Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұхтар Әуезовтың Хан Кене трагедиясындағы Алашшылдық идеяның көріністері

нның, дәуір мен тағдырдың, тұлға мен халықтың қарым-қатынасын әдеби бейнелер арқылы көрсетіп, қазақ ұлтының тарихи болашағына толғанып ой жібереді. Жазушы шығармашылығында көркем сомдалған тарихи бейнелер терең философиялық мән табады. «Хан Кене» трагедиясының сюжеті «терең филисофиялық сарындарға толы. Бірақ бұл жайлар әдебиеттану ғылымында жете зерттелмей келеді. Кенесары тағдыры біздің санамызда жалпы адам баласындық мәселені қозғайтын сауалдарды тудырады. Адам өмірінің мәні неде? Тұлға тағдырын, ұлт тағдырын қандай сапалар айқындамақ? Кенесары ханды дүние қызығынан, қазына байлықтан бездіріп, азаттық күресінің жолына жетелеген қандай күш? Ол бұл майданға не мұратты көздеп шықты? Бұл сұраулардың жауаптары жеңіл емес» [5, 177].
Ең алдымен, Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінде қазан төңкерісіне дейінгі халық тарихының шежіресін жасауда ерлікке барабар батыл қадам жасады. Өйткені бұған дейінгі кезеңде тарихи тақырыпқа салқын көзқарас ұлттық әдебиетте ұзақ уақытқа дейін белең алып келді. Тарихи тақырыпқа деген ерекше ұмтылыс елуінші-алпысыншы жылдарда байқала қойған жоқ. Оның өзіндік себебі де бар еді. Ұлы Отан соғысы есеңгіретіп тастаған ел әлі де есін жиып үлгере қоймаған.
Қазақ әдебиетін әлемдік аренаға шығаруда, қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салуда, қазақ драматургиясының, қазақ сахна өнерінің іргетасын қалауда – жалпы қазақ мәдениетін дамытуда көшбастаушылықтан бір танбаған Мұхтар Әуезов тарихи танымды таразылауда да сол дағдысынан айнымапты. Олай дейтініміз, 1928 жылы ол «Хан Кене» атты пьеса жазып, қатерлі 1934 жылы аталмыш шығарманы сахнаға қойыпты. Бір таңданарлығы, дәл осы аралықта, яғни 1930 жылдың 17 қыркүйегінен 1932 жылдың 20 сәуіріне дейін ол тұтқында болып, өзінің «ұлтшылдық», «байшылдық» көзқарастары үшін үш жылға шартты түрде қамауға кесілген. Одан соң, 1932 жылдың 10 маусымы күні «Социалды Қазақстан» газетінде жарияланған «Ашық хатында»: «мен өз шығармаларымның көпшілігінен анығында беті ашық ұлтшылдық күйіндегі жазушы боп шықтым» 6, 264 деп кешірім сұраған М.Әуезовтің «Хан Кене» пьесасы премьерадан соң «халықтың қас жауы, кертартпа хан – Кенесарыны» суреттегені үшін репертуардан алынып тасталған. Әріптестерін бірінен соң бірін қамауға алып, өзі түрмеден енді ғана босанған тұста басын қатерге тігіп, осындай шығарма жазып, қазақ тарихындағы тәуелсіздікке, дербес ел болуға ұмтылған ең елеулі қозғалыстың маңызын айқындап түсіндіріп, өзінің алашшыл идеясын әдебиетке паш етті.
«Хан Кене» пьесасы жазылғанына елу үш жыл болса да жарық көрмей, М.Әуезов мұражайының қызметкерлерінің ерлігі арқасында 1983 жылы жиырма томдық шығармалар жинағының он төртінші томына енгізілген. Бұл туындының көркемдігі, академик Рымғали Нұрғалидың сөзімен айтқанда, «драмалық жанрдың барлық талап-тілегіне толық жауап береді» 7, 188. Шығармадағы жиырма екі кейіпкердің барлығы да тарихи тұлғалар, қозғалыстың басы-қасында болған жандар. Пролог пен қырық жеті көріністен тұратын бес перделі тарихи пьеса жылдың қыркүйек айындағы Кенесарының хан сайланған кезеңінен бастап, өмірінің соңына дейінгі, яғни 1847 жылдың жазына дейінгі аралықты қамтиды.
«Алашорда» қайраткерлері тап болған зауал әлемдегі бір де бір ұлт-азаттық қозғалыс басынан кешпеген зауал еді. Оларды патшалық монархия бір, империялық мемлекет екі, кеңес өкіметі үш жақтан жаныштап, қуғын мен түрмеден көздерін аштырмады. Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов те сол «қилы заманға» тап болды. Ұлт азаттығы үшін ұмтылған ұрпақтың өкілі ретінде қазақ халқының саяси, әлеуметтік және рухани бостандыққа жетуіне барлық азаматтық қажыр-қайратын жұмсады. Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Халел, Жаһанша Досмұхамедовтерді рухани дос ете жүріп, қазақ мемлекетінің дербестігі үшін жанын сала еңбек еткен Мұхтар Әуезов азаттық жолына барлық жастық қуатын арнады» 8, 186.
Бұған дәлел ретінде жазушының 1932 жылы жазған «Ашық хатын» алуымызға болады. Кеңес өкіметінің барлық жазалау саясатын басынан өткерген М.Әуезовтің тағдырына бұл хаттың ерекше әсері бар. Сол кездегі саяси жағдайға байланысты өмір үшін өнерінен бас тартудан басқа М.Әуезовтің лажы жоқ еді.
Қазақстан Республикасының бірінші басшысы болған Голощекин қазақ зиялыларының көзін жою мақсатымен 1928 жылдың күзінде жаппай жазалау науқанын бастады.
Қазақ ұлттық театрының тұңғыш директоры Дінше (Дінмұхамед) Әділовті қамаудан бастау алған, одан басқа жетпіс бір адам тартылған Ұлттық Қауіпсіздік Комитетіндегі тергеу ісі 1928 жылдың 17 желтоқсанында басталған. Жетпіс бір адамның ішінен жоғарыда аталған ашық хатты жазған Мұхтар Әуезов пен қазақтың алғашқы математик, профессоры Әлімхан Ермеков қана тірі қалған. Бірақ олардың тағдыры барлық саяси жазалау кезеңдерінде басты нысана болды.
Пьеса театр сахнасынан аластатылғаннан кейін «Мұхтар Әуезов бұл шығармасына қайта оралған жоқ, өйткені ол өзінің концепциясын болашақ «Абай жолы» арқылы оны өткізу жолынан қарастырады. Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің даналығы – ол жүйеге қарсы тура шабуылдан беті қайтқан кезде оның тылын айналып өтіп, маневр жасай, өзінің мәңгілік ұлы туындысы «Абай жолы» арқылы осы концепциясының негізгі буындарын өмірге келтірді, өз есімін биік тұғырға қондырып, өшпес есімін мұрат етіп мәңгілікке қалдырды» 9, 3.
Мұхтар Әуезов «Хан Кене», «Қилы заман» сияқты шығармаларынан өздігінен бас тартқан деудің ешбір қисыны жоқ. Бұларда жазушы отаршылдықты әшкерелеп, халықтың басына түскен ауыр жағдайды тебірене бейнелегені белгілі. Кейін мүмкіндік туғанда «Қилы заманды» қайта өңдегені «Хан Кененің» қазақша екі нұсқасын, орыс тілінде үшінші нұсқасын жазып шыққаны тегін болмаса керек.
Әуезов – өз ұлтын қадірлей білген ұлтжанды азамат. Тек Әуезов қана емес, басқа да қоғам қайраткерлері, әдебиет өкілдерінің жеке өмірі мен шығармашылығын таразының екі басындай теңдей етіп көрсетуде ешкім мәжбүрлік етпеуі тиіс. Мұхтардың аталған жылдардағы шығармашылық қызметін, азаттық идеясын сөз еткенде, ең алдымен сол тұста орын алған саяси-әлеуметтік жағдайларға иек артатынымыз анық. Себебі жазушының ойға алған мақсатын, идеясын жеке алып қарастыратын болсақ, тағы да шындықтың сыртынан тон пішкен болар едік.
Уақыт тереңіне көз жіберсек, бұл жылдар қазақ қаламгерлерінің үлкен шоғырына талай аласапыран кезеңдерді бастан өткергізген. Өйткені олардың көпшілігі патша өкіметінің қанқұйлы саясатын әшкерелемек болған. Коммунистік идеология бұл тақырыпты қозғамауға барын салды. Халықты сендіру үшін олар «мұндай тақырыптар ұлтараздық қақтығыстарды қоздырады» деп тұжырымдады. Ал азаттық идеясымен қаруланған қазақ жастары мәдениет және ағарту саласында қауымдасып, бірнеше ұйымдар құрып, қимыл-әрекетке көше бастады. Алаш өкіметі мен Алаш партиясының және «ұлтшылдық» әдебиеттің жасаған істері олардың күрес жолындағы идеяларының көрінісі болатын.
Алашшылдардың ресми өкілі болмаса да, Мұхтар олардың маңайында жүріп, ұлт мүддесі жолындағы істерге араласып, қолдау көрсетіп отырды. Оның ең алғашқы жарық көрген мақаласынан бастап-ақ ұлттық идеяларды жетекші сарын етіп, кейінгі мақалаларында жалғастырғанына дәлел көп. Сондықтан М.Әуезов шығармаларындағы ұлт-азаттық сарындарды айқындауда жазушының қайраткерлік қызметі публицистикалық ізденістерімен тығыз байланыста қарастырылуы тиіс.
Қара халықтың басына түскен 1916 жылғы көтеріліс қаупінің бұлты төнгенде оларға басу айтып, үгіт-насихат жүргізуде бір «Қазақ» газетінің шамасы жетпей жатқанда, екіге жарылған қазақ зиялыларын топтасуға, бірігіп күрес жүргізуге үндеп, «Қазақ қалам қайраткерлеріне», «Ескеру керек», «Қазақ оқығандарына» тағы басқа мақалалар жазған М.Әуезов болатын.
Жазушының ұлт-азаттық идеялары тек мақалалары мен зерттеу еңбектерінен ғана емес, тарихи тақырыптағы көркем шығармаларынан да көрініс тауып жатады. Жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы қаншама кедергілерге қарамастан бұл тақырыпқа қалам тартушылар батыл қадамдар жасап, орыс отаршыл империясы салған сойқанды ашық көрсетуге тырысты. Әуезовтің де ақиқат шындықты жазған «Қилы заман», «Хан Кене» сияқты шығармаларында коммунистік идеология, таптық көзқарас жоқтың қасы.
Елінің еркіндік жолындағы қаһармандық күресін жырлаған шығармасы үшін жазушының көп қуғын көріп, ауыр жапа шеккенін баян ететін бір мысал – «Хан Кене» трагедиясының тарихы.
М.Әуезовтің бұл шығармасы отызыншы және елуінші жылдарда республикалық газеттер мен журналдардың беттерінде өршіген өткір әдеби айтыс-тартыстың нысаны болды. Осы дауда қырағы «қызыл көздер»: «Хан Кене» – контрреволюциялық пьеса», ал «М.Әуезов шығармашылығының бастапқы кезеңі совет өкіметіне қарсы жаулық әрекетке бағышталды», – деген болатын.
Халық жүрегінде сақталатын мәңгілік шындықты келешек ұрпаққа жеткізетін де, жаңғыртатын да уақыт және қаламгер. Тарихтың бүтіндігі мен кемшілігінің санада дұрыс қалыптасуы көп жағдайда қалам иесіне байланысты болып жататыны рас. М.Әуезов «Хан Кене» трагедиясы арқылы тарихты, тарихи ақиқатты жаңғыртты. Оқиға шындығымен қоса, ел есінде мәңгілік сақталған Кенесары, Наурызбай, Ағыбай секілді қаһарман есімдері де тарих қойнауынан үн қатқандай болады.
Жетпіс жыл бойы өткен тарихымызды, ұлтымыздың өткен ғасырлардағы өмір ақиқатын дұрыс танып біле алмадық. Халқымыздың қаһармандары – хандар мен батырларды теріс қырынан көрсетуге тырысып, азаттық үшін болған ұлт-азаттық күрестерді феодалдық, ұлтшылдық көтерілістер деп таныдық. Ұлт тарихына деген кеңестік саясат көзқарасы осылайша болды. Ел тарихын, ірі тұлғаларымыздың ерлігінің мәнін бүгінгі
123
скачать работу

Мұхтар Әуезовтың Хан Кене трагедиясындағы Алашшылдық идеяның көріністері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ