Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұстафа Шоқай

тепте жатып оқитын болды. Бірақ мектепте сабақтың басталуына әлі бірнеше ай бар болғандықтан, Шоқай би баласымен ауылға қайтты. Мұстафа мектепте сабақ басталған күні Ақмешітке қайтып келмекші еді. Бірақ ойлағандай болмады. Сабақ басталуына аз уақыт қалғанда Мұстафа қаракешек ауруына шалдығып, үш апта бойы төсек тартып жатып қалды. Ал сауыққан кезінде сабақ басталып кеткен еді, отбасы да аурудан жаңа тұрған Мұстафаны ұзаққа жіберуге қимады. Алайда Шоқай би оны орыс мектебінде оқыту туралы райынан қайтпады. Осы себепті оны Сарышығанақ станциясы маңайындағы орыс балалары баратын мектепке берді.

Мұстафаның бастауыш мектепте өткен күндері туралы ешқандай мәлімет жоқ. Тек оның бұл мектепті 1902 жылы бітірді. Шоқай би ұлының орта мектеп пен лицей білімін де орыс мектептерінде жалғастыруын қалады. Ол кезде жақсы білім алудың алғышарты да осы еді. Ондай мектеп тек Ташкентте бар еді. Ол кезде Петербург өкіметінің Түркістанда орыс тілін білетін жергілікті кадрларға сұранысы күннен-күнге күшейіп келе жатты. Сол себепті орыс мектептеріне жергілікті оқушылар да қабылданатын. Сонымен қатар жыл сайын жаңа мектептер де ашылуда еді.

Мұндай мектептердің бірі Ташкент гимназиясы еді. Шоқай би баласын осы оқу орнына берді. Мұстафа әкесінің өзін оқыту жолындағы табанды шешімінің орынсыз емес екенін дәлелдеді. Ол гимназияны үздік бітіріп, мектеп үздігі атағына ие болды.

Диплом беру рәсімінде Мұстафа өмірінде ұмытпайтындай үлкен бір әділетсіздікке ұшырады. Ташкент гимназиясында оқуды ең үздік бітірген оқушыға алтын, екіншіге күміс медаль беру дәстүрі қалыптасқан еді. Сол жылғы диплом беру рәсімінде мектептің ең үздік оқушысы ретінде Мұстафаға алтын медаль берілуге тиіс. Бірақ бұл жағдай Ташкенттегі Түркістан генерал-губернаторы А.В.Самсоновқа ұнамады. Самсонов түркістандық бір оқушының орыстардан жоғары тұруын көтере алмады. Мектеп директоры Граменицкийдің қарсылығына қарамастан, алтын медальды Мұстафаға емес, екінші үздік оқушы Запреметовке тапсыруға нұсқау берді. Самсоновтың бұл шешімі сол дәуірдегі патшалық Ресей генерал-губернаторларының жергілікті халықты қаншалықты төмен санайтындықтарының айқын бір көрінісі еді. Самсонов жабайы және мәдениетсіз қоғам ретінде бағалаған халықтан шыққан жас жеткеншектің орыс оқушыларынан озық тұруына төзе алмады.

Мұстафа марапаттау рәсімінде өзіне берілген күміс медальды алмады. Осыған орай Запреметов те лайықты емес екенін айтып, өзіне берілген алтын медальдан бас тартты. Сөйтіп диплом рәсімі Мұстафаға мына ащы шындықты үйретті: әкімдер мен халықтың дүниетанымы бір-бірінен өзгеше. Әкімдер саясаттың ырқына беріліп нәсілшіл және империалист пиғылда болса да, қарапайым халықтар саясаттан аулақ бір-бірлеріне адал және мейірімді бола біледі. Сол себепті Мұстафаның өмір бойы жиі қайталаған сөзінің бірі мынау болды: «Жаман ұлттар жоқ, жаман адамдар бар. Мейірімді мемлекеттер жоқ, мейірімді адамдар бар».

Ташкентте лицейде оқып жүргенде Шоқай қоғамның құқықтық және мәдени өміріне қатысты көп нәрсені жақыннан бақылады. Оның рухани салада өсіп-кемелденуіне башқұрттан шыққан атақты фольклорист ғалым Әбубәкір Диваев көп әсер етті. Ташкенттегі Түркістан өлкелік әкімшілікте аудармашы болып істейтін Диваев қазақ, өзбек және түрікмен секілді жергілікті халықтардың әкімшілікте тілге байланысты мәселелерін шешуге көмекші болып, оларға аудармашылық жасайтын еді. Жұмыстан қолы қалт еткен уақыттарда жергілікті халықтың арасында әдеби салада зерттеулер жүргізді. Әсіресе, қазақтардың ауыз әдебиетіне қатысты естігендерін қағазға түсірді. Бұл арада Диваев Ташкент гимназиясында Мұстафамен бірге оқитын төрт-бес жергілікті оқушыға да көмектесіп отырды. Мезгіл-мезгіл оларды үйіне шақырып сұхбаттасты. Олар бетбе-бет келген қиыншылықтарды жеңілдетуге күш жұмсады.

Баспасөз саласындағы қызметтері. Шоқайдың саяси күресінің ең маңызды құралдарының бірі – баспасөз болып табылады. Ол саяси идеяларын тарату құралы ретінде газет-журналдарға әрдайым үлкен мән беріп, күрес жылдарының кезеңінде мақала жазып отырған. Шоқай мақала жазумен ғана шектелмей, Түркістанға қатысты жеке газет немесе журнал шығаруға да күш жұмсады. Әйтеуір, Шоқайдың баспасөз саласынан сырт қалған кезеңі жоқ десе де болғандай.

Шоқай студент кезінен-ақ баспасөздің қоғамның саяси және мәдени өміріне тигізер ықпалы мол, пәрмені күшті екендігін байқаған еді. Сол себепті ол кейінгі кезеңдерде баспасөз тірлігінен қол үзбеген. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін Түркістанда атқарған қауырт саяси жұмыстары кезінде де мақала жазуға уақыт бөлді. Ол Ташкентте Ұлттық орталықтың төрағалығымен қатар «Бірлік туы» газетін басқарып жүрді. Большевиктер Түркістанға өз биліктерін орнатқаннан кейін Тбилиси мен Бакуге барып уақытша тұрақтағанда баспасөзге мақала жазумен қатар журналдар да шығарды. Тбилисиде біреуі түрік тілінде және екіншісі орыс тілінде екі газеттің шығуына мұрындық болды. Тбилиси большевиктердің қолына өткеннен соң, Стамбулға кетіп бара жатып жолшыбай біраз күн Батумиге аялдады. Бір жергілікті газетке Тбилисидегі саяси жағдайға байланысты бірнеше мақала жазып үлгерді. Содан ағылшындардың қол астындағы Стамбулға өтіп, бірнеше апта «Таймс» газетіне мақалалар беріп тұрды.

Шетелдердегі өмірінің соңғы аялдамасы – Париж қаласында Шоқайдың саяси шығармашылық тәжірибесінің шырқау шегіне жеткені байқалады. Оның мақалалары орыс, француз, түрік және ағылшын тілдерінде шығатын әр түрлі газет-журналдарда басылды. Сондай-ақ, екі журналдың жарыққа шығуына жетекшілік етті. Стамбулда «Йени Түркістан» атты журналды З.У.Тоғанмен бірге ТҰО-ның баспасөз органы ретінде жариялады. Кейіннен Түркістан мәселесі тақырыбын терең әрі батыл қамыттаған «Яш Түркістан» журналын жарыққа шығарды. Журнал шет елдердегі ресейлік түркі халықтары өкілдерінің II дүниежүзілік соғыстан бұрын ұзақ уақыт шығып тұрған және ең ықпалды баспасөз органдарының бірі ретінде тарихта із қалдырды. Бұл жетістікке кездейсоқ қол жеткізілген жоқ. Ол Шоқайдың студенттік жылдарынын бастап баспасөз саласында жинақтаған тәжірибесінің бір жемісі еді. Шоқай мақала жазу әдетін II дүниежүзілік соғыстың ең қызып тұрған күндерінің өзінде де тастамады. Шоқай өз өмірінің ең қасіретті, ауыр күндерін бастан өткерген тұтқын лагерьлеріндегі жұмыстары кезінде де естеліктері мен алған әсерлерін қағазға түсіре білді. Міне, тап осы кезеңде, немістерге Түркістанның мәдени және философиялық қырын таныстыру үшін «Түркістан» атты мақала жазды. Бірақ Шоқай бұл мақалаларын басып үлгерместен қайтыс болды. Осы екі қолжазба мақала оның соңғы мақалалары болды. Мария жұбайының баспасөзге ынта-ықыласын жақсы білгендіктен, кейіннен бұл мақалаларды жариялады. Сөйтіп, Мария әрі Шоқайдың мұрасына құрметпен қарап, оның қиын-қыстау кезеңдердегі ой-сезімдерінің із-түссіз жоғалып кетуіне жол бермеді.

Шоқайдың баспасөз саласындағы қызметі туралы осы жалпы мәліметтерден кейін, оның алғашқы атсалысқан газеттері «Бірлік туы» мен «Улуғ Түркістаннан» бастап шығармаларына шолу жасауымызға болады.

 

«Бірлік туы» – «Улуғ Түркістан» (Ташкент)

Ташкентте 1917 жылдың маусымында шыға бастаған «Бірлік туы» газеті Шоқайдың алғашқы газет басқару тәжірибесі болып табылады. Газет Ташкентте тұратын қазақтар құрған «Ықтият одағының» баспасөз органы еді. Аптасына бір рет шығып тұрған газеттің баспасөз саясаты – Түркістан халқының ынтымақтастығын қамтамасыз ете отырып, саяси таным-түсінігін толықтыру, осылайша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына дайындалу еді. Газет осы орайда Бөкейхановтың жетекшілігіндегі «Алашорда» қозғалысының баспасөз органы «Қазақ» газетімен үйлесімді әрекет етті. «Алаш» қозғалысына қарсылардың бірі – Сәкен Сейфуллин Түркістандағы қазақ зиялыларының Ташкенттегі «Бірлік туы» газеті арқылы «Алаш» қозғалысына қолдау көрсетіп, кеңес өкіметінің саясатын сынағандықтарын айтады.

«Бірлік туы» жарыққа шықпас бұрын Ташкент қазақтары үшін 1916 жылдың 26 қарашасынан бері «Алаш» деген газет шығып тұрған еді. Оны Көлбай Төгісов басқарды. Бірақ газет Ташкенттегі қазақтардың талап-тілектерін тілге тиек етуде табысты бола алмады. Бұл жағдай уақыт өте келе Ташкенттегі қазақ зиялыларының наразылығын туғызды. Олардың кейбіреулері наразы бола тұра, газет басшылығына қол ұшын беруді ұсыныс етті. Бірақ бұл ұсынысты Тоғысов қабылдамады. Сондықтан, ташкенттік қазақ зиялылары Мқстафа Шоқай мен Сұлтанбек Қожановтың төңірегіне топтасып, «Ықтият одағын» құрып, ұйымның баспасөз органы ретінде «Бірлік туы» газетін шығаруға шешім қабылдады. Сөйтіп, «Алаш» газетінің шығарушысы Тоғысовтың зиялылардың жәрдем ұсынысын қабылдамай тастауы «Бірлік туы» газетінің дүниеге келуіне себеп болды. Газет басшылығына Шоқай сайланды. Шоқай Ташкенттен кеткеннен кейін газетті басқаруды Қожанов мойнына алды. 1918 жылдың орта шеніне дейін отыз шақты саны жарық көрген газет Түркістан большевиктер қолына өткен соң жабылды.

Түркістан өлкесі мұсылмандары Ұлттық орталығының баспасөз органы ретінде 1917 жылдың сәуір айынан шыға бастаған «Улуғ Түркістан» газетіне қазан татары Фатих Керими басшылық етті. Шоқай бұл газеттің редакция алқасының құрметті мүшесі болды әрі мақалалары басылып тұрды. Редакция алқасында Шоқайдан басқа Молла Гази Юнус Мұхаммедұлы. Нуреддин Сейфүлмүліков, Лүтфи Әбубәкір, Мұхтар Бәкір және Халеф Толак бар еді. Алты мың тиражбен шығатын «Улуғ Түркістан» сол кездегі әжептәуір ықпалды газет екенін айтуға болады. Газет 1918 жылдың көктемінде кеңес органдары тарапынан жабылды. Шоқай бұл газеттің 1917 жылғы 30 сәуір күнгі санында шыққан мақаласында Түркістан халқының татар, сарт және қазақ болып жіктелмей, түркілік және мұсылмандық шаңырағы астында бір

123
скачать работу

Мұстафа Шоқай

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ