Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Монғолия Қазақтары



 Другие рефераты
Оғыз дәуіріндегі Қазақстан Мұхамед-Салық Бабажанов Меркі - түркілердің ежелгі мекені Мен туған елімді сүйемін және Қазақ елінің қаһармандық тарихы

Айнагүл Сарайқызы

Моңғолия қазақ әйелдері

«Арулар одағының» төрайымы,

«Арулар-жұлдыз» журналының

бас редакторы (Моңғолия)

 

УЛАНБАТАР МЕН МОҢҒОЛИЯНЫҢ БАСҚА АЙМАҚТАРЫН

МЕКЕНДЕЙТІН ҚАЗАҚТАРДЫҢ РУХАНИ ЖАҒДАЙЫ,

ТІЛ, МӘДЕНИЕТ ЖАЙЛЫ ОЙТОЛҒАМ

 

«Ата жұрт»,  «Атамекен» деген аяулы атауларды қаршадайымнан жадыма сіңіріп өссем де, дәл мағынасын енді ғана толық сезіне бастағандаймын. Әр қазақтың жүрегіне ұялаған, ата жұртқа деген сағынышы, сол бір қасиетті мекенге алғаш ат басын тіреген әр қазақтың ой толқуы мен тебіренісін, қуанышы мен мұңын мен де басымнан кешіріп келемін! Біз Атамекенге жақын болсақ та алыстамыз. Жақын болуымыз, әрине ұлттық рухымызға байланысты ғой. Ал алыс болуымыз еларалық шекара бізді бөліп тұр. Алайда ұлт жанды адам үшін  шекара бөгет емес. Кітаптан ғана оқып, теледидардан ғана көріп жүрген Ата жұртқа ақыры жеттім-ау, әйтеуір! Халықаралық конференцияға Моңғолия қазақ әйелдері атынан қатысып сөз алғаныма көңілім дән риза.

Кемеңгер атамыз Ахмет Байтұрсынұлы:«Балам дейтін ел болмаса, елім дейтін бала қайдан туар» деген еді. Ал Авар халқының ұлы ақыны Расул Ғамзатов «Ұлтын ойламаған адамның қамын ұлты да ойламас болар» дегені бар. Иә, ұлтының қамын азаматы, азаматының қамын ұлты ойласа біздің арман, мүддеміз ұштасқаны осы емес пе!

Мен Атамекеннен алыста Моңғолия жерінде дүниеге келдім, сонда бойжеттім, тәрбиелендім. Қазір Моңғолияның астанасы Уланбатарда тірлік кешудемін. Тіл маманы емеспін. Заңгермін. Бірақ тілдің жанашыры тұрғысынан ұлттық тіліміздің байлығын, таза тұнықтығын сақтауға аз да болса үлес қосуға тырысушылардың бірімін. Бүгінгі басқосуда да шет шалғай қазақтардың тіліне байланысты кейбір ойымды ортаға салмақпын.

Қазақстаннан басқа шет елдегі бес миллион  қазақ ағайындардың бір бөлегі Моңғолияның астанасы Уланбатарда, сондай-ақ Төв, Хэнтий, Дархан уул, Орхон, Сэлэнгэ сияқты орталық аймақтарда, моңғол жұртшылығымен бірге мекен етеді.

Қазіргі Моңғолия қазақтарының бабалары арғысы аллаһтың әмірі, бергісі өмір тақауырына сай Алтайдың теріскей беті атанған жанға рахат, шөбі шүйгін, суы мөлдір, малға суат өңір – Қобда өлкесіне Қытай Халық Республикасының Шыңжаң өлкесінен ауа көшіп, алғашында жайлап, күзеп, кей жылдары қыстай жүріп, 1870 жылдары түпкілікті орын тепкен көрінеді. Бұл жайлы дерек мағлұматтар орыс саяхатшысы Потанин қатарлылардың ғылыми туындыларында жазулы. 1924 жылы шақырылған МХР-дың Алғашқы құрылтайына коминтерн өкілі Тұрар Рысқұловпен бірге қатысып, Моңғолияның астанасын «Уланбатар» деп атауға пікір берген Т.Дәуітбай ақсақал:«Қазақтар Моңғолия жеріне аяқ басқалы міне 60 жыл, Моңғолияның біліміне өткелі 14 жыл болды» депті. Бұл тарихи оқиғаға келесі жылы 145 жыл толмақ. Дәуең ақсақал Қазақстанға Моңғолиядан оралған репатрианттардың тұңғыш көшбасшыларының бірі, қазіргі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бөлім меңгерушісі Ботагөз Уатханның ұлы әкесінің інісі ғой.

Осы бір бимәлім тарихты әкем Асқанбайұлы Сарай марқұм бұдан жарты ғасыр бұрын зерттеп «Баян Өлгий аймағы қазақ қауымының тарихынан» атты туынды жазып, ұрпаққа мұра қалдырып кетті. Өз төркінім уақ. Керей мен уақ аса бауырмал ру. Ақтабан шұбырынды, Алқа көл сұлама – жоңғар шапқыншылығы заманында Алтай мен Арқадан Сырға, Сырдан Орға, Ордан Шыңғысқа, Шыңғыстан Шыңжаңға, ақыры Алтайдың Бес әулие шыңының баурайын мекендеп қалғаны әмбеге аян.  Сізді де, бізді де шарпыған ақтаңдақ, кейбір жандайшаптық нәубатты айтпағанда, бұл жылдары Моңғол өкіметінен зорлық-зомбылық көрмедік. Ұлттық аймақ құрды. Қазақ әкім тағайындады. Рухани тұрғыдан айтсам, салт-дәстүр, тіл, дінімізді қастерледі. Баян Өлгийге мешіт орнатып, Қазақстаннан имам келтірді. Орта мектептер қазақша оқу жүргізді. Қазақстаннан шақырылған оқытушылар дәріс беріп, ұлттық ұстаздарымызды даярлап беріп кетті. Соңында жоғарғы білімді ұстаздарды КазПИ-ден дайындап шығаратын болды. Міне, сол заманнан бері кирилше сауат ашып, әлем жаңалығы, Абай мен Мұхтарды қазақша оқып, көкірегіміз ашылумен келеді. Латын ғарпін білетіндіктен қазір ағылшын тілінде оқып үйрену де жеңіл. Қазақ жігіттердің еңсесі түсіп, ауыл аймағын сағынады ғой деп Моңғол үкіметі 1937 жылға дейін әскер қатарына да алмапты. Қазір моңғолиялық қазақтар жаппай мұсылмандыққа бой ұсынып діндар бола бастады. Құдайға шүкір! Қазақтар топтасқан елді мекендердің бәрінде дерлік мешіт-намазхана, Уланбатарда ұл-қыздардың пансионаттық екі медресесі жұмыс істейді. Қарапайым тұрғыдан айтсам, сол заманнан бері материалдық тұрмысымыз да «көппен көрген ұлы той» дегендей, ойдағыдай жақсы. Көйлегіміз көк, көңіліміз тоқ. Халхалармен тереземіз тең. Асса төрінде, қалса сырмақ шетіндеміз. Бұл бірден өкіметіміздің аз ұлтқа деген саясат, ниеті. Екіншіден, намысты қолдан бермеуге ұмтылдық. «Артық болсаң тең боласың, тең болсаң кем боласың» деген аталар қағидасын ұстанып, қатардан қалмауға тырыстық. Саяси рухани тұрғыдан пайымдап, өткенге көз жіберсек, Моңғолияда халық төңкерісі жеңген кезден бері қазақтан парламент мүшесі, оның басқармасы, хатшысы, министр, әуе әскери күшінің бас қолбасшы-генералы, соғыс қаһарманы, еңбек ерлері, академик, профессор, докторлар,  әр саланың саңлағы, даңқ, сыйлық иегерлері талай абзал азаматтар туыпты.

Моңғолия қазақтарының тобынан мемлекет қаһарманы 1, Еңбек ері 21, Мемлекеттік сыйлықтың иегері 4, Халық әртістері 3, қоғам өмірінің әр саласына еңбек сіңірген қайраткер 59, Моңғолияның Ғылым Академиясының толық мүшесі - Академик 2, Ғылым докторы 14, Профессор 10, Ғылым кандитаты 100, Төтенше және өкілетті елші 1, дипломат 4, мемлекеттік атақ иегері, әйгілі палуан, спорт мастері, альписті 8, шетелдік мемлекеттік атақ, орден иегері 6, генерал-майор, бригада генералы 2, мемлекеттік қаһарман М.Ікей, тұңғыш Еңбек ері Т.Нұқ, тұңғыш ғалым профессор Ө.Қамбар, әйелдер тобынан тұңғыш ғалым доктор, профессор Қ.Анаргүл, еңбек ері Ш.Ұлболған, әйелдердің жаяу жүгірісінен спорт мастері Р.Алданыш, Моңғолия кіші құрылтайына мүше басқарма болған тұңғыш парламентші әйел Ә.Жамиладан басқа қайсы бірінің атын айтамыз. 

Ал Еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халық дәрігері, еңбек сіңірген адам дәрігері, медицина ғылымының докторы, профессор, ұстаз, Моңғолияда нейрохирургияның негізін салушы, аудармашы, медициналық көптеген ғылыми туындылардың авторы, /Алтай тауының заңғары-теңіз деңгейінен 4600 метр биік Бес әулие шыңына Моңғолия мемлекетінің туын тіккен/  альпинист қатарлы бір басынан асқан атақ шен иегері Ж.Хайрулла атаға жете қабыл. Солардың бірі Моңғолдың тұрақты Парламенті, мемлекеттік ұлы Құрылтай құрылғаннан бастап мүшелігіне қатардан екі мәрте сайланған мемлекет қоғам қайраткері, Қытай Халық Республикасы, Түркия, Қазақстан, Можарстан, Молдавия еліне танымал көрнекті жазушы, аудармашы, ғалым, дипломатшы, Моңғолияның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, Моңғолия жазушылар одағының сыйлығы мен шетелдік орден иегері Таукейұлы Сұлтан ағамыз.

Тұрақты парламент құрылған 16 жылда бес рет ұлы құрылтай мүшесіне Баян Өлгийден әрдайым үш өкіл сайланып келеді. Баян Өлгийде ұлттық профессионалдық театр, музей бар. Академик жазушы Сәбит Мұхановтың көзімен көріп бағалағанындай, Моңғолия қазақтарының үш ерекшелігі:бәз қалпында сақталған әдет-ғұрып, орда қалпында сақталған өте сәнді 80-90 басты киіз үй, ата-бабаларымыздың көне музыка аспабы сыбызғы үшеуі бізде. Оралмандар осы мұралармен бірге қазақтың байырғы тегене құйрық қойын атамекенге ала келіп жерсіндірді. Ата мекенге оралған қайраткер Қ.Зардыхан, Моңғолияның халық артисі Ә.Қабылаш, Моңғолия Ғылым Академиясының толық мүшесі, Академик А.Мағыш, алғашқы ғылым докторы Ә.Мініс, докторлар Қ.Ұлықпан, С.Қаржаубайлар Моңғолияға әйгілілердің сорпа бетіне шығары. Олардың мәртебесі Ата жұртымызда да жоғары жүр.

Сонымен қазақтар жоғары мәртебелі лауазымға тағайындалып, оқуға ілесіп, соңында көмір, алтын, вольфрам-шпат кеніші, ағаш дайындау, шикізат өңдеу, егіншілік орнында кәсіп етумен шұғылдана келіп «үлкен жер, ішкері жақ» Улаанбаатар, Налайх, Сэлэнгэ, Дархан, Өндөрхаан, Шарынгол, Эрдэнэт, Бэрх, Мандал, Түнхэлге 1940-1950 жылдан лек- легімен келіп мекендей бастаған көрінеді. Улаанбаатарға қазақтан алғаш ат ізін салғандардың тұңғышы да азды көпті жыл орын тепкені 1930 жылдан Моңғолияның кіші Құрылтай мүшесі, басқармасы болған Ж.Мұхан ақсақал-ау сірә, деп ойлаймын. Аталмыш аймақтарда қазір солардың ұрпақтары өмір сүріп жатыр.

Моңғолиялық қазақтардың орталығы атанған шалғай батыстағы   Баян Өлгий аймағында тұратын қазақтар жайлы әңгіме өзінше бір төбе. Ондағы қазақтар тілі мен салт-дәстүрін біршама таза сақтаған, рухы биік екенін мақтанышпен айта аламын. Сіздер де мұны жақсы білесіздер. Сол Баян Өлгий аймағында әлі де 100.000 астам қазақ өмір сүріп отыр. Мен тек Улаанбаатар қаласы мен басқа аймақтардағы қазақ ағайындардың тіл, мәдениеті, рухани жағдайы жайлы бірер сыр шертейін.

Тек астана Уланбатарлық 9 ауданның сегізінде қазақтар өмір сүріп жатыр. Қазақтың басым көпшілігі Налайх ауданында. Онда 800 жанұяда 4850 шамалы қазақ бар. Ал ең азы Багануур ауданында 10 жанұяда 39 қазақ мекен етеді. Ал Төв аймақтың 4-5 сұмынында қазақтар недәуір топтасқан. Мұнда да 220 жанұяда 1100, Хэнтий аймағының 2-3  сұмынында 86  жанұяда 341, Дархан уул аймақтың  2-3 сұмынында 1990 жанұяда 8050, Орхон аймағында 150 жанұяда 720, Сэлэнгэ аймағында 2-3 сұмында 65 жанұяда 250, жалпысы3973жанұяда 17762 қазақ өмір сүреді. Әрине, осы орталық аймақ, қалаларда басқа ұлт өкілдерінің ортас

12
скачать работу


 Другие рефераты
Ноосфера и биосфера
Тәуелсіздік жемісі
Нуклеин қышқылдары
Біріккен Араб Әмірліктері


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ