Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Меншікке салынатын салықтар: мүлік салығы

тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық салу объектісі болып табылады.

Бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталатын салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық базасы болып табылады. Салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің қалдық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде алынады.

Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектілер:

-         ҚР аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;

-         ҚР аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектілері-қоныстану (пайдалану) кезінен бастап жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылады.

Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкіне жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу органдарымен анықталатын құнына қарай сараланған (дифференциалды) ставкалар бойынша салық салынады.

Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.

Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге жататын мүлік салығы анықталған салық сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын жүзеге асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.

Сонымен қатар салық органдары ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей бюджетке төленуге тиіс салық сомасы туралы төлем хабарламасын (извещения) жіберуге тиіс. Жеке тұлғалар салықты ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуге тиіс.

 

Өзіндік жұмыс үшін сұрақтар мен тапсырмалар

 Тест сұрақтары

 

1. Төменде аталған заңды тұлғалардың қайсысы мүлік салығын 0,1% ставка

бойынша есептейді:

а) Коммерциялық емес ұйымдар;

б) ҚР Ұлттық Банкі;

с) тек қана мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын ұйымдар;

д) меншігіндегі ғимараттың бір бөлігін кәсіпкерлік қызмет үшін жалға беретін мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын балабақша;

е) діни бірлестіктер.

2. Жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салығы бойынша салық базасы болып:

а) мүліктің қалдық құны;

б) салық салу объектісінің бағалау құны;

с) негізгі құралдар мен материалды емес активтердің баланстық құны;

д) салық салу объектісінің орташа жылдық қалдық құны;

е) мүліктің орташа жылдық баланстық құны.

3. Бірыңғай жер салығын төлеушілер мүлік салығын төлеушілер болып табылады ма:

а) Иә, мүлік салығын төлеушілер болып табылады;

б) Мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды;

с) Мүлікті тұтыну шегінде мүлік салығынан босатылады;

д) Шаруашылықты қолданылатын мүліктің норматив шегінде мүлік салығынан босатылады;

е) Ауылшаруашылығы тауарларын өндіру, сақтау және өңдеу процесіне қолданылатын мүлікті тұтыну нормативтері шегінде мүлік салығынан босатылады.

 

4. Мүлік салығы бойынша салық салу объектісі болып табылмайтын объектлер:

а) материалды емес активтер;

б) жер және көлік құралдары;

с) материалды емес активтер және негізгі құралдар;

д) қозғалмайтын мүліктер;

е) негізгі құралдар.

 

 

Есептер

№1

Жеке кәсіпкердің иелігінде бағалау құны – 1 200 мың теңге тұратын дүкені бар. Мүлік салығының сомасын анықтаңыз?

№2

Жекешелендірілген пәтер 1.600.000 теңгеге бағаланған және II топтағы мүгедектің атына рәсәмделген. Мүлік салығының сомасын есептеңіз?

 

№3

«Әділет» ЖШС 25 мамырда 60 мың теңге мөлшерінде мүлік салығын төледі. Мерзімі өткен салық төлеміне өсімақы есептеңіз?

№14

Көп балалы ананың иелігінде келесі жылжымайтын мүліктер бар:

1.      Бағалау құны – 8 680 000 тг тұратын коттедж;

2.      Бағалау құны – 4 560 000 тг тұратын үй жалға берілген;

Салық есепті жылдың 2 қарашасында төлеген болса, қанша мөлшерде салық есептелінді?

12
скачать работу

Меншікке салынатын салықтар: мүлік салығы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ