Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұхтар Мағауин



 Другие рефераты
Майлин Бейімбет (Бимағамбет, 1894-1938) Мағжан Жұмабаев (1893-1938) Құнанбайұлы Абай (1845-1904) Құдайбердіұлы Шәкәрім (1858- 1931)

АЛДАСПАН

Алтын жұмыртқа

Қылыш шағында-ақ әдебиет көгінен жарқырап шалынған Мұхтар Мағауиннің жұлдызы бүгін де тым биіктен, тым дара көрінеді. Қырық жылдан кейін баспасөз бетін көрген бозым қаламнан туған “Бір уыс бидай» аталатын алақандай әңгімеден бастап, байсал тұста жазылған “Қыпшақ аруы» психологиялық әфсана хикаятына дейінгі аралықта қалың оқырманның рухани жауһарына айналған талай тамаша туындылар жазушының аты-жөнін Темірқазықтай әйгілегені күмәнсіз ақиқат. Еш күлбілтелемей, міңгірлемей мойындаған жөн. Ал қаламгердің кілең кереметтерінің ішінен сүзіп алар інжу-маржандардың көшбастаушысы ретінде ұдайы “Қобыз сарынын» ойланбастан ауызға алатыны бекер емес-ау. Оны жіті байыздап, тап басу үшін жанкешті жазушының жан-дүниесіне тереңірек бойлап, сыры сан қатпарлы, сан қабатты шығармашылық қазынасына қырағы жанармен үңілуің керек… 

Кез келген әңгіме-дүкенінде, сұхбат сәтінде, алқалы басқосуларда үкілеп, шоқтықтап, ардақтап айтатыны – “Қобыз сарыны» мен “Алдаспан». Мұхаңның аузынан талай мәрте естідік. Өзі де сан дүркін жазды. Ішіне ине айналмайтын ішмерездердің көңілін алаңдатып, ұйқысын қашырған ғажайып еңбектер – Мағауин үшін, бейнелеп айтсақ, алтын жұмыртқа еді.  “Іштен шыққан шұбар жылан» дейтін баршаға ортақ қағида бұл жерге жүрмейді. Сондықтан да сұңғыла суреткер ғасырлар қойнауынан аршып алған әр сөзін, әр жолын, әр ойын қызғыштай қорғайды.

– Жас кезіңде жалғыз алтын жұмыртқа тапсаң, қалған ғұмырың соны қорумен өтеді екен, бауырым, – деген еді Мұхтар аға бір кездескенімде.

Тосын түйін. Пайымды пікір. Ордалы ой орамы.

Бір қуанарлығы, қаламгердің шаршаңқы жүзінен гөрі, келешекті барлаған өткір жанары мен жігерлі үні айрықша назар аудартқандай.

 

Әдебиеттің  археологы

Майталман шебер Мұхтар Мағауиннің қалам қарымы кез келген туындысынан андыздап тұрады. Теңіз дәмі – тамшыдан. Жазушы тілінің шұрайлылығы, қанатты қиялының ұшқырлығы, мұхиттай ойының тұңғиық шалқарлығы мен көркем кестелігін сөз саптауынан ә дегеннен-ақ танисың. Зергердің әсем өрілген зеріндей қас шебердің қаламұшынан төгілген зерделі сөз әмәнда сан қатпарлы астарына те­реңірек үңілдірері анық. Қай тақырыпқа қалам сілтемесін Мағауин мерейін марқайтар айшықты дара қолтаңбасы атойлап қарсы алса керек. Сон-а-ау жаратылыс жаралғаннан, бәлки одан арғы ықылым заманнан бергі төрткүл дүниенің асты-үстінде болған жағдаяттардан бастап, бүгінгі бастан кешіп отырған атом дәуірін көктей өтіп, келешек көкжиектерден барлау-болжам сұлбалай алатын жазушы білімімен кез келген жанның пікір сайыстыруға жүрегі дауаламас. Мұхаң көп оқыған, көп тоқыған. Оның білімі мен білігі  тар аяда, тек әдебиет төңірегінде ғана емес, әлемдік құбылыстардан білмейтіні жоқ. Бір қуаныштысы, оны ол айғайлап айтпайды, өзінің “менін» әр шығармасында – алақандай әңгіме-тәмсілінен бастап, көп планды шырғалаңға толы романдарына дейін, ең ақыры, дүбірлі дүниенің заманауи тыныс-бүлкілінен хабардар етер ой-толғақтарында шеберлікпен жеткізеді. Мұның бәрі қазақ атамның “Білекті – бірді жығар, білімді – мыңды жығар» дейтін ұлағатына саятындай.

Түйген-түйсігі шартарапты қамтыған жазушының қаламнан қалт еткен тұсында әлемдік жыр жауһарларын жастанып оқып, дүние жүзінде ең озық үлгі саналған туындыларға жанар сүзуі әрдайым өз жемісін беретіні де сөзсіз. Кітапқұмар жазушы бірде әдетінше Алматыдағы кітап дүкендерін шетінен адақтап шығып, жаңадан шыққан рухани қазыналармен асықпай танысады. Өзіне ұнаған құшақ-құшақ кітаптарды сатып алған ол сөрелерде жалт-жұлт етіп сірескен ежелгі тарихқа қатысты, археологияға арналған энциклопедияларға, том-том кітаптар мен кере қарыс альбомдарға қызыға қарайды. Әрқайсысын алақанына салып аялай ұстап парақтайды.

– Мұхтар аға, бұларды қайтесіз. Тікелей археология тақырыбына арналған кітаптар ғой, – дейді сатушы қыз қылаусыз кейіпте. – Оның үстіне бағалары да удай. Біразы көне тарих шежіресі сияқты.  Әдебиетке үш қайнаса сорпасы қосылмайды.

– Ой, айналайын, қарағым. Сізге қатысы жоқ, археолог емессіз дейсің бе? – Сәл-пәл үнсіз тұрған жазушы өзіне жылыұшырай кеңес берген таныс та, бейтаныс кітап сатушыға бар ықыласын аударған. – Қателесесіз, қалқам. Мен әдебиеттегі археологпын ғой. Археолог болмасақ, тарихи хикаят, тарихи роман қалай жазылады?! Бабаларымыздан жеткен тарихи тәбәріктей көрінер салхар даланың ескерткіш-жәдігерлері – тас мүсіндер мен биік қорым басындағы балбалдар сырын ұғып, бүгінгі буынға көркем туынды ретінде ұсыну үшін, бізге қалам ұстаған пақырыңа археолог болуға тура келеді. Тарихи деректер мен оқиғалардың қалтарысы мол қатпарларына әдебиеттегі археологтардың ой көзімен үңілгенде ғана шынайы келісті туынды туса керек…

– Түсіндім. – Ұшқары ойының қателігін аңғарған сатушы қыз риясыз жымия  тіл қатқан.

Әдебиет әлемін орда бұзар отызға жетпей-ақ дүр сілкіндірген әуелгі туындысы “Қобыз сарыны» монографиясынан бастап, байсал шағында дүниеге келген “Қыпшақ аруы» хикаятының аралығында әдебиеттің ақиық археологы қашаған кесек те, шоқтықты шығармалар шоғыры талайлардың назарын әлі де өзіне аудара берері бек мүмкін.

 

 Жазығы жақсы жыр жазғаны ма?

Қазақ даңқын аспандатқан Абай тойының дабылы саябырсымаған күйі жаңа дүбірге ұласқан. Алаш жұрты жыр алыбы Жамбылдың бір жарым ғасырлық мерекесіне жаппай жұмылған-ды. Ықылым заман көз жасы құрғамаған, мың өліп, мың тірілген бостан еліміздің тәй-тәй қадамымен келген түйдек-түйдек қуаныштарымызды көп көрген ішмерездер де ұшырасқан алас-күлес кез.  Уысынан шығарып алған әккі империяның жымысқы мысықтілеу саясаты да қыбын тауып аяқтан шалып қалуда. Асыл арыстарымыздың ардақ атына қаңқу лепестерін жапсырып, асқақ арына кір жағуды мансұқ еткен пиғылы бұрыс мүскіндер әр-әредік әр тұстан бой көрсеткені жасырын емес. Өкініштісі, жат ниетті жандай­шаптар қатарында өзіміздің мәңгүрттердің жүруі.

Ұлы жырау тойы қарсаңында олардың оғаш ойларын өз құлағымызбен талай мәрте естідік те. Қызылкеңірдек боп керісіп,  дай-дай боп таласушылардың ұшқары уәжі: “Өмір-бақи кеңестік дәуірді дәріптеген. Қызыл көсемдерді, партияны талмай жырлаған. Әдеби хатшыларының айтып бергенінен онша ұзап шыға алмапты…».  Дүмбілез өркеуделердің өресіздігіне қаның қайнайды-ай! Сөздің нарқы мен парқын парасатпен пайымдай алмаған саңылаусыздар санасының саяздығына қарның ашады. Ал осындай доңайбат көрсетушілерге тосқауыл ретінде қара сөздің алдаспаны Мағауиннен естіген жалғыз ауыз орамды, әмсе көлденең тартамын.

Жазушылар одағының қасиетті шаңырағында өзім аса қастер тұтатын қаламгерді жолықтырдым. Мейірімді шуаққа толы көздері күлімдеген Мұхтар ағаны қаумалай ортаға алған ақын-жазушылар Төлек Тілеуханов, Зейнолла Тілеужанов, Тұрған Тох­тамов, Рафаэль Ниязбеков, Сәрсенбі Дәуітов қызу әңгіме-дүкеніне кіріскенге  ұқсайды. Сөз тізгіні – Мұхаңда. Бар ынта-шынтымен ықыластана құлақ түрген өзгелері үн-түнсіз. Әдептен озбаған қалпы шырайлы әңгіме шырқын бұзбай, қас-қа­бақпен сәлемдесе әріптестер сапына тұра қалдым. Ә дегеннен елең ете түскенім рас. Пікірталас ой-бөліс Жамбыл жайында секілді.

– Оттай береді, – деді  зілсіз жымиған жазушы жебедей қияқ мұртының ұшын ширата сипап. – Жәкеңнің отпен суарылған өрт өлеңдері болмаса, көрер ем гитарасын сабалаған селтекбайлардың әуселесін. Блокаданың шідерлі құрсауын тас-талқан етіп бұзған Жамбылдың қаһарлы толғауы. Ал,  өздерің менен де жақсы білесіңдер. Балшабектердің күн көсемдері Ленин мен Сталин туралы бүкіл жер шары ақындарының арасында біздің Жәкеңдей кестелеп, келістіріп айтқан бірде-біреуі жоқ. Әлем әдебиетін саралайтын болсаңыз, сонау арғы заманнан бастап,  эллин-рим дәуірінен бергі ақындардың арнау жырларын,  одан кейінгі Шығыстың ұлы шайырларын қарасаңыз, өткен ғасырлардағы орыс ақындарының өнернамасына тереңірек үңілсеңіз, мадақ жанрының ежелден сорап тартатынын, өзіндік сипаты мен өзіндік заңы бар екенін аңғарасыз. Осы орайдан зерделесек ол мадақ өлеңінің шоқтығы биік, асқан үздік үлгісін дүниеге әкелді.  Естеріңде болар,  Лениннің 100 жылдығына арнап әлемнің өңкей аузымен құс тістеген дүлдүлдерінің өлеңдерінен құрастырылған жинақ жарық көрген.  Менің байқауымша, соның ішіндегі ең дарасы да, ең данасы да Жамбыл жыры.  Сонда деймін-ау. Жәкемнің кінәсі не? Жазығы жақсы жыр жазғаны ма?! Мінеки,  өздерің құлақ түріңдерші:

 

Күнсіздерге күн болған,

Жер жүзіне нұр болған,

Ақылдың кені данышпан.

Жер жүзінің кіндігі –

Мавзолейдің тасында.

Жер жүзінің шырағы –

Кремльде – қасыңда.

Езілгенді теңедің,

Зарыққанды жебедің,

“Жер жүзіне шам-шырақ

Орнатамын!» – деп едің.

 

Құздан құлаған тас бұлақтай тегеурінді толғауды төгілте жөнелген Мұхаңмен жарыса күбірлегенімізді біз де сезбей қалғанбыз. Бұл – санамызда өшпестей қашалып, жадымызда жатталған мәңгі өлмес өлеңнің құдіреті.

Ақиқатын айтқан жөн. Жалпақ жұрттың жүрегінде құндақталған мұндай жауһар жырлар некен-саяқ.

Жоғарыдағы ой ұшқындарын көрнекті қаламгеріміз Одақта өткен Жамбылға бай­ланысты алқалы жиында тереңдете шегелей түскені де әлі есте.

– Осындайда ойға оралады. Бірде Мәскеуде әріптестермен бас қосқан әдепкі отырыста бір үлкен орыс жазушысы маған қиямпұрыстау сұрақ қойғаны бар. “Сіздер Жамбыл Жабаевты әлі де құрметтейсіздер ме? Ол Сталинді мақтаған ғой» дейді. – Мысқылдай күлген Мұхтар аға сөзін жалғаған. – Сонда мен

123
скачать работу


 Другие рефераты
СПОРАЛЫЛАР ТИПІ
Сөз тiркестерi
Борис Годунов
Салықтар


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ