Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері



 Другие рефераты
Өнер және бейнелеу өнерінің танымдық тарихы Мусин Қапан Әубәкірұлы Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері Музыка пәнін қазақ ұлттық аспаптар арқылы үйрету

Музыкалық білім және музыкалық

ғылымның өзекті мәселелері

 

Төл музыка дәстүр тереңінен тамыр тартып, біліктілік пен кәсіпқойлық деңгейде шыңдалса ғана өрге шабады. Қазақтың дәстүрлі музыкасын жоғары кәсіптік деңгейде өркендету мәселесіне түбегейлі бет бұрылып, ұлттық ділге, мемлекеттік тілге деген көзқарас оңғарыла бастаған сыңайлы. Бұл нышан таяуда Алматыда Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының 60 жылдығына арналып өткізілген «Музыкалық білім және музыкалық ғылымның өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік мәслихат барысында айқын танылды. Әрі бұл мәслихаттың осыған дейін өткізілген шаралардан өзгешелігі айтарлықтай болды. Мұнда 120-дан астам баяндама тыңдалып, алысты-жақынды шет елдің музыкалық жоғары оқу орындарынан келген 170-тен астам өкіл, ұстаздар қазақтың дәстүрлі музыкасының жанрлық және салалық тұрғыдан өркендеп, классикалық өнермен қатар дами бастағандығына көз жеткізді.

 

Бұл жиынның бір ерекшелігі консерватория тарихында тіл мен өнердің бірлігі, музыкалық оқу орындарындағы мемлекеттік тілді қолдану мәселесі тұңғыш рет ауқымды деңгейде қозғалып, мәслихат аясында қазақ тіліне қатысты мәжіліс тұңғыш рет өз алдына дербес өткізілді.

 

Профессор, даңғайыр күйші Қаршыға Ахмедияровтың «Тіл мен музыканың бірлігі» баяндамасында да нақ осы мәселе әңгімеге арқау болды. Ол музыканың тілді дамытудағы рөлі туралы айта келіп, «нарды тіл емес, күй иіткені рас, дегенмен, «өнер алды – қызыл тіл», ал сол тілді үйретудің барлық әдіс-мүмкіндіктерін жеткілікті қолдана алып жүрміз бе? Жоқ! Неге? Өйткені, бүгінгі күнге дейін таза жеткен тілдің бірден-бір қолдаушысы ән, саз, әуез, ырғақ, мақам екендігін ескермей отырмыз! Әрі, табиғатынан сазды, үнді қазақ тілінің мәйегі, мақамы жойылып, теледидар мен радио арналарындағы сөйлеу мәдениетінен жұрдай жүргізушілер мен жекелеген журналистер қазақ тілінің қадірін әбден түсірді» деп қынжылды. Оның пікірінше, көпшіліктің қазақ тіліне деген ықыласын арттырудың бір жолы ретінде консерваторияның ұстаздары музыканттарымен және орындаушылармен бірігіп жұмыс жүргізуі керек.

 

Осы мәслихатта қазақтың дәстүрлі музыкасын жетілдірудің жолдары мен бағыты қайта пысықталып, ән мен күй орындаудың шеберлігін кәсіптік деңгейде дамыту турасында келелі мәселелер қозғалды.

 

Бұрын-соңды Мәскеу белгілеп берген оқу бағдарламасынан артық бағыт-бағдар, жоспар жоқтай сезілген оқу әдістемесінің де барынша ұлттық сипатта жүргізіле бастағаны музыкалық білім беру мәселелеріне арналған талқылаулар барысында анық танылды. Ахмет Жұбанов, Бекен Жылысбаев, Мағауия Хамзин, Жүсіпбек Елебеков, Әйткеш Толғанбаев секілді тұлғалардың шығармашылығына талдау жасалып, өнегесі насихатталды. Қазақтың төл музыкасын салалық-кәсіптік деңгейде дамыту мәселесі басты тақырыптардың біріне айналды. Халық орындаушыларын республика жоғары оқу орындарында кәсіби маман есебінде дайындаудың өзекті мәселелері айтылып, «Дәстүрлі өнер - жыр», «Дәстүрлі өнер - ән», «Дәстүрлі өнер - күй» мамандықтары қатарына болашақта «Дәстүрлі өнер - би» мамандығы қосылу керектігіне назар аударылды. «Ұлттық классикалық өнеріміздің негізіне айналған хореографиялық би қойылымдарды жоққа шығармаймыз. Дегенмен, ежелден қазақтың халықтық би өнері өте жоғары деңгейде дамығандығын ескере отырып, консерваторияда танымал биші Шұғыла Сапарғалиқызы бастап қазақтың дәстүрлі бишілік мамандығына баулитын шағы жетті» деген Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, жырау Алмас Алматовтың пікірін тірілткен Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының халық әндері кафедрасының аға оқытушысы Қанат Құлымжанов дәстүрлі әншілердің даусын шыңдау ерекшеліктеріне тоқталды. Мәслихатта қазақ тілінде жасалған «Қайдасың сен, қоңыр үн?», «Қазақ халқының мәдени мұрасын сақтаудың негізгі тұтқасы», «Күй – өткен тарихымыздың тілсіз шежіресі», «Күй өнеріндегі стильдік ерекшеліктер», «Көкіл» күйінің шығу тарихы», «Домбыра өнері және эстетикалық тәрбие» баяндамаларының тақырыбы, ақиқатын айтқанда, кешегі КСРО кезіндегі кеңестерде «сен тимесең, мен тимен, бадыраң көз» кейіпте, үнсіз, тілсіз, амалсыз тұмшаланумен келген.

 

Балалар мен жасөспірімдерге музыкалық фольклор негізінде музыкалық-эстетикалық тәрбие беру, Қазақстандағы баян мектебін Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының үлгісі негізінде дамыту, қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі музыкалық дидактика, музыкалық-көркем құбылыстық таным әдістемесі, Шығыс халықтарындағы музыкалық терапия тарихы, қазақтың домбыра өнері мен қобыз тарихы, жетіген, шертер аспаптарын жетілдіру, Қорқыт ата және түркі әлемі, түркі халықтары музыкасындағы ерекшелік және қазақтың халық әндерінің философиялық мәні жайындағы пікірлер ден қойып тыңдалды.

 

Парижден, Бейжіңнен, Сеулден, Мәскеу мен Ресейдің Воронеж, Новосібір секілді бірқатар аймақтарынан, сондай-ақ қырғыз бен өзбектен келген бірқатар мамандар қазақ консерваториясының қадамы қарыштап дамығандығын танытып, өз еліміздің түкпір-түкпіріндегі музыка мамандары көптен көкейінде жүрген ой-пікірлерін ортаға салып, әрқилы ұсыныстар бойынша ортақ пәтуаға келісті. Дөңгелек үстелдер мен семинарлар және дербес талқылаулар барысында тіл табысып, мәдениет пен өнерді әр қырынан, әрі ұлттық ерекшеліктерге сай өркендетудің тетігін бірігіп тапқандай болды. Мәслихат аясында өткен «Бабалардан жеткен саз», «Көнеден көшкен керуен сазы» және дәстүрлі музыкалық аспапта орындаушылардың «Асыл мұра» екінші байқауы, халықаралық ІІ халықаралық пианистер байқауы, күй өнерінің айрықша үрдісі «Күй тартыс» жарысын тамашалып, ұлттық өнеріміздің барлық саласынна хабардар болды. Үлкен орган залы ашылып, қазақ өнерпаздарының тек қана өз елінің ұлтық аспабы ғаан емес, әлемдік музыка мұрасына да сақ екендігімізді танытты.

Алматы жүздесуі тәжірибе алмасулар мен пікірлер мінберіне айналды. Біздің Құрманғазы консерваториясының ұстаздары мен қызметкерлерін іргеміздегі Өзбекстанның мемлекеттік консерваториясында музыкалық сын және журналистика кафедрасының жұмыс істейтіндігі тәнті етті. Күйші Қаршыға Ахмедияров «Шіркін, бізде де осындай, БАҚ өкілдерімен жұмыс істейтін арнаулы қызмет болса, еліміздің төрт құбыласындағы музыкалық мәдениетіміздің өзара қабысып жатқандығын, батыс пен шығыстың, оңтүстік пен солтүстіктің, Арқа мен Жетісудың ән мен күй өнері кейбіреулер айтып жүргендей, бәсекелес, бақталас емес, керісінше, өзара сабақтас екендігін, өнердің қадірін білген ата-бабамыз бірінде жоқ мұраны екіншісінен тауып, толықтырып отыру үшін ерекшелеп кеткендігін музыкалық танымды журналистер мен жанашыр баспасөз арқылы қалың жұрттың көзін жеткізер едік» деді қызығып. Осынау үлгінің оң екендігіне көзі жеткен Құрманғазы консерваториясының басшылығы «ойланатын, тіпті көп кешіктірмей қолға алынатын мәселе екендігіне» осы мәслихат барысында уәде етті. Ал өзбек ағайындар қазақ музыка өнерінде ән мен күйдің жеке жанрлық сала ретінде нығайып дамығандығын, «бұл жөнінен қазақ бауырлар алда» деп мойындады. Өзбекте аталмыш өнер саласы бір жанр аясында қарастырылып келеді. Және қазақтың музыка өнерінде тақырыптық сипат қалыптасқандығы, ал мұндай жетістік батыс классиктерінің туындыларына тән екендігі жайлы П. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының профессоры Валентина Холопова арнайы тоқталып өтті.

 

Дәстүрлі музыканың қайнар көзінен сусындап, мәдени мұраны біліктілік пен кәсіпқойлық деңгейде шыңдап, жетілдірген мамандарымыздың шығармашылығы да назардан тыс қалмады. Мәселен, Қазақстанның композиторлық мектебі, Қазақстан композиторларының камералық-вокалды жанрдағы музыка мен мәтіннің өзара ауқымды байланысы, Қазақстан композиторларының шығармаларындағы ән-вальстер туралы қызу да пайдалы пікір алысулар өтті.

скачать работу


 Другие рефераты
Бизнес-план предприятия по производству и розливу вин, коньяков, водки
Тайные ордена Масоны
Антикризистік басқарудағы қақтығыстар механизмі
Анго-Саксонская Правовая Система


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ