлттық Банк алтын-валюта активтерінің құрылымы мен оларды орналастыру төртібін анықтайды. Алтын-валюта активтерін Қазақстан Республикасы резиденттері мен резидент еместерінің несие (қарыз) беру және кепілдіктер беру немесе басқа міндеттемелер формасыңда пайдалануына, Ұлттық Банк туралы Заңда көзделген жағдайлардан басқа реттерде, жол берілмейді. Алтын-валют активтерінің құрылымын ұлғайтуды және өзгертуді Ұлттық Банк жүргізеді (Ұлттық Банк туралы Заңның 58-бабы).

Қазақстан Республикасының коммуналдық меншігі жергілікті қазынадан және заң актілеріне сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті бюджеттің қаражаты және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлікжергілікті қазынаны құрайды (АК-ның 192-бабының 3-тармағы).

Мемлекет қатысқан мәміленің объектісі – қазына мүлкі, тек ғана мемлекет меншігінде болатын объектілер және оның мүліктік құқықтармен байланысты мүліктік емес құқықтары, сондай-ақ жекешелендіру туралы заңнамада көзделген арнаулы объектілер бола алады. Жекешелендіру кезінде мемлекет өзі немесе құқық берілген мемлекеттік орган арқылы кәсіпорынды түгелдей, акциялардың мемлекеттік пакетін немесе таратылған кәсіпорын мүлкін сатушы болады.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде тауарлық ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу, ағаш отырғызу үшін берілген (берілетін) жерлер, сондай-ақ құрылыс салу үшін берілген (берілетін) немесе өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлер, олардың кешендері тұрғызылып қойған жерлер, ғимараттарға (құрылыстарға) қызмет көрсету үшін қажетті жерлер болуы мүмкін.

Мынадай жер учаскелерінің жеке меншікте болуы мүмкін емес (олар тек мемлекет меншігінде болады):

1) қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, қорғаныс өнеркәсібі үшін қажетті; Мемлекеттік шекараны күзету және қорғау үшін инженерлік-техникалық құрылыстар, коммуникациялар тұрғызылған; кеден орналасқан;

2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;

3) орман және су қорлары;

4) магистралдық темір жол тараптары мен ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары орналасқан;

5) елді мекендердегі ортақ пайдаланылатын аумақтар (Жер кодексінің 26-бабының 2-тармағы).

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру

Жекешелендіру дегеніміз – мемлекеттік мүлікті жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және шетелдік заңды тұлғалардың меншігіне, меншік иесі болып табылатын мемлекеттің еркімен, заң актілерінде белгіленген арнаулы процедуралар шеңберінде сату.

Жекешелендірудегі мақсат – мемлекеттік мүлікті жеке меншік иесіне беру арқылы оны ынталы әрі ұтымды пайдалану. Мұның астарында мемлекеттің ұтымды шаруашылық жүргізуге мүдделі еместігі және қабілетсіз екендігі жайында даулы болжам жатыр. Тек рынок ғана сұраным мен ұсыныстың ара қатынасын дәл анықтай алады, қоғамға қажетті өндірісті ұйымдастырады және қоғам мүшелерін өнімді еңбекке ынталандырады деген топшылама бар.

Жекешелендіру сонау КСРО кезінде-ақ басталды. КСРО-ның 1991 жылғы 1 маусымдағы «Мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің негізгі бастамалары туралы» Заңы мен Қазақ КСР-дің 1991 жылғы 22 маусымдағы «Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру туралы» Заңы экономиканың мемлекеттік секторын екі бағытта қысқартуды көздейді: мемлекеттік кәсіпорындарды меншіктің басқа (мемлекеттік емес) формаларына негізделген кәсіпорындарға айналдыру (мемлекет меншігінен алу) арқылы және мемлекеттік мүлікті азаматтардың және олар құрған заңды тұлғалардың меншігіне беру (жекешелендіру) арқылы.

Қазақстанда жекешелендіру төрт кезенде жүргізілді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1991-1992 жылдарға арналған Бағдарламасы шеңберінде (1-кезең) мыналар жүзеге асырылды: кәсіпорындарды кейін сатып алу құқығымен еңбек ұжымына жалға беру, ұжымдық кәсіпорнына айналдыру; мемлекеттік мүлікті еңбек ұжымының өтеусіз сатып алуы; халықтың жекешелендіруге инвестициялық купондар (ЖИК) арқылы қатысуы; мемлекеттік мүлікті аукцион және конкурс арқылы сату.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 05 наурыздағы №1135 Жарлығымен «Қазақстан Республикасыңда мемлекет меншігінен алудың және жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы» (2-кезең) бекітілді. Ол мынадай міндеттер атқарды: мемлекеттік кәсіпорындарды акциялау; жеке жобалар бойынша жекешелендіру; жаппай жекешелендіру; шағын жекешелендіру; агроөнеркөсіп кешеніңде жекешелендіру. Президенттің «Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдарға қайта құруды ұйымдастыру шаралары туралы» Жарлығына сәйкес еңбек ұжымының қызметкерлері акциялардың он пайызына дейін ақысыз алуға құқылы болды; жаппай жекешелендіру объектілері бойынша акциялардың кемінде 51 пайызы купондар аукционында халықтың ЖИК-і үшін инвестициялық жекешелендіру қорларына сатылуға тиіс еді; акциялардың 39 пайызы қор биржалары, аукциондар, конкурстар арқылы ақшаға сатылуға тиіс болды. Қазақстан Республикасы Президентінің 1994 жылғы 11 наурыздағы «Акциялардың мемлекеттік пакетінің бір бөлігін мемлекеттік акционерлік қоғам басшыларына бөлу туралы» №1589 Жарлығына сәйкес кәсіпорындардың басшылары бес пайызға дейін акцияларды атаулы құн бойынша иемденуге мүмкіндік алды.

Қазақстандағы 1996 жылдан бергі жекешелендіруді реттейтін негізгі нормативтік құжат – Қазақстан Республикасы Президентінің; 1995 жылғы 23 желтоқсандағы «Жекешелендіру туралы» заң күші бар №2721 Жарлығы. Бұл Жарлықты іске асыру мақсатында 1996 жылғы 7 ақпанда Үкімет қаулы қабылдады, онымен Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1996-1998 жылдарға арналған бағдарламасы (3-кезең) бекітілді. Жекешелеңдіру жүргізудегі негізгі принциптер, ол – жариялылық, бәсекелестік, құқықмирасқорлық, лауазымды адамдардың жекешелендіру жүргізудің заңдылығы үшін жауаптылғы және сатуға қойылған объектілер туралы берілген мәліметтердің растылығы (Жекешелендіру туралы Жарлықтың 4-бабы).

Жекешелеңдіру мақсатында мемлекет қандай мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға сатуға болатындығын анықтайды. Әдетте бұл мүліктік кешендер ретіндегі кәсіпорындар және акциялардың мемлекеттік пакеттері. Сонымен қатар Үкімет жекешелендіруге жатпайтын мүліктердің тізбесін жасады. Қозғалмайтын мүлікті жекешелендіргенде жер учаскесіне меншік құқығы жер заңнамасына сәйкес сатып алушыға өтеді. Жер учаскесінің құны жекешеленген объектінің құнына қосылады.

Жекешелендіру саудаластықта (аукцион, тендер) сату немесе тікелей атаулы сату жолымен жүзеге асырылады. Саудаластық немесе атаулы сату жүргізу үшін объект тиісті даярлықтан өтеді. Оның балансы нақтыланады, борыштар анықталады, әлеуметтік инфрақұрылым бөлінуі мүмкін, т.б. Көсіпорын акциялануы немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. Мемлекеттік мүлікті сатуға әкеп тікелей тіремейтін, бірақ оның келешекте сатылуын көздейтін әрекеттер (мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам етіп қайта құру, жалдаушының не сенімгерлік басқарушының кейін сатып алуға құқығымен мемлекеттік мүлікті жалға өткізу не оны сенімгерлік басқаруға беру) жекешелендірудің бір түрі емес, оның алғашқы сатысы деп қарастырылады (Жекешелендіру туралы Жарлықтың 12-бабы). Мемлекеттік мүлікті сатуды уәкілетті мемлекет органдар жүзеге асырады. Әдетте бұл Қарж

1234
скачать работу

Мемлекеттік меншік құқығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ