Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Міндетті әлеуметтік сақтандыру

андағы жазбаша ресми құжат» деген айқындама берілген. Демек, бұл ретте заңнама кодекстерден, зандардан, лауазымды тұлғалардың — министрлер мен орталық мемлекеттік органдар басшыларының, ҚР Үкіметінің, Қазақстан ҰҮлттық Банкінің және т.б. органдардың нормативтік қаулыла-рынан, нормативтік құқықтық бұйрықтарынан, нормативтік құқықтық қаулыларынан б.а. заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерден де тұрады деп айтуға болады.

Осы орайда қаржыгерлер мен заңгерлер ескеруге тиіс маңызды жәйт, бүгінде көптеген заңтанушы ғалымдар мен прак-тик мамандар «заңнама» (законодательство) терминінің мағынасын зандардың және оларға сәйкес қабылданған (қазіргі кезде «заңға тәуелді» деп аталған) нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы деп түсіндіреді. Осындай көзқарастың бүрыс екен-дігін, біздің ойымызша, бірнеше тұрғыдан дәлелдеуге болады. Біріншіден, «заңнама» термині қодданылмай түрып қандай болмасын заңның орысша мәтініңде «законодательство» деп аталған жеріңде «зандар» деген сөзді қолданатынбыз (мәселен, гражданское законодательство — азаматтық зандар, финансовое законодательство — қаржылық зандар, налоговое законодательство — салықтық зандар). Екіншіден, мемлекеттегі бірден-бір заң шығарушы орган (законодательный орган) Қазақстан Республикасының Парламенті болып табылатындықтан әрі қандай болмасын заңнамалық акті бірінші кезекте Қазақстан Респуб-ликасыньщ Конституциясына негізделетіндіктен заңи күші мен иерархиясына қарай заң өзіне сәйкес қабылданған (подзаконные) нормативтік құқыктық актілермен бір қатарда түра алмайды. Бұл орайда заңнама тек салалық кодекстерді және зандарды, былайша айтқанда салалық заңнамалық актілерде ғана қамтуға тиіс. Үшіншіден, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер ағымдағы (қолданыстағы) зандардың негізінде әрі олардың атқарылуын нысаналап шығарылатын нормативтік қүқықтық актілер болғандықтан заңнамалық актілер (бұл ретте зандар) қатарына жатқызылмайды. Сондықтан «заңнама» құрамындазаңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер көрініс таппайды. Төртіншіден, сақтандыру зандары мен заңға тәуедді нормативтік құқықтық актілер сақтандыру құқығының сыртқы нысанын (қайнар көздерін, негіздерін) қалыптастыратындықтан, осындай мән-жайды сақтандыру заңнамасымен шатастыруға болмайды.

Сонымен, сақтандыру заңнамасы Қазакстан Республикасы-ның Конституциясына негізделген сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы арнайы завда-рының жүйесінен құралады. Бүгінгі танда Қазақстан Респуб-ликасының сақтандыру заңнамасы сақтандыру қызметін ұйымдастыру, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызмет бағытын, құқықтық мәртебесін, органдарын айқындау, мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделерін қаржылық, әлеуметтік және өзге тәуекелдерден қорғаудың тиімді тетігі, сондай-ақ ұзақ мерзімді ішкі инвестициялардың сенімді көзі - сақтандырудың рөлін нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын тиісінше дамытудың қүқықтық, экономикалықжәне үйымдастыру негіздерін ұтымды қалыптастыру, сақтандыру рыногына жаңа сақтандыру өнімдері мен технологияларды енгізу, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметтер көрсетуі (сақтандыру өнімдерін сатуы) сапасын жақсарту, сақтавдыру рыногының субъектілері мен кәсіби қатысушыларын қадағалау тиімділігін арттыру мән-жайларын регламенттейтін әрі осы орайда туыңдайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін, сақтавдырудың салалары мен түрлерінің нормативтік құқықтық базасын қалыптастыратын сақтандыру заңнамалық актілерінің, былайша айтқанда сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы зандардың жиынтығынан тұрады.

Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі туралы барлық Зандары міндетті түрде Қазақстан Республикасы Конституциясының принциптері мен ережелеріне негізделетіні жөнінде жоғарыда айтылған болатын. Осыған байланысты бірінші кезекте Қазақстан Республикасы Консти-туциясының тиісті баптарынан үзінді келтірген жөн.

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯСЫ

 

1995 жылғы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағын өзінің жоғарызаңи күшімен тікелей қамтитын нормативтік қүқықтық акті болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері адамның және азаматтың өміріне, денсаулығына, мүліктеріне, еңбек ету бостандығына, меншік субъектілері мен объектілеріне, кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, мүлікті кез кел-ген кәсіпкерлік қызмет ауқымыңда пайдалануға, әлеуметтік қамсыздандыруға, қоршаған ортаны қорғауға қатысты сақтан-дыру қүқығының жалпы принциптерін белгілеуге, сақтандыру саласындағы мемлекеттік саясат басымдықтарын айқындауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік (экон-микалық) қызметтің бір түрі сақтандыру қызметінің конституциялық негіздерін құруға және сақтандыру туралы зандарды қабылдауға байланысты мән-жайларды белгілі бір дәрежеде регламенттейді.

Осы орайда сақтандыру ісі мен сақтандыру қызметінің кон-ституциялық негізін құруға ат салысатын Қазақстан Республикасы Конституциясының мынадай баптарында:

1)  1-бап, 1-тармағы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».

2)  4-бап, 2-тармағы: «Конституцияның ең жоғары зандық күші бар және Республиканың бүкіл аумағывда ол тікелей қолданылады».

3) 6-бап, 2-тармағы: «Меншік міндет жүктейді, оны пайдала-ну сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз кұқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді».

4)  12-бап, 3-тармағы: «Республиканың азаматы әзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міңдетгер атқарады»; 5-тармағы: «Адамның және азаматтың ез қүқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бос-тандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нүсқан келтірмеуге тиіс».

5)  13-бап, 1-тармағы: «Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына қүқығы бар және езінің қүқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы»; 2-тармағы: «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар».

6)  15-бап, 1-тармағы: «Әркімнің өмір сүруге құқығы бар».

7)  24-бап, 1-тармағы: «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін тандауына қүқығы бар...»; 2-тармағы: « Әркімнің қауіпсіздік пен тазалық талаптарына сай еңбек ету жағдайына, еңбегі үшін нендей бір кемсітусіз сыйақы алуы-на, сондай-ақ жүмыссыздықтан әлеуметтік қорғалуға құқығы бар».

8)  26-бап, 4-тармағы:«Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген занды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға қүқығы бар...»

9)  28-бап: «1. Қазақстан Республикасының азаматы жасы-на келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де занды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мелшеріне, әлеуметтік қамсыздан-дырылуына кепілдік беріледі. 2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлёуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады».

10)  29-бап, 1-тармағы: «Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар».

11)31-бап: «1. Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды. 2. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады» деп айтылған.

Бұл ретте аталған конституциялық нормалардың тікелей сақтандыру құқықтық бағытты ережелері 6-баптың 2-тармағында, 13-баптың 1-тармағында, 24-баптың 2-тармағында, 28-бабында, 31-бабында көрініс тапқанын байқаймыз. Ал қалған баптар құқық саласы ретіндегі сақтандыру құқығының жалпы принциптерін белгілеуге мүмкіндік беріп отыр.

 

САҚТАНДЫРУ ЗАҢНАМАСЫ

 

Сақтандыру заңнамасы, бүгінгі танда ұлттық сақтандыру қүрылысының іргетасын қалау, ұлттық сақтандыру рыногының тиісінше жұмыс істеуін ұйымдастыру әрі сақтандыру қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттің ұлттық сақтандыру индустриясын дамыту басымдықтарына сай туындайтын кешенді сипатты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған «Сақтандыру қызметі туралы», «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы», «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы», «Міндетті экологиялық сақтандыру туралы», «Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-кұкықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Туроператордың және турагенттің азаматтық-қүқықтықжауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Қызметі үшінші түлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақ-тандыру туралы», «Қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның емірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жүмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы», «Көлік қүралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мі

1234
скачать работу

Міндетті әлеуметтік сақтандыру

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ