Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Меншікке салынатын салықтар: көлік құралдарына салынатын салық



 Другие рефераты
Меншікке салынатын салықтар: жер салығы История античной психологии История возникновения тестов интеллекта Народные сказки как средство воспитания детей школьного возраста

Меншікке салынатын салықтар: көлік құралдарына салынатын салық

5.1. Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны

5.2.Заңды және жеке тұлғалардың әртүрлі көлік құралдары бойынша көлік  құралдарына салынатын салықты есептеу және төлеу механизмі

 

5.1.Көлік құралдарына салынатын салықтың экономикалық мазмұны

Көлік құралдарына салынатын салық – мемлекет пен көлік құралдары арасындағы экономикалық қатынасты реттейтін салық. Көлік құралдарын иелері көлік құралдарын иемдену барысында республиканың автокөлік жолдарын пайдаланады. Ал осы автокөлік жолдарын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады. Сондықтан да көлік салығының экономикалық мәні зор.

Көлік құралдарына салынатын салық тікелей нақты салық болып табылады.

Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу не оралымды басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құралдарына салынатын салықтың төлеушілері болып табылады.

Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген салық салу объектілері бойынша көлік құралдары салығын төлеуші болып табылады.

Мыналар көлік салығын төлеушілер қатарына жатпайды:

-                    ҚР Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер;

-                    меншікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде пайдаланылатын мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер;

-                    мемлекеттік мекемелер;

-                    салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар;

-                    салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша– меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;

-                    салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

-                    ауыл шаруашылық құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдаланған мерзімі жеті жылдан асқан жүк автокөліктері бойынша жеке тұлғалар.

ҚР-нда мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары, тіркемелерді қоспағанда, салық салу объектілері болып табылады.

Мына көлік құралдары көлік салығының салық салу объектілері болып табылмайды:

- жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;

- мамандандырылған медициналық көлік құралдары.

Көлік құралдарына салынатын салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 5.1. Көлік құралдарына салынатын салықтың ставкалары

 

Жеңіл автокөліктердің 7 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары – 2000 текше см-ді қоса, 12 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары – 2500 текше см-ді қоса, 17 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары – 3000 текше см-ді қоса және 22 АЕК ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 3000-нан жоғары – 4000 текше см-ді қоса алған көлемде болған кезде салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асқан әрбір әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.

Салық төлеудің белгіленген мерзімі аяқталғанға дейін пайдалану мерзімі 6 жылдан асқан жеңіл автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

ТМД елдерінде шығарылған автокөлік құралдары үшін:

6 жылдан – 15 жылға дейін қоса алғанда                   - 0,3;

15 жылдан жоғары – 25 жылды қоса                          - 0,2;

25 жылдан жоғары                                                       – 0,1;

двигатель көлемі мынадай басқа автокөлік құралдары үшін:

3000 текше см-ге дейін қоса алғанда                          - 0,5;

3000-нан жоғары – 4000 текше см-ді қоса                 - 0,7;

4000-нан жоғары                                                           - 1,0.

Пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан ТМД елдері шығаратын жеңіл автокөліктер мен мотоциклдер бойынша жеке тұлғалар үшін түзету коэффициенті 0.

Мысалы, жеке не заңды тұлғаның меншігінде 1998 жылы шығарылған, двигатель көлемі 3199 текше см Mercedes BENZ G 320 маркалы автокөлігі бар. Осы автокөлік құралына көлік салығын есептелік.

Есептеу

Mercedes BENZ G 320 маркалы автокөлігінің дв. көлемінің асуы кестеде көрсетілген 3000 текше см дв. көлемінен 199 текше см (3199 – 3000) құрайды. Бюджетке төленуге жататын салық сомасын анықтау үшін көліктің шыққан жылы мен шығарылған елі ескерілуі керек. Бұл жағдайда аталған автокөлік шетелде  шығарылған көлік құралы екендігі белгілі және пайдалану мерзімі 6 жылдан асатындықтан, оған 0,7 түзету коэффициенті қолданылады. Сонымен, аталған көлік құралына 2007 жылға салық сомасы 16 837 теңгені құрайды:

((22 x 1 092 ) + (199 x 7)) = 16 837 теңге,

мұндағы,  22      -    салық ставкасы (АЕК-пен);

                  1 092 -   2007 жылға белгіленген АЕК (теңгемен);

                  199  - дв. көлемінің кестеде көрсетілген дв. көлемі 3000 текше см-ден асуы;

                   7        -  әрбір асқан бірлік үшін салық ставкасы, теңгемен;

                    0,7  - пайдалану мерзімі 6 жылдан асқан шетел машиналарына (ТМД қоспағанда) түзету коэффициенті. 

 Белгіленген салық төлеу мерзімі аяқталғанға дейін пайдаланылу мерзімі 7 жылдан асқан ТМД елдерінде шығарылған жүк таситын, арнаулы автокөлік құралдары бойынша мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

7 жылдан – 14 жылға дейін қоса алғанда        - 0,5;

14 жылдан – 20 жылды қоса                             - 0,3;

20 жылдан жоғары                                             - 0,1.

Салық кодексімен шетелде шығарылған жүк автокөліктеріне пайдалану мерзіміне қарай түзету коэффициенттерін қолдану қарастырылмаған.

Пайдалану мерзіміне байланысты ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

 1999 жылғы 1 сәуірден кейін ҚР-ның шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу

123
скачать работу


 Другие рефераты
Математический анализ
Реальные экономические возможности существования предприятий, проводящих эколого-охранную политику
Методы умягчения воды
Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының Россия бодандығын қабылдау


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ