Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi



 Другие рефераты
Нарықты зерттеу және сегменттеудің пәні мен әдістері Бүкіләлемдік компьютерлік Интернет жүйесі. Броузерлер Ақпаратты кодтау Меншікке салынатын салықтар: жер салығы

МАЗМҰНЫ

 

     Кіріспе............................................................................................................. 3

 

Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi......................................... 4

Монополияға қарсы – заңдар және экономиканы реттеу…….................... 11

Монополияға қарсы саясат........................................................ .....................13

     Қазақстан Республикасындағы монополиялық жағдай............................... 14

     Қорытынды ..................................................................................................... 17

     Пайдаланған әдебиеттер ............................................................................... 18

 

Кiрiспе

 

  «Монополия» терминi бiр немесе шектелген саны бар сатушылар нарығын сипаттау үшiн қолданылады. Монополия бәсекелестердi ығыстырып, өз көшiн арттырады және сатып алушыларға таңдау мүмкiндiгiн қалдырмайды. Сонымен бiрге ол ұсыныс көлемiн анықтап, бағаларды белгiлеу арқылы нарыққа өз ережелерiн қояды. Монополия еркiн бәсекелестiгi бар нарыққа қарама - қарсы түрде жүргiзiледi. Артықшылық тұтынушыға емес, өндiрушiге берiледi, себебi ол өнiмге бағаларды белгiлейдi. Баға мен пайда бәсекелестерден жоғары болып, қоғам және жеке топтар үшiн өте ауыр жағдай тудырады. Сфера және аймақ, кәсiпорындар арасындағы ресурстарды қайта бөлу механизмнi» тиiмдiлiгi бұзылады, экономикалық еркiндiк болмайды, тұтынушылар үшiн де.  Тарихи кезеңде әр елдің экономикасына монополияның әр түрлері құрылды: Табиғи монополия және жасанды монополия. Қазақстан Республикасындағы табиғи монополияға жатады.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттің антимонополиялық қызметінің басты міндеті:

-         табиғи монополия субъектінің қызметін реттеу;

-         монополиялық биліктің күшейіп, еркінсуіне жол бермеу, ескерту жасау;

-         мемлекеттік кәсіпорындар мен органдардың ақылы қызмет көрсету ретін бақылау;

-         сәйкес құқықтық, нормативтерді әзірлеу.

Табиғи монополия субъектісі жылына бір реттен аз емес өзінің амортизациялық қоры туралы есеп беруі керек.

Нарықтық қатынастарда, табиғи монополияны мемлекет реттеу керек. Президент жарлығымен Қазақстан Республикасында 1998 жылдың шілдесінде “Табиғи монополия туралы”заң шықты. Табиғи монополияны түсіндіретін, оның қызмет етуін реттейтін көптеген құқытықты-нормативті актілер жасалды.

 

Монополияныңмәнi, түсiнiгi және оныңтүрлерi.

Монополия – грек сөзiнен «монос» – бiреу, жалғыз, «палео» – сатамын, яғни жалғыз сатамын деген ұғымда.

Буржуазиялыққоғам екi сатылы шаруашылық:

а)Еркiн бәсеке капитализмi, бұл ХҮІІ– ХlХ ғасырлар арасы.

б)Монополистiк капитализмi, бұл ХХ ғасырдыңбасынан осы уақыт iшiнде.

Жалпы капитализм өзiнiң даму жолында шаруашылықтың үш кезеңiнен, түрiнен өттi. Олар: а) жай, қарапайым кооперация; б) мануфактуралық; в) мәшинелендiрiлген фабрика.

Жай, қарапайым кооперациялықшаруашылық.Мұнда капиталист – кәсiпорын иесi – бiр түрлi жұмысты орындайтын көп адамдарды өзiнiңбақылауында бiрлестiрiп, жұмыс жасатқызады, ол бiр адамныңшамасы келмейтiн жұмысты орындауға мүмкiндiк тудырады.

Мануфактуралықшаруашылық. Бұл Батыс Еуропа елдерiнде ХҮІІғасырдыңортасынан ХҮІІІғасырдыңекiншi жартысына дейiн орын алды. Бұл да еңбек кооперациясы, бiрақмұнда заттың, өнiмнiңэлементтерi өндiрiледi еңбек бөлiнiсi арқылы. Әрбір жұмысшылар тобы ақырғы өнiмнiңтек бiр ғана бөлшегiн жасайды(мәшиненiңтек дөңгелектерiн,моторын, тағыбасқа) өндiрiс, еңбек мамандырылады, ол олардыңтиiмдiлiгiн жоғарлатады.

Мәшинелендiрiлген өндiрiс. ХҮІІІғасырдыңсоңында, ХlХ ғасырдыңортасында Батыс Еуропада, Америка құрама Штатында өнеркәсiптiк революция болып, соныңнәтижесiнде қолөнерлiк техниканыңжәне қол еңбектiңорнына әр түрлi мәшинелер келедi.

Кәсiпорындарда ендi. қарапайым болмаса, қиын мәшинелер адамныңбақылауымен жұмыс iстейтiн болды. Мұны фабрика деп атайтын болды.

Мәшинелендiрiлген өндiрiс- техникалық төңкерiстiңнегiзi болды. ХlХ ғасырдыңсоңында, ХХ ғасырдыңбасында электротехникада (будыңорнына электрқуаты), м¸шине жасау саласында (iшкi жануға негiзделiнген қозғағыш мотор – автомобиль, самолет), химиялықөнерк¸сiпте төңкерiс болды.

Сонымен, ХIХ ғасырдыңаяғында ХХғасырдыңбасында буржуазиялыққоғам монополистiк сатысына өтедi. Бұл жаңа белес, жаңа жағдай сол кездегi ғылыми ойлардыңназарынан тыс қалған жоқ. Тiптi бiр-бiрiне қарсы келетін өткiр көзқарастар, ғылыми тартыстар, ойлар болды. Солардыңбiрi В.И.Лениннiң«Империализм –капитализмнiңжоғары сатысы» атты кiтапшасы (1917ж). Онда монополизмге(империализмге) жан-жақты және обьективтi саяси-экономикалықталдау жасап, өмiр шындығына сай келетiн бағалы тұжырымдар берiлген.

Монополизм –жеке қоғамдық экономикалық формация емес, капитализмнiң жоғары сапалы сатысы және жалғасы. Капитализмнiң барлық қасиеттерiн бойына жинақтайды, экономикалық заңдарда жаңа жағдайға бейiмдеп пайдаланады.

Монополияның құралу негiздерi. Өндiрiстiң, капиталдау шоғырлануының нөтижесiнде iрi және аса iрi кәсiпорындары пайда болды. Олар iрiсте және нарықта  үстемдiгiн, билiгiн жүргiзе  бастады,  дерiнiң үстемдi билiгiн жүргiз бастады,өйткенi  iрi кәсiпорындары өнiм ондiрудi, оны нарықта сатуды өз қолдарына жинақтайды, яғни белгiлi бiр өнiмдi-тауардың денiн, көбiн өндiретiн, оны  сататын тек бiр, болмаса 2-3 ғана кәсiпорындар. Ал  өндiрiстiң шоғырланып, iрi кәсiпрындарының құрылуына ғылыми-техникалық прогресстiң дамуы, оның жаңа жетiстiктерi себеп болған және бәскелiк. Бәсекелiктi кiм жеңедi, кiмнiң шаруашылығы күштi,мықты болса, ал күштi болатындар – iрi кәсiпорындары. Олардың пайда болуы жаңа технология мен өндiрiстiк қондырғыларға байланысты, яғни солар себеп болған.

Монополияның түрлерi.  Тарихи кезеңде әр елдiң экономикасына монополияның әр түрлерi құрылды:

а) Табиғи монополия. Сирек және орны толтырылмайтын  өндiрiс элементтерiне бiр ғана субьектiнiң  ие болып пайдалануы. Мысалы, жер қойнауының пайдалы қазбалары: сирек металлдар, құнарлы жерлер. Мұндай монополия тұрақты болады. Қазақстанда табиғи монополияға жатады: халыққа коммуналды қызмет (сумен, газбен,электр күшiмеен, жылумен қамтамасыз ету), темiржол, әуе жолы, энергетиканың обьектiлерi. Мұнайды, мұнай  өнiмiн, газды тасу, байланыс қызметi, қорғаныс кәсiпорындарының кешенi, ядролық кәсiпорын, уландыратын,нашақорлық заттар, қымбат бағалы заттар, қымбат бағалы металлдар.

Бұл субьектiлердi мемлекет монополияға қарсы және баға туралы саясатқа сәйкес қатаң бақылайды және реттеу шараларын жүргiзедi.

б) жасанды монополия – бiреулердiң қолында белгiлiбір өнiмнiң тек нарығы, болмаса, тек өндiрiс және сату нарығы болады. Бұл кездейсоқ, тұрақты жәнежалпыға бiрдей болуы мүмкiн.

Кездейсоқ монополия сатушыға, болмаса, сатып алушыға болады ұсыныс пен сұраныстың уақытша тиiмдiлік  қатынастары болғанда, болмаса, өнiмдi өндiрiп сату үшiн  өте қолайлы жағдай, мүмкiншiлiк болса (озық технология, техника, жұмыс күшi). Бiрақ, бәсеклестiң салдарынан бұл экономикалық тиiмдiлік артықшылық тұрақты болмайды.

Тұрақты монополия болатындар – iрi кәсiпорындар, өндiрiстi , тауарларды өткiзу нарқын өздерiне қаратқан. Мысалы, ағылшынның «Ост- Инд», Германияның «Ганза» компаниялары.

ХIХ ғасырдың аяғында тұрақты монополияның кеңiнен дамыған түрлерi: картельдер, синдикаттар,трестер, концерндер, конгломераттар.

Картель – бұл өнеркәсiптiң бұл саласындағы бiрнешекәсiпорындарының одағы. Бұған қатысушылар құрал- жабдыққа және өнiмге өздерi ие, өздерiнiң меншiгiнде болады. ­Өнiмдi нарықта өздерi өткiзедi, сатады, бiрақ жалпы өндiрiлетiн өнiмдегi әр қайсысының үлесi (квота), сату бағасы, сататын нарқы, тағы басқа туралы өзара келiсiм болады.

Синдикат – бұл бiр түрлi өнiм шығаратын бiрнеше кәсiпорындардың бiрлестiгi. Мұнда шаруашылыққа кезектi материалдық жағдайлар, ресурстар әр қайсысының  өз меншiгiнде қалады, ал дайын өнiмдi өткiзетiн жалпы ортақ сауда кәсiпорны ұйымдастырылып,  тауарды сол сатады.

Трест – бұл  монополияда құрал–жабдық. дайын өнiм, осыған қатынасушылардың бiрiктiрiлген, ортақ меншiгi болып саналады

Концерн – бұл сөз жүзiнде бiрiне – бiр тәуелсiз кәсiпорындардың және банктердiң одағы (өнеркәсiп, сауда,көлiк). Мұнда бас фирма басқаларына қаржылық бақылау жүргiзедi.

Конгломерат – бiрнеше шағын жәнеорташа, бiр бiрiмен өндiрiстiк байланысы жоқ кәсiпорындардың бiрлестiгi.

Жалпыға бiрдей монополия формасы пайда болды осы ХХ ғасырдың екiншi жартысында. Мұнда халық шаруашылығы барлық жағынан да кәсiпкерлердiң  бiрлестiгiне бағындыру (мемлекеттiң көмегiмен) негiзiнде құралған. Бiрлестiктер көп нарықта негiзгi сатушылар және  сатып алушылар бо

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Классикалық массаж және дене сымбаттылығының бұзылуы, оны емдеу
Устные высказывания и их особенности (беседа, лекция, доклад, диспут, дискуссия)
Избирательная система РФ
Полупроводники, р-n переход


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ