Меншікке салынатын салықтар: мүлік салығы
Другие рефераты
. Меншікке салынатын салықтар: мүлік салығы
4.1. Мүлікке салық салудың экономикалық мазмұны
4.2. Мүлік салығын есептеу мен төлеу тәртібі
1.1.Мүлікке салық салудың экономикалық мазмұны
Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына жатады. Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.
Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар – меншіктің мөлшері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың меншікті пайдалаудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.
Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтық жауапкершілікті біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.
Мүлікке салынатын салық тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
Кейбір елдерде мүлікке салық салу базасын анықтау оны мынадай санаттарға бөлумен байланысты:
- жылжымайтын (жер және онымен тікелей байланысты құрылыстар);
- дербес жылжымалы (жылжымайтын мүліктен басқа, меншіктің барлық түрлері).
Мүліктің бұл түрі өз кезегінде материалдық және материалдық емес (мүлік құны туралы ақпараттарды құрайтын шоттар, сертификаттар) болып бөлінеді.
Жалпы мүлік салығы жергілікті бюджетке түсетін маңызды кіріс көзі болып табылады. Сондықтан жергілікті салық органдары жоғарыда аталған салық принциптеріне сүйеніп, мүлікке тән белгілер мен құнына байланысты салық салу базасы мен салық ставкасын объективті анықтайды. Салық төлеуге байланысты салық төлеушілердің негізгі міндеті болып салық салу базасын оңтайлы айқындау мен мүлікті дұрыс өлшеу табылады.
Кесте 4.1.Мүлік салығын жіктеу
1.2.Мүлікке салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртібі
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі төмендегіше.
Кесте 4.2.Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығын төлеу тәртібі мен ережелері
Сурет 4.1. Мүлік салығы салынбайтын объектілер
Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі. Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүліксалығы бойынша ағымдағы төлемдерді тқлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басында бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгеленген салық салу объектілерінің қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Салық кезеңі ішінде сатып алынған салық салу объектілері бойынша мүлік салығының ағымдағы төлемдері салық салу объектісін сатып алу кезіндегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен белгеленен мерзімде төленеді, бұ, бұл ретте салық салу объектілерін сатып аалған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Салық кезеңі ішінде шығып қалған салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектілерінің шығып қалған кездегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиіс салық сомасы салық төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Мүлік салығы бойынша декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Жеке тұлғалардың мүлік салығы
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер қатарына мыналар жатпайды:
1. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту кезеңінде;
2. Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер.
3. Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмүлік салығынан да белгіленген 1500 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер.
Осы аталған тұлғалар пайдалануға не жалға берілген салық салу объектілері бойынша салықты жоғарыда аталған тәртіппен есептеп, төлейді. Басқаша айтқанда, бұл аталған салық төлеушілер санатына жеңілдетілген құқық берілген, яғни өзі таңдаған бір объектіге мүлік салығынан жеңілдік беріледі.
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектілер:
- ҚР аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;
- ҚР аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектілері-қоныстану (пайдалану) кезінен бастап жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылады.
Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау орталығы белгілейтін салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін салық базасы болып табылады.
Жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектісінің құнына байланысты келесі ставкалар бойынша есептеледі.
Кесте 4.3. Жеке тұлғалардың мүлік салығының ставкалары
Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салық базасы әр объект бойынша жеке есептеледі.
Сонымен, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкіне салық жылжымайтын мүлік құны мен белгіленген ставкалар негізінде салық органдарымен анықталады.
Мысалы, егер жеке тұлғаның меншік құқығында:
1) құны 1500 мың теңге тұратын пәтер болса, онда мүлік салығының сомасы 1750 теңгені құрайды (500 тг.+ / (1500 тг. – 1000 тг.) х 0,08%);
2) құны 500 мың теңге тұратын гараж болса, салық сомасы 500 тг.(500 мың тг.+0,1%) құрайды;
3) құны 70 мың теңге тұратын саяжай болса, салық сомасы 70 тг. (70 мың тг. + 0,1%) құрайды.
Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.
Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге жататын мүлік салығы анықталған салық сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын жүзеге асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртібін төмендегі кестеден көруге болады.
Кесте 4.4. Жеке тұлғалармен мүлік салығын төлеу тәртібі
Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкіне жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу органдарымен анықталатын құнына қарай сараланған (дифференциалды) ставкалар бойынша салық салынады.
Сонымен қатар салық органдары ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей бюджетке төленуге тиіс салық сомасы туралы төлем хабарламасын (извещения) жіберуге тиіс. Жеке тұлғалар салықты ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуге тиіс. Уақытылы төленбеген салық сомасына салық төлеу күнін қоса, өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгелеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімақы (өсімпұл) алынады. Мысалы, ҰБ белгелеген қайта қаржыландыру ставкасы 16% делік. Бұл жағдайда алынатын өсімақы мөлшері 0,6% (2,5x16%):365 күн) құрайды. Егер 3500 теңге мөлшеріндегі салық 1 қазанда төленбей, 16 қазанда төленген жағдайда, өсімақы сомасы 315 теңгені (3500 тг. x 0,6%) x 15 күн) құрайды.
ТҮЙІН
Мүлікке салынатын салық тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
Негізгі құралдар (соның ішінде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектілер) мен материалдық емес активтер заңды
| | скачать работу |
Другие рефераты
|