Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Несие

ен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарга деген қажеттiлiктi туындатады.

    Ал келесі,  қызметi, яғни несиенiң айналыстағы нақты  ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазiргi несиелік шаруашылықты мұндай орнын алмастыруга толық мумкiндiк бар.

    Капиталдық шоғыалану процесi қызметi экономиканың турақты дамуына жағдай жасау үшiн маңызды болып табылады. Мұндай мiндеттердi шешуде несиенiң бұл қызметi өндiрiстiң ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуга мумкiндiк бередi.

1.1Несие формалары мен түрлері. Несие формасы — бұл несие қатынасының сырттай нақты көрініс  табуы. Ол несие қатынасының мәнi мен ұйымдастырылуын синтездейдi Несие қатынасының формасы мен мазмұны ажырағысыз әрі диалектикалық жағнан бiртұтас болады. Несие қатынасының формасы оның  мазмұны мен  дамуына сәйкесуi керек.

     Таңдап алынған жiктеу өлшемiне қарай несиенiң мынадай ең маңызды формаларын бөлiп көрсетуге болады (9.1. сурет)

    -  қызмет ету саласына қарай — ұлттық және халықаралық несие;

    - несие мәмілесінің  объектiсiне қарай — ақшалай және тауарлық несие;

    - несие қатынасының субъектiсiне қарай — банктiк, коммерциялық, халыкаралық тұтынушылық несиелер.

 

9.1.сурет. Несиенің негізгі формалары.

  

 

     Жорғарыда қарастырылган несие формаларының көптеген түрлерi болады. Несие түрлерi — бұл оның несиелердi жiктеу үшiн пайдаланатын, экономикалық-ұйымдастырушылық белгілерi бойыша ең детальданған сипаттамасы, ягни, несиенiң iс-тәжiрибедегі нақты қосымшасы.

    а) Қазақстанда несие турлерi былайша жiктеледi: несиелеу объектiнiң экономикалық белгiлерi бойынша:

    — айналым қаражатын қалыптастыруга берiлетiн несие;

    — негiзi құрал-жабдықты калыптастыруга берiлетi несие;

    — ТМҚ аясында шұгыл қажеттiлiкке, сондай-ақ, нормативтен тыс                              қорлардың аясында уақытша қажеттлiкке берiлетiн несие;

    — өндiрiстiң маусымдық шыгыны аясында берiлетiн несие;

    — жол үстiндегi (жолдагы) есеп айырысу құжаттары аясында берiлетн   несие, аккредитивтер;

    — төлем несиелерi.

ә) қамтамасыз етiлуi бойынша:

    — жылжымалы және жылжымайтын мулікпен, ТМК-пен, кепілдiлiкпен, сактандыру келiсiмшарттымен толық қамтамсыз етiлген;

    — iшiнара қамтамасыз етiлген;

    — қамтамасыз етiлуi болмайтын банкiлiк (сенiмдiлiк).

б) қайтарылу мерзiмi бойынша:

    — қысқа мерзiмдi;

    — орта мерзiмдi;

    — ұзақ мерзiмдi.

в) өтелу тәртiбi бойынша:

    — бөлiп-бөліп төлеу (мерзiмін ұзарту);

    — бір жолғы өтеу;

         кезең сайын  (бір қалыпты емес) өтеу.

г) Тәуекелдi деңгейi бойынша:

    — субстандартты;

    — стандартты

    — күмәндi;

    — сенiмдi;

    — сенiмсiз;

    — ұзартпалы.

ғ) арқылылығы бойынша:

    — қалыпты пайыздық мөлшерлемесi;

         жоғары пайыздың мөлшерлемесi;

         төмен пайыздың мөлшерлемесi;

     — пайызсыз.

д) салалық бағыты бойынша:

    — сауда-саттық несиесi;

    — өнеркәсiп несиесi;

    — ауылшаруашылық несиесi;

    —құрылыс несиесі;

ж) ашылатын шот турлерi бойынша:

    — жай ссудалық шот бойынша несие;

    — арнайы ссуда шоты бойынша несие;

    — контокорренттiк шот бойынша несие;

    — овердрафт бойынша несие;

    — несие желiсi бойынша несие.

     Несиенiң айрықша түрiне жылдам сатылатын мулiкпен немесе құқықпен қамтамасыз етiлген, қысқа мерзім ссуда мөлшерi бойынша тiркелетiн ломбардтық несие жатады.

    Ломбардтық несиенi негiзгi әр алуан турлерiне кұнды қағаз кепiлдiгiмен, тауар кепiлiдiгiмен, талап кепiлдiгiмен берiлетін несиелер жатады. Қарыз алушы ломбардтық несиен өз қалауынша  шектеусiз пайдалана алады.

    Жаңартпалы несие (ағл. Revolve- айналыста болу, кезең сайын ауыстырып отыру) - ссуда капиталының ұлттық және әлемдiк нарықтарында  жаңгыртпалы несие. Ол  белгiленген берешек лимитi шегiнде және өтеу мерзiмi шегінде несие келiсiмiне қатысушы елдер арасында қосымша келiсімөзсiз автоматты түрде берiледi.

    Несие желiсi қарыз алушының алдындагы несиеуйымының  оған несие келiсiмшартының белгiленген  әрекет етуі кезеңi iшіндебелгілі бір мақсатқа және келісілген мөлшерде несиені беру жөніндегі заң тұрғысынан рәсімделген міндеттемесі. Несие желісінің ашылуы несие беруші мен қарыз алушының ұзақ уақытқа созылатын тығыз ынтымақтастығын білдіреді.

 1.2 НЕСИЕ ЗАҢДАРЫ.  Несие заңдарын бiлу және соның негiзiнде тиiмдi несие механизмiн ретке келтiру өндiрiс қорларының айналыстары мен айналымдарының бiркелкi еместiгiне байланысты бос тұрған қаржыларды орынды пайдалануға мумкiндiк бередi.

    Несие заңдарына ең алдымен Несие заңының пайда болуы жатады. Ол несие қатынастарының пайда болуы мен қарыз беру қорының құрылу қатынастарын бiлдiредi.

    Несиенiң пайда болу заңының экономикадағы тауар-ақша қатынастарының  жұмыс iстеуi жағдайында ғана әрекеттiк күшi бар. Нақты несие қатынастары шаруашылық байланыстары баламалық және тепе-теңдiк қатынастарға негiзделген экономика салаларында ғана туындайды.

    Егер шаруашылық субъектiсiнiң өзi атқарып отырған жұмысының нәтижесi үшiн нақты материалдық жауапкершiлiгi болмаса, несиелiк қатынастардың дұрыс жұмыс iстеуiнiң, несиенiң қайтарылып келетiндiгiнiң кепiлдiгi болмайды. Несиенiң пайда болу Заңының бұзылуы экономикадғы қарама-қайшылыққа және инфляцияға әкеп соқтырады.

    Несие заңдарының басқа да экономикалық заңдар сияқты жалпыламалық, объективтiк, қажеттiлiк, өте маңыздылық, нақтылық сипаты бар.

    Несие заңдарының өзiнiң қозғалыс заңдары іспеттес көрiнiсi бар. Жоғарыда анықтағанымыздан, несиелік қатынастар тартылған құндылықтар несие берушiден қарыз алушыға өтiп, қайта қайтқанда пайда болады, яғни несие тұрақты түрде қозғалыс үстiнде болады. Егер ол бiр буында тоқтап тұрып қалса, өзiнiң мәмiн жоғалтып, несие болудан қалады, Сондықтан несиенiң қозғалысы объективтi, қажеттi, маңызды, жалпыламалы, нақты дуние. Яғни, несиенiң қоғалысы оның аса маңызды сипаты, өмiр суруiнiң заңы.

    Несие заңына тән Заң - оның қайта айналып құйылу заңы. Несиенi басқа экономикалық құндылық категорияларынан бөлектеп тұратын белгiсi мен ерекшелiгi — қайта айналып кұйылушылығы. Егер тарылған құндылық бастапқы субъект несие берушiге  қайта айналып келмейтiн болса, онда өзiнiң мәнiн жоғалтып, жеке экономикалық категория ретiндегi несие боп аталудан қалады.

    Тарылған құчдылық өзi шыққан пунктке қайта оралып келу ушін белгiлi бiр  жумыс  iстейдi, яғни ұдайы өндiрiс процесiне қатынасады, пайызын өсiру ушiн уақытша пайдалануға берiлген бастапқы мөлшерiн қайта қайтаруға (қаржыларды босатады) өзiндiк мүмкiндiктер жасайды. Бұл процесте: объективтiлiк, қажетттілiк, жалпыламалық және т.б. экономикалық талаптардың барлық белгiлерi бар. Осы аталған Заңмен тікелей байланысты несие заңы — тарылған құндылық заңы. Тарылған құндылық несие берушiден оны  алуға дейiнгi жолда өзiнiң тұтынушылық ерекшеліктерін (өндiрiс құралдарына қарағанда), сондай-ақ құндылығын жоғалтпайды да, өзінің айналымдарына бастапқы тепе-теңдік түрiн сақтап, жаңа айналымға түсуге дайын  екендiгiмен  бастапқы пункке (несие берушіге) қайта оралады. Және бұл ретте өзiнiц бастапөы сапасын, әрi жоғары мумкiндiктерiн жоғалтпайды.

    Несиенiң қарастырылған заңдары мен олардың ерекшелiктерiн танып бiлудiң тәжiрибелiк маңызы бар. Олардың бұзылуы: ақша айналысын тұрақсыздандыру, экономикадағы ақша массасының ұлғаюы сияқты аса күрделi экономикалық қиындықтарға ұшыратады. Ұлттық валютаның сатып алушылық құндылығын кемiтедi, инфляпияға келіп соқтырады және т.б.

 ІІ.  Қазақстан Республикасындағы несие жүйесі.    Несие жүйесi — жалпы банктердiң (ұлттық және коммерциялық) және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк емес мекемелердiң жиытығы.

    Несие жуйесi  ұғымы банк жүйесiне қарағанда кеңiрек, яғни мұнда өзге де несиелiк мекеме

12345
скачать работу

Несие

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ