Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Өмір сүру философиясы

н де талай тер төгілді ғой. Ондағы табиғи бай­лық ұстағанның қолында, тістегеннің ау­зында кетпес үшін де он ойланып, мың тол­ғанатын Мемлекет басшысының эконо­ми­калық сауаттылығы мен көреген сая­са­ты ауадай қажет-ақ еді. Инвесторлар тар­тудағы табандылық пен ілкімділікті айт­па­ңыз! Мемлекеттік қызметте жүріп те, де­пу­таттық мандат алып та өз басым осы шаруалардың оңайлықпен жүзеге аса қоймағандығын жақсы білемін. Назарбаев «алдымен экономика, сосын саясат» ұс­та­нымынан бір сәт те айныған жоқ, ал осы ұстанымның бүгін де күн тәртібінен түсе қоймағандығын, өміршеңдігін уақыттың өзі дәлелдеп келеді. Ішкі орнықтылық, сыртқы тартымдылық, ұлтаралық келісім – Қазақстанды әлемдік қауымдастық алдында тағы бір биік мінбеге көтеретін абсолютті шындыққа айналды. Ұлтаралық келісімнің келісті көрінісі көп мемлекеттерге үлгі-өнеге болды, бізден тәжірибе алған, күн өткен сайын тәжірибе алғысы келетіндердің қатарының көбейіп келе жатқандығын мақтанышпен атағандықтың артықтығы жоқ. Экономика саласындағы тұрақтылық, реформа, бизнес, әлеуметтік салалар, білім беру, денсаулық сақтау, та­рихи-мәдени мұра, тілдерді дамыту, ауыз­ су, жұмыссыздықпен күрес, мектеп, аурухана, балалар бақшасы…

Бұл Мемлекет басшысының күн сайын қатаң бақылауындағы проблемалар. Жетістіктеріміз жыл сайын артып келеді, кемшіліктер де жетерлік. Нұрекең әрбір облысқа барған сапарында осы салаларды қатаң бақылауға алады, қатаң қадағалайды, жұ­мыс­тарына салғырт қарағандардың арқа­лары­нан да қаға қоймайды, жетістікке жет­кендердің де төбелерін көкке жеткізіп мақтамайды. Президент әрнәрсенің ор­нын, үйлесімін, өз ырғағын біледі. Көп жылғы өмірлік тәжірибе, жастайынан қиындықта шыңдалып болат балқытып, талай рет сан түрлі мемлекет басшы­ларымен бір үстелдің басында тізе түйіс­тіріп, мемлекеттік мәселелерді оңтайлы шешу, осы секілді толып жатқан мемлекет басшысына тән критерийлер еріксіз осын­дай ұстамдылық пен сабырлылыққа тәрбиелейді, соған жеткізді.

Біз КСРО тарамай жатып-ақ сынақ алаңын жауып, ядролық қарудан бас тарт­қан елміз. Бұл бастаманы әлем жұртшы­лы­ғы мойындаған. Назарбаевтың беделі сапалық тұрғыдан тағы да алдыңғы планға шықты, шындығын айтқанда, бұл әлі ешбір мемлекет басшысының ойына келе қоймаған шаруа еді. Нұрекең бұған келгенде де батылдық көрсетті, ешкімге жал­тақтаған жоқ, алмас қылыштай бірден кесті. Ал оның нәтижесі адам таңғалатындай зор жетістікке ие болды. Халықтың осы сайлаудағы орасан зор құрметі мен сеніміне ие болған Нұрекеңнің қайбір көрегендік істерін қалай айтып тауысарсыз! Бұл тасқа басылған тарих. Бізден кейінгі ұрпақ бұл тағылымның өздеріне ауадай қажетті тұстарын талай мәрте пайдаға асыратын болады. Бір-біріне мақтанышпен айтып жүретін болады.

Дәл бүгінгі таңда әлемде тыныштық жоқ. Әсіресе, араб мемлекеттерінің ара­сында болып жатқан кикілжің, басшылық тарапына деген сенімсіздік, ашу-ыза бар­ған сайын ушығып барады. Оған Батыс Еу­ропа мемлекеттері араласа бастады. Ежел­гі Рим, Иерусалим, Мекке, Медине, Куфа, Лхастағы өмірі бастары бірікпей келе жатқан дінбасылары Назарбаевтың ар­қасында Астанаға жиналып үш мәрте бас қосты, үш мәрте дінаралық алауыздықты ауыздықтау, жазықсыз қан төгілмеу, қара­пай­ым халықтың күнделікті алаңсыз өмір сү­руіне толыққанды жағдай жасау мә­се­ле­ле­рі төңірегінде келелі әңгіме жүр­гізді. Бір-бірінің жүздеріне тіке қарасты, қол алысты, достық көңілмен тарасты. Бар­лы­ғы жиналып бір ауыздан Назар­баев­қа жү­рек­тен шыққан шынайы алғыстарын білдірді. Бұл дүние жүзіндегі дінбасы­лары­ның дидарласу дәстүрі мұнан кейін де жал­ғаса береді. Мұнан кейін де Астана олар­дың сүйікті басқосу орнына айналып қала береді. Қазақстан үстіміздегі жылы Ислам конференциясы ұйымына төраға­лық етеді.

«Әрдайым жолдың ауырын таңда, ол жолда қарсылық таппайсың», дейтін көрі­неді генерал Шарль де Голль. Ойлануыңды қажет ететін тұжырым. Қиын жолдың ауырлығын сезінсек, біз сезінейік. Желіміз оңынан тұрғанда біз бір орында тұралып қалмадық, таңдаған жолымыздың оңай болмасын да бүкіл болмысымызбен сезіне білдік, аздап сүрінген тұстарымыз да болған шығар, бірақ құлағанымыз жоқ. Тек қана алға жылжуды басты мұрат етіп ұстандық. Себебі, бізді қиын жолдардан адастырмайтын Көшбасшымыздың барлы­ғына сендік, Назарбаевтың қажымайтын қайрат-жігеріне иек арттық. Маргарет Тэтчер: «Мен шаршамайынша кетпеймін. Ал Британияға керек болып тұрған кезімде, мен ешқашан да шаршамаймын!» деген екен. Табылған сөз! Ойлы сөз. Артық-кемі жоқ бірден жүрекке қона кететін мағыналы сөз! Даму жолында қарыш­ты секіріс жасаған мемлекеттердің тәжіри­бесі жеке тұлғаның ел үшін қаншалықты рөл атқаратындығын дәлелдеп-ақ келеді. Конрад Аденауэр, Ли Куан Ю, Франклин Рузвельт, Мұстафа Кемал Ататүрік, Шарль де Голль, Мохамад Махатхир секілді за­ма­нынан озып туған көреген-кемеңгер, ай­рық­ша қажырлы және табанды көш­бас­шылар өз халықтарын тұрақты дамуға, өсіп-өркендеуге және бақуатты тұрмысқа жеткізеді Һәм жеткізіп те келеді. Біз Ел­басымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ­стан­ның туын бұрын-соңды болмаған асқар шыңға шығарып, миллиондаған қа­зақ­стандықтың жүрегіне келешекке деген нық сенім ұялатып, әлем тарихындағы еңсесі биік тұлғаға айналғандығын әрдайым мақтаныш сезімімен айта беруіміз керек. Иә, ондай мақтан сөзді әрине, Назарбаев керек те етпес, бірақ ұрпақ санасына сіңіру үшін тұлғалық бейнесін айқындай түскен үстіне айқындау түсуіміз қажет-ақ. Одан Назарбаев шалқақтап та кетпейді, аласарып та қалмайды.

Біз өткен жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астана саммитін өткіздік. Жай күнделікті кезекті жиын ретінде емес, әлем жұртшы­лығы көз тіккен айтулы саммит ретінде өткіздік. Ұйым пайда болған 35 жыл ішінде алғаш рет ТМД мемлекеттерінің ішінен Қазақстан ғана ұйымға төрағалық ету мәртебесіне ие болды. Астана саммиті төрт­күл дүниеге Қазақ елін паш етті. 56 елдің «сен тұр, мен атайын» басшылары келді, келіп қана қойған жоқ өздерінің жас Астанамызға деген, осы іргелі халық­аралық істің басы-қасында жүрген, жүріп қана қоймай соны нақты іс жүзінде ұйым­дастыра білген Елбасымызға жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді. Әрине, сырттарынан сездірмесе де іштей қызғанғандары да кезікпей қалмаған шығар. ЕҚЫҰ-ның Астана Декларациясы қабылданды. Бұл Декларация тарих бетіне алтын әріптермен жазылып қалды.

Сөйтіп, бұл сайлауда Назарбаев сай­лаушылар дауысының 95,55 пайызына ие болды. Әсіресе, жастар айрықша белсенділік танытты. 1059 алыс-жақын шетелдерден бақылаушы келді, Сыртқы істер министрлігінде 200-ден астам журналистер тіркелді. Өзімізді-өзіміз сынауға да шеберміз ғой, ал сол әр мемлекеттен жиналған ба­қылаушылар сайлау барысынан бәлен­дей кемшілік таба алмады, сайлау шын мағынасында әлемдік деңгей дәрежесінде өтті деп жатты. Бұл жетістікке қуанбауға бола ма, бұл жетістік үшін бір-бірімізден сүйінші сұрамауға бола ма?! Қазір жан-жағыңызға қараңызшы, әлем елдеріндегі көп жанжалдар әлеуметтік мәселелердің оңды шешілмеуінен, әлеуметтік салаларға мемлекет тарапынан төленетін қаржы көздерінің шамадан тыс қысқарту себебінен туындап жатыр. Бізде шүкіршілік, бюд­жеттік сала қызметкерлерінің жалақысы, жәрдемақы, шәкіртақы, әлеуметтік төлем­дердің көлемі қысқарудың орнына жылма-жыл көбейіп келеді. Әлемдік дағдарысқа қарамай 2020 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жаңа бағдарламасын қабыл­дадық. Президент биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында келешегіміздің қандай оңды бағытқа бет түзегендігін тамаша дәлелдермен жеріне жеткізе айтып берді. Бұл айтыл­ған жерінде елеусіз қала беретін бастамалар емес еді. Оның күн сайын, жыл сайын жеміс беріп келе жатқандығын әрбіріміз көріп отырмыз, сезіп отырмыз. Рузвельт бір кездері АҚШ-ты дағдарыстан аман құтқару үшін арнайы «Жаңа бағыт» атты бағдарлама қабылдаған екен. Сол секілді біз де революциялық жолды емес, даму­дың эволюциялық жолын таңдадық. Ин­дус­триялық-инновациялық жаңару дәл қазіргі кезден-ақ нәтижелі жемістерін бере бастады. Енді «қазақстандық модернизация» деген жаңаша ұғым, жаңаша көзқарас пайда болды. Қазақстандық индустриялық модернизация арқылы әлемдік модерни­зацияға жол ашылады. Саяси үдемелі өзгерістерге мүмкіндік туады. Бұл бастама жоғарғы жақтың қаулы-қарарымен шешілмейді, жоғары биліктің пәрменімен жүзеге аспайды. Процесс тек жоғарғы жақтан басталмауы керек, қатарымызда жүрген қа­рапайым адамдардың да ынтасы, ыж­дағаты, белсенділігі алдыңғы қатарға шы­ғуы тиіс. Әне, сонда ғана біз құр айқай­мен, құр даңғаза тіршілікпен емес, нақты ісімізбен Президентіміз ұсынған саяси, экономикалық реформаларға үн қатқан бо­ламыз. Және осы рух күшімізбен ұтамыз. Болашақта да нық қадамдар жасаймыз.

Әңгімеміздің басында тілге тиек еткен жас жігіттің «бізде бәрі бар, ендігі жерде шетелге қызығудың ешбір қажеті жоқ» деген ойын еске алайық. Шындық солай, артық айтқандығымыз емес, қазір Қазақ­стан­да адамның жақсы өмір сүруі үшін то­лықтай негіз жасалған. Өмір сүру фило­софиясы сапалық тұрғыдан өзгерді. Оны ең алдымен Президент сайлауы дәлелдеп берді. Бұрын жұртшылықпен жүздескенде тіршіліктегі түкке тұрмайтын ұсақ-түйектер, жеке бастың шаруалары көп айтылатын. Бүгін олай емес, жеке бастың мүддесін әркім өздері-ақ шешіп алады. Елдік мәселе, халықтық мәселе алға шықты. Әркім қоғамдағы орнын айқындай түсті, босқа уақыт өткізудің де өз басына түк пайда әкелмейтіндігін түсінді. Өздерінің өмірге керектігін барған сайын сезіне бас­тады. Әр адам – «керек» адамға» айналды. Өмір сүрудің қарапайым философиясын мұнан артық қайдан іздеп табарсыз! Алға ұмтылған ойымыз ісіміз әрдайым оңға баса бергей!

12
скачать работу

Өмір сүру философиясы

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ