Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Мұстафа Шоқай

жеінен қол, бір жағадан бас шығарып, ынтымақтасу қажеттігін баса көрсетеді.

«Улуғ Түркістан» мен «Бірлік туы» газеттерінің ұстанған саясаты бір-біріне үйлесетін еді. Екі газеттің арасында әрғандай бір келіспеушіліктің болуы да мүмкін емес еді. Өйткені «Бірлік туын» басқарып тұрған Шоқай, сонвмен қатар, «Улуғ Түркістан» қарайтын Ұлттық орталықтың да төрағасы қызметін қоса атқарды. Олай болса, екі газеттің де баспасөз саясатының белгіленуінде Шоқайдың маңызды рөл атқарғандығын айта кету керек.

 

«На рубеже» – «Шафик» (Тбилиси)

         1919 жылдың сәуір айында Тбилисиге келіп, 1921 жылы ақпан айының ортасына дейін осы жерде тұрған Шоқай осы мерзім ішінде орыс тілінде «На рубеже», «Шафик» атымен түрік тілінде екі газет шығарды. Бірақ бұл екі газеттің де өмірлері қысқа болды. Шоқай бұл газеттерді Тбилисиде болған күндерінің соңғы алты айында шығара бастаған еді. Ол бұдан бұрын Тбилисиде шығып тұрған дағыстандық Ахмет Салиховтың «Вольный горец» және «Борьба» газеттеріне мақала жазуын жалғастырды.

Сонымен қатар, «Шафак» газетінде түріктердің армяндарды қырып салғаны туралы өзінің тұжырымдарын қорытып, мақалалар да жазды. Әсіресе, Тбилисиде белең алған әсіре сілтеушіліктерге қарсы түрік жағы берген мәліметтер арқылы жауап беруге тырысты.

«Шафак» газеті 1920 жылдың желтоқсан айынан бастап шыға бастады. Шоқайдың мақалалары жүйелі түрде жарияланып тұрған «Вольный горец» газеті 1920 жылы 31 желтоқсан күні «Шафак» газетінің алғашқы саны жарық көргендігін оқырмандарына хабарлады. Аталмыш газеттің хабары бойынша, «Шафак» газеті Тбилисидегі мұсылмандардың жаңа бір басылымға деген қажеттілігінен туды. Хабарда, сондай-ақ, газеттің ешқандай партияға тәуелді емес екені, бейтарап демократиялық бағыттағы газет екені және оның басты тақырыбын ұлттық мәдениеттің құрайтындығы баса көрсетілді.

«Шафак» пен «На рубеже» газеттерінің жұмыстары большевиктердің Кавказды жаулап алуынан кейін тоқтап қалды. Алты-ақ саны жарық көрген «На рубеже» Грузия өкіметінің материалдық көмегі арқылы шығып тұрды. Түрік тілінде шыққан «Шафак» Тбилисидегі түрік қоғамының жәрдемімен жарияланды. Шоқай «На рубеже» газеті арқылы Грузия өкіметі кеңес билігінің қарсы ұлт-азаттық күресін қолдаса, «Шафак» газеті арқылы Анатольяда Мұстафа Кемалдың жетекшілігінде одақтас мемлекеттерге қарсы жүргізіліп жатқан ұлт-азаттық күреске қолдау көрсетті. Бұл мәселеде ұлт-азаттық күштерінің Тбилисидегі өкілі Қазым «Дирик» пашамен жақын қарым-қатынаста болды. Қазым пашадан Анадолыдағы күрес туралы алған мағлұматтарын «Анатолья хаттары» деген атпен жариялады. Бұл мақалалар оқырмандар арасында үлкен қызығушылық туғызды.

 

«Йени Түркістан» (Стамбул)

         Шоқай 1921 жылдың жазында Парижге барғаннан кейін Түркістанның саяси және экономикалық жағдайы туралы мақала жазуды жалғастырды. Шоқайдың мақалалары орыс, түрік, француз және ағылшын тілдерінде әр түрлі газет-журналдарда жарияланды. Шоқай орыс тілідегі мақалаларын, бұдан бұрын жан-жақты айтылып өткеніндей, босқын орыс лидерлері Кренскийдің «Діни» газеті мен Милюковтың «Последние новости» газеттерінде жариялады. Француз тіліндегі мақалаларының басым көпшілігі «Прометей» журналында, содан кейін «Ориен е Оксидан» журналында жарық көріп тұрды. Ағылшын тіліндегі мақалалары болса, «Азиятик Ревью» секілді журналдарда орын алды.

Осылайша Шоқай әр түрлі журналдарда мақалалары үнемі басылып тұрған қаламгер. Мұның өзі бізге оның мақалаларын жариялау, яғни Түркістанға байланысты пікірлерін тарату барысында ешқандай қиындыққа кездеспегенін көрсетеді. Бірақ Шоқай үшін басқа бір қиындық бар еді. Ол – тек Түркістан мәселелеріне арналған дербес баспасөз органының жоқтығы.

Мұндай қажеттілікті сезінген жалғыз Шоқай емес еді, оның Ресейде жүргізген саяси күресі кезінде сан мәрте тағдырлары тоғысқан досы Уәлиди де осындай ойда болатын. Уәлидидің Еуропаға келгеннен және Түркістан Ұлттық Одағы ұйымының қайта құрылғаннан кейін бұл қажеттілік айқын сезіле бастады. Одақтың жеке баспасөз органы болуы тиіс еді. Бірақ материалдық мүмкіншіліктердің тапшылығына байланысты одақ жеке органын ұзақ уақыт шығара алмады.

Ақырында, «Прометей одағы» құрылғаннан кейін, мүмкін, Польша өкіметінің көмектесу арқасында, бұл қиыншылық жойылды. Түркістан Ұлттық Одағының 1927 жылы ақпан айында қабылдаған шешімі бойынша, Стамбулда «Йени Түркістан» атымен бір журнал шыға бастады. Осылайша тысқары жерде Түркістанға арналған тұңғыш журнал жарық көрді. Журналдың басты мақсаты – Түркістан ұлттық тәуелсіздік идеясы мен түркі халықтары арасында ынтымақтастық пікірін тарату еді. Сондай-ақ, журнал Түркістан халықтары мен Түркия халқы арасында тіл және діл бірлігін нығайтуды мақсат тұтты.

Журнал басшылығы бірнеше рет өзгерді. Өзгерістер Түркістан Ұлттық Одағының шешімдерібойынша жасалды.1927 жылдың маусым айында алғашқы саны жарияланған журналды бастапқыда З.Уәлиди Тоған мен Абдулкадир Инан басқарды.Олардың саясаттан қол үзіп, ғылым жолына тғсулеріне байланысты журналды  1928 жылдың қараша айында шыққан 16-санынан 27-санына дейін Осман Қожаоғлы мен Междеддин Ахмет бірігіп басқарды. 27-санынан соңғы санына дейін журналдың тізгіні Междеддин Ахмет пен Насырдың қолында болды. Журнал 1931 жылы қыркүйек айында түрік үкіметінің шешімі бойынша жабылды. Байқауымызша, Шоқай іс жүзінде бұл журналды тікелей басқарған жоқ. Соған қарамастан «Йени Түркістан» журналын Шоқай шығарған журналдар арасында көрсету қате болмас. Өйткені журнал Түркістан Ұлттық Одағының баспасөз органы ретінде шығып тұрды. Одақ жетекшілері Тоған мен Шоқайдың бұл журналдың дүниеге келуінде орасан зор еңбегі болғандығы шындық. Сондай-ақ, Тоғанның 1928 жылы басшылықтың кетуіне байланысты журналдың бүкіл ауырпалығын Шоқайдың бір өзі көтеруге мәжбүр болғанын да жорамалдауға болады. Шынында да, 1929 жылы «Йени Түркістанмен» қатар Түркістан Ұлттық Одағының баспасөз органы ретінде Берлинде «Яш Түркістан» атты екінші бір журналдың шыға бастауы ұйым жұмысына Стамбулдағы баспасөз органының жеткіліксіз болғандығын көрсетеді. Тахир Чағатай да «Йени Түркістан» журналының Түркістан мәселелерін жеткілікті дәрежеде қамти алмағаны үшін «Яш Түркістан» журналының шыға бастағанын айтады.

123
скачать работу

Мұстафа Шоқай

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ