Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттің фискалдық саясаты

к реттеу әдістері

 

    Енді экономикалық процестерде әсер ету үшін мемлекет әдістерінің кейбіреуін қалай қолданады, осыған тоқтала кетейік:

Қазыналық  саясат – мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан  жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе – теңдігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

Несие ақша саясаты.  Мемлекет нақты салалық және аймақтық проблемаларды шешу, ерекше мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мақсатты жеңілдікпен пайдаланатын несие береді. Сонымен бірге ол бюджеттен тыс ерекше даму қорын да құра алады. Несие және ақшалық реттеудің жиі қолданылатын түрлеріне мыналар жатады:

а) несиенің пайыз нарқының өзгеруі. Мысалы, өндіріс салаларын дамыту үшін пайдаланылатын несиелік қаражаттарға осы пайыз төмен деңгейімен болғаны абзал;

ә) эмиссиялық банктің есептеу нарқын өзгерту. Есептеу нарқы (дисконттық) - бұл банк вексельднрін, яғни жеке адамдар мен мекемелердің қысқы мерзімді міндеттемелерін сатып алған жағдайда банктен өндіріа алынатын қарыз пайызының нормасы.

б) эмиссиялық банкке ақша салудың міндетті минимумын арттыру. Эмиссиялық банктегі коммерциялық банктердің депозиттері ақша салымдарынанжәне міндетті ақша салымдарынан тұрады. Орталық банк, міндетті ақша салымдарының мөлшерін арттыра отырып жеке банктердің несие қаражаттарын шектейді, ал олардың мөлшерін азайту арқылы жеке банктердің несие экспансиясына мүмкіндік туғызады;

в) “ашық нарықтағы операциялар”. Бұл жағдайда мемлекет өзінің облигацияларын сатуға немесе сатып алуға тырысады. Бірінші жағдайда жеке несие жүйесінің қарыз капиталының қаражаттары алынады, ол ұдайы өндіріс процесін қиындатады. Екінші жағдайда, керісінше, несие жүйесі қосымша қаражаттармен толтырылады, ал ол ұдайы өндіріс процесін көтермелейді.

 Бағаны және табысты реттеу саясаты.  Фискалдық және несие саясаты көп жағдайда баға мен табыстарды реттеудің құралы бола алмайды. Сондықтан мемлекет барынша түкелей әсер ету құралдарын қолдануға тырысады. Осы мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуінің жоғарғы шегін белгілейді, кейде олардың өсуіне тыйым салынады. Дегенмен тікелей шектеулер табыстың пайда немесе дивиденд сияқты түрлеріне тартылмайды.

 Әкімшілік реттеулер.  Оларға кейбір әдейі ерекшеленген салалар, мысалы қоғамдық пайдалану салаларына (электроэнергетика, көлік)  бақылау шаралары, қор биржаларының үстінен қойылатын әкімшілік бақылау, әділ бәсеке күресі деп аталатын тәртіпті сақтауға бағыттылған бақылау және басқа да осы секілді істер кіреді.

 Қысқа мерзімдік реттеулер.Оның мақсаты - бірнеше нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне әсер ету болып табылады. Бұл жерде әңгіме экономикалық дағдарыстың қанат жаюын шектеу, бәсеңдету, жандану кезеңінің басталуын жеделдету, өндірістік өрлеу кезеңін тұрақтандыру немесе одан ары қарай созу туралы болып тұр.

Нарыққа өту жағдайында қысқа мерзімді реттеулер бағаның шамадан тыс өсуімен күрес немесе инфлцияны тоқтату үшін қолданылады. Қысқа мерзімді реттеудің бұндай бағыты дефляциялық сасат деп аталады.

 Ұзақ мерзімді реттеубірнеше жыл бойынша нәтиже алуға есептелген ұдайы өндіріс процесіне мақсаты бағытта әсер ету болып табылады. Оған белгілі бір уақыт кезеңі бойынша  экономиканың даму қарқынын ұстап тұру, кейбір салаларды артықшылықпен дамыту арқылы қоғамдық өндірістің құрылымын өзгерту, технологиялық қайта құру, ғылыми –техникалық прогресті дамыту мақсатында жедел амортизоциялау сасатын жүргізу жатады.

Экономиканы мемлекеттік реттеуді ұйымдастырудың теориялық аспектісі оның экономикалық және әкімшілік әдістерінің арақатынасы мәселелерін де қамтиды, Бұл мәселелер мемлекеттік реттеу көбінесе әкімшілік басқару түсінігімен байланыстырылатындығынан, ал басқарудың экономикалық әдістері нарықтың реттейтін өрісінің кеңеюіне мүмкіндік беретіндіктен обьективтік сипатқа ие болады.

Экономиканы реттеу жөніндегі маңызды жалпымемлекеттік шаралардың бірі- өндіргіш күштерді орналастыру мәселесін де қамтитын құрылымдық-инвестициялық саясатты жүзеге асырылуы экономиканы құрылымдық қайта құру концепциясы ғылыми негіздеуден  басталады.

 Макроэкономикалық реттеу жөніндегі жалпымемлекеттік шаралар арасында қаржылай - бюджеттік рөлді атқарады. Бұл жерде мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің  кіріс бөлігін орындаудағы шиеленісушілік әлеуметтік сала мен ғылымның дамуына жұмсалатын бюджет шығындарын шектеуге негіз бола алмайтындығын атап өту керек.

 

I. 2  Өтпелі экономика кезеңіндегі макроэканомикалық процестерді мемлекеттік реттеу.

Нарықтық экономика кезенінде макроэкономикалық процестерді мемлекеттің реттеуі тікелей және жанама тәсіл арқылы жүргізіледі.

Өтпелі экономика кезінде мемлекеттік реттеудің обьектілеріне  экономиканы  тұрақтандыру саясаты немесе антициклдық саясат, ақша айналымын, инфляцияны, мемлекеттік бюджетті бақылау, тұрғындарды жұмыспен қамту саясаты, антимонополиялық саясат, яғни нарықтық бәсекелестік жағдайын бақылау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау саясаты жатады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тікелей тәсіл – мемлекеттік экономикалық бағдарламаны жасау мен өткеру арқылы жүргізіліп, қысқа, орта, ұзақ мерзімді міндеттерді шешуге ат салысады. Бұдан басқада, қалыпты және төтенше бағдарламалар жасалады.

Бұған ұқсас бағдарлама ретінде, соғыстан кейін Оңтүстік Кореядағы экономиканы орынынан тұрғызуға қабылданған төтенше бағдарламаны, ал Жапонияда «Автомобиль жолын салудағы төтенше шаралар» заңын айтуға болады. Жапонияда мемлекеттің 10 – нан астам институттары нарық дамуының жоспары мен бағдарламасын жасайды.

Жалпы қабылданғандай, қазіргі жағдайда мемлекеттің кез – келген реттеушілік шараларының негізінде ақша айналымы жатады. Өтпелі экономикада ақша айналымы мемлекет  бақылауынан шықпауы керек. Бұл макроэкономикалық  деңгейіндегі мемлекеттің ең маңызды реттеуші қызметі болып табылады. Бұл жағдай  «экономикалық құлпырыс» жасаған мемлекеттер  - Жапония, Оңтүстік Корея, Тайвань – тәжірибесімен расталады. Бұл елдерде  ең қиын – 1970 - 80 – ші жылдары өнеркәсіп құрылымының  қайта құру мен реформалау кезінде ақша айналымы, инфляция, мемлекееттік бюджнттің тапшылығы тұрақты түрде мемлекеттің қатаң бақылауында болды олардың бәсеңдеуі мен күйреу салдарын жоққа шығарды.

Ал, Қазақстан республикасы нарыққа өту кезеңінде (1990 ж.) бастапқы шарттарда басқаша түрде болды. Республика экономикасы осы кезде КСРО халық шаруашылығы кешенімен тығыз интегацияда болды. Ақшалай табыстың өсуі өндіріс құлдырауына қарағанда тауар массаымен (мөлшерімен) қамтамасыз етілмеді. Тұрғындардың 1990 жылғы салым қалдықтары шамамен 13 млрд рубьлден асып кетті немесе жылдық тауар айналымы мен ақылы қызмет көрсетудің 76 %  астамын құрады. Жасырын инфляция ашыққа ұласып, қаржы жүйесі бақылаудан шығып кетті.

Қазақстан реформаны өз бетінше 1993 жылы қараша айында ұлттық валютаны ендіргеннен бастап жүргізе бастады, шын мәнінде  1994 жылдан  бастады.

Мерзімді басылымның көрсеткеніндей, реформаны жүзеге асырған жылдары инфляция деңгейі 13250 ретке өскен, өнддірістің құлдырауы 1991 – ші жылғы деңгейге қарағанда 50 % жеткен. Қазақстан үкіметі қабылдаған дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасы (1993 – 1995 жж.) және  (1994 – 1995 жж.) өндіріс құлдырауы мен инфляциялық процестіңі дамуын тоқтата алмады. Макроэкономикалық тұрақтандыру мен өндірістің құлдырауын тоқтату үшін Қазақстан Республикасы үкімет қаржы – бюджеттік және ақша – несие саясатын қатаңдау ұстап, сыртқы  экономикалық қызметі либерализациялауда салық жайлы жаңа заңдар шараларын қабылдайды. Меншікті жекешелендірудің батыл түріне  көшіп,  экспорттық сектордағы кәсіпорынды шетел фирмаларының басқаруына  берді және келесі кезеңде кәсіпорынның  бақылау пакет акциясын оларға сатады.  Мемлекеттік  кәсіпорынның 16 мыңы жекешелендірілді, оның  ішінде экономиканың экспорттық секторын құрайтын ең ірі өнеркәсіп кәсіпорындары бар. Жапония, Оңтүстік  Кореядағы өтпелі экономика тәжірибесі көрсеткендей, жақсы бағдарламаның болуы жеткіліксіз. Бұл жерде  осы бағдарламаны қатаң түрде жүзеге асыру үшін мемлекеттің араласуы қажет. Әңгіме жоспарлы  қайту туралы емес, мемлекеттік реттеудің жаңа түрлері мен механизмін ендіруде  болып отыр. Ұлттық экономикалық мәселелерді  шешуде жеке сектор мен мемлекет арасында өзара іс - әрекет пен құқықтық әріптестікті қалыптастыру.

Экономиканы тұрақтандыру мен экономикалық өсуге жету үшін мемлекеттің де, жеке сектордың да күш – жігері қажет. Жалпы белгіленгендей, мемлекет ыңғайлы – қалыпты жағдай жасауы  керек, себебі жеке инвесторлар (отандық және шетелдік) Қазақстанда қолдау саласын тапқаны дұрыс.

Осы мақсатта 1991 жылдың басында Қазақстан Республикасында «Тікелей инвистицияны мемлекеттік қолдау туралы» Заң қабылданып, «Салық және бюджетке міндетті төлемдер туралы» Заңына  өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. «Шетел инвистициясы жайлы» заң отандық және  шетелдік инвесторлар үшін өте ыңғайлы – қалыпты жағдай жасауға көмектесті.

Біріншіден, инвесторлар үшін жеңілдіктер анықтаған. Жеңілдіктер мөлшері тікелей инвистиция көлемі мен экономика секторының басымдылығына байланысты.

Екіншіден, жобаны жүзеге асыру үшін импорттық жабдықтарды, шикізат пен материалдарды кеден баж салығын салудан толық немесе жекелей  босатылуын заң құпт

12345След.
скачать работу

Мемлекеттің фискалдық саясаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ