Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Меншікке салынатын салықтар: көлік құралдарына салынатын салық

аппараттарына:

пайдаланылу мерзімі 5 жылға дейін қоса алғанда               - 1,0;

пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары – 15 жылды қоса  - 2,0;

пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары                              - 3,0.

1999 жылғы 1 сәуірге дейін сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы 1 сәуірден кейін алынған және ҚР-нда 1999 жылғы 1 сәуірге дейін пайдалануда болған ұшу аппараттарына:

пайдаланылу мерзімі 5 жылға дейін қоса алғанда               - 1,0;

пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары – 15 жылды қоса  - 0,5;

пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары                              - 0,3.

Көлік құралының пайдаланылу мерзімі көлік құралдарының паспортында (әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқамада) көрсетілген көлік құралы шығарылған жыл негізге алына отырып есептеледі.

Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталардың пайдаланылу мерзіміне қарай салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

5 жылға дейін қоса алғанда                                     - 1,0;

5 жылдан жоғары – 10 жылды қоса алғанда          - 0,5; 

10 жылдан жоғары – 20 жылды қоса алғанда        - 0,3;

20 жылдан жоғары – 30 жылды қоса алғанда        - 0,2;

30 жылдан жоғары                                                    - 0,1.

 

 

5.2. Заңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік  құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі

Бұл салық түрінің ерекшелігіне қарай өзінің белгіленген есептеу мен төлеу тәртібі бар. Атап айтсақ, салық төлеушілер салық заңдылығына сәйкес салық салу объектілерін әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді. Сондай-ақ салықты салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша бюджетке төлеуі қажет.

Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу үшін келесі көрсеткіштерді білу қажет.

Кесте 5.2. Көлік құралдарына салынатын салықты төлеу мөлшерін анықтаудың көрсеткіштері

 

Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын 12-ге бөліп, оны көлікқұралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.

Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын салық салу объектілеріне меншік құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген кезде, салық сомасы мына тәртіппен есептеледі:

1)      беретін тарап үшін:

салық кезеңінің басында қолда бар көлік құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңінің басынан бастап көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

салық кезеңінің ішінде сатып алынған көлік құралдары бойынша салық сомасы көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

2)                 алушы тарап үшін – салық сомасы көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңі есептеледі.

Салық кезеңі ішінде жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:

-         көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде жылдық салық сомасын тараптардың біреуі (келісім бойынша) есептеп, бюджетке енгізеді;

-         көлік құралына меншік құқығын жеке кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге тиісті салық сомасын есептеу жоғарыда аталған тәртіп бойынша жүргізіледі.

Алу кезінде ҚР-нда есепте тұрмаған көлік құралын сатып алған кезде салық сомасы көлік құралына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың 1 күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептеледі.

Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлік құралын мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде жүргізіледі.

Салық төлеуші- заңды тұлғалар көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ көлік салығы бойынша декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей, салық салу объектілерінің тіркелген жері бойыншасалық органына табыс етеді.

 

ТҮЙІН

Көлік құралдарына салынатын салық – мемлекет пен көлік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор.

Көлік құралдарына салынатын салық тікелей нақты салық болып табылады.

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу не оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері болып табылады.

ҚР-нда мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу объектілері болып табылады.

Мына көлік құралдары көлік салығының салық салу объектілері болып табылмайды:

- жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;

- мамандандырылған медициналық көлік құралдары.

Салық төлеушілер салық заңдылығына сәйкес салық салу объектілерін әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын және түзету коэффициенттерін негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді. Сондай-ақ салықты салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша бюджетке төлеуі қажет.

Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе оралымды басқару құқығында 1 шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Егер көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлік құралын мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде жүргізіледі.

Салық төлеуші- заңды тұлғалар көлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер есебін ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірілмейтін мерзімде, сондай-ақ көлік салығы бойынша декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей, салық салу объектілерінің тіркелген жері бойыншасалық органына табыс етеді.

 

Өзіндік жұмыс үшін сұрақтар мен тапсырмалар

 Тест сұрақтары

 

1. Төменде келтірілген көлік құралдарына салынатын салық ставкаларының есептеліну жолының қайсысы дұрыс:

а) жеңіл автокөліктер үшін салық мөлшері қуаттылығына байланысты квт түрінде А

123
скачать работу

Меншікке салынатын салықтар: көлік құралдарына салынатын салық

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ