Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Нәзір Төреқұлов



 Другие рефераты
Сұлтан Бейбарыс Өтеген батыр Өтеғұлұлы Наурызбай батыр Мұхаммед Хайдар Дулати

Қазақ елінің, қазақ жұртының тағдыры сынға түскен тарихи кезеңдерде, алмағайып замандарда әсіресе қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жан қиған да осы Алаш арыстары болды. Әсіресе, ұлттық тәуелсіздік үшін күресте олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктіріп, ел санасын оятудағы қыруар еңбегін ешуақытта ұмытуға болмайды.

Алайда, 1937 жылдың қырғынында осынау қазақтың қаймағы болған арыстарымыз барлығы дерлік қуғын-сүргінге ұшырап, басым көпшілігі ату жазасына кесілді. Ажалдан аман қалғандарының өзі ұзақ жылдар бойында ескерусіз қалдырылды.

Осылайша, қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға, оның іргетасын қаласуға сонау өткен ХХ ғасырдың алғашқы жылдарында аянбай еңбек еткен, қыруар жұмыс жасаған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, М.Шоқай, С.Садуақасов, Т.Рысқұлов т.б. көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің бел ортасында Нәзір Төреқұловтың да есімі жарқырап көрінеді. Алаш идеясы бастарын біріктірген осынау саңлақтарымыздың қоғамдық және саяси өміріміздің әр саласында еңбек етіп, сол арқылы әрқайсысының түптің түбінде ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізуге әрекет жасағандығын аңғарамыз.

Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов та осы идея үшін күресті, азабы мен абыройы қатар түсіп жатқан, қатал да қатыгез тағдыр кешті. Оның өмір жолына қарап отырсақ, қоғамдық және саяси қызметінің барлық белестерінде алдымен ұлтына, туған халқына аянбай көмек беруге ұмтылғанын көреміз. Керек болса, осы мақсатта қолына қалам алып ғылыммен, әдебиетпен және журналистік қызметпен де айналысты. Соның арқасында қазақ әдебиеті мен өнері үшін, қазақ тіл ғылымы мен баспасөзі үшін, бір сөзбен айтқанда, жалпы қазақ тарихы мен руханияты үшін қаншама құнды дүниелер жазып тастап кетті.

Осы орайда қалам қайраткерінің осынау баға жетпес құнды мұралары жайында алғашқы іргелі ой-пікірлерді айтқан, сүбелі-сүбелі мақалалар жазған бір ғалым ағамыздың ерен еңбегін атап өтпеу қиянат. Ол өмірден өтіп кеткен, күллі қазақ журналистерінің ұстазы, қажырлы, қайсар ағамыз, көрнекті әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірбек Қожекеев еді. Ғалым сонау 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында-ақ осынау тақырыпты терең қазып зерттеді.

Ал енді Н.Төреқұловтың қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби, білікті дипломат, елші болғандығын және оның есімі сол кезде, көзі тірісінде-ақ халықаралық деңгейде танылғандығын, жоғары бағаланғандығын бүгін үлкен мақтанышпен айтуға тиістіміз. Бұл биік дәрежеге Н.Төреқұлов үлкен белестерден өтіп келді.

Нәзір Төреқұлов өмірінің, қоғамдық-саяси қызметінің осы кезеңі белгілі қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым Тайыр Мансұровтың соңғы жылдары жарық көрген бірнеше еңбектерінде нақты деректік құжаттар негізінде терең ашылады. Оның төмендегі кітаптарын: “Нәзір Төреқұлов – Сауд Арабиясы корольдігіндегі КСРО-ның өкілетті өкілі”. /Хаттар, күнделіктер, есептер/ (1928-1935жж), М.: Русский раритет, 2000.; “Елші Нәзір Төреқұловтың Арабия дастаны”, 4 тілде (орыс, қазақ, ағылшын, араб), М.: Реал-Пресс, 2001.; “Елші Нәзір Төреқұлов. Дипломат, Саясаткер, Азамат”, М.: Реал-Пресс, 2003.; “Елші Нәзір Төреқұлов. Дипломат, Саясаткер, Азамат”(ағылшын тілінде) М.: Реал-Пресс, 2003.; “Елші Нәзір Төреқұлов” (Жизнь замечательных людей: өмірбаян сериясы.) М.: Молодая гвардия, 2004.; “Елші Нәзір Төреқұлов. Дипломат, Саясаткер, Азамат” (араб тілінде), Эр-Риад: АБЕКАН, 2006, т.б.

Қазақтың біртуар, аяулы перзенті жүріп өткен қызмет белестері, Н.Төреқұловтың өзі қалың ортасында жүрген, болған тарихи оқиғалар ауқымы немесе елшінің өз көзімен көрген елді мекендер, ірі-ірі саяси тұлғалармен, мемлекет басшыларымен жасаған қарым-қатынасы сынды азаматтың өміріндегі маңызды сәттердің барлығы тиянақты түрде зерттеліп, Н.Төреқұлов тұлғасын терең ашуда айрықша қызмет еткен. Әсіресе, елші Н.Төреқұлов жайындағы Ресей Сыртқы істер министрлігіндегі, Ресей қауіпсіздік қызметінің Федералдық бюросындағы, солардың кіруге рұқсат етілмейтін мұрағаттары мен мұражайларындағы, құпия бөлімдеріндегі “аса маңызды мемлекеттік грифтегі” құжаттары мен олардың фотокөшірмелерін қолға түсіруде автор-зерттеуші айрықша табандылық танытты.

“Нәзір Төреқұловтың” араб тілінде басып шығарылуы, сөз жоқ, біздер – қазақстандықтар үшін, әсіресе өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарында Сауд мемлекетінің қалыптасып, дамуының барынша қиын-қыстау кезеңінде онда кеңес дипломатиялық қызметін біздің аты аңызға айналған отандасымыздың басқарғаны зор мақтаныш. Бұл кітап КСРО мен Сауд Арабиясы арасында 55 жыл бойы қарым-қатынастар үзілгендіктен, ақпаратымыз болмауына байланысты арабиялықтар өкілетті елші Нәзір Төреқұловтың даңқты істері туралы білмеген олқылықтың орнын толтырып отыр.

Кеңес-Сауд қарым-қатынастарының, “алтын ғасыры” түбегейлі зерттелген. Кәсіби арабшылардың айғақтауынша, бұл зерттеу өз мақсатына жеткен. Осы істе “Нәзір Төреқұловты” Араб дүниесіндегі барынша ардақты Каирдың “Айн-шамс” университетінде аударуға ден қойған Сауд әл-Фейсалдың рөлі айқын аңғарылады. Кітаптың жай мазмұнын ғана емес, Төреқұловтың сыртқы істер халық комиссариатының басшылығымен жазысқан хаттарындағы астарлы ой оралымдары мен аса бай тіл өрнектерінің бәрі де араб тіліне шебер аударылған.

Ерекше айтарлық бір жәйт, сол кездегі Кеңес одағының басшыларының Н.Төре­құловты Сауд Арабиясына елші етіп тағайындау арқылы қандасымыздың әлемдік тұлғаға айналуына жол ашқанын өздері де аңғармай қалды. Н.Төреқұловтың сол кезеңде әлемдегі ең бір беделді, абыройлы дипломатия басшыларымен, елшілік қызметінің көрнекті қайраткерлерімен тіл табысып, қоян-қолтық араласып кетуі, сонымен бірге солардың құрметіне ие болуы, керек болса сол елде қоныс тепкен шетелдік елшіліктер корпусының жетекшісі, жолбасшысы (дипкорпус дуайені) биігіне көтерілуі, әрине, кеңестік большевиктік үкіметтің толық қолдауына ие болуынсыз екіталай еді. Қазақ перзентінің халықаралық деңгейдегі ірі, көрнекті саяси қайраткерге айнала бастауы, әрине, Кеңес Одағының, қызыл империяның шовинистік пиғылдағы көсемдері басқарған 1930 жылдардағы репрессиялық аппаратына ұнаған жоқ. Н.Төреқұловтың Кеңес Одағы үшін, ішінара, әрине, одақтас республикалар ретіндегі түркі халықтары үшін жасап жатқан жемісті елшілік қызметін шұғыл арада үздіртіп, Кеңес Одағына қайта шақыртып алу саясатында да осындай астар бар еді.

Сталиннің және оның төңірегіндегі жандайшаптарының, асыра сілтеушілерінің тікелей ұйымдастыруымен, тікелей жала жабу арқылы көп ұзатпай Н.Төреқұловты ірі қайраткер ретінде саяси сахнадан алыстату мақсатында ашық, арсыз саясат жүргізілді. Түркі жұртына жаны ашығаны үшін, көмек бергені үшін “пантюркизм” көсемдерінің бірі деді. Диверсиялық-террорлық пантүркілік ұйымның белсенді мүшесі ретінде Тұрар Рысқұловпен бірігіп Кеңес Одағын құлатуға әрекет жасады деген айып тағылды. Оның аяғы арысымыздың нақақтан-нақақ ату жазасына кесіліп, 1937 жылдың 3 қарашасында “халық жауы” деген айыппен мерт болуына алып келді. Н.Төреқұлов осының барлығын сезді, білді. Біле тұра, зиялы, аса сабырлы, аса мәдениетті жан ретінде ең соңғы сағатына дейін партияға сенді, әділдік жеңер деп ойлады. Өзімен тұстас жаппай репрессияға ұшырап жатқан Алаш көсемдері Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов ағаларымнан жаным артық емес менің деп, іштен тынып, соңғы деміне дейін жақсылықтан үмітін үзген жоқ.

Осындай құнды деректердің барлығы жоғарыда аталған еңбектерде нақты мысал­дар арқылы дәлелденеді. Ату жазасын анықтаған құжаттардың фотокөшірмелері беріледі. КСРО-ның Жоғарғы соты Әскери кеңесінің үштігімен кесілген жаза шеші­мінің фотокөшірмесі жан түршіктіреді. Ешкім білмейтін, ешкім танымайтын, бригадалық әскери заңгер деген атақтары бар Матулевич, Стельмахович, Зарянов деген қатардағы үш офицердің жабық сот мәжілісін өткізіп, жүрдім-бардым тергеп, жол-жөнекей қоя салған қанды қолдарының айбақ-шайбақ көшірмелері талай боздақтарымыздың осылайша түбіне жеткенін ойлағанда, түршігесің. Сталин сияқты жеке адамға табынған қоғамның тұтас бір ұлттың үкілеген үмітіндей, алақанға салған аяулыларын шыбын құрлы көрмей, қалайша аяққа таптағандығын көріп, зығырданың қайнайды. Көпе-көрнеу жасалып жатқан қиянатқа не істерлерін білмей, шарасыз күй кешкен, намыс пен ыза кернеген жүректері қан жылап, еш болмаса кегін ала алмай арманда кеткен қайран арыстарымыз-ай!

Кітаптың тартымды тілмен, анық, айқын стильде, күллі репрессиялық жазалаудың зардаптарын сол күйінде оқырманға жеткізуі Нәзіртану ғылымындағы беймәлім беттерді ашады. Сонымен бірге Н.Төреқұловтың өмір деректері де, елшілікке дейінгі қоғамдық-саяси қызметтерінің маңызды белестері де қысқа да нақты баяндалып, назардан тыс қалмағандығы кітаптардың құнын арттырған. Бұл зерттеу әдісі Н.Төреқұловтың тарихи тұлғасын толық сомдап шығуға мүмкіндік берген. Қайраткердің елшілік қызметіне дейінгі азаматтық, адамдық келбеті де қалай қалыптасқандығы тартымды өмір деректері арқылы ашыла түседі.

Ең алдымен Нәзір Төреқұловтың өскен ұясы әулетті, ұлағатты, алған білімі құнарлы, тиянақты еді. Қазақтан шыққан алғашқы кәсіпкердің отбасында дүниеге келді, өз заманына сәйкес білім алды. Мәскеу қаласында, сол заманның ең беделді жоғары оқу орындарының бірі – Мәскеу сауда институтының экономика факультетінде оқыды. Бірнеше тілдерді қатар меңгерді. Соның арқасында өз тұстастарынан оқ бойы озық тұрған нағыз зиялы жан болды. Алайда, өз мемлекетінің мүддесін шет елде биік деңгейде қорғау үшін бұл қасиеттер де адамға аздық етеді. Біліктілігі жағынан аса жоғары деңгейдегі елші болу үшін алдымен, өмір ағымына жетік болу керек, ерік-күші қажет, сын сағатта тығырықтан жол таба білген жан ғана қапы қалмайды. Төңірегіндегілерді түсіне б

1234
скачать работу


 Другие рефераты
Национальные лики духовного
Альбрехт Дюрер
Эволюция вселенной
Понятие и значение производительности труда


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ