Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұстафа Шоқай

р еткені белгілі. Франция ғана емес, бүкіл Еуропа Бастилияны қарапайым халық басып алып, корольды дарға асқаннан кейін 72 күн бойы демократиялық сезімде болған. Халық билеген. Бірақ, көсемдер көбейіп кеткен. Әркім өзіне тартып, кейін Франция қанға тұншығып барып басылды. Париж коммунасы билік құрған 72 күн ішінде Робеспьер, Дантон сияқты әлемдік деңгейдегі үлкен қайраткерлер көзге түсті.

Түркістан республикасының тарихы — бар болғаны 62 күн. Ең алдымен ол Ташкентте құрылды. Бұған жұмысшылар, шаруалар, солдаттар, әртүрлі ұлт өкілдері қатысты. Жан-жақтан келген делегаттар бір ауыздан Түркістан республикасын жариялады. Оның шын мәнінде халықтық сипат алғанына бір мысал келтірейін.

Ашхабаттан, Жетісудан, Ферғана мен Қоқан жақтан соғысып жатқан солдаттар, казак-орыстар, Бұхарадан немістер эшалон-эшалон болып Ташкентке төгіле бастаған. Барлық составтардың маңдайына “Түркістан республикасы жасасын!” деген ұрандар жазылған. Осы қозғалыстан шошып кеткен орталық — Петербург пен Мәскеу, бірнеше рет Лениннің өзі бастап, Сталин қостап, Мұстафаға ұсыныс жасайды.

“Түркістан республикасын құрғаныңа қарсы емеспіз, қолдаймыз. Бірақ сен бізді мойында, Кеңес өкіметін мойында”, дейді. Бұған Мұстафа көнбейді.

Мұстафа мен Әлихан Бөкейхановтың, Мұстафа мен Тұрар Рысқұловтың келіспей қалуы осы арада білінген. Себебі, Бөкейханов та, Рысқұлов та “Біз бостандыққа бірте-бірте жетейік. Алдымен автономия болайық. Қала салайық, ауылдарды көр­кейтейік, мектеп ашайық. Әбден жетіліп алған кезде ел боламыз. Оған уақыт керек”, деген. Қан төгілуін қаламаған. Мұстафа Шоқай бұған бірден келіспеген.

Мұстафа өз кітабында жазады. Беларусия жақтан окоп қазуға барған жүз мыңдаған қазақтар қайта бастаған кезде, темір жолда шығысқа бара жатқан Ресей әскерлерінің эшалондары қазақтар тиелген составтарға жол бермей, олар кез-келген станцияларда бірнеше айдан жатып қалады. Соларды Қазақстанға тезірек жеткізу үшін Әлихан Бөкейхановтың өзі кетеді. Сосын: “Менің өкілім сен боласың, Орынборға бар” деп Мұстафаға жеделхат жолдайды.

Мұстафа келіп, съезд жұмысына бір-ақ күн қатысып, іштей келіспей Ташкентке кетіп қалады. Ташкентке келсе мұнда да съезд болып жатыр екен. Бірақ бұл Орынбордағыдай “киргизский” съезд емес, Түркістан халқының жұмысшы, шаруа, солдаттар және ұлттар съезі еді. Кешігіп келген Мұстафа есіктен кіре бергенде ұстазы И. Наливкин танып қалып: “Жолдастар, бізге Мұстафа Шоқайдың өзі келді. Төрге шақыруға рұқсат етіңіздер”, — дейді.

Ол кезде Мұстафаның аты дүрілдеп тұрған. Зал тік тұрып, Мұстафаны төрге шығарады. Мұстафа бірден сөйлеп кетеді, бірнеше рет сөйлейді. Бірнеше күнге созылған съезде опера театрының әншісі Мария Горина: “Мен әнімді бірінші қатарда отырған Мұстафа Шоқаевқа арнаймын” деп шырқайды.

Мария Горинаның күйеуі ақ гвардияшы офицер еді. Ол үлкен дау шығарып, әйелін ұрып-соғып, ақырында ыза болып ішімдікке салынып кетеді.

Қанды қырғын

Желтоқсан айының басында революцияға әбден беріліп, қанаттанған халық мешітке жиналып, намаздан кейін уағдаласып, көшеге шығады. Бұларға көшеде күтіп тұрған еуропалықтар қосылады. Араларында Доррер, Наливкин бар, Орта Азияны мекендеген немістер мен еврейлердің де, орыс-казактары мен жұмысшы табының да өкілдері бар, барлығы қолдарына ту алып қаланың орталық бөлігіне бет алады. Шыршық өзенінің жаңа көпір деген жерінен өте берген кезде, төрт тұстан пулемет құрып қойған большевиктер халықты қанға бөктіріп, қырып салады. Бұл жағдай Қайролла Тұрғанбаевтың кітабында да көрсетілген екен. Сол күннің ертеңінде “Қанды оқиға” деген мақала жазылған. Большевиктердің халықты қалай қырғаны Мұстафа Шоқайдың өзінің кітабында да бар. Саясатқа жүйрік большевиктер енді ұлттар арасына жік сала бастайды. Түркімендер мен өзбектер арасында соғыс шығарады. Ташкентке келе жатқан составтарда ұлтаралық қақтығыстар туғызады. Өзбектер мен тәжіктерді, тау қырғыздары мен қазақтарды қақтығыстыра білген. “Түркістанды қазақтар билеп отыр. Бұлар ертең өзбектерді де, тәжіктерді де, қырғыздарды да қазақ қылып алады. Министрлерінің бәрі қазақ. Бұған төзуге болмайды. Қазаққа билетіп қоямыз ба?” — деп өсек таратып, базарларда жүретін адамдары болған. Ақыры ушығып, түркімен делегациясы кетіп қалады. Осыдан кейін Мұстафа Шоқай Түркістан республикасының астанасын Ташкенттен басқа жаққа алып кетуді ойластыра бастайды. Ақыры тоқтағаны Қоқан қаласы болды.

Қоқан кезеңі

Қоқанға көше салысымен революциялық іс, мемлекетті құру жалғаса береді. Аз уақыттың ішінде 12 министрлік құрылады. Мұстафа өзінен гөрі сәл жастау, Мұхаметжан Тынышпаевты бірнеше рет сөйлесіп жүріп, Түркістан республикасының премьер-министрі болуға көндіреді. Өзі революцияның көсемі және сыртқы істер министрі ретінде қалады. Екі айдан сәл-ақ асатын мезгілде ішкі істер министрлігін құрып, милиция жасақтайды. Сөз арасында айта кетуге болады, кейін Кеңес өкіметіне қарсы шығып, 40-шы жылдарға дейін қарсылық білдіріп келген басмашылар негізінен Түркістан республикасының милициясы еді.

Екі айдың ішінде 2 мың адамнан тұратын армия құрылды, оның формасы тігілді. Мемлекеттік банк, қазіргі тілмен айтқанда, мақта-мата кластері құрылды. Судьялар тағайындалды. Франциядан, Ыстамбұлдан көп ақша түсе бастады. Мұстафа Түркістан республикасының мән-мағынасын түсіндіріп, оларға өкілдер жіберді. Өстіп, енді-енді жанданып келе жатқан кезде, большевиктер ұлт араздығын бұрынғыдан да асқындырып жіберді. Қоқан қаласының маңайындағы өзбек ауыл­дарына “қазақтар түбі сендерді аямайды, сақ болыңдар” деген үгітшілер жіберді.

Екі Миша

Мұхаметжан Тынышпаев Верныйдағы ұл балалар гимназиясында оқыған. Сол класта Михаил Фрунзе деген молдаван бала да оқиды. Тарихтың ғажабы, Тынышпаев Петербургке барып Темір жол институтына түскенде, Фрунзе әскери жолмен кеткен. Тынышпаев Қоқанда премьер-министр болып тұрғанда, Фрунзе аты дүрілдеген қызыл әскер қолбасшысы ретінде Ақтөбе арқылы Ташкентке келіп түседі. Ташкенттен Фрунзені бірден Қоқанға қарай жібереді. Ол өте талантты, дарынды қолбасшы болған. Қоқанды қалай алудың жоспарын жасап, тез арада іске кірісе бастайды. Түркістан республикасының басшылығы Қоқанда, хан сарайында жиналыс өткізіп отырғанда, таңғы сағат 11-де Фрунзе жіберген өкіл келіп, премьер- министрге хат тапсырады. Бұл хаттың мән-мағынасы көп зерттелмеген.

Тағдыр мені Тынышпаевтың жалғыз ұлы Ескендір ағамен көп араласуға жазды. Ол кісі кейде “Әкім, саған керек болады”, — деп өзінің тағдырын айтатын. Соны мен санама әбден хаттап алатынмын. Көптеген әңгімелері есімде. Соның бірі — Мұстафаға жазған Фрунзенің хаты.

“Бір жапырақ қана қағазға жазылған хатты әкем кейін маған көрсеткен еді”,— деді ол кісі.

“Миша, — депті Фрунзе, — Мен Қоқанды қоршап тұрмын. Бүгін түс қайта шабуылды бастаймын. Зеңбірек көп, оқ та көп. Пулемет бар, әскерім жақсы қаруланған. Қоқан қаласы жермен-жексен болады. Менің саған ақылым, бәрін таста да қаш”

Бұл хатты Тынышпаев Мұстафа Шоқайға көрсетеді. Мұстафа министрлерге хатты оқып береді. “Не істейміз?” — дегенде бәрі: “Өлсек-өлерміз, мұндай қоқан-лоққыдан қорықпаймыз”, — дейді. “Біздің екі мың әскеріміз не болады, мыналар кемінде жүз мың әскермен келіп тұр ғой”, — деп сөйлегендер де болған. Сонда Мұстафа: “Болашақ ұрпағымыздың сағы сынбасын, аз болсақ та, қырылсақ та, қашпайық”, — деген екен.

Үш сағат уақыт берем деген Фрунзе жарты сағаттан кейін қаланы атқылай бастайды. Үш-төрт сағат зеңбіректен снаряд жаудырады. “Осы қырғынның сал­дарынан 60 мың адамы бар Қоқанда 20 мың ғана адам қалды”, деп жазады Мұс­тафаның өзі. Жазықсыз бала-шаға, кемпір-шал, қатын-қалаш қырылып кеткен.

Екі Мишаның тағдыры мұнымен бітпейді. Бұның алдында да бір оқиға болған. Тарихшыларға, газет оқырмандарына айтып берсем, артық болмас. Шабуылдың алдында қызылдар М.Тынышпаевтың баласы Ескендірді ұрлап кетеді. Оны апарып бір үңгірге тығып, сол арадан тағы да: “Тынышпаев сен Түркістан республикасынан кет! Кетпесең, балаңды өлтіреміз!” — деген тұрғыда хат жібереді. Кішкентай Ескендірді оның немере ағасы Оспан деген кісі құтқарып алған екен.

Шырғалаң

Түркістан республикасының барлық басшылары қашуға мәжбүр болады. Мұстафаның қасында бір ғана офицері бар еді. Ол тамақ іздеп кеткенде бір қышлақтың жастары, большевиктердің айдап салуымен Мұстафаны қорлайды. Шоқынған дейді. Большевиксің деп ұрып соғып, дарға аспақшы болады. Дарға асуға алып келген кезде жиналған топтың ішінде сауатты бір өзбек Мұстафаны бірден танып: “Не істеп жатырсыңдар? Бұл Түркістан республикасының басшысы Мұстафа Шоқай ғой! Төреге сендер қалай қол жұмсадыңдар?!” — деп айқай салады. Фанатик халықтар төрені қатты сыйлайды ғой. Әлгілер: “Кешіре гөр, кешіре гөр” — деп бастарын иіп, жерге жығылады. Сонымен Мұстафа құтылып кетеді.

Мария Горина

Ташкентке әрең жеткен Мұстафа Мария Горинаны тауып алады. Қала сыртындағы үйіне түнде келеді. Мария оны қуана қарсы алып, іздеп жүрген қызылдардан жасырып, қаладан қалай алып кетуді ойластыра бастайды. Мария бұл кезде Түркістан соғысында жараланған солдаттарға ерікті түрде көмектесіп, медбике болып жүрген. Ол вокзалға барып, Петербургке жүретін пойыздың басшысымен келісіп, Мұстафаны жаралы солдаттардың ішіне кіргізеді. Бүкіл денесін, тұла бойын дәкемен орап, жаралы солдат ретінде вагонға салып, алып келе жатады. Сұлутөбе стансасына жақындаған кезде Мұстафа мазасызданып, Марияға: “Қол-ая­ғымды шешіп, ең болмаса бір сәтке терезеге алып баршы”, — деп өтініш жасайды. Бақытына қарай, жайшылықта тоқтамайтын

123
скачать работу

Мұстафа Шоқай

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ