МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ
Другие рефераты
Қазақ ғылымымен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халкымыздыц тұңғыш тарихшысы Мухаммед Хайдар Дулати (Хайдар Дулат). Енді ғана есін жиып, тәуелзіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үніле бастаған елдің тарихының өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен туркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың қай-қайсысын алсак та, оған жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды.
Солай бола тұрса да осындай біртуар тарланбоз жайлы енбектер бізде жоқтық қасы. Оның өмірі жайлы деректер де аз, ғалым шығармашылығына мемлекеттік тұрғыдан мән беріп зерттеп-бідіп жаткан ғылыми мекемелер де көрінбейді. Оның басты еңбегі әлемге әйгілі «Тарих-и-Рашиди» де қазақ тіліне аударылған жоқ. Бәлкім, бұл Хайдар Дулати шығармасының парсы тілінде жазылып дүние жүзіне шашырап кеткендігінен де болар. Сондықтан да біз осы бір, қайталанбас дара тұлғаның өмірі мен шығармашылығына кеңірек тоқтап өтуді жөн көрдік.
Тарихтан біз Шыңғысхан жаулап алған жерлерін көзі тірісінде ұлдарына бөліп бергенде, Алтайдан Атырауға дейінгі өлкенің Шағатайға тигенін білеміз. Ал ол қайтыс болған соң, Мәуренахр мен Казакстан жерлерін одан тараған ұрпақтары үзлістермен болса да, кезегімен билеп келгенімен, XIV ғасырдын ортасына таман Шағатай мемлекеті екіге бөлініп, Орта Азияны Әмір Темір (1336—1405) иемденді де, Моғолстан (Жетісу мен Шығыс Түркістан) жағы, қазіргі Қырғызстан мен Қазақстан жерлерін қоса, Шағатай ұрпақтарының қолында қала берді. Өзі тұрақтап қалған мемлекеттін шекарасы жайлы Мұхаммед Хайдар Дулати былай дейді: «Моғолстанның шығыс шеті қалмақ жерімен шектесіп Барыскөл, Еміл, Ертісті қамтиды. Терістікте оған Кекше теңіз (Балқаш), Бұм, Каратал қарайды. Батыста —Түркістанмен, Ташкентпен, оқтүстігінде Ферғана уалайатынымен, Турфанмен шектеледі».
Хайдар Дулатидін бабалары кезінде осы елдін тарихында үлкен рөл атқарып, биік мансапқа ие болған Жетісу мен Қашғарды мекендеген дулат тайпасының белгілі бектері еді. Олардық Моғолстан тағына өз адамдарын отырғызған сәттері де болған. Қалық қол басқарып, ерлік көрсеткеніне риза болган хан әулеті Шағатай тұсында-ақ ғалым бабаларына Маңлай Сүбе деп аталған осы күнгі Қашғар жерін сыйга тартқан. Олар онда жеке патшалық құрды. Бірақ тақ, үшін таласта Дулат тайпасы да өзгелер секілді өзара тартыскатүскен. Соның салдарынан Қашғарияны ғалымның Мұхаммед Хайдар ныспылы аттас бабасынан Әбу Бәкір Дулати деген тағы бір атасы 1480 жылы тартып алып, Ақсақ Темір ұрпақтары билеп тұрган Орта Азияға кетуге мәжбүр еткен.
Бірақ жаңа мекенінде де ғалым бабасының тыныш өмірі ұзаққа созыла қоймаған. Жошы ханнын батыс Сібірді мекен еткен кіші ұлы Шайбанидің әулеті Ақсақ Темір ұрпақтары арасындағы алаусыздықты пайдаланып, олардың жерлерін тартып алуға әрекеттене бастаған. Бүл іс Шайбани тұқымынан шыққан Әбілхайыр хан (1412—1468) тұсында басталғанымен, оны ханның немересі Мұхаммед Шайбани ғана жүзеге асыра алды . XV ғасырдың соңына таман Дешті Қыпшақ елінің басын кұрап, үлкен күшке айналдырған ол, енді ат басын Мәуеранахрға қарай бұрды. Бұл ретте Ашанас, Сығынақ,Өзкент, Аққорған, Қыпшақ, Сауран секілді Сырбойы қалалары мен қоныстарын өздеріне бағындырған көшпелі өзбектерге тақ үшін таласып қырық-пышақ болған Темір әулеті жөнді тойтарыс бере алмады. Орта Азияға бірнеше бағытпен сыналап енген шайбандықтар бірте-бірте Ташкентке жақындай түсті.
ТАШКЕНТ —БҰХАРА. 1499—1508 ЖЫЛДАР.
Мухаммед Хайдар 1499 жылдың осындай қиын-қыстау күндерінің бірінде Ташкент қаласында Мұхаммед Хусайын Дулатидің (?-1508) отбасыңда дүниеге келді. Мұхаммед Хұсайын ұлына жоғарыда айтылғандай өз әкесі Мұхаммед Хайдар Дулатидің атын берген. Өйткені Әбу Бәкір Дулати Қашғариядан қуып жіберген Мухаммед Хайдар Дудати ол кезде тірілер санатында жоқ еді.
Хайдар мырзаның әкесі Мухаммед Хұсайын да жастайынан билікке араласқан. Оның үстіне есейіп, оңы мен солын таныған кезде Моғолстанның билеушісі Шағатай ханның ұрпағы Жүніс ханның (1415—1487) кіші қызы Хуб Нигар ханымға үйленеді.
Жүніс ханның үлкен әйелі Исан Даулат бикеден екі ұл (Султан Махмұт хан (1443—1508); Сұлтан Ахмет хан (1465-1503), үш қызы (Миһр Нигар ханым, Құтлык Нигар ханым, Хуб Нигар ханым) бар еді. Миһр-Нигар ханым Әмір Темірдің Жалал ад-Дин Миран шаһ (?—1408) атты үшінші ұлының шөбересі Сұлтан Ахмет мырзаға (?—1494) ұзатылған-ды. Ал Құтлық Нигар ханьімға оньің інісі Омар шейх (1455—1494) үйленіп, одан атақты ойшыл, акын, қолбасшы Мухаммед Захир ад-Дин Бабыр (1483—1530) туған, яғни ол Мүхаммед Хайдар Дулатиға бөле еді.
Хайдар мырза шыр етіп дүниеге келгеннен-ақ тағдыр тауқыметін көп тартқан, 1501 жылы ол екі жасқа толғанда анасы қайтыс болады. Ол жайлы Бабыр өзінің атақты, «Бабырнамасында»: «Менің шешемнің сіңлісі Хуб Нигар ханым жарық дүниемен қоштасыпты, оны анамыз екеумізге Ұратөбеде естіртті»-дейді.
Бабырдың әкесі Омар Шейх Ферғана уалайатының билеушісі болатын. Сырдарияның жағасына орналаскан астанасы Ахсикентте 39 жасында «жардан үшып жан тәсілім еткен соң», оның иелігіндегі жерлерді Шайбани хан басып ала бастайды.«Бұл-«байтал түгілі, бас қайғы» болған заман еді.
Ташкентті 1482—1485 жылдары Жүніс хан басып алғанымен, соңынан оны (1490) Хайдар мырзаның әкесі Мұхаммед Хусайын Дулати кайнағасы Махмұт ханның атынан билеп тұрды. Мұны ағылшын шығыстанушысы Ч. А. Стори де (1888—1967) «Мұхаммед Хусайынды Ташкенттің билеушісі етіп қашғарлық Махмұтхан қойып еді» деп растайды.
Мухаммед Хусайын Омар шейхпен көңілі жарасқан достар екен. Сондықтан да ол Ахсикентте баз бір кездері онымен екі жыл бірге тұрыпты. Артында калың елі дулаттар тұрғандықтан да, ол өз иелігін мығым ұстаған. Айтқаны орындалып, дегені жүрген, халқының қадірлі адамы болған. Сөйткен МұхаммедХұсайын ұлына Маула Мухаммед атты білімді де білікті кісіні тәрбиеші етеді. Ол бала құран кәрім сүрелерін жаттатып қана қоймай, әліппе де оқытып, сауатын ашқан, жазу, сызуға үйреткен. Ч.А. Стори Хайдар мырзаның дәріскерлері ішінен Мұхаммед Кади ныспылы Мухаммед бин Бурһан ад-Дин Самарқанди (?—1516) атты белгілі оқымыстының да атын атап кеткен.
Хайдар мырза бірақ Мұхаммед Шайбани зобалаңына байланысты оқуын жалғастыра алмаған. Өйткені оның балалық шағы, жоғарыда айтылғандай, Мұхаммед Шайбанидің Орта Азияның қалалары мен қоныстарын, елді мекендерін басып алып,ӘмірТемір ұрпактарын куа бастаған кезге тұс келді.Шынында да Мухаммед Шайбани аз ғана уақыт ішінде, яғни 1500 жылы Бұхара, 1501 жылы Самарқан, 1503 жылы Ахсикентпен Ташкентті, 1504 жылы Әндіжан, 1505 жылы Хорезм, 1507 жылы Герат, Астрабад, Гурганға да ту тігіп үлгерді.Басқыншының тегеурініне шыдай алмаған Бабыр соғыса-соғыса Кабулға қетуге мәжбүр болды.
1508 жылы осындай аласыпыран кездері Хайдар мырзаның әкесі Мұхаммед Шайбани кісілерінің қолынан қаза табады. Жетім қалған Хайдар мен әпкесін туыстары әуелде Бұхараға паналатқызады. Соңынан тәрбиешісі екеуін Бадахшанға аттандырады.
ҚАЛА-И ЗАФАР. 1508—1509 ЖЫЛДАР.
Шайбандардың құрығы жете қоймаған жерлердің бірі таулы Бадахшан мен оның астанасы Қала-и зафар болатын. Әмір Темір ұрпақтарының асуы киын таулар ортасындағы иелігі болған осы шаһар — «Қала-и зафар», яғни «Жеңіс қаласы» деп тектен-текке аталмаған-ды. Соңғы жылдары ол Сұлтан Махмұт мырзаның Хан мырза, кейде бірак Мырза хан деп те аталып кеткен. 9жасар Хайдар мырза, сөйтіп жауға оңай алдыра қоймайтын.
Қала-и зафар қамалына 1508 жылдың соңғы айларында келген. Содан мұнда ол 1509 жылдың қарашасына дейін болған. Хайдар мырзаның мұнда өткізген кезеңі жайлы әлі-әзір қолымызда деректер жоқ. Оның мұнда бір жылға жетпей-ак тағы да өзге мекен іздей бастауының да себебін білмейміз. «Жау кай жақта’» деп елеңдеумен күндері өтті ме, кім білсін?! Ақыры ол Кабулдағы бөлесі Бабырға кетеді.
КАБУЛ.. 1509—1512 ЖЫЛДАР.
Арып, ашып жол азабын көріп барған Хайдар мырзаны Бабыр жақсы қарсы алған.Бауырына басып жас мырзаның басынан сипап, бетінен сүйіп өз баласындай көрген еді. Әйтпесе Бабырдың өзі де қиын жағдайды бастан кешіп жатқан-ды. Қабулға келіп коныстанғанымен іштен шыққан дұшпандары мен ізіне түскен жауларының оны жан-жақтан аңталап тұрған кезі болатын. Соған қарамай, Бабыр жас бөлесіне қолынан келген жақсылығын аямаған. Кейінірек Бабыр ол жайлы: «Жүніс ханның үшінші қызы — Хуб Нигар ханым. Оны Мұхаммед Хұсайын… Дулатқа атастырған. Одан ол бір қыз, бір ұл көтерді. Қызын Убайд хан (Убайдаллаһ хан,,Мұхаммед Шайбанидың немере інісі, 1539 ж. қ. б.— Ә. Д.) алды..Мен Бұхара мен Самарқанды басып алғанымда, ол орнын ауыстырмай сонда қалды. Оның немере ағасы Сейіт Мухаммед мырза маған Саид ханнан елші болып, Самарқанға келгенде, ол соған еріп кетті. Кейін оған сұлтан Сайд хан үйленді.
. Осы ретте айта кететін жайт— Бабырдың ол жайлы: «байсалды азамат болып жақсы жолға түсіпті деп естідім» деген жолдарында бір сыр бар сияқты. Хайдар мырза туралы оның бұлай жазуына не себеп болды? Оған жауап беру үшін сәл шегініс жасау керек сияқты.
Балалық шағының өзінде-ақ өліспей беріспес айқас, тақ үшін таластың талайын көрген Хайдарды ешқандай да соғыс, еш қандай да майдан шошыта алмаған еді. Кабулға келген соң ол Бабырмен бірге талай жорықтарға қатысып, жас та болса «етікпенен саз кешіп, ауыздықпен су ішкен» күндер мен түндерді өткізді. Сөйтіп жүргенде ол сарай адамдарының бірінен әкесі Мухаммед Хұсайын Дулати мен Бабыр арасында тап осы Кабулда 1506—1507 жылдар арасында болған жайсыз оқиға туралы естіген сияқты.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|