Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Несие

лер қамтылады. Әр елдiң өзiндiк ерекшелiгiне қарай несие немесе банк жүйесiнiң құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелiк жүйе екi буыннан тұрады: бiрiншiсi — банктiк жүйе, ал екiншiсi — парабанктiк жүйе (банктiк емес мекемелер). Қазақстан Республикасының несиелiк жүйесiнiң құрылымы мынадай сызбамен берiлген.

 

    Келтірілген  сызбаға енген несие  жүйесінің құрылымдық элементтерінің мазмұнын сипаттамайтын, ның ирархиялық құрылымы кестеде берілген. 

 

    Банктердiң саны жыглдан жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты, сөйтiп банк жуйесiн реформалау натижесiнде олардың саны 35-ке дейiн (06.2003 ж.) қысқарды. Жалпы банктер қатарында мемлекеттiк банктер (мемлекеттiң 100% қатысуымен құрылған) саны — 2. Қазақстанның банктiк секторында  шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны — 16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алады. Ал банктiк емес мекемелер санының керiсiнше, өсiп келе жатқандығын байқаймыз.

    2.1 Несиенің экономикадағы  ролі. Несиенiң рөлiн несиелік қатынастардың жұмыс iстеуiне әкелiп соқтыратын нәтижесiмен анықтауға болады. Несиеөзiнiңқызметi арқылыұдайыөндiрiспроцесiнеәсеретедi. Жоғарыдааталыпөткендей, несиенiңөзқызметсаласыбар, олқозғалыстыңбарлыққұндылықтарыменемес, шаруашылықайналымдапайдаланылмайтұраған, қайтаайналыпқұйылудыңбастапқыкезiндеқайтабөлiнумүмкiнбөлгiменғанабайланысты. Несиенiңкөмегiменшешiлетiнмiндеттерқогамдық  дамудыңәртүрлi кезеңдерiндеөзгерiпотыруымүмкiн.

    Жаңа өндiрiс ашумен оларды кеңейту iсiнде де несиенiң атқаратын рөлі зор. Несиенiң көмегiмен айтарлықтай қаржы ресурстарын шоғырландыру мен орталықтандыру жаңа өндiрiстердiң  iрi жобаларын iске асыруга, жаңа техникалық  ендiруге,  жоғары қосымша құны бар өнімдердi өндiрудi қайта жарақтауга байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.

    Қазақстанда экокомиканың шикiзаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған өңдеу секторын құру мақсатын көздейтiн КР-ның 2003—2015 жылдарға арналган индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзiнiң несиелiк қаржыларын осы багдарламаны жүзеге асыруга багыттайтын несие жүйесiне үлкен умiттер артылуда. Несиенi капиталдық салымдар есебiнде пайдаланудың бюджеттiк қайта айналмалы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды артықшылықтары бар. Ол капиталдық шығынның  тиiмдiлiгiн осы шаралардың пайда есебiнен қарызды өтеудiң мүмкiндiктерiн анықтаумен әрi несие шараларының өтелу мерзiмi шегiнде қарызды өтеудiң мерзiмiн белгiлеуменi жүйелi бақылауга мүмкiндiк бередi.

    Несиенiң ақша айналымы саласында да алатын орны айрықша. Ол ақша айналымының үнемделуiнен көрiнедi. Несие өзiнiң қызметi — айналысының құралын құруға байланысты:

—               бiрiншiден, ақша белгiлерiн дайындау, шығару, есеп жүргiзу мен сақтаушыгындарын қысқартады;

—               екiншiден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз есептесулердi қысқартып, айналым шығындарын азайтады;

—                үшiншiден, айналымның шыгындары маусымдық қажеттiлiктерді қосымша қаржылар есебiнен көбейткенде қорлардың кемуіне байланысты қысқарады.

    Экономиканың төмендеп, инфляцияның өрлеген кезiнде мемлекет пайыздық ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемiн қысу үшiн экономикадағы несиелiк салымның көлемiн қысқартады. Ал, экономикалық өрлеу кезiнде экоюмиканы жандандырып, әрi өсiру үшiн несие экспансиясы саясаты қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кемiту арқылы несие тасқыны көбейiп, ақша көлемi ұлғаяды. Осылайша ақша айналымы ретке келтiрiледi. Қазақстанда 1993—1997 жылдары несиелердiң шектелуi, ал 1998 жылдан бастап несие экспансиясы саясаты жургiзiлдi.

    Несиелiк (ипотекалық тұтыну несиесі) арқасында тұрғын‚ үй құрылысы, пәтерлер, автокөлiк және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу мен шаруашьтлықты қалыптастыру сияқты коғамдагы көптеген әлеуметтiк мәселелердi шешуге қол жетiп отыр.

    Несиенiң көмегiмен басқа мемлекеттермен байланыстар ныгайып, әлемдiк экономикага араласуга мүмкiндiктер туып келедi.

    Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналысушы экономикалық субъектiлердiң өмiр сүруi мен жалпы халықшаруашылыгының дамуына да, микроденгейiне байланыстардың дамуында, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын  көтеруде несиенің атқаратын рөлi өте зор екен.

    Несие саласын мейлiнше тарылтудың да керi әсерi бар, себебi төлем қаржыларының жеткiлiксiздiгiнен шаруашылық субъектiлерi ТМҚ-ны, жабдықтарды сатып ала алмайды, өзiнiң қызметкерлерiне еңбекақы төлей алмайды, негiзгi қорларды жалға ала алмайды және т.б. Сайып келгенде мұның бәрi өндiрiсте, тауарларды сатып-таратуда өз көрiнiсiн байқатпай қоймайды.

    Несиенiң шектерiн негiздеп анықтау мен сақтаудың сұраныс пен ұсыныстың, айналымдағы тауар мен ақша көлемдерiнiң, өндiрiс пен тауарларды сатып-таратудың араларындағы үйлесiмдi тепе-теңдiктердi сақтай тұру үшiн маңызы зор.

    Несиенiң сандық шегi несиелiк қаржыларды сандық жағынан шектеумен байланысты. Шектеулердiң әдісi әр турлi, тура әдiс — Ұлттық банк мiндетті қор көздерiнiң мөлшерiн арттырып, соның нәтижесiнде несие көздерiнiң көлемiн азайтады, экономикалық әдiс — пайыздық мөлшерлеменi көтерудiң нәтижесiнде несиелеу процесiн тежейдi, Сапалық шектерi — бұл жағдайда несие тар көлемдiк деңгейде де, кең көлемдiк деңгейде де керi әсер етуi мумкiн.

    Несиенiң экономика циклiнің тиiстi кезеңiне байланысты кең көлемдi деңгейде оң немесе терiс түрде қалай әсср ететiндiгi жогарыда атап көрсетiлдi.

    Несиенiң пайдаланылуы мен оның тар көлем деңгейiнде әсер етуi көп факторларга, ең бiріншi несиелiк қатымастарға қатысушы жақтардың ықыластарғы  мен мүмкiндiктерiне  байланысты,  атап айтқанда:

    — қарыз алушылардың қарыз қаржыларына  деген мұқтаждығы мен несие және пайыздыық мөлшерлемелердi қайтаруга байланысты щығындарды  азайтуға олардың ықыласты  болуы;

    — банкiлердiң өз табыстарын ұлғайту мақсатымен несие салымдарын кеңейтуге ықыластылығы.

    Екi жақтың несиелiк тынымдарға ықыластары жасалған несиелiк келiсiмдерде көрсетiледi.

2.2 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің даму тарихы. Ғалымдардың пiкiрiнше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында — ХIV және ХV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болган. Кейбiр галымдар банктердiң бұдан да ертерек феодализм кезiнде төлем делдалдары ретiнде пайда болды деп есептейдi.

    «Банк» сөзi «үстел» мағынасын беретiн италияндық «Ьапсо» сөзiнен шыққан. Банко — үстелдер тауарлардың сауда-саттығы қызу жүретiн алаңдарга қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде, қалаларда және жекелеген қалаларда шақа соғылатын (чеканившихся) әр түрлi монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлi айналасынанi хабары бар, айырбас багамы бойынша кеңестер берiп, бағалай алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз үстелдерiмен нарықтарда отырады. Х ғасырда Италия әлемдiк сауданың орталыгына айналды, сол себептi де өздерiнiң ерекше банко-үстелдерi бар айырбастаушы банкирлер әйгiлi болады әрі олар Ежелгi Грецияда (трапезиттер деп аталган «трапеза» — үстел), Ежелгi Вавилонда және басқа да елдерде кеңiнен тарайды.

    Бiздiң эрамызга дейiнгi VI ғасырларда Ежелгi Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжiрибеде кездескен. Мұдай Валюталық және несиелiк операциялар бiздiң эрамызға дейiнгi IV ғасырда Грецияда да тәжiрибеде кездескен.

    VII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегi эмиссиялық операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және ХIХ гасырдың басында оған елдiң эмиссиялық банкiсi деген атақ (статус, мәртебе) берiлдi. Оның банкноттары төлемнiң әмбебеп, заңды құралына айналды.

    1846 жытлы Германияда жергiлiктi 33 эмиссиялық банктердi бiрiктiрген елдiң орталық банкiсi ретiнде Пруссиялық банк құрылды.

    Ресейде банк iсi мемлекеттiк тұргыдан дамиды, ал жекеше эмиссиялық банктер болған жоқ, тек ХIХ гасырдың соңында гана (1894 ж.) орталық эмиссиялық банк ретiнде Мемлекеттiк банк пайда болды.

    ХХ гасырдагы 90-шы жылдардың басына дейін Қазақстанның банктерi болған емес.

    Кеңес үкiметi тұсында Қазақстанның өз банк жүйесi болмады, өйткенi республика аумагында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесiнiң филиалдары мен бөлiмшелерi жұмыс iстедi. Сол себептi де банк жүйесiнiң тарихы КСРО тарихымен және революцияга дейiнгi Ресейдiң тарихымен ажырагысыз байланыста болды. Патшалық Ресейдiң банк жүйесiне мыналар кiрдi: Мемлекеттiк банк, акционерлiк банктер, өзара несие қогамы, қалалық банктер, ипотекалық несие банкiсi және басқа несие мекемелер.

    КСРО-ның банк жүйесiнде, оның iшiнде, Қазақстанда 70 жыл бойы қатаң орталықтандыру мен шогырландыру саясаты үстемдiк еттi, несие-банктiк ықпал ету әдiстерiнде әкiмшiлiк және ұсақ реттемелеу сондай-ақ шаруашылық органдарының қызметiнде де осындай жагымсыз жагдайлар басым болды.

  &n

12345
скачать работу

Несие

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ