Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұхтар Мағауин

бүйдедім: Сталинді ХХ ғасырдың ұлы ақыны Анна Ахматова мақтаған. ХХ ғасырдың ұлы жазушысы Пастернак мақтаған. Бүкіл дүние таныған Мандельштам мақтаған. Басқаларды тізбелемей-ақ қояйын. Бірақ солардың бәрі де Жамбылдан артық келістіріп жырлай алмаған. Өйткені,  олардан Жамбылдың ақындық таланты артық еді. Міне,  осы іспетті ілгішекті, біздің Жәкеңе тиісе сөйлеу, кекету қазіргі орыс басылымдарының сарынына да айналғандай. Бұл – империялық астамшылдық пікір,  қазақты мұқатудың бір түрі.

Шынтуайтына келгенде ақын қиялынан туған асыл сөз тозбайды, уақыт озған сайын түрленіп,  жаңара  береді.  Біз Жамбыл толғаған мадақ,  марапат жырларының бәрін қазақ әдебиетінің, қазақ поэзиясының ескірмес озық үлгісі деп қарауымыз керек,  қазақ сөз өнерінің мәңгілік ескерткіші деп қарауымыз керек. Сондықтан да жарқыраған жаһұт жырымызды келер ұрпаққа сол саф күйінде жеткізуіміз керек.

Пендешілікті қойсайшы. Әйтпесе, жақсы жырладың деп жыр-жүректі жосықсыз жазғырмас едік-ау…

 

 Қастеріміз де,  қасиетіміз де

Тәуелсіздік! Ақ түйенің қарыны жарылғандай ақжарылқап заман талай тұманың бітелген көзін ашқан. Бұрын-соңды естімеген батыр бабаларымыздың, әулие аталарымыздың, орақ ауызды, қырғи  тілді шешендеріміздің, тарих шежіресінен сызып тастап, жадымыздан мүлдем өшіре жаздаған небір баһадүрлеріміз бен бәйтеректеріміздің есімдерін түйдек-түйдегімен жалғанның жарығына шығарып әйгілей бастаған.

Қазақтың ұзақ сағына күткен қуанышы жылдарға ұласқан еді. Орыс патшалары мен батырларының, АҚШ президенттері мен астронавтарының аты-жөндерін жөргегінен шықпай жатып жаттап өскен өзіміздің мәңгүрттер мен шүршіттер қалың ұйқыдан оянғандай. Тіпті, қайсыбірлері: “Бұ неғылған толып кеткен батырлар мен билер, әулиелер мен әмбиелер, жазушылар мен ғалымдар? Шынымен-ақ, бәрі де біздің қазақтан шыққан ба, осы?!» деп екіұдай күй кешкен.  Есімдерін еміс-еміс білетін, күні кеше ғана өмір сүрген қазақ зиялыларының мерейтойларын бірінен соң бірі салтанатпен, дүрілдетіп өткізе бастағаны бар.

Қазекемнің ежелден қанына сіңген қасиеті емес пе. Үлкенді-кішілі, әртүрлі деңгейдегі той-томалақ ұлан-байтақ еліміздің түкпір-түкпірінде жарыса өткізілді. Жай ретімен, өлшемімен өткізілсе бір сәрі. Баяғы бәсеке, баяғы тыраш, баяғы даң­­ғаза. Шеттен шыққан астамшылықтың, дарақылықтың соңы ұлыларды ұлықтау емес, әркім жарыса өз ата-бабасын, өз руын дәріптеуге ұласқан.  Мұндай аста-төкте көзге бірден оғаш көрінгені – оңды-солды шапан жауып, шапан үлестіру.

Алғашында жоғалып кеткен салт-дәстүріміздің, әдет-ғұрпымыздың үзігіндей жылыұшырайтын жоралғылар тым аз уақыттың ішінде жиіркентіп жібергендей еді. Осыны жан дүниесімен байқаған аса сезімтал ақынымыз, халқымыздың біртуар ұлы Олжас Сүлейменов бір аламан тойдың үстінде:

– Айналайын қазақтар, бұдан былай орынсыз шапанизацияны тоқтатайық, – деп әдемі ескертті. – Керісінше, өзіміз ел болып төбемізге көтеріп отырған бабаларымыздың, я болмаса үлкенді-кішілі юбилярларымыздың мерейін асқақтататын тамаша ілтипатымыз бен құрметімізді көрсетейік. Өзімізді танытайық.

Бұл ойды заматында қаузай түскен тұла бойы тұнған қазақ, әйгілі қаламгер Мұхтар Мағауин:

– Олжекеңдікі өте дұрыс. “Шапанизация» сөзінің астарына тереңірек үңілейік. Ол мына жалпақ жұртқа қазағымның ең қастерлі киімі – шапан мен қалпақты аяқасты етпейік, өзіміздің ұлттық дәстүрімізді қасиеттей білейік дегенді мегзеп тұр. Әсіреқызыл әрекеттің несі жақсы дейсіз.

Иә, ойшылдардың ордалы ойы әрдайым қарапайым сөздермен өрілсе керек. Олжастың аузынан шыққан сұңғыла сөз іле ғибратты тәмсілге айналып кеткені де баршаға аян.

 

 “Маған өз қаламдастарым қымбат»

…Бүкіл шығармашылық ғұмырының нобай-сұлбасын “Алтын дәптеріне» студенттік жылдардың өзінде-ақ шегелеп түзіп қойған Мұхтар Мағауин әр күнін емес-ау, әр сағатын текке жібермеген. Бәйге сәйгүлігіндей жараған қуатты қаламы әмсе керме көгінде. Бабы келісті де, керім.  Сергек, серпінді, сенімді қаламы ұшынан ұшқан қанатты ойлар ешкімді де бейжай қалдырмасы және анық. Үлкен өмірдің тіршілік-тынысын қалт жібермей қадағалап отырар бейне барометрдей. Бәрі-бәрін мүлтіксіз сезеді-ай!

Қиял ұшқындары роман, хикаят, әңгімелер желісіне ұласып, ақ парақ бетіне төгіліп жатады мөлтілдеп. Ілкі сәт сол арынды ағыстарын ірке тұрып айнала-төңірегіндегі қым-қуыт құбылыстарға үн қосады. Дер кезінде қалам сілтемесе, көмейіне кептеліп, тіл ұшына жетіп келген кескекті пікірлерін шідерлемей оқырманмен бөлісу Мұхаңның ежелден қанға сіңген қасиеті. Өзгелерден әмәнда оқшаулап тұратын да өзіне ғана тән осынау серек мінез.

Сондықтан да былғары қолғаптың баһадүрі Бақтияр Артаевтың айдарлы жеңісіне ұлының жемісіндей, қазағының қуанышындай айғайлап жар салады.  Ағынан ақтарыла, төгіле сыр шертеді.  Тебірене, толғана қалам тербейді. Мұны “Егеменнің» төл оқырмандары ұмытпаса керек…

Әпербақан әкімдер мен топас тоғышарлардың жазықсыз сілтеген балта жүзінде оталған орман-тоғайдың мүшкіл де, мүскін халіне күйінеді. Не істемек?! Амалсыз керулі кермедегі зұлпыхардай қылпылдаған қаламына жүгінеді. Аһ ұрып, қара жерге сұлаған қарағайлардың сыңсуын естір құлаққа жеткізуге асығады. Табиғатқа араша дабылын қаламмен қағады. “Жанайқай» айдарымен газетіміздің бірінші бетінде жарияланған бұл өткір сын мақаланың да үлкен жаңғырық туғызғаны мәлім.

Әдебиет әлеміндегі әйдіктер мен жазу-сызуды төңіректеген әпіл-тәпілдердің жетістіктеріне қуанып, кемшін тұстарына кейістік танытатын қаламгердің қырғи қиығы қиядағыны шалады. Тізгінді тежемей, пікірін бүкпей, мұхит ойдың селін тасқындатады-ай!..

Осындай пікір-сайыс шарпысуы үстінде күмәнді де, күрмеуі көп сауалдардың түйіндерін шешер дәлелді жауаптарын ортаға салуды ұмытпайды.

– Менің ойымша, қаламгердің жазушы болсын, ақын болсын мықтылығы мен танымалдығы шет елде шыққан кітабының санымен өлшенбеуі  керек. Әсіресе, ұлттық әдебиетіміз бен өнердегі үрдістерді бағалаудың жөн-жосығы бөлекше. Ең бастысы – өз жұртымыздың қажетіне жарау. Осы орайда өз басым пәленбай деген халықтың әлем таныған кереметін Абай мен Мұхаң тұрыпты, Шортанбай мен Мұратқа айырбастамаймын. Басқалардың классигі кім болса да, маған Нұрпейісов қымбат. Еңбегі танымал алдыңғы легіңіз тұрыпты, кейінгі жасы да, атақ-дәрежесі де ортаңғы топ санатындағы марқұм Марат Қабанбаев пен көп жасағыр Сұлтанәлі Балғабаевтардың деңгейлері өзгелерден көп биік. Сондықтан да маған, менің жүрегіме әлгінде айтқанымдай өз қаламдастарым әрдайым қымбат, әрдайым жақын.

– Қазақ әдебиетінің қазіргі күйін қалай бағалайсыз?

– Ұдайы алдымнан шығар бұл сұраққа мен бейнелі түрде жауап бергім келеді, – деді Мұхаң сәл ойланып тұрып. – Алатаудың үлкенді-кішілі көк тіреген шоқыларын көз алдарыңызға елестетіп көріңіздерші. Бірін бірі көтеріп тұр.  Қазақ әдебиеті де жазаңдағы жалғыз шоқы емес, сол Алатау сияқты, іркес-тіркес, жүлгелі аумақ,  айдынды, басы бұлтқа жеткен заңғар, ұлы тіл, ұлы рух, үш мың жылдық үздік дәстүр туғызған өзгеше құбылыс. Анық ақиқаты осы.

 

Жазушының ерлігі

Қаламгерлердің шығармашылық ұстаханасына тереңірек үңілген сайын көптен бері жоғалтқан әлденеңді тапқандай жан сарайың байып, көңілің марқайып, ойың қанаттанып рахат күй кешесің-ау. Түс қашып, түн қатып жүрген газетшілердің мұндай мезетті әмсе бастарынан өткізе бермейтінін жасыру мүмкін емес. Өйткені, кітап оқымайтын журналистер көп. Бая-ғы-ы “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» республикамыздағы әр баспадан тәулігіне бір кітаптан шығып жататын дәуірдің көзден бұл-бұл ұшқаны қаша-а-н. Сөйтсе де аузымызды қу шөппен сүрту асылық болар. Еңсе көтерген ежелгі баспаларымыздан, іскер кәсіпкерлердің жекеменшік баспаханаларынан аткөпір болмаса да, тұщымды тәуір дүниелер жарық көруде. Солардың өзін іздеп жүріп, бас көтермей оқитын журналистердің уақыты жоқ.

Күнделікті газеттің бес-он жол хабары үшін ертеден қара кешке шейін салбөксе желіске түсіп, бүкіл бір күннің оқиғасын қас-қағым мезгілде жылт еткізіп жүгіртіп шығатын электронды “басылымдардан» қалып қоймай, жандары танауларының ұшына келген журналист ағайын қайдан кітап оқысын. Тіпті, дені өз әріптестерінің жазған мақалаларын оқымайды, газетінде не жарияланып жатқанынан бейхабар. Ащы шындық! Бас қатырмай-ақ қойыңыз. Қасыңыздағы қаламдастарыңыздан сыр суыртпақтап, пікірлесіңізші. Бәрін жайып салады. Еріксіз бас изейсіз. Ешкімді кінәлай да алмайсыз. Заман, уақыт ағысы осылай.

Бұл жәйт ұзын санынан жаңылар үлкенді-кішілі газеттердің біразына тән. Себебі, күн сайын сенсация, жағаңды ұстатар оқыс оқиғаға жолықпасың айдай анық нәрсе. Ал ойландыратын, толғандыратын, келешек көкжиегіне жанар салғызар дүниелерді саралап оқитын оқырмандар қатары селдір-селкем. Даңғаза байбаламға ұрынған ұрпақтың бойынан ұшырасар қасіретті “қасиеттің» ең сорақысы да, ең қауіптісі де осы бейқамдық, айнала-төңірегіне жүрдім-бардым селқос көз тастауы…

Арагідік әріптестер ішке сыймаған осындай келеңсіздіктерді тілге тиек етіп, жазушының жанкештілігі жайында біраз ойлар ортақ арнаға ойысқанда өзара тоғысып жатқан-ды.

– Мұхтар Мағауин кесек тұрпаттағы жазушы. Бір ғажабы, өз позициясынан бір елі айнымаған. Кеше де, бүгін де. Еменнің қарсы біткен бұтағындай мінезін әркім әрқилы түсінеді. Сосын… анау бүйтіпті, мынау сүйтіпті деп жатамыз. Бәрі – бос сөз. Мағауиннің ерлігі – “Қобыз сарыны», “Бір уыс бидай», “Тіленші» тәрізді туындылары. Күні кеше ғана Солженицынның сандырағына, орыс тілді басылымдардың байбаламына алдаспан-қаламымен жауап берді емес пе, – деді ж

123
скачать работу

Мұхтар Мағауин

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ