Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұнай өндіруші кәсіпорындағы өнімдердің өзіндік құны калькуляциясы



 Другие рефераты
Өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері Тікелей еңбек шығындарына талдау Өнім өндіруге жұмсалған жалпы шығындар деңгейіне талдау Ипотекалық несиелендірудің Қазақстанда дамуының рөлі мен алғы-шарттары

 

Жоспарлы жұмыс істеуде өнімнің өзіндік құнын есептеудің үш әдісінің бірі қолданылады: нормативтік, параметрлік және факторлық.

w Нормативтік әдіс қолданылғанда өндірілген өнімнің барлық номенклатурасы, барлық өндірістік және өндірістік емес бөлімшелер бойынша бағалық және натуралды нормалар мен нормативтердің толық кешені болуы тиіс.

Бұл мөлшерлер және бағаланымдар кәсіпорын экономикасының барлық жақтарын қамтып қана қоймай, ілгеріге бағытталған болуы керек. Ал оны тек техника, технология және өндіріс құрылысының дамуы есепке алынғандағы ғылыми тұрғыдан негізделген нормативтік базалар мен  нормаларды кеңейту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізу негізінде қамтамасыз етуге болады.

w Параметрлік әдіс өндірістік (техникалық және тағы басқа) параметрлермен өндіріс шығындары арасында тікелей байланыс орнату мүмкін болған жағдайда ғана қолданылады.

Сондықтан параметрлік әдіс нормативтік әдіс сияқты кеңілеп қолданылмайды.

w Факторлар бойынша өндіріске кеткен шығындарды есептеу әдісі едәуір аз мәліметтерді қажет етсе де қанағаттанарлық нақты нәтиже береді. Сондай-ақ шығын деңгейіне әсер ететін әр түрлі бағыттар мен факторлардың ролі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Мұнай өндірудің өзіндік құнын түпкілікті жоспарлап есетеу үшін шығындарды азайтудың факторлық қорытындыларынан басқа мұнай өндірудің болашақтағы көлемі, еңбек шығындылығы мен материалдық техникалық құралдардың ғылымға негізделген нормалары, еңбек және кадрлар бойынша жоспар көрсеткіштері, өндірістің тиімділігін арттыру жоспары, материалдық техникалық тұрғыдан жабдықталу жоспары, алдыңғы жылдардағы шығындардың талдау қорытындылары пайдаланылады.

Мұнай өндірудің өзіндік құнын жоспарлауда кәсіпорын бойынша өндіріске жұмсалған шығындардың жиынтығы және сметасы есептеледі. Ол үшін алдын-ала барлық цехтар бойынша шығындар анықталады, яғни цехтардың шығын сметалары сондай-ақ цех және жалпы шаруашылық шығындарының сметалары жасалады.

Шығын жиынтығында цех бойынша шығындар және жалпы шаруашылық шығындарының сметалары қосылып, одан ішкі шаруашылық айналымы тасталады.

Экономикалық тұрғыдан біркелкі элементтер бойынша есептелінген шығындар қатары төмендегі негізде жүргізіледі:

-         негізгі және косалқы материалдар,

-         басқа жақтан әкелінген жағар май және энергиялар,

-         амортизация,

-         еңбек ақы,

-         әлеуметтік сақтандыруға аударылатын төлемдер,

-         басқа да қаржылық шығындар.

Басқа да қаржылық шығындарға көлік қызметіне төленетін, геофизикалық және жабдыктау мекемелерінің қызметіне төленетін ақшалар, бұрғылау мен айналысатын кәсіпорындардан алынған мұнай төлемдері, геологиялық іздеу және зерттеу жұмыстарына жұмсалған шығындардың орнын толтыруға (шикізат және негізгі материалдар) кеткен төлемдер жатқызылады. Элементтер бойынша жасалған шығындар шығын статьяларымен байланыстырылады.

         Жеке-жеке статьяларға калькуляция жасаудың мазмұны мен есептеу әдісі  төмендегідей:

-         Энергиятикалық шығындарға басқа жақтан алынған энергия түрлеріне элект қуаты, ыстық су, бу, сығыстырылған ауа және газға жұмсалған шығындар жатады. Шығындарды сондық тұрғыдан нормаларға қарап анықтайды, ал шығындарды есептеу үшін энергия бірлігінің бағасы ескеріледі. Басқа жақтан алынған элект қуатының шығындары тұтынылған энергия құнынан артып кетпеуі тиіс.

Кесте 2.2.1

1 тонна мұнай өндірудің өзіндік құнының калькуляциясы, тенге

Калькуляция шығындар

2002ж

2003ж

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ