Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Өмір сүру философиясы



 Другие рефераты
Түркі тілдес ойшылдардың гуманистік идеясы Философиялық білімнің өзіне тән ерекшеліктері Антик философиясы Адам туралы мәдени-антропологиялық ой

ЖАҢА САПАЛЫҚ ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРІЛДІ

Әдебиетші емеспін, бірақ метафоралық ұғымның арғы астарын жақсы түсінемін. Бәлкім, оны көпшілігіміз айта беретіндей, көңілдің көк дөненіне теңестіргендігіміз жөн болар. Иә, қалай дегенде де, туған еліңнің бұрын-соңды бастан кешпеген даму үрдісіне күн сайын куәгер болып келе жатқан соң арғы жағынан түйдектеліп келіп қалған ой ағыстарын іркіп қалу да оңайға соқпайды екен. Оңайға түспейді дегенде айтпағым, бұл әлдебір қиялдан туған немесе қолдан иіп әкелген жанама түсінік емес. Және табан астынан адам естімеген жаңалық та қайдан табыла берсін. Қарапайым мысалға жүгінейін, жақында Президентіміздің бастамасымен дүниеге келген «Болашақ» бағдарламасы бойынша шет елдің алдыңғы қатарлы оқу орнын бітіріп келген жас жігітпен әңгімелестім. Оның аты-жөнін атамай-ақ қояйын, алғашында жүрдім-бардым тақырыптар төңірегінде біршама пікір алысармыз дегем-ді. Оның үстіне мынадай ала­са­пыран заманда бос уақыт қайда. Жоқ, бастапқыдай емес, бара-бара сұхбатымыздың тақырыбы тереңдей түсті. Жас замандасымның біз бастан кешіп отырған қоғам туралы түсінігі, зиялы қауымға ғана емес, қарапайым адамдар үшін де мұнан былайғы жер­де өмір сүрудің оңай болмай­тын­дығы, жер шарының түкпір-түк­пі­рінде болып жатқан толқулар мен апатты жағдайлардың тым жиілеп кеткендігі, шет жұртта білім алып жатқан жастарымыздың өзгелермен салыстырғандағы интеллектуалдық пайы­мы, білім төңірегіндегі іштей бәсе­ке­лес­тік… қойшы әйтеуір, немкеттілеу бас­тал­ған әңгіменің аяғы өз-өзінен тереңге тартып бара жатты.

Бұл кездейсоқ кездесу мені де біраз желпіндірді. Желпіндіргенде жас адамның осынша озық дүниетанымы еріксіз таңғал­дыр­ды. Алдыңғы буын күнделікті алас-қа­пас шаруамен сүрлігіп жүріп, кейінгілермен түсіністік жағдайда шешіліп сырласа бермейміз-ау дейтін өкініштің де қылаң бергендігін жасырып қайтейін. Ол сол екінің бірінің қолы еркін жете бермейтін «Болашақ» бағдарламасының тегеурінді бір өкілі ретінде менің көкейімдегіні де дөп басқандай, біраз жайдан хабардар етті. Және нақты деректермен тұздықтап сөй­леді. 2005-2010 жылдар аралығында атал­мыш бағдарлама бойынша 2204 жас маман бітіріп шығыпты. Бір қуанарлығы, осы­лар­дың 1764-і мемлекеттік органдарға, ұлт­тық компаниялар мен бірлескен кәсіп­орын­дарға, халықаралық ұйымдарға сан түрлі қыз­меттерге орналасып үлгерген. 400 жас маманның тағдыры таяу күндері түпкілікті шешілмек. Халықаралық құқық, инжиниринг, теңіз техникасы, атом өнер­кә­сібі, информатика, нано және биотехнология деген мамандықтарды бұрындары аракідік естігеніміз болмаса, олардың немен айналысатындығын біле бермеуші едік қой. Сол мамандықтар «Болашақтың» ар­қа­сында өмірімізге батыл, тың бастама­лары­мен араласа бастады. Ішім жылып қалды.

– Дұрыс-ақ, құлаққа кіретіндей тұ­жы­рым, ал мемлекеттің қаражатымен білім алып, толысып-жетіліп, жеме-жемге келгенде Қазақстанға қайтпай қалатын құр­дас­тарың туралы не айтамыз? – дегем-ді бір оңтайлы тұста.

Ол сәл іркіліп барып, көптің түсінбес­тікпен айтатын және ескірген ұғымға толыққанды жауап бергісі келгендей, бір сілкініп алды да мынадай тоқтамға келді: – Иә, ондайлар болған, бірақ бірді-екілі кемшілік бүкіл болмысымызға көлеңке түсір­месе керек қой. Сізге ағымнан жарылып, шынымды айтайын. Сол аузымен құс тістеген Лондоныңызда төрт-бес жылым өтті. Мұнан былайғы жерде шетелдерде тұрып қызмет істеу дегеніңіз түк те қызық болмай қалды. Сол сырттағы жағдай біздің туған елімізде бар, инфрақұрылым да, супер талғам, супер мәдениет, супер спорт­тық жарыстар, тіпті көңіл көтеретін түнгі клубтарға дейін бәрі-бәрі біздің Қазақ­станда жетіп артылады. Керісінше, жас адамның жан-жақты жетілуіне, ешбір кедергілерге ұрынбастан ой-өрісін дамытуға, кәсіби біліктілігін шыңдауға, бәсекелесуге, керек болса емен-жарқын пікірталастыру­ға да Қазақстанда мүмкіндік мол. Қайран қалатыным, біз осы неге жалпақ түсініктің шеңберінен шығып, әлемде болып жатқан күрделі құбылыстарға ойлы көзбен қарауды үйренбейміз. Аға, сіз білесіз бе, қазіргі таңда өмір сүрудің күллі филосо­фиясы бүтіндей өзгерді ғой. Және Қазақ­стан­да өмір сүрудің философиясы жаңа са­тыға көтерілді. Оны қайталай беретін несі бар, өзіңіз де ол жағын жақсы білесіз…

Міне, ойды ой қозғайды. Қазақстан­дағы өмір сүру философиясының жаңа са­тыға көтерілгендігіне тағы бір дәлел келтірейін. Біз барша халық болып жуырда мер­зімінен бұрын Президент сайлауын өт­кіздік. Иә, сайлауға таң қалатындай не бар. Бұрындары да талай сайлауларды өткізген жоқпыз ба, бұрындары да «советтік фор­маттың» тар қамытынан шыға алмастан сайлауға қатысқанбыз. Ал әлемдік масштаб тұрғысынан бағамдағанда қай елде президент сайлауы өтпей жатыр. Көрші елдерде де, мұхиттың арғы жағындағы мем­лекеттерде де. Сайлау туралы қалып­тас­қан түсінікті балталап сындыруың қиын. Осы елдің қарапайым бір азаматы ретінде де, депутат ретінде де байқағаным, «бұл ән өзге әннен өзгеше» дегендей, бұл сайлау өзге сайлаулардан әлдеқайда мәнді, әлдеқайда мағыналы түрде өтті. Сол сайлау күнгі адамдардың сығылысып кезекте тұрғанын көрсеңіз. Бұрын-соңды мұндай кезекті көріп пе едіңіз, көрмек түгілі ойға келмейтін. Демек, қазақстандықтар сайлау жөніндегі жаңа үдерістерді бағын­дыр­ған, сайлауға деген бұрын-соңды болмаған құлшыныс оянған. Ол ненің құлшынысы? Елбасын сайлау кім үшін, біреу үшін бе? Бұл жердегі басты мақсат – ең алдымен адам­дардың өздеріне құрмет жасауы, өз­дерін қадірлеуі. Алдымен өздерін сый­лауы. Сосын елдің болашағына жүрдім-бардым қарамауы. Біз реті келсін, келмесін патриоттық сезім де­генді көп айта­мыз, көбірек қай­та­лаймыз. Ал түсіне білгенге осы төңі­рек­те де патриоттық сезім тұнып тұрған жоқ па?! Тек ендігі жерде осы құ­бы­лыс­тың сиыр­құй­ым­­шақтанып сұйы­лып кетпегендігін тілейік! Бірақ олай жасамау да өзімізге байланысты.

Үлкенімізге де, кішімізге де үлкен серпіліс тудырған бұл сайлауда халық ең басты таңдауын жасады. Болашаққа кіммен бірге барғысы келетіндігін және мемлекетіміздің тағдырын кімге сеніп тапсыру керектігін дұрыс таңдады. Мұны Тәуелсіздігіміздің басты жеңістерінің бірі, бәлкім, бастысы деп бағалағандығымыз абзал. Қазақстандағы өмір сүру филосо­фия­сының жаңа сатыға көтерілгендігін сірә, бекерден-бекер қадап айтпаған болар­мын. Яғни, біздің замандастарымыздың өмір сүруге деген талғамы өскен. Міне, сол секілді президенттіктен үміткер төрт бірдей азаматтың ішінен кімді таңдау керектігі де әркімнің өзіне, өзінің азаматтық жауаптылығына байланысты еді. Бұл жау­ап­тылық әрі-беріден соң Отан алдындағы жауаптылықты былай қойғанда, отбасы алдындағы жауаптылық еді ғой. Сайлауға бара жатқан тұста менің ойыма Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына бір жүрек­жарды сөзі оп-оңай орала кетті: «Өзім үшін емес, елім үшін толғанамын: бір басыма керекті қай күнде де табармын. Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп қам жеп жүру тек қана менің емес, әр азаматтың ісі мен жадында болуы қажет!»

Тәуелсіздік тәтті сөз. Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге биыл жиырма жыл. Та­рих­тың аумалы-төкпелі доңғалағымен салыс­ты­ра безбендесек, бұл тұп-тура көзді ашып-жұмғанша зыр етіп өте шығатын уақыт. Біз, бәріміз осы уақыттың кейіпкеріміз, осы шапшаң уақыт біздің көз алды­мызда өтті. Осы мерзім ішінде біз бағын­дырған биіктер де, асқаралы асулар да, ара-тұра аяқтан тартып қалатын кемшіліктер де бәріміздің көз алдымызда. Біздің бәріміз де осы заманның кейіпкерлеріміз дей­тініміз содан. Жиырма жыл. Біздің көз алдымызда болған түбірлі өзгерістерді тіпті тілмен жеткізе айту қиын-ақ. Қиынның қиы­ны. Міне, осы тәуелсіздік туындысы­ның ешбір жан таласа қоймайтын алғашқы авторы да Назарбаев еді. Тарих халық үшін жасалған игілікті істердің ешбірін ұмыт­пайды, жадынан да шығармайды. Есім ханның ескі жолы да, Қасым ханның қасқа жолы да, Әз Тәукенің Жеті жарғысы да ел үшін қажет болды. Қалай дегенде де о заманның салмағы да, бет-бейнесі де, тұ­тас өрлеу дәуірі де бөлек, тым бөлекше еді ғой. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарын­дағы біз бастан кешкен қиындықтарды кім ұмыта алар. Әрине, бұл дәуір бірден орнай қалған жоқ, жан қинамастан сопаң етіп аспаннан түсе қалған жоқ. Ал оңай келген бақыттың да берер қызығы мен қызуы көп болмайды. Тәуелсіздіктің іргетасын берік қалау үшін түн ұйқысын төрт бөлген, бар қиындықты белі қайыспай елмен бірге көтеріскен атпал азаматтарымыз жетерлік-ті. Бұл жерде әрине, «бас-басына би бол­ған өңкей қиқымдардың» да табылмай қал­мағандығын жасыруға болмайды. Бас­қа­сын айтпағанда, осы тәуелсіздігімізге күмәнмен қараған, ілгері жылжыған кө­ші­міздің бір жерде ауып қалмай діттіген жеріне аман-есен баратындығына да толық сенімді болмаған мысық тілеулілердің де арамызда жүргендігін елемей кетуге болар ма. Міне, қирандыдан жаңа мемле­кет­тің қабырғасын қалау, қалап қана қоймай әлемдік өркениеттен ойып тұрып өз орнын иемдену деген ұлы миссия, жасы­ра­тыны жоқ, бәрімізден бұрын Назар­баев­тың мойнына түсіп еді ғой. Дүкен сөре­ле­рі­нің бос қалғандығын да біздің тұрғылас­тары­мыз ұмытпаған шығар. Содан тікейдік, содан етек-жеңімізді жинадық, Орта Азиядағы туысқан мемлекеттер арасынан алға шығып, әлемдік қауымдастықта өз о­рны, өз бет-бейнесі, даму үрдісі бар ауыз тол­тырып айтарлықтай биіктерді бағын­дырған Қазақстан деген алып елге ай­налдық. Тек ендігі жерде осыған құдай оң көзімен қарасын деп тілейік.

Қазақстанның аумағы 2 миллион 717 мың шаршы шақырым. Территориясы жағынан әлемдегі тоғызыншы мемлекет. Ақ найзаның ұшы, ақ білектің күшімен осыншама жер көлемін ұрпағына қал­дыр­ған ата-баба аманатына адал болу үші

12
скачать работу


 Другие рефераты
Третейские суды
Чарльз Бэббидж – человек, который опередил свою эпоху
Хлорофилл: его свойства и биосинтез
Девиантное поведение


 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ