Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Міржақып Дулатов

п жүреді де, 1909 жылы Қызылжар қаласына келеді. Осында әуелі кітапханада, одан кейін аралық сот кеңсесінде тілмәш-хатшы қызметін атқара жүріп, өндірте шығармашылық жұмыспен шұғылданады. Бұдан бұрынғы өзі басы-қасында болған оқиғаларды ойға салып қорытып, терең тебіреністен туған өлеңдерін қағазға түсіреді. Сөйтіп, 1909 жылы Уфа қаласында “Оян, қазақ!” атты тұңғыш жинағы жарық көреді. Араға бірер жыл салып, Қазан қаласынан “Бақытсыз Жамал” атты қазақ әдебиеті тарихындағы тұңғыш романы шығады.

Бұл екі оқиға халқымыздың сол кездегі рухани өмірінде ел құлағын елең еткізген айтулы жаңалық болғаны бұл күнде баршаға мәлім. Әсіресе өлеңдер жинағының бүкіл қазақ даласын қалың ұйқыдан дүр сілкінтіп оятқаны халық зердесіне мықтап орныққан. Соның айқын бір айғағы – артынан жеделдетіп екінші рет басылуы. Бұдан кейін Міржақыптың үстінен қылмысты іс қозғалып, артынан тынымсыз тыңшылық бақылау қойылғаны, сөйтіп, Қызылжар, Семей, Омбы, Орынбор, Саратов қалаларының тергеу орындарында кітап авторы туралы неше түрлі сұрау салу, бір-біріне қосымша деректер хабарлау жөніндегі қызу науқан туғызылғаны да қазір міржақыптанушылар арасында белгілі жәйттер.

Міне, осының барлығы жинақталып келгенде, кітап авторының тұтқынға алынып, Семейдің абақтысында біржарым жыл қамауда отырғанын, сонсоң екі мың сом айып төлеп әзер құтылғанын және білеміз.

Бірақ қуғын-сүргін мұнымен аяқталмаған. Петербургте бір кезде “Серкенің” ісімен айналысқан тергеушілер енді “Оян, қазақпен” шұғылданып отырғанда, ертеректе тәркіленген газеттің мазмұнымен бір ұқсастық тапқандай, сондағы қағаздарды архивтен көтеріп салыстырса, “Арғын” атын жамылып жүрген мақала авторы Дулатовтың нақ өзі болып шығады. Осыған қатты шамданған шенеуніктер мұндай газетті мұрағат қорында сақтауға болмайды деп тауып, сот палатасының шешімімен “Серкеге” байланысты барлық құжаттарды түк қалдырмай құртып жібереді.

Сонда осының бәрі не үшін еді? Тек қана қазақтың бодан болып, құл болып қаналғанын, құдай берген атамекен жер-суынан айрылып таланғанын айтқаны үшін ғана болатын. Міржақыптың Алаш қозғалысындағы қайраткерлік қызметінің алғашқы кезеңі осылай аяқталған.

* * *

М.Дулатұлының Ахмет Байтұрсынұлымен, Әлихан Бөкейханмен тығыз ынтымақтасып, “Қазақ” газетін шығару жөніндегі атқарған қызметін екінші кезеңге жатқызамыз. Бұл жылдардағы редакцияның ішкі жұмысын ұйымдастырып, талай қиындықтарды бастан кеше жүріп, газеттің тарихи міндетін орындап шығуы үшін Міржақыптың тек өз қара басы тарапынан қаншалықты ерен күш жұмсағаны өз алдына. Бұл жерде оның бәрін тәптіштеп айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан біз оның бұл кезеңдегі шынайы азаматтық тұрғыдан бой көрсетіп, қазақ халқының ұлттық мүддесі үшін мемлекеттік тұрғыдан көтерген аса күрделі мәселелеріне ғана қысқаша тоқтала кетуді жөн көреміз.

Міржақып бұл тақырыпқа тіпті “Қазақ” газеті шықпай тұрғанда, өзі “Оян, қазақ!” үшін тұңғыш қуғын көріп, бой тасалап жүрген кезде-ақ қалам тартып, 1911 жылы “Айқап” журналына “Государственная дума һәм қазақ” деген мақала жазған. Оның мазмұны мынадай: 1905 жылы бірінші революция дүмпуімен патша халыққа бірқатар бостандықтар жариялағаны жоғарыда айтылды. Соның бірі Ресей халықтарының Мемлекеттік думаға өздерінен белгілі көлемде депутат сайлауына құқық берілуі болатын. Бірақ бұл кеңшілік ұзаққа бармады. Демократиялық қозғалыстың толқыны қайтып, ел іші тыныштала бастаған кезде, патша өз жарлығын өзі бұзып, бірсыпыра бұратана халықтарды мемлекет билігінің жоғарғы органына өкіл жіберу еркінен айырған-ды. Солардың ішінде қазақ та бар еді. Осы қорлыққа Жақаң қара басының қайғысындай қапаланады. “Бұған шыдап отыра бермейік, бүкіл халық болып үн қосып, талап етейік”, – дейді. Рұқсат беріле қалған күнде жоғарғы заңнамалық орынға халыққа шын жаны ашитын және айтар ойын дәлелді етіп жеткізе алатын білікті адамдарды сайлау қажеттігін айтады. Осы орайда І Мемлекеттік думаның сайлауы кезінде “қазақ үшін өмірін, білімін жұмсап, ауыр жазаларға кіріптар болып, жанын қиып жүрген күллі қазақ халқына бірінші дерлік жолбасшымыз” Әлихан Бөкейханов үстінен Тоқырауын болысының жамандап арыз бергенін қынжылып еске алады (қараңыз: Міржақып Дулатұлы. Бес томдық шығармалар жинағы, “Мектеп”, 2003. 38-бет). Бұдан былай мұндай жолсыз­дықтар болмасын деп ескертеді. Ол осы ойларын кейінірек “Қазақ” газетінде “Государственная дума һәм солдаттық мәселесі”, “Государственная дума” деген мақалаларында тағы да пысықтап айтады.

Дулатұлының халық тағдырына әрдайым биік мемлекеттік, әлеуметтік тұрғыдан қарайтынына “Қазақ” бетінде жарияланған “Қазақ халқының бас адамдарына”, “Жер мәселесі”, “Қазақ жайлы”, “Қазақта мүфтилік мәселесі”, “Бас қосуға рұқсат берілмейді” сияқты мақалалардан айқын көз жеткізуге болады. Халқымыздың сол кездегі экономикалық хал-ахуалын өркениетті жолмен жақсартуға үкімет тарапынан қамқорлық білдіруі жайын ойластырып, газет бетінде “Земство не нәрсе?” деген тақырыпқа сегіз бірдей мақала жазуының өзі көп нәрсені аңғартса керек.

Міржақыптың шынайы қайраткерлігіне патшаның маусым жарлығынан кейін Алаштың өзге басшыларымен бірлесіп жасаған іс-қимылдары айқын дәлел. Жарлық жарияланып, қазақ жігіттерін майдандағы қара жұмысқа алатын болғандығы анықталғаннан кейін, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов үшеуі қол қойып, “Қазақ” газетінде “Алаштың азаматы” деген үндеу жариялады. Олар жарлыққа көнген күндегі тұрмыстың қиындығы мен көнбеген күндегі жойқын қырғынды көзбен көргендей етіп салыстыра келіп, халықты көну жағына шақырды. Патшаның жарлығына қарсы шығып бас көтерген Түркістан уәлаятында соғыс жағдайы жарияланғанын мысалға келтірді. Істің моральдық жағын да ескертті.

“Бұл соғыстың ылаңын ешкім тілеп алмаған шығар, біздің де көрейік деген күніміз бұл емес еді… Отандастарымыз – орыс халқы, діндес қандастарымыз ноғай халқы һәм сондай сыбайлас жұрттар отына күйіп жатқанда, жалынына біздің шарпылмай қалуымыз қиын көрінеді… Дүние бұл күйінде тұрмас, соғыс та бітер. Сол кезде әркім қызметін бағалар. Сонда еккенде жоқ, сепкенде жоқтар сыбағаға ортақ бола алмас. Теңдікке ортақ болайық десек, осы бастан түбін ойлауымыз керек. Алмақтың да салмағы бар” (сонда, 278-бет), – деп жазды.

Авторлар бұл істі қалай жүргізудің жолдарын көрсетіп, ақылдарын да айтты: “Біз естиміз, елдің көбі бұл істің жаласын ауылнай, болыстарға аударып, список бермей отыр дейді, бұлары – қате. Болыс пен ауылнайда ерік жоқ, бұйырды – орындады. Бірақ болыс, ауылнайлар да орынсыз басып-жаншып кетем демей, халықты шиелендірмей, ақша алып, біреуді құтқарам, біреуді жіберем демей, дұрыстықпен қызметін атқару керек. Бұл жұмыстан ақшамен сатылып қаламын деушілер де болмасын…” (сонда, 275-278-беттер).

Жарлық жарияланғаннан кейін бес ай өткенде А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы және басқа кісілер атынан Торғай һәм Ырғыз үйезінің халқына жолданған хатта жоғарыда айтылған ойлар әрі қарай пысықталып шегелене түсті. Жарлыққа көнбей, қарсылық білдірген Түркістан сарттары мен Жетісу қырғыздарының қатты қырғынға ұшырағанын хабарлай келіп, авторлар өздерінің жанайқайын айтты:

“Бұл хатты жазушы біздер – өз балаларың, өз тумаларың, жанымыз ашиды, қабырғамыз қайысады. Біздің ата-ана, туған-туысқандарымыз іштеріңде. Бізді қазақ баласы, қанына тартады, жаны ашиды десеңдер, тіл алыңдар: қан төкпеңдер, қарсылық қылмаңдар! Алынатын жастар басын қорғаймын деп үйдегі кемпір-шал, қатын-баланың обалына қалмасын! Бізді орысша оқып, орыс арасында жүр, біздің пайдамызды айтпас деп ойлайтындарың бізді Құдай мен аруаққа тапсырыңдар!.. Әркімнің ниет-көңілі бір Аллаға аян, бізге сеніңдер!” (сонда, 284-бет), – деп егіле жазды.

Алаш арыстарының айтқаны келді. Қарсылық білдірген өңірлердің азаматтары қатты құрбандыққа ұшырады. Бірақ үкімет онымен де шектелген жоқ, аламын деген адамдарын алды. Алаш қайраткерлерінің шын жанашырлық азаматтығы сол кезде көрінді. Басы Әлекең мен Міржақып болып, майдан шебіндегі қара жұмысқа алынған қазақ жігіттеріне жәрдемдесу жөнінде әр жерден орталықтар ашып, солардың басы-қасында жүрді. Тіл білмегендерін тікелей қамқорлыққа алып, керек-жарақтары болса, қалтқысыз қамтамасыз етіп тұрды.

* * *

Дүние жүзілік соғысқа киліккен Ресей қатты жеңіліске ұшырап, титықтап тұрған кезде ішкі демократиялық қозғалыс белең алып, патшаны тақтан тайдырғаны Алаш қайраткерлері үшін көктен тілегендері жерден табылғандай жаңалық болды. Белоруссияда тылдағы қазақ жігіттері арасында жүрген Бөкейхан мен Дулатұлы ақпан төңкерісі жүзеге асқаннан кейін дереу Петроградқа келді. Патшалық құлап, билік Уақытша үкімет қолына көшкеннен кейін астана көшелерінде салтанатты шеру өткізген халықтың қалың ортасында жүрді. Билік басына келген социалист-революционерлердің декларациясымен Ресей халықтарына бостандық жарияланғанын олар зор қуанышпен қарсы алды.

Елге келгеннен кейін Әлихан, Мұстафа, Міржақып үшеуі қол қойып, “Алаш ұлына” деген тақырыппен “Қазақ” газетінде жариялаған хатта олар өз сезімдерін мынадай сөздермен білдірді:

“Азаттық таңы атты. Тілекке құдай жеткізді. Күні кеше құл едік, енді бүгін теңелдік. Қам көңілде қаяудай арман қалған жоқ. Неше ғасырлардан бері жұрттың бәрін қорлықта, құлдықта ұстаған жауыз һүкімет, өзгеге қазған оры өзіне шағын көр болып, қайтпас сапарға кетті. Жүз жылдан бері халықты теңдікке жеткізу жолында ескі һүкіметпен алысып, дарға асылып, оққа ұшып, басы айдауға, малы талауға түсіп жүрген сабаздар жасымай, бірі кемісе, оны артып, ақырында Россия қол астындағы халықтардың бәріне дін, ұлт, тіл айырмасына қарамай, азаттық әперді” (сонда, 297-бет).

123
скачать работу

Міржақып Дулатов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ