Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Монғолия Қазақтары

ында өмір сүріп отырған қазақтардың тілін, салтын сақтап,  ұрпақтан  ұрпаққа жеткізу оңай мәселе емес.

 Ешбір құжатқа жазылмаса да моңғолиялық қазақтардың ана тілі қазақ, мемлекеттік тілі моңғол, әлем өркениетінен нәр алу тілі орыс, ағылшын тілі деп ойлаймын. Құжатқа жазылуға да тиіс емес, айдан ашық айпарадай мәселе.

Алайда, ішкері жақтағы қазақтар ана тілінен кем баға болып отырған жайт та бар. Бұл аса қынжыларлық жәйт. Тым болмаса Баян Өлгийден кейінгі қазақи үлкен орталық Уланбатар, Дархан уул, Налайхда  қазақ мектептер ашылса жақсы-ақ. Қазақтар топтасқан кейбір ірі қалаларда «Ата таным» атты факультативтік дәріс жүргізілсе игі болар еді деп ойлаймын. Бәрі қаражатқа келіп тіреледі. Қысқа жіп күрмеуге келмей жүр. Қазақстанның мәдени орталығы құрылса, бұл істі Улаанбатардан бастауға болар еді.

Қазақша дұрыс сөйлеп сауат ашудың бір көзі көркем әдебиет. Алайда әдеби кітаптар бізде жоқтың қасы. Бары ескірген, кейбірі ағымдық туындылар. Социализм заманында Баян Өлгийге  Қазақстаннан оқулықтар үздіксіз келіп тұрды,  кітапханалар Алматыда басылған баспа өнімдерімен тұрақты қамтамасыз етілді. Өкінішке орай 1990 жылдан бері бұл байланыс күрт үзілді. Бұрын Қазақстаннан «Мәдениет және тұрмыс», «Қазақстан әйелдері», «Жұлдыз», «Балдырған» қатарлы журналдарды тапсырып  оқитынбыз. Қазір Баян Өлгийден шеткері аймақтарда тұратын қазақтар үшін бұлар жоқ. Қазақстаннан ешбір әдебиет алынбайды. Қазақ баспа тапсыру жолға түсірілген жоқ. Қазақстанның телеарнасын тек Баян Өлгийліктер ғана көреді. Кексе адамдар, ақсақалдар мен әжелер ғана болмаса, жастар қазір қазақша сөйлеспейді. Орталықта қазақтың тіл, мәдениет, салт дәстүрін дамыту жайлы істеліп жатқан шаруа шамалы. «Тәрбие басы тіл» деп Махмұд Қашқари айтқандай, тілді таза сақтаудың бір кепілі – сол ұлт тілінде білім беретін мектептер мен балабақшалар екені даусыз. Балаларды қазақша оқытатын бір де бір мектеп жоқ, барлық мектеп моңғол тілінде. Моңғол алфавитінде 35 әріп бар. Моңғолша сауат ашқан балаға қазақтың төл дыбыстарын тану қиын. Еліміздің экономикалық жағдайы қазақша мектеп ашуға мүмкіндік туғызбай отыр. Әрине, қазақи ортадан мүлде алыстағы баланы қазақша тәрбиелеу ең қиын да ауыр мәселе.  Бізде қазақ тілінің ұмыт болып  бара жатуының бір себебі – әлеуметтік орта, нақты өмір жағдайымыз қазақ тілін қажет етпеуінде. Күллі Моңғолияда бүкіл іс ақпарат моңғол тілінде жүргізілетіндіктен қазақ тілі біртіндеп ұмытыла бастады. Тек отбасында ғана, онда да үлкен адамдар ғана қазақ тілінде, ал жастар өзара моңғолша сөйлеседі.

Тағы бір мәселе қазақша термин! Әр салада қолданылатын арнайы атаулар мен ұйым, мекеме аттарын моңғол тілінен сөзбе сөз аударғандықтан тілдік бұрмалау, түсініксіз атаулар молайып барады.

Қазіргі қоғам талабына сай жан-жақты сарапталған қазақша-моңғолша сөздік шығару да толғағы жеткен мәселенің бірі.

Қол қусырып қарап отырсақ, біртіндеп басым ұлттың құрамына сіңіп  жоғалуымыз оп оңай. Сондықтан Улаанбаатардағы кейбір зиялылар бас қосып әртүрлі іс шараларды қолға алудамыз. Мәселен:

-          Қазақ тілінде Моңғолияның Ұлттық телеарнасынан екі апта  сайын 30 минуттық қысқаша «ТВ толқын» атты бағдарлама   жасау;

-          Моңғолия Ұлттық радиосынан екі апта сайын  30 минуттік  «Толқын» атты радио хабар беру;

-          Қазақ әйелдері Арулар одағының «Арулар- жұлдыз» атты  әдеби көркем қазақша журналын  мезгіл сайын  шығару;

-          астаналық орталық кітапханада қазақ кітап оқу залын ашу қатарлы игі іс бастадық.

Журналымыздың бетінде Қазақстанның елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауы және Қытай Халық Республикасы, Түркия, АҚШ, Англия, Германия, Франция қатарлы елдерде өмір кешіп жатқан қандастарымыздың ой пікір, назы жарық көргенін әдейі атап айтқым келеді. Бұл күллі Моңғолияда қазақ тілінде шығатын жалғыз журнал деуге болады. Журналға моңғол, қазақ демей жұртшылық байғазы, көмек беріп келеді.

Осындай қыруар дерлік жұмысымыз бейресми болғандықтан қаржыдан тым тапшы екеніміз хақ.

Моңғолиядан ішкері жақта ұмыт болып бара жатқан тіліміз, мәдениет, салт-дәстүрімізді жандандырып, кейінгі ұрпаққа мирас ету үшін өзім бірнеше зиялы әйелмен бірігіп осыдан екі жыл бұрын Уланбатарда қазақ әйелдерінің «Арулар» одағын құрдым. Әзірше қазақ ағайындар ішінде әртүрлі жұмыстар ұйымдастырған болып жатырмыз. Халықтың рухани байлығына себі тие ме деген ниетпен мезгіл сайын нендей бір жұмыс ұйымдастырып, «Үлкеннің сөзі ұлағат», «Қызым сен тыңда», «Ибалы жастар» атты кездесулер, «Игі дәстүр ибалы ұрпақ» деген ғылыми конференция, «Ана әлдиі», «Балалар біздің болашағымыз» атты тақырыпта жұмыстар жүргізудеміз. Арулар одағының қасында «Әжелер алқасы», «Инабатты қыздар» алқасын құрып, қыздар мен жасөспірім балаларға ақыл кеңес беру, тіл байлығын жақсартуға арнап кездесулер өткізудеміз. Өткен жылдың аяғында бұрынғы Ұлы Құрылтай мүшесі А.Бәкей, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Улаанбаатар қалалық бөлімше бастығы Р.Асайлармен бірігіп, қалалық орталық кітапханада қазақша кітап оқу залын аштық. Алғашқы қорымызға 200-ге жуық кітап жиналды. Кітап саны қосылып келеді. Бұл қазақ ағайындардың тілін ұмытпауына, рухани байлығын, ұлттық санасын көтеруге қосқан азғантай үлесіміз. Мезгіл сайын «Арулар-жұлдыз» журналын қазақ тілінде шығарып, әсіресе ішкері жақтағы ағайындарға жеткізіп отырғанымызға қауым көпшілік риза.

2007 жылдың аяғынан Моңғолияда Қазақстан елшілігі орнағаннан бері бірталай келелі істерді бастады. Кешікпей қазақтың мәдени орталығын орнатып беру, қазақ тілінде балабақша құру, кітапхана ашуға кірісті. Моңғолиядағы Қазақстанның елшісі Орман Нұрбаев қатарлы білімді, білгір, халқына қаны қызған азаматтар көбейе бергей деп тілейміз. Қазақстан елшілігі, Моңғолияның білім, мәдениет министрлігімен бірлесіп осы жылдың қазан айында Уланбатарда өткізген Қазақстанның мәдени күндері біз үшін соңғы 40 жылдан бергі болмаған үлкен жаңалық болды. Бұл күндері өткізілген жиын, концерт, кино – астаналық қазақ ағайындардың рухани байлығын молайтып, белге көтеріп тастады.  Әсіресе қазақтың өнер тарландары қатысқан концертті қазақ қауымы қатты тамашалап, бір жасап қалды. Қазақстанның мәдениет, ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзамен астаналық зиялылардың кездесуі жанға жайлы, рухымызды көтерген бір ғанибет болды. Осындай кездесу, мәдениет күндерін қазақ ағайындар аңсап отырады, жиі болып тұрса игі деген ізгі ниет көптеген адамның көкейінде.

Моңғолиялық жастар тек өз жоғарғы оқу орнымызда ғана емес, АҚШ, Жапония, Түркия, Еуропа, Ресейде білім алған, сапалы да білікті мықтылар. Бұлар Қазақстанға оралса, атамекеннің келешігіне керек-ақ. Жастардың атамекенге қоныс аудармай жатқанының бір себебі, олар азаматтық ала алмай сенделіп бір жыл жүреді, пәтер жоқ, жұмысқа орналаса алмайды деген сияқты ауырпалықта.

Моңғолияның жоғарғы оқу орындарын бітіріп білім алса да жастар үшін жұмыс орны шамалы. Соларды атамекенге  қоныстандырып, мамандығына лайық жұмысқа орналастырса, квотаның сыртында  пәтер үймен қанымдап қамқорлыққа алса, оралмандар саны молаяр еді. Қос азаматтықтың мәселесін де зерттесе артық болмас.

Моңғолияда өмір сүріп жатқан қандастарға Қазақстан республикасы қол ұшын берсе екен! Мәселен:

- қазақтар басым мекендейтін Улаанбаатар, Дархан уул, Налайх ауданында қазақ мектеп ашу, оны оқу құралдармен қамтамасыз ету;

- Моңғолияның ұлттық университетіне қазақ тілін оқытатын факультет ашу, оқулықтармен қамтамасыз ету;

- сөздік, балаларға арналған көркем шығарма, қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы кітаптармен қамтамасыз ету;

- Қазақстан хабары және басқадай телеарналардың әуе толқынын орталық аймақтарға тарату;

- қазақтың шет елдегі диаспораларына берілетін ақшалай және басқа көмектеріңізді біздегі кейбір бейресми қазақи ұйымдарға, «Арулар» одағына, «Арулар-жұлдыз» журналына да бере жүрулеріңізді өтінеміз. Өйткені өзіндік кеңсеміз жоқ, пәтер үйімізде жұмыс істеп жатқан жайымыз бар.

Мұның бәрі тек Уланбатарлық ғана емес, шеткері жүрген әр қазақтың, әсіресе басқа ұлт өкілдерінің ортасында өмір сүріп жатқан қандастарымыздың басындағы толғағы жеткен, жауабы табылмай жүрген мәселе деп білгейсіздер.

Алаш туын биік ұстап, қандас туысымыз деп зор ілтипат білдіріп, Моңғолия қазақтарының атынан осы форумға шақырғандарыңызға көп мәрте алғыс айтамын.

Ұлтымыздың рухы артып, тіліміздің мәртебесі  биіктеп, дініміз пәк-таза бола берсін!

 

 

 

Бүгін алаш идеясы жүзеге асты, Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды. Өзінің экономикасы, дербес территориясы, Конституциясы, мемлекеттік тілі, мәдениеті, әскері, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін органдары бар. Қазақстанды шет мемлекеттер тани бастады. Бірақ, қазақ отарланған ұлт болғандықтан, әлі рухани тәуелсіздікке қолы жетпей отыр. Мүмкін, тарих оған әлі аз уақыт беріп отырған болар.

Амангелді Айталы

12
скачать работу

Монғолия Қазақтары

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ