Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Меншік құқығының формалары мен түрлері



 Другие рефераты
Меншік құқығының субъектілері Азаматтардың меншік құқығы ұғымы, оның түрлері мен туындау негіздері Меншік құқығының мазмұны Меншік және меншік құқығы

ҚР Конституциясына сәйкес “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғады”. Бұл меншiктің формалары. Әртүрлі әлеуметтiк мақсат пен құқықтық режим оларды бөлiп алуға негiздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституцияда олардың меншік құқығының субъектісi ретiнде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргiзiледi. Жеке меншiкке жататындықтан заң өте оңай анықтайды - мемлекетке тиесiлi еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттiк емес меншiктер жеке меншiк болып табылады. Ресей Федерациясында меншiк формаларынның тiзбесi жабылған жоқ. Жеке және мемлекеттiктен басқа оларда муниципалдық және басқа формалар бар. Меншiк формаларына меншiк құқығы формалары сәйкес келедi. Өз кезегiнде формалар да түрлерге бөлiнедi. Форма мешлiктiң арналған мақсаты мен әлеуметтiк бағыттылығына қарай оның салалық ерекшелiгін бейнелейдi, ал түр - меншiк формалары iшiндегi субъективтiк айырмашылық. Кез келген азамат немесе заңды тұлға, сондай-ақ мемлекет меншiк құқығының субъектісi бола алады. Азаматтық әрекет қабiлетi шектеулi болған немесе, тiптен, ол болмаған жағдайда оның мүддесiн заң немесе шарт бойынша өкiл қорғайд. Мемлекеттiң меншік құқығының субъектiсi ретіндегi ерекшелiгi сол - оның құқығы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе мемлекеттiк заңды тұлғалар арқылы, ал, заң құжаттарында көзделген жағдайдарда - мемлекеттiк емес заңды тұлғалар және азаматтар арқылы жүзеге асырылады.

Конститутцияға бағдар алып Азаматтық кодекс меншiк формасы ретiнде жеке (191-бап) және мемлекеттiк (192-бап) меншiктi бөлiп қарастырады. Сонымен қатар қазақстандық заң шығарушы, ресейлiкке қарағанда, топтастыру кезiнде “форма” терминін пайдаланбады. Оған саналы түрде барды, себебi “форма” жене “түр” ұғымдары өз мәндерi жағынан көп мағыналы және меншiк құқығына қатысты қолдануға онша келмейдi. Бұл ұстаным дұрыс та шығар, дегенмен, бұл мәселеге қатысты екi көзқараст атап өткен жөн. Бiрiншiсi бойынша меншiк құқығы бiр тұтас және бiртектi. Ол нарқтық экономиканың жалпы ережесiне бағындырылған. Бiрақ мемлекеттiк меншiк құқығын бұған жатқызуға болмайды, ол мемлекет функциясын қолдау және жеке меншiк құқығының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде шектеулi ауқымда болады. Яғни, жеке мешнiк түрлiк емес, меншiк ұғымына келетiн тектiк ұғым.

Екiншi көзқараста меншік құқығы тектiк ұғым, ал жеке және мемлекеттiк меншiк құқығы - түрлiк ұғым. Мүлiктің жеке және мемлекеттiк меншiк үшiн заңнамада белгiленген әртүрлi құқықтық режимi оған негіздеме болады. Бұл мемлекет функциясың айрықша сипатынан туындайды және субъектісінің ерекшелiгiне байланысты.

Заңды тұлғалар қатысатын қатынастардығы сияқты мемлекет өкiлдерi қатысатын қатынастарда абстрактілі субъектiлердiң - Қазақстан Республикасының немесе әкімшілік-аумақтық бөлiністердiң бар екендiгі ескерiледi. Олардың атынан азаматтық айналымда құқық берiлген тұлғалар- заңды немесе жеке тұлғалар қатысады. Әдетте заңды тұлғалар мекеме мәртебесi берiлген мемлекеттiк органдар болады. Бұл жағдайларда да мұндай мемлекеттiк мекеменің қашан өз атынан, қашан мемлекет немесе әкiмшiлiк - аумақтық бөлiнiс атынан мүдде қорғайтыннын бiлген дұрыс. Қай жағдайда болса да мемлекет пен әкiмшiлiк-аумақтық белiнiстiң мемлекеттiк заңды тұлға балансында бекітiлмеген мемлекеттiк мүлiкке тiкелей билiк жасайтынын ескеру керек. Басқа жағынан алғанда, мемлекеттiк меншiкке құқықтың мемлекеттiк заңды тұлғалар (кәсiпорындар мен мекемелер) өздерiнің шаруашылық жүргiзуiндегi немесе оралымды басқаруындағы мүлiкке қатысты жүзеге асырады.

АК-ның 191-бабында жеке меншiктiң екi түрi белгiленген, олар - азаматтар меншiгi және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi. Өз кезегiнде АК-ның 192-бабы мемлекеттiк меншiктiң екi түрiн белгiлейдi, олар - республикалық және коммуналдық меншiктер. Қазақстан Реслубликасына қарағанда Ресей Федератицясында муниципалдық (коммунналдық) меншiк мемлекеттiк болып табылмайды, сондықтан ол оның құрамына кiрмейдi.

Мынадай сұрақ туындауы мүмкiн: шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының меншiк құқығы қалай топтастыруға болады? Жалпы ереже бойынша мүлiкке деген меншiк құқығы осы мүлiк турған елдiң құқығы бойынша анықталады. Сондықтан да, Қазақстан Реслубликасының аумағында шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының меншiк құқығы туралы заңнама қолданылады.

скачать работу


 Другие рефераты
Предпереводный анализ текста и стратегия перевода
Николай Гумилев
Социальная работа в КНР и Гонконге
Кронштадтский мятеж


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ