Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Міндетті әлеуметтік сақтандыру

5—26-баптар). 5-тарау. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (27—32-баптар). 6-тарау. Қорытынды ережелер (33—35-баптар).

Аталмыш заңның 1-бабында осы заңның реттеуші әлеуетінің ауқымында пайдаланылатын: 1) Қордың активтері - әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімі өтіп кет-кендігі үшін алынған өсімпүл, инвестициялық табыс және Қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялык сый-ақыны, әлеуметтік төлемдерге бағытталған қаражатты және қате есептелген немесе артықтөленген қаражатты қайтаруды шегеріп тастағанда, Қорға түсетін Қазақстан Республикасының зандарында көзделген өзге де түсімдер; 2) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (бұдан әрі — Қор) әлеуметтік аударымдар алы-мын жинауды және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болған асыраушысынан айрылған жағдайда, оның асырауындағы отбасы мүшелерін қоса алғанда, оған қатысты әлеуметтік қатер жағдайы басталған міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төлемдер төлеуді жүргізетін заңды түлға; 3) асыраушы — өзінің асырауындағы отбасының еңбек етуге қабілетсіз мүшелерін өз табысы есебінен асыраушы адам; 4) табысты ауыстыру коэффициенті — әлеуметтік төлемнің әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде негізге алынған табысмөлшеріне қатынасын айқындайтын коэффициент; 5) асырауындағылар санының коэффициенті - қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс болды деп жариялаған) асыраушының асырауында болған отбасы мүшелерінің са-нын ескеретін коэффициент; 6) қатысу стажының коэффициенті - міндетті әлеуметтік сактандыру жүйесіне қатысу стажына (күнтізбемен есептегендегі уақыттың жалпы мөлшеріне) қарай айқындалатын коэффициент; 7) еңбек ету қабілетінен айрылу коэффициенті - езі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбек ету қабілетінен айрылу дәрежесіне қарай айқындалатын коэф-фициент; 8) әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі -жүмыс берушінің қызметкерге орындалған жұмыстар, көрсе-тілген қызметгер үшін табыс түрінде төлейтін шығыстары. Өзін-езі жүмыспен қамтыған адамның әлеуметтік аударымдарын есептеуге арналған объект оның алатын табыстары болып табылады; 9) міндетті әлеуметтік сақтаңдыру - еңбек ету қабіле-тінен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, сон-дай-ақ асыраушысынан айрылуына байланысты кірістің бір бөлігін етеу үшін мемлекет ұйымдастыратын, бақылайтын және кепілдік беретін шаралар жиынтығы; 10) әлеуметтік аударым-дарды төлеуші (бұдан әрі — төлеуші) — осы Занда белгіленген тәртіппен әлеуметтік аударымдарды есептеуді және Қорға төлеуді жүзеге асырушы жүмыс беруші немесе өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам; 11) әлеуметтік төлемді алушы (бұдан әрі -алушы) — өзі үшін Қорға әлеуметтік аударымдар жүргізілген не оларды өзі төлеген және әлеуметтік төлемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган оған қатысты әлеуметтік төлем таға-йындау туралы шешім шығарған жеке адам, ал міндетті әлеуметтік сактандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы болып табылатын адам қайтыс болған жағдайда — қайтыс болған (сот хабар-ошарсыз кетті деп таныған немесе қайтыс бодды деп жариялаған) асыраушының асы-рауында болған отбасы мүшелері; 12) өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам (осы Заңға қолдануға болатын) өзіне табыс әкелетін жұмыспен өзін қамтамасыз ететін жеке кәсіпкер, жеке нотариус, адвокат; 13) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі — мемлекет белгілейтін және кепілдік беретін, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың арасындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен ережелердіңжиынтығы; 14) әлеуметтік төлемдер - алушының пайдасына Қор жүзеге асыратын ай сайынғы төлемдер; 15) әлеуметтік аударымдар — өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға, ал асыраушысынан айрылған жағдайда оның асырауында болған отбасы мүшелеріне осы Заңға сәйкес әлеуметтік төлемдер алу қүқығын беретін, Қорға төленетін осы Занда белгіленген міндетті төлемдер; 16) әлеуметтік қатер — еңбек ету қабілетінен айрылуына және (немесе) жүмысынан айрылуына, асыраушысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғанын, басталуы, соның салдарынан езі үшін әлеуметтік ауда-рымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы, не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелері осы Заңға сәйкес әлеуметтік төлемдерді алу құқығына ие болады; 17) әлеуметтік аударым-дар ставкасы — әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің шамасына проценттік қатынаспен кәрсетілген, Қорға теленетін міндетті төлемдердің тіркелген мөлшері; 18) әлеуметтік аударымдарды және әлеуметтік төлемдерді есепке алу женіндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі - Орталық) - аймақтарда міндетті әлеуметтік аударымдар мен әлеуметтік төлемдер аударуды жүзе-ге асыратын, әлеуметтік аударымдар мен төлемдердің дербес-тендірілген, орталықтандырылған есебін жүргізетін құрылымдық бөлімшелері (бүдан әрі құрылымдық бөлімшелер) бар мемлекеттік кәсіпорын; 19) уәкілетті орган — Қор қызметіне реттеу, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыра-тын мемлекеттік орган; 20) әлеуметтік телемдер тағайындау жөніндегі уәкілетті орган халықты әлеуметтік қорғау саласын-дағы орталық атқарушы орган және оның аумақтық бөлімшелері; 21) еңбек ету қабілетінен айрылу — қызметкердің жұмысты орын-дау, қызмет көрсету қабілетінен айрылуы, оның дәрежесі ай-рылған еңбек ету қабілетіне проценттік қатынастан көрінеді; 22) мівдетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің әзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысушысы - өзі үшін әлеуметтік аударымдар төленетін және осы Занда көзделген әлеуметтік қатер жағдайлары басталған кезде әлеуметтік төлем алуға құқығы бар жеке адам; 23) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйе-сіне қатысушылар — телеуші; міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген қатысу-шысы; алушы; Орталық; Қор; Қазақстан Республикасының Үкіметі; Қазақстан Республикасынын, Үлттық Банкі; өзге де уәкілетті органдар сияқты негізгі үғымдар көрініс тапқан.

Әлеуметтік-экономикалық орнықты дамып келе жатқан Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы зандары Қазақстан Республикасының Конституциясы-на негізделеді және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республика-сының өзге де нормативтік қүқықтық актілерінен түрады. Со-нымен бірге егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықара-лық шартта осы Зандағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Осы Заңның 4-бабында міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері ретінде: I) еңбек ету кабілетінен айырылу жағдайы; 2) асыраушысынан айырылу жағдайы; 3) жұмысынан айырылу жағдайы көрсетілген. Оның 8-бабына сәйкес: «Жұмыс істейтін зейнеткерлерді қос-пағанда, қызметкерлер, Қазақстан Республикасының аумағында түратын және Қазақстан Республикасының аумағында табыс келтіретін қызметті жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қоса алғанда, өзін-өзі жұмысын қам-тыған адамдар міндетті әлеуметтік сақтандырылуға тиіс».

Осы Заңның 5-бабына орай міндетті әлеуметтік сақтандырудын, негізгі принциптеріне: 1) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы зандарын сақтаудың және орындаудың жалпыға бірдейлігі; 2) әлеуметтік тәлемдерді қамтамасыз ету үшін қолданылатын шараларға мемлекеттің кепілдік беруі; 3) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қаты-судың міндеттілігі; 4) осы Заңға сәйкес әлеуметтік аударымдар-ды тек әлеуметтік төлемдерге пайдалану; 5) әлеуметтік тәлем-дердің осы Занда көзделген мән-жайлар бойынша міндеттілігі; 6) әлеуметтік төлемдердің мөлшерін саралау; 7) міндетті әлеу-меттік сақтандыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар-дың қызметіндегі жариялылық сияқты принциптер жатады.

Әлеуметтік қатерлі жағдайлар басталған кезде мемлекет азаматтарға осы Занда белгіленген шарттылықтарға қарай міндетті әлеуметтік сақтандыру түрлері бойынша әлеуметтік төлемдерді алу кұқығына кепілдік береді. «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы міндетті әлеу-меттік сақтандыру түрлері бойынша әлеуметтік қатерлі жағдайлардын басталуына қарай міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын қүруға байланысты осы Заңның қолданылу ауқы-мындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 

САҚТАНДЫРУ ЗАҢНАМАСЫ ЖӘНЕСАҚТАНДЫРУҒА ҚАТЫСЫ БАР ӨЗГЕ ДЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕР

 

Сақтандыру заңнамасы және сақтандыруға қатысы бар езге де заңнамалық актілер сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметі аясында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге ат салысатын нормативтік құқықтық актілер, былайша айтқанда Қазақ-стан Республикасының Зандары болып табылады. Бұл жерде сақтандыру заңнамасы тек сақтандыру саласын және сақтандыру қатынастарын тікелей әрі жан-жақты реттеу мақсатында қабылданған сақтандыру туралы арнайы зандардың жүйесін білдіреді. Сақтандыруға қатысы бар заңнамалық актілерге Қазақстан Республикасының басқа құқық салалары ауқымын-дағы қоғамдық қатынастарды регламенттеуге әрі реттеуге арналғанымен құрамында сақтандыру құқығының нормалары (кездесетін) бар кодекстер, зандар жатады.

Алайда, «заңнама» (законодательство) ұғымының, заң жүзінде нактылы ашып керсетілмеуі айтарлықтай проблема туында-тып отыр. Мәселен, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 2) тармақшасында(законодательство) «зандар — белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік қүкықтық актілердің жиынтығы», ал 1) тармақшасында «нормативтік құқықтық акт — референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды тұлғасы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылауын езгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген ныс

1234
скачать работу

Міндетті әлеуметтік сақтандыру

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ