Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Нәзір Төреқұлов

ықтан жіберілген басшылар... дем беріп, желіктіріп, түптің түбінде өз үстемдігін нығайтты... орталықтың саясатына қатысты мәселелерден шебер бұрып әкетіп отырды...”. Мұндай аласапыранда өз танымы мен берік тоқтамын жүзеге асыру Нәзірге оңайға түсе қоймады. Әйтсе де ол принциптеріне адалдық танытып, ешкімге бас ұрмады, ұлтын, жолдастарын жасытып, сатып кетпеді. Әділдік орнығар деген үмітпен ғұмыр кешіп, еңбек етті.

Сол қызыл империя саясатының бел ортасында жүріп мұсылмандықты сақтауды насихаттады, қорғады, қолдады. “Ислам және коммунизм” атты мақаласында ислам діні мешеу қараңғылықта қалдырады деген қағиданы өмірден тәжірибелер келтіре отырып теріске шығарды. Мұсылман халықтарының жағдайларын жақсарту мақсатында 1929 жылы бүкіл Түркістан Республикасының көлемінде демалыс күнін жұмаға ауыстыру, ораза, құрбан айт сынды мұсылман халықтарының мерекелерін демалыс деп жариялауы өзінің кеудесін оққа тіккенмен бірдей еді.

Өкінішке қарай, Н.Төреқұловтың бұл бастамасын сол дәуірде жүзеге асыру мүмкін болмады. Тек еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен мұсылмандар айты демалыс күні болып жарияланды.

Н.Төреқұловтың оқу-ағарту саласындағы атқарған жұмыстары, айтқан сөздері, жазған мақалалары бүгінгі күнге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Кезінде ол елді сауаттандыруға баса назар аударып, бірінші кезекте жергілікті ұлттық мамандарды даярлауға ерекше мән берген еді. Осы ұлттық мамандар арқылы ұлттық мектептер ашуға, әр ұлттың өз тілінде білім алуына баса назар аударды.

Нәзір Төреқұлов Ташкентте әуелі қазақ ағарту институты аталған, кейіннен жоғары педагогикалық институтқа айналған оқу орнын құрудың басы-қасында жүрді. Бұл қазақ халқының тарихындағы тұңғыш жоғары оқу орны еді.

Түркістаннан тысқары кеткен соң Нәзір Мәскеудегі КСРО халықтарының Орталық баспасын басқарды, ғылыми-педагогикалық жұмысқа араласты. КСРО Ғылым академиясы түркология секторын басқарып, ғылымға біржолата ден қойды.

Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік университетінде (КУТВ) дәріс оқып, біраз уақыт осы оқу орнында проректорлық қызмет атқарған. Осы жылдары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев сияқты ақыл-ой алыптары, “алашордашылдарды” қамқорлығына алып, қолдау көрсеткені үшін ұлтшыл атанды. Осылайша, өкінішке қарай, 1937 жылы нақақтан жала жабылып, жазықсыз атылып кетті.

Өзінің қысқа өмірін Нәзір Төреқұлов толығымен ұлтына, оның болашағына арнады. Сол бір аласапыран заманда одақтық деңгейде басшылық қызметтер атқарды. Соның ішінде Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы ретінде халқымыздың жағдайын, әл-ауқатын жақсарту, олардың рухани мәдениетін арттыру, мәдениет, білім ошақтарын көбейту, жастарды тәрбиелеудегі еңбегі ұшан теңіз. Ол тек қана қазақ халқы емес, бүкіл түркі тілдес халықтардың мақтанышына айналды. Өмір жолының қай кезеңінде болсын, халықтармен етене араласып, оларды мәдениетке, әдебиетке баулыды. Өзі шығарып отырған газет, журналдар беттерінде жарияланған мақалалары езілген халықтарды жігерлендіріп, бойларына күш-қуат берді.

Түркістан Орталық комитетінің төрағасы болып жүріп жерді пайдалану жөніндегі шығарған қаулы-қарарлары бүгінгі күнге дейін өз маңызын жойған емес. Әсіресе, жеке қожалықтар құру жөніндегі ойлары бүгінгі нарық заманында іске асуда.

1928 жылы небәрі 36 жасында ол Хиджаздағы (Сауд Арабиясы) КСРО-ның өкілетті уәкілі болып тағайындалды. Ол кезде мұндай жауапты қызметке жас адамның тағайындалуы дипломотиялық тәжірибеде өте сирек кездесетін. Араға екі жыл салып, Нәзір Төреқұлов КСРО-дағы тұңғыш қазақ елшісі атанды. Жаңадан іргесі қаланып, әлемді тек мұнайымен ғана емес, рухани байлығымен аузына қаратқан Сауд Арабиясына КСРО-ның елшісі болу қарапайым кезекті қызметке тағайындалу емес еді. Бұл елге елші таңдаудың өзі үлкен саясаттың жемісі болатын. Тағайындау алдында мұсылмандығы, қабілеті, білім дәрежесі, қазақ халқының өкілі екендігі – бәрі-бәрі ескерілген. Оның үстіне Түркістан Автономиясында оқып, білім алғаны, қызмет істегені еске алынды. Осылай ол алып империяның өкілі ретінде шетелде 8 жыл бойы қайраткерлік көрсетті.

XX ғасырдың бас кезінде қоғамдық, мемлекеттік істерге араласа бастаған қазақ интеллигенттері ұлттар арасындағы теңсіздікті жоюға, оқу, білім, мәдениет, ғылым, техника саласында артта қалған жергілікті халықтарды алға сүйреуге ұмтылды. Өзінің білім дәрежесі, күрескерлік тәжірибесі, мұсылман елдері өркениетін жақсы білетіндігі жағынан Н.Төреқұлов өзге замандастарынан оқ бойы озық тұрды.

Н.Төреқұловтың КСРО дипломатиясы мен саяси тарихындағы алар орны ерекше екендігіне қарамастан, Алаштың абзал арыстары С.Қожанов, Т.Рысқұлов, С.Сейфуллин сияқты Н.Төреқұлов та Кеңес өкіметінің солақай саясатының құрбаны болды. Бір айырмашылығы, Н. Төреқұлов дербес мемлекет құруды армандаған алашордалықтардың құрамында болғаны үшін емес, мұсылман елдері өкілдерімен тығыз байланыста болғаны және мұсылмандық дінді сақтап қалуды үгіттегені үшін кеңестік жендеттердің қолынан мерт болды. Бірақ, кеш болса да 1958 жылы толығымен ақталды.

Әрқилы себептермен, еліміз егемендігін алғанша Нәзір ойдағыдай насихаттал­мады. Қоғам қайраткері Ыбырай қажы Ысмаилұлы 1995-2005 жылдары Н.Төре­құлов атындағы халықаралық қор ұйымдастырып, нәзіртану жұмыстарын үлкен көрегенділікпен жүргізді. Мемлекет қайраткері, қазақтан шыққан тұңғыш дипломат, түркі тектес халықтың мақтанышы Нәзір Төреқұловтың өмірін зерттеп, көпшілік қауымға жария етіп, Қазақстан тарихынан өз орнын алып беруде Ыбырай қажы зор еңбек сіңірді.

Сонымен қатар Нәзір Төреқұлов есімін алғаш еске салған, естелік жазған жазушы Жүсіпбек Арыстанов, профессор Бейсембай Кенжебаев, зерттеп кітап жазған Жолтай Әлмашұлы мен Сәрсенбек Сахаббат еңбектерін арнайы атау қажет. Н.Төреқұлов еңбектерінің бір томдығын құрастырып, бастырған баспагер Нұрмахан Оразбеков есімі ілтипатқа лайық.

Белгілі ғалымдар Б.Кенжебаевтың, Т.Қожакеевтің, Р.Бердібайдың, Ф.Бәкіровтің, С.Тілеуқұловтың, Ш.Оразымбетовтің, Д.Ысқақұлының, Б.Қойшыбаевтың, т.б. еңбектерінде Н.Төреқұловтың өмірі мен қызметі, шығармашылығы жайлы бірсыпыра бағалы пікірлер айтылды. Ж.Әлмашұлы Н.Төреқұловтың шығармашылығынан диссертация қорғады. Сондай-ақ, С.Қирабаевтың, Т.Кәкішевтің, Ш.Елеукеновтің, т.б. әдебиетші ғалымдардың еңбектерінде арнайы болмаса да ішінара Нәзірге қатысты пікірлер кездесіп қалып отырады.

Олардың ішінде Қазақстан дипломатиясының жарық жұлдызы, саясаткер Н.Төреқұловтың есімін әлемдік аренаға алып шыққан тарихшы-дипломат, мемлекет қайраткері Т.Мансұровтың еңбегі ерекше. Ол архив деректеріне, дипломатиялық хат-қағаздар мағлұматтарына сүйене отырып тұңғыш рет нәзіртануға тың тараулар қосты. Оның “Елші Нәзір Төреқұловтың Арабия дастаны” түрік, қазақ, орыс, ағылшын, араб тілдерінде бір мұқабаға жинақталып Мәскеуден жарық көруі, сондай-ақ “Жизнь замечательных людей” секілді абыройы асқақ баспадан азаматтық ғұмырнамалық кітабының жарық көруі тіпті қуанышты жағдай. Ол аударылып “Қазақстан” баспасы арқылы басылып кең тарады. Енді нәзіртану саласында жасалған осындай игілікті істер жалғасын таба түссе дейміз. Себебі, Нәзір Төреқұловтың ғибратты өмірі мен қызметі – әлі тиісті бағасын толық алмаған, терең зерттелмеген тың да соны дүние. Ендігі сол жәдігерлікті толықтай жинастырып, халыққа ұсынатын кез келді.

Халқына қалтқысыз қызмет етіп, артына өшпейтін мол мұра қалдырған Н.Төреқұлов жұлдызы жыл өткен сайын нұрланып, жарқырай бермек. Биыл, 2007 жылы 18 қазанда Нәзір Төреқұловтың туғанына – 115 жыл, жазықсыз құрбан болғанына 70 жыл толады. Ұлт рухын ұлықтаған халқымыздың осындай асыл азаматын кейінгі ұрпақ жадында мәңгі сақтағаны абзал.

Авторы: Әбдіжапар САПАРБАЕВ, Алматы гуманитарлық-техникалық университетінің ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор.

1234
скачать работу

Нәзір Төреқұлов

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ