Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Нарықты зерттеу және сегменттеудің пәні мен әдістері

ғына. Оны халық адамдар арасындағы бір мақсатқа бұрынырақ жетуді көздеген өзара жарыс, сайыс деп қарастырған. Бәсекенің бір түрі зерттеу және сегменттеу бәсеке- нарықты шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.

Кәміл бәсекеге көпшілік фирмалар бір текті өнім өндіріп сататын нарықты құрылым тән. Салаға ену және шыру шектелмеген. Әр фирма саланың жалпы өнім көлемінің азғантай бөлігін шығарады. Мұндай жағдайда бірде-бір фирма өнім бағасына әсер ететіндей нарықтың бөлігіне ие емес.

Жетілдірілмеген бәсеке белгілі бір монополиялық билігімен ерекшеленеді. Оның пайда болуына салаға ену кезінде заңны және табиғи тосқауылдар әсер етеді. Тосқауылдардың мықтылық дәрежесіне сәйкес не таза монополия, не монополистік бәсеке, не олигополия пайда болады.

Монополиялар мен монополистік бәсекедегі фирма өнімдеріне сұраныс ауытқымасы нарықты сұраныстың ауытқымасы болып табылады да, теріс еңкіш сызықты болады. Сондықтан фирмалар тауардың өндірілуін бақылай отырып (монополистік бәсеке үшін бақылау толық емес), бағаға ықпал ете алады. Монополия жағдайында (бағалың кемсі-тушілікке бармайтын) тауардың қосымша бірлігін сатудан алатын шекті кіріс (MR) оның бағасынан төмен.

Фирманың табысы максималды болған жағдайда өндіру келемі MR= МС ережесімен анықталады. Кестеде бұл шектішығынауытқымасы мен шекті табыс ауытқымы-ыныңқиылысу орны болып табылады. Бекітілген баға максималды табыс беретін сұраныс ауытқымасының биіктігімен анықталады. Мұндай баға шекті шығындардан әр-дайым жоғары.

 

 

Бәсекемен күресу әдістемелері

 

Бәсеке түрлері: ішкі салалық-бір салалық кәсіпорындар арасындағы ең үлкен табыс үшін күрес;

 салааралық-түрлі салалық кәсіпорындар арасындағы капитал салудың ең пайдалы жағдайы үшін күрес.

  Бәсекенің формалары:

1.     Кәміл бәсеке-еркін бәсеке нарығы.

2.     Жетілдірілмеген бәсеке.Ол өзі 3 түрге бөлінеді:

-         монополия-тауардың бағасына ықпал ететін, өндірістің көп бөлігін бақылайтын бір ғана сатушының билігі.

-         олигополия-ірі фирмалар билейтін нарық.

-         монополистік бәсеке-біртекті емес, бірақ ұқсас тауар ұсынатын сатушылар саны көп нарық.

 Табиғи монополия- бұл екі немесе бұдан да көп фирмалардан гөрі, нарықты шығыныаз қандай да бір тауар, не қызметпен қамтамасыз ететін жалғыз ғана фирмадан пайда болған монополия.

 Жасанды монополия- сөз байласу немесе бәсекелесті басып тастау арқылы құрылған монополия.

 Кездейсоқ монополия- өз тұтынушылары үшін уақытша сұранысты ұсыныстан асырып түсіру нәтижесінде пай­да болады, бұл капиталдың (қаржының) тиімді жұмсалун қамтамасыз етеді.

 Монополиялардың пайда болуының негізгі себептері — өндіріс пен капиталдың шоғырлануы.

    Монополияға қарсы заңдылықтар-бұл бәсекелестікті дамытуға, монополияны шектеуге және тыйым салуға бағытталған заңдар мен үкіметтік актілер кешені.

Казақстан Республикасының монополияға қарсы заңы мынадай нормативті-құқықтық актілерге негізделген: ҚР «Табиғи монополиялар туралы», «Адал емес бәсекелестік туралы», «Бәсеке және монополия қызметін шектеу туралы» заңдары.

   Адал емес бәсекенің келесі түрлері бар:

1.   Фирмалық атауды, тауар белгісін заңсыз пайдалану.

2.   Бәсекелестің бәсекеші тауарының сыртқы рәсімдеуін тікелей ұдайы өндіріс жолымен көшіру.

3.   Сатушының сатудың қосымша шарттарын зорлап еңгізу;

4.   Басқа бәсекелестің қызметін әдепсіз түрде салыстыратын жарнаманы тарату.

5.   Тауардың нағыз қасиеттері мен сапасы туралы мәліметтерді жарнамада әдейі бұрмалау немесе жасыру.

6.   Бәсекелестікті болдырмауға әкелетін нарықты қатынас субъектілерінің деңгейлес қосылуы т.б.

 

Әдибиеттер:

 

1.     1Современная зерттеу және сегменттеу. Многоуровневая учебное пособие (Под ред. О.Ю.Маметова-Ростов на Дону, Феникс 2001)

2.     Блинов А.О. Малое предпринимательство. Организационные и правовые основы деятельности. М. Ось-89. 1998г.

3.     Мамыров Н.К. Смагулов Н.Т. Яновская О.А. и др. Основы предпринимательства. Учебное пособие - Алматы 1997г-72с.

4.     Рузавин Г.И. Основы экономики. М.Банки и биржи. 1999г.

 

Бақылау сұрақтары:

 

1.     Монополиялық бірлістіктер.

2.     Бәсеке мен  монополияның бірігүі. ҚР бәсеке нарығын қалыптастыру проблемалары мен жолдары.

3.     Бәсекемен күресу әдістемелері

 

 

Тақырып 8. Кәсіпкерлік қызмет.

 

Тақырып мақсаты: Кәсіпкерліктің формаларын білу.

 

Сүрақтар:

1.     Жеке меншік – нарықты зерттеу және сегменттеудің, негізі.

2.     Бизнес – нарықты зерттеу және сегменттеудің жылжытушы күші, оның белгілері мен түрлері.

3.     Кәсіпкерліктің үйымдастыру – құқыұтық формалары: артықшылықтары мен кемшіліктері. ҚР кәсіпкерліктің дамуы.

 

Кәсіпкерлік-адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. “Кәсіпкерлік” терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734) еңгізді. Бұл ұғымға ол нарықты тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.Кәсіпкерлік-бұл адамның зерттеу және сегменттеу қызметі, жаңа ізденіске бағытталады және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.

 Кәсіпкерлік пен бизнес ұғымын бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес-табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі. Кәсіпкерлік-новаторлық іс. Нағыз кәсіпкерлік-ол өнертапқыш. Зерттеу және сегменттеуда “кәсіпкерлік қабілеттілік” деген ұғым бар. Ол дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Бизнес-бұл табыс әкелетін адамның зерттеу және сегменттеу қызметі.

Кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқықтық формаларының ерекшеліктері келесі:

-шаруашылық бірлестіктің қатысушылар саны

-капитал иесі

-басқару формасы

-мүліктің қайнар көздері

-мүліктік жауапкершілік шегі.

Кәсіпкерлік қызметпен заңды және жеке тұлғалар айналысады.

Жеке тұлға-заңды тұлға мәртебесіне иемдембейтін жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысатын азамат.Оның кәсіпкерлік құқығы жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін басталады. Кәсіпкер не, қалай, кім үшін өндіру керек мәселелерін өзі жеке шешеді.Артықшылығы: құрылуы оңай, әрекет бостандығы елеулі, табысын өз еркімен жұмсайды. Кемшіліктері: толық мүліктік жауапкершілік, қаржы шектеулі, несие алу шектеулі.

Заңды тұлғаның екі түрі бар: коммерциялық және коммерциялық емес.

Коммерциялық ұйымдар: толық серіктестік, коммантидтті серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік,  акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорындар.

Серіктестік-үлестері әртүрлі формалы және оның құрамынан шыққан кезінде сондай алынатын, барлық мүшелері кәсіпкерлік әрекетке жеке араласатын шағын компаниялар болып табылады.

Толық серіктестік-серіктестіктің міндеттері бойынша оның мүшелері өзінің барлық мүліктермен ортақ та толық жауапкершілікте болады.

Коммандитті серіктестік немесе “сенім артқан серіктестік” мұнда серіктестік мүшелерінің бір бөлігі осы ұжымның міндеттемелері бойынша, өз мүліктері есебінен толық жауапкершілікте болса, ал қалған бөлігі тек өздері қосқан жарнасы көлемінде ғана жауапкершілікте болғандықтан, басқару ісіне араласпайды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік-серіктестіктің міндеттемелері бойынша оның мүшелерінің бәрі тек өздерінің қосқан жарналары көлемінде ғана жауапкершілікте болады.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, яғни бұд жерде серіктестіктің міндеттері бойынша оның мүшелері ең алдымен өз жарналары көлемінде,

Пред.678910
скачать работу

Нарықты зерттеу және сегменттеудің пәні мен әдістері

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ