Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Монополия ұғымы, монополиялық тоскауылдар мен шектеулер



 Другие рефераты
Еңбек нарығы: түсінігі мен оны реттеу механизмі Дайын өнімнің мәні және негізгі түсінігі Исследование социально-психологического климата и стратегий поведения в конфликте членов коллектива Исследование супружеских отношений

Тақырып 30: Бәсекелестік емес нарықтар.Монополия.

 

Жоспар:

1.Монополия ұғымы

2.Монополиялық тоскауылдар мен шектеулер

3.Монополияның түрлері

 

Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығындағы тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс депр қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты  пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады.

Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының таңдауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысын арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұтынушы қаласа да , қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындаған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистің лкен билікке ие болуына оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерін тигізеді.

 

Берілген тауароды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсық, онда мұндай нарық – монополия,ал фирма –  монополист деп аталады. Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық  билікке ие болады деп айта аламыз.

Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық билігі орынқса, онда қоғам жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді. Сондықтан да дүние жүзінің көптеген елдерінде нарықты монополиялауды шектейтін монополияға қарсы заңдар қабылданып, іске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнің барлық елдерінде өндіруші-монополистер бар. Экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімді болады деп есептелетін кейбір нарықтарда монополиялауға да мүмкіндіктер туғызылады. Оларды монополиялық нарыққа енудің тосқауылы деп атайды. Және де олар кез келген жаңа өндірушінің нарыққа кіруіне мүмкіндік бермейді.

Бұл шектеулер төменгідей:

1)      ірі өндірістің басымдылығы;

2)      легальды тосқауылдар (шикізат қорын, жерді ғылым мен техниканың жетістіктерін монополиялық түрде иелену, тауарды жеке қндіру үшін өкіметтен алынған ерекше құқықтар);

3)      Бәсекелесуді әділетсіз жүргізу.

Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыстырғанда өте көп артықшылықтары бар. Мысалы, ұсақ бәсекелестердің шикізат көзіне, несиеге , нарықтық ортаға шығуына ірі өндірушілер тосқауыл қоя алады.

Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға болады.

Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі – жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде  өте сирек кездесетін шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады.легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады.Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады:патентің болса – құқығын бар, ал патент жоқ болса – құқығын да жоқ.. Бұл жағдайдың біздің мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан жаңалықтардың көбінің мемлекетаралық  патенті жоқ болды, сондықтан да бұл жаңалықтарды шет елдің адамдара тегін пайдалануда.

Легальды тосқауылдың тағы біртүрі жеке өндірушіге мемлекет тарапынан белгілі бір тауарды өндіруге ерекше түрде (монополиялық ) құқық беру. Бұндай жағдайда елдің ұлттық қауіпсіздігі көзделеді. Көп жағдайда арақ-шарап өнімдері, қару-жарақ шығару, дәрі-дәрмек шығаруда қолданылатын есірткілік заттар бір мемлекеттік фирмада өндіріледі.

Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі – демпинг – бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Ірі фирмалар – олар мүмкіндігі мол монополистер. Олардың қаржы мүмкіндіктері де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздеріне тиімсіз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Ұсақ фирма шыдамай нарықтан кеткен соң, ірі фирма бағаны көтере отырып, өз шығынын қайтарып алады. Өкімет тарапынан бәсекені әділетсіз жүргізу қадағаланады.

Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның төменгідей түрлері болады:

1)      Жабық монополия.Ол бәсекелестіктен зағды шектеулер көмегімен қорғалған.

2)      Табиғи монополия.Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.

3)      Ашық монополия.Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.                                                                                                                                                                                                                 

скачать работу


 Другие рефераты
Исландия
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстар
Кремний, полученный с использованием геттерирования расплава
Сібір, Орал, Жетісу казактары мен офицерлер, кулактар біріккен контрреволюциялық күштер басым аудандарда – қарулы күрес жолымен


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ