Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ

Оқиға былай болып еді. Ташкентті Шайбани басып алған соң Мұхаммед Хұсайын Қаратегіндегі Хұсрау шаһқа (?-1504) қашады. Одан әрі ол 1506—1507 жылдар шамасында Қабулға келеді. Бірақ шайтан түртті ме, кім білсін, Бабыр хазарлықтарды шабуға кетқенде, біреулердің азғыруынамақ астанасы Сринагарға кештеу жететін. Халқы егін жэне мал шаруашылығымен-айналысқан. Бұл жағынан да ол Орта Азия, халқының тіршілік тынысына ұксап кететін.

Һұмаюн мемлекет тізгінінен ажырап, үкімет басына Шерхан келгелі Кашмир уалайаты басшырыз қалып,жергілікті әкімдер халықты тонап, езе бастап еді. Елде тәртіпсіздік орнады.Сол себепті де Кашмир халқы өздері бұрыннан білетін Хайдар мырзаға қарсылық көрсетпеді. Тарихшылардың көпшілігі Хайдар мырза Кашмирді өзінің туа бітті мәмлегерлік қасиет, парасаттылығы мен алғырлығының арқасында бір оқ та шығармай өзіне қаратқанын айтады. Әрине, Хайдар мырзаның Кашмирді

алуына һұмаюн берген әскер косындарының да әсері болмай қойған жоқ. Сөйткен бабамыз 1540 жылдың қараша айында Сринагар қаласына келіп туын тікті. Соңыра ол өзінен Кашмир өлкесін тартып алу үшін Шерхан жіберген Қажы шаһ әскерін талқандап, жағдайын одан әрі нығайтып, жақсарта түсті.

Хайдар мырза Кашмирді 10-11жыл билеген. Ол өзіне қараған қалалар мен қоныстардың әл-ауқатын көтеріп, жолдарын жақсартты. Әдебиет пен мәдениеттің өркендеуіне жағдай жасады. Кашмир өлкесін гүлдендіріп абат баққа айналдыру ойымен талай жерлерге өкілдерін аттандырып, қолынан іс келетіндерді өзіне шақырды. Бірте-бірте ол Тибетті де өз иелігіне қосы алды.

1556 жылдан бастап Үндістанның тізгіні һұмаюнның ұлы Акбарға (1537-—1605) тигенде оның кеңесшісі, әрі досы болған Әбу-л-Фазл Әллами (1551-1602) атты тарихшы өзінің «Акбар нама» атты еңбегінде Кашмирді билеген Хайдар мырзаға да бірнеше бет арнаған.

Үнді тарихшысы Хайдар мырза «үлкен бір қателік жасады. Өзі патша болып тұрса да, ол Нәзік шаһ атынан хұтпа оқып, оның аты жазылған теңгелер соқтыра берді»,-дейді. Яғни Әбу-л-Фазл Әллами «өзі патша болған -соң Хайдар мырзаның өз атынан хұтпа оқып, өз атынан ғана теңгелер соқтыруы керек еді. Бірақ олай етпей, уақытша отырған, уақытша билік құрған кісінің тіршілігін істеді» дегісі келетін сияқты.

Әллами Хайдар мырзаның өмірінің соңғы кездері жайлы да біршама деректер қалдырған. Оның айтуынша сарай төңірегіндегі арамзалар ақкөңіл де кеңпейіл, жомарт та мәрт Хайдар мырзаны алдап соғып, сатқындық жасаған.

Әллами сондай-ақ Хайдар мырзаны «бейқам өмір сүрді, кісіге сенгіш еді» деп жазғырады. Жаулары Хайдар мырзаны алдап, серігі Қара Баһадурды әскерінің бір бөлігімен Тибет пен Ауғанстанға жіберткізеді. Әміршінің іс басқарушысы Қожа кажы мен сарай күзетіндегі әскер басыларын пәрелеп, Хайдар мырзаға айдап салады. Сөйткен олар бірде Сринагар мен Хирапур аралығындағы Ханпур маңыңда Хайдар мырзаға кенет шабуыл жасайды. Хайдар мырза көтерілісшілердің көсемі Қожа қажыдан олар тұтқындаған Қара баһадурды босатуды талап етіп тұрғанда Камал Дуби деген сатқынның қолынан қаза табады. Қейбір деректерге қарағанда Хайдар мырзаны күтушілерінің бірі уланған жебемен атқан. Ол содан қаза тапқан. Хайдар Мырза Дулати сөйтіп 1551 жылы 52-ге қараған шағында қапыда қазаға ұшырайды. І

Мухаммед Қасым һиндушаһ Астрабади (XVI f.), Мухаммед Ағзам (XVIII ғ.), Мухаммед Уәли (XVII ғ.), Сайф Челеби (XVI ғ.) және т. б. үнді, парсы, түрік тарихшылары Хайдар мырзаның жақсы дипломат, шешен, ойшыл, не істесе де ақылмен шешетін, өмірге, өнерге үлкен ой, терең парасатпен қараған мәдениетті де білімді адам болғанын жазады. Әбд ар-Рашидтен көп жәбір көрсе де, ол жауықпай, оған қолынан келгенінше жақсылық істеуге тырысқан. Тіпті өзінің атақты шығармасы «Тарихи Рашидиді» де соған арнаған. «Саид ханнан көп нәрсе үйрендім, ал өзім тәрбиелеген Әбд ар-Рашидтен көп жәбір көрдім» деп жазады ол өз еңбегінде. Сөйтсе де Хайдар мырза ,оған ешқандай жаманшылық тілемепті. Туған-әкесіндей мәпеле-ген Саид ханның рухы үшін ол өз шығармасын оның баласына арнаған. Бұдан асқан адамгершілік, бұдан асқан кешірімділік, будан өткен кішіпейілділік жоқ-ақ шығар. Осы бір жәйттің өзі-ақ Хайдар мырзаның бүкіл болмысын ашып, оның үлкен жүректі азамат екендігін анық керсетіп тұр.

Хайдар мырза белгілі бектің отбасында дүниеге келіп, Бабыр, Саид хан секілді өз заманының көзі ашық, көкірегі ояу адамдарының сарайында тұрғандыктан да өз кезі, өз заманы үшін жақсы білім алған. Оның түркі тілінен баска араб, парсы, тілдерін де білгендігінде дау жоқ. Ол өзіне дейін ғұмыр кешкен мұсылман ғалымдары мен шежірешілері,ақындары мен сөз зергерлері шығармаларын зердесіне жете тоқыған.Сондай- ақ оның тарих ғылымы һәм әдебиетпен де айналысуына белгілі бір шамада бөлесі Захир ад-Дин Мухаммед Бабыр еңбектері де әсер еткен.

Жоғарыда біз Мухаммед Хайдар Дулатидің 1540 жылы Кашмирге туын тігіп, көңіл жайлағаннан кейін сарайына өнердің талай саңлақтарын жинағанын айттық. Сөйткен дарын иесі көптен бері өзіне маза бермей, тынышын алып жүрген өз басынан өткен жайттар мен Моғол мемлекетінің шежіресін жазуға кіріседі. Ол ойын іске асыруға, жоғарыда айтылғандай, терең білімі көмектескен. Хайдар мырза көбінесе өз құлағымен естіген немесе өзі білетін, көзімен көрген оқиғаларды ғана хатқа түсірген. Оны ол Орта Азиядағы, сол кездегі сарай тілімен парсыша жазған. Еңбегін жазу үстінде ол сондай-ақ Қаршылық жерлесі Жамалдың «Мулхақат ас-сурах» («ас-Сурах» сөздігіне «Қосымшалар»), Әла ад-Дин Ата Малик Жуайни (1226—1283) мен Рашид ад-Дин немесе Әмір Темірдің жорықтарын хаттаған шараф ад-Дин Әли Йаздидің «Зафар намесіне» («Жеңіс нама») сүйенген. Оның үстіне олардың көпшілігі Хайдар мырзадан бар болғаны екі жүз жылдардың ар жақ-бер жағында ғана өмір сүрген дарындар еді. «Тарих- и-Рашидиді» Хайдар мырза 1544—1546 жылдар шамасында Кашмирде жазған. Ол екі дәптерден, яғни екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде Мәуераннаһрдегі Шағатай әулеті құрған мемлекеттің XIV ғасыр ортасына таман бір жола ыдырап, екіге бөлінуі, Моғолстан деген атпен белгілі болған шығыс бөлігіне Жетісу, Тараз-Талас маңын мекендеген беделді де белгілі тайпа — дулаттардың күшімен дербес мемлекеттің негізі қаланғаны жайлы баяндайды.. 1348 жылы осы мемлекетке дулаттардың қолдауымен Тоғылық Темір (1330—1362) хан болады.

«Дулаттар… Жетісудағы ең ірі түркі тайпаларының бірі болатын және едәуір жерді алып жататын. Дулаттардың шонжар үстем тобы XIV ғасырда Шығыс Түркістандағы отырықшы егіншілік жерлерге де иелік етті. Мырза Мухаммед Хайдар дулат руының шонжарлары Шығыс Түркістандағы өз иелігін (иқта) XIII ғасырда-ақ алған» деп жазады. Шағатай хан өз мемлекетін (ұлыстарға) бөлгенде, ол Өртебеге (Өрте Бараққа), әмір Полатшының атасына Маңлай Сүбені берді… Оның шығыс шекарасы Құсан — (Құша) мен Тарбүкір, батыс шекарасы — Шаш (Ташкент), Ғаз бен Жакишман, оның соңғысы Ферғана уалайатына орналасқан; солтүстік шекарасы -Ыстық көл, ал оңтүсті-гінде Жарқан мен Сарыұйғыр. Әмір Полатшы билеген осы аталмыш жер Маңлай Сүбе деп аталды. Сол уақытта бұл елде бірнеше калалар болды. Олардың ішіндегі ең үлкендері Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент, Әндіжан, Аксу, Атбасы,Құсан.Осы қалалардың ішінен Әмір Полатшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап алды»

«Тарих и Рашидидің» бірінші дәптерінде сөйтіп сол Тоғылық Темір ханнан бастап өзін Жаркенттен кетуге мәжбүр еткен Әбд ар-Рашид ханға дейінгі Моғолстанда екі ғасырға жуық уақыт арасында болған тарихи оқиғалар әңгімеленеді. Мысалы, Шағатай текті Шер Мухаммед хан (1415 қ .б.) мен Уәйіс ханның (?—1429) Моғолстанның тағы үшін болған қанды айқастары, Уәйіс ханның тілегіне жеткені, оның қалмақтармен болған сансыз соғыстары да баян етіледі.

Хайдар мырза жазбаларының ішіндегі ең қызықтысы — әрине, халқымыздың тарихына қатысты мағлұматтары. Ғалым нағашы атасы Жүніс хан мен Уәйіс ханның кенже ұлы Есейбураның (1418—1462) билікке таласар тұстарын сөз еткен. Дешті Қыпшақ әміршісі Әбілхайырдан көп қысым көрген Жәнібек хан мен Керей ханның одан бөлініп, Моғолстандағы Шу мен Қозыбасыға келуі, Есенбұғаның оларды жылы қарсы алуы, соңынан Әбілхайыр қайтыс болған соң оның ұлысынан үдере көшкен елдің, Жәнібек хан мен Керей ханға келіп қосылуы жайлы айтуды да автор ұмытпаған. «Олардын, ұзын саны екі жүз мыңға жетті. Олар өзбек-қазақ деген атқа ие болды. Қазақ сұлтандарының билік құра бастауы 870 (1465) жылдан басталады. (Бірақ оны) Алла (бізден) артық біледі» — деп жазады Хайдар мырза..

Сөйтіп, қазақ халқының тарих сахнасына көтерілген кезі 1465 жыл екенін Хайдар мырза шегелей көрсеткен. Одан әрі ол: «содан қазақтар 940 (1533—34) жылға дейін Өзбекстанның (көшпелі өзбектер жөнінде айтып отыр — Ә. Д.) көпшілік бөлігін тұтастай биледі. Керей ханнан кейін Мұрыңдық хан болды. Сонан соң Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Ол өз билігін Дешті Қыпшаққа да жүргізді. Оның әскері миллионнан да көп еді. Жошы ханнан кейін бұл үйден одан қүшті хан шыққан емес. Қасымнан соң оның баласы Мамаш хан болды. Одан кейін Тақыр хан болды. Осы Тақыр хан тұсында қазақтар көп қиыншылықтарға ұшырады. Одан кейін оның бауыры Бұйдаш хан болды. Қысқаша айтқанда, Есенбұға ханнан бастап Рашид ханға дейінгі аралықта моғолдар мен қазақтар тату-тәтті, тыныштықта өмір сүрді, бірақ оны Рашид сұлтан бұзды» деп жазады ол. Ол рас та еді. Өйткені Рашид сұлтан қазақтардан гөрі шайбандарға көп мойын бұрған, солардан одақ іздеген.

Сөйтіп, қазақ хандығының пайда болуы мен тыныс-тіршілігі, өмір сүрген ортасы һәм көршілерімен болған қарым-қатынасы жайлы Хайдар мырза секілді дәл ссылай жүйелі де нақтылы жазған қаламгерлер кемде-кем-ақ.Ғалым бабамыз сондай-ақ өз жазбаларында көп ретте әдеби тәсіл — шегініс жасауды да шебер пайдадана білген. Мысалы, ол Жүніс ханның тақ үшін таласта жеңіліске ұшырағаннан кейін Иран

1234
скачать работу

МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ