Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мемлекеттің фискалдық саясаты

айды. Өнеркәсіпті  құрылымдық жағынан қайта құруда да мемлекеттің рөлі өте зор.

 

І. 3 Мемлекеттің фискалдық саясаты

Мемлекеттік бюджетпен реттеу құралдарын қамтиды. Бұған ең алдымен мемлекеттік сатып алуды көбейту немесе азайту, ірі қаржылар жұмсау бағдарламасы, әлеуметтік төлемдер, кейбір өндіріс салаларына, кәсіпорындарға бюджеттің есебінен берілетін жәрдем қаржылар (субсидия), салық шаралары жатады.

Салықтық реттеу фискалды саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. Оның көп тараған түрлеріне мыналар жатады

а) кейбір экономикалық процестерді көтермелеу немесе шектеу мақсатында салық мөлшерін өзгерту.

ә) салық нарқын өзгеріссіз қалдыра отырып, оны төлеудің тәртібін өзгерту. Бұған, мысалы, негізгі қорларды амортизациялаудың мерзімін өзгерту жатады;

б) салық жеңілдіктерін ендіру немесе алып тастау. Салалық жеңілдіктерді ендіру капиталдың салааралық құйылымын реттейді. Салық салуға тиісті пайдадан жаңа техника түрлеріне жұмсалған шығынды шегеруге  рұқсат беру негізгі қорларды жаңғыртуды тездетеді.

Қазыналық экспансия– бұл саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикадғы  циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру мемлекет шығындарды (G) өсіріп, салық мөлшерін төмендету арқылы немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлеуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кещенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болалды. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша – несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.

Қазыналық шектеу – экономикадағы циклдік өсуді тежеу мақсатын көздейді. Бұл саясатты жүзеге асыру ұшін, мемлекеттік шығындар төмендеп (G), салық мөлшері (T) жоғарылайды немесе біріктірген, құрастырма шаралар арқылы жүзеге асырылады. Қысқа мерзімдік кезеңде бұл шаралардың нәтижесінде, өндірістің құлдырауы және жұмыссыздық деңгейінің өсуі салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкіндік береді.

Ұзақ мерзімдік кезеңде өспелі салық “сынасы” жиынтық ұсыныстың төмендеуіне және құлдыраушылық механизмін ашуға негіз болуы мүмкін. Бұл құбылыс әсіресе төмендегі жағдайларда кездеседі: мемлекеттік шығындардың азаюы бюджеттің барлық баптарында пропорцияналды қысқарып, жүзеге асырылып отырса және еңбек нарығының инфрақұрылымына мемлекеттік инвестиция берілуінде басымдылық болмаса.

Мемлекеттік шығындарды тиімсіз басқарумен қатар ұзақ уақытқа  созылған құлдыраушылық экономикалық әлеуеттің бұзылуына әсерін тигізеді. Мұндай жағдай экономиканың өтпелі кезеңінде жиі кездеседі.

Қысқа мерзімдік кезеңде салық – бюджет саясаты баланстық бюджеттің, салықтың және мемлекеттік шығындардың мультипликаторы  әсерімен байланысты болады.

Дискрециялық қазыналық саясат –ұкіметтің арнайы шешімі бойынша салықты, мемлекеттік бюджеттің сальдосын және мемлекеттік шығындардың көлемін мақсатты бағытта өзгерту. Бұл шаралар төлем балансының жағдайын, инфляция қарқынын, өнім көлемін, жұмыс бастылық деңгейін өзгертуге бағытталған.

Дискрециялық емес қазыналық саясат – Жиынтық табыстың циклдік тербелістерінің нәтижесінде жоғарыда аталған шамалардың дағдылы өзгеруі. ЖҰӨ  - нің өсуі (төмендеуі) кезеңдерінде мемлекет бюджетіне түсетін таза салық салымдарының дағдылы түрде өсуін (төмендеуі) дискрециялық емес саясат қарастырады.

Бұл саясат экономикадағы тұрақтылыққа әсерін тигізеді. Таза салық тұсімі – бюджетке түсетін жалпы салық мөлшері мен үкімет тарапынан берілетін трансферттің арасындағы айырма. Дискрециялық қазналық саясат экономикадағы  құлдырау  кезеңінде жиынтық сұранысты ынталандыру мақсатында мақсатты  түрде мемлекеттік шығындарды өсіре отырып, немесе салық мөлшерін төмендетіп мемлекеттік бюджетте тапшылық құрылады. Экономиканың өрлеу кезеңінде сәйкес түрде мақсатты түрде бюджет артықшылығы құрылады.

Үкіметтің дискрециялық саясаты ішкі уақытша ешеуілдеумен байланысты болады, өйткені мемлекеттік шығындар құрылымының және салық салымы пайыз мөлшерлемесінің өзгерістері парламентте ұзақ уақыт талқылауға түседі.

Дискрециялық емес қазыналық саясатта бюджет артықшылығы және тапшылығы дағдылы түрде пайда болады, ол экономиканың кіріктірме тұрақтандырғышы арқылы мүмкін болады.

Кіріктірме тұрақтандырғыш -  үкіметтің экономикалық саясатын жиі өзгертпей – ақ, өнім көлемі мен жұмыс – бастылық деңгейінің циклдік амплитудасын төмендетуге мүмкіндік беретін экоеомикалық тетік. Өркениетті, дамыған мемлекеттерде мұндай тұрақтандырғыш ретінде үдемелі салық салу, мемлекеттік трансферттер жүйесі, жұмыссыздықтан сақтандыру және пайданы бөлуге өатысты жүйесі алынады.

Экономиканың “кіріктірме тұрақтандырғышы” дискрециялық қазыналық саясаттың  уақытша кешеуілдеу мерзімі  ұзақтығының проблемасын салыстырмалы түрде қарағанда әлсіретеді, жұмсартады, өйткені бұл механизмдер парламенттің қатысуынсыз да жұмыс істейді.

 

Мына – кестеде, соңғы жылдардағы пайыздық мөлшерлемеде потенциялдық немесе фактілі ЖІӨ - нің федералдық үкіметтің  бюджеттік тапшылықтары мен артықшылықтары (2 бағана)  және толық жұмысбастылықтағы тапшылықтар мен артықшылықтар (3 бағана) көрсетіледі.   Мынаған назар аударыңыз  толық жұмысбастылықта тапшылықтар мен артықшылықтар негізінде фактілі  тапшылықтан кем болып келеді. Дискрециялық саясат үшін керекті  мәліметтерді  толық жұмысбастылықтағы тапшылықтар жинайды.

3 - ші бағана 1990 жылы қазыналық саясат экспансиялық болғанын көрсетеді. Мысал үшін 1992 ж қарастырып көрейік. Кестеден көріп тұрғанымыздай  сол жылы  фактілі бюджеттік тапшылық ЖІӨ - нің 4,7% құраған,  толық жұмысбастылықта бюджеттік тапшылық потенциялдық ЖІӨ - нің 2,9% құрайды.  1990 – 1991 жж экономика тығырықтан шығуда болатын, сондықтан салықтық түсімдер  әлдеқайда төмен болды.  Бірақ егерде 1992 жлы экономика толық жұмысбастылықта жұмыс істесе осының арқасында  салықтық түсімдер біршама жоғары болса, федереалдық бюджет  2,9 % құраған тапшылықта болар еді.  Және де  бұл пайыз мөлшері соңғы екі жылдың тапшылық мәнінен  жоғары болар еді. Сондықтан 1992 ж толық жұмысбастылықта бюджеттік тапшылық  экспансиялық қазыналық саясатты көрсеттетіні анық. 

Алайда, экномика 1990 – 1991 жж тығырықтан шыққаннан кейін толық қалпына келугеннен кейін де  жүргізілген есептер бойынша толық жұмысбастылықта  үлкен бюджеттік тапшылықтар әлі де сақталу керек еді. Биліктегілер - толық жұмысбастылықта  үлкен бюджеттік тапшылықтар үлкен пайыздық салымдарға,  аз көлемдегі инвистицияға  және де әлсіз экономикалық өсуге алып келе ме деп қорықты. Мұндай мәселенің өрши түсуін болдырмау үшін, 1993 жылы Клинтон администрациясы мен Конгресс жеке табыстың  және корпорация табысынның  салық салымдарын өсірді.   3 Кестедегі 3 бағанаға назар салыңыз, бұл кестеде көрсетілгендей толық жұмысбастылықта  бюджеттік тапшылықтар біртіндеп азая берген және 1999, 2000 және 2001 жылдары артықшылықтар пайда болды.

 Жүргізілген есептер бойынша  фактілі бюджеттік артықшылықтар  2000 жыл мен 2010 жыл аралығында 5 трлн долларға  жеткен, 2001 жылы Буш администрациясы мен  Конгресс салық салымдарын біршама қысқартын  бірнеше заң жобаларын қабылдады. Салық түсімдерінің қысқартылуы жоспар бойынша бірнеше жылға созылып жасалмақшы болды. Мысалы, бұл төмендетулер  2001 жылдың 44 млрд доллорына және 2002 жылдың  52 млрд доллорына салық міндеттемелерін азайтты.

 

 

II. 2   Шығыс Еуропа мен оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі нарықтық қатынастарды дамыту және экономиканы мемлекеттік реттеу.

 

Көптеген Шығыс Еуропа елдері бұрыннан Экономикалық өзара көмек Кеңесінің құрамында болып (қаңтар 1949 ж), қоғамның тұрмыстық экономикалық   негізі мен саяси құрылымы біркелкі болуына  қарамастан орталықтандырылған шаруашылық жүйесінен нарықтық экономикаға өте бастады. Экономикалық жағынан қарайтын болсақ, олардың айырмашылығы меншік түрлерінің өндіріс құралдарымен қатынасына, өнеркәсіптің мамандану түрлері, халық шаруашылығының  ұйымдастыру мен басқару құрылымына байланысты болуда. Сондықтан экономикалық реформаны әр түрлі  басымды механизмдерді қолдану арқылы, яғни үдемелі қарқындық пен мерзімділік арқылы, әо түрлі жүйелер мен ресурстарды сақтау қағидаларын қолдана отырып жүргізу керек. Міне осы тұрғыдан алға қойған міндеттерді шешуге нарықтық экономикаға көшкен  елдердің тәжірибесін жинақтап жаңа нарықтық жолмен шаруашылық жүргізуге көшу. Шаруашылық жүргізудің бір түрінен екінші түріне көшуде жоғарғы жағдайды қорытындылай келіп, келесі ережелерге сүйенуімізге болады:

-                  меншік түрлеріне қарамастан мемлекеттік меншікті жекешелендіру және шаруашылық әрекетіне жағдай жасау;

-                  Мемлекеттік кәсіпорындарды уақтау, тауар өндірушілерді демонополизацияландыру және монополияға қарсы күрестің қызметін күшейту;

-                  Нарық механизмінің ерекшеліктеріне  байланысты экономиканы басқару құрылымын жетілдіру;

-       

12345След.
скачать работу

Мемлекеттің фискалдық саясаты

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ