Главная    Почта    Новости    Каталог    Одноклассники    Погода    Работа    Игры     Рефераты     Карты
  
по Казнету new!
по каталогу
в рефератах

Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу

nbsp; өзіндік құнының  калькуляциясы  өндірістің  құрылымы  мен  есептік  сипатына  байланысты  анықталады.

            Мысал  ретінде  машина  жасау зауытындағы  кеңінен қолданылатын  шығындар  баптарының   калькуляциясын  қарастырайық.

            1.Шикізат  және  материалдар.

            2.Сатып  алынатын бұйымдар,  жартылай фабрикаттар  және  кооперативтік  кәсіпорын  қызметтері.

            3.Негізгі  өндіріс  жұмысшыларының  еңбекақысы.

            4.Қосымша  өндіріс жұмысшыларының  еңбекақысы.

            5.Негізгі және қосымша  өндіріс  жұмысшыларының  еңбекақысынан  әлеуметтік  сақтандыруға аударымдар.

            6.Өндірісті  дайындауға  және  игеруге  шығындар.

            7.Құрал-жабдықты  пайдалануға  және  ұстауға  шығындар.

            8.Цехтық  шығындар.

            9.Жалпы  өндірістік  шығындар.

            10.Ақаулардан жоғалтулар.

            11.Өндірістік емес шығындар.

            Алғашқы сегіз  шығын  баптары  цехтық өзіндік құнды  құрайды. Цехтық өзіндік құн  қосу  жалпы  өндірістік  шығындар  және  ақаулардан  жоғалтулар  өндірістік  өзіндік құнды  құрайды. Нәтижесінде барлық  11  баптар  өзалдына  толық  өнімнің өзіндік құнын құрайды.

            Өнеркәсіптік  кәсіпорындарда  келесідей   өнімнің өзіндік құнын  калькуляциялаудың  негізгі әдістері  қолданылады:

·    Тікелей  есептік;

·     Нормативтік;

·     Есептік-талдау;

·     Параметрлік.

            Ең  қарапайым  және  ең  дәл – тікелей есеп әдісі болып  табылады. Сонымен  қатар  бұл  әдісте өнімнің  бірлігінің  өзіндік  құнын  анықтауда  жалпы  шығын  сомасын  дайын  өнім  көлеміне  бөледі.  Бұл  әдісті қолдану  біртекті  өнімді өндіретін  кәсіпорындарда  ғана  мүмкін болады, осыған  байланысты  бұл  әдіс  шектелген  түрде  қолданады.  Сонымен  бірге  ол  калькуляцияның  жеке баптарында  шығындар  туралы  мәлімет  көрсете  алмайды.

            Өнімнің  өзіндік  құнын  калькуляциялауның  нормативтік  әдісі кәсіпорындарда  қолданылады,  белгілі бір  өнім  бірлігінің  өндірісіне  нақты  ресурс  шығындарының  өзгеру  есебі  нақты  дәл  көрсетілген.  Ол  материалдық, еңбектік,  қаржылық  ресурстарды  нормалық  және нормативтік   пайдалануға   негізелген.   Сонымен   қатар   осы    ресурстарды

нормалық  және нормативтік  пайдалану  прогресивті  және  ғылыми  негізделуі  керек.  Олардың  көлемін  жүйелі  түрде қарастырылуы  қажет.   

            Өнімнің  өзіндік  құнын  калькуляциялауның  ең  дәл  және  жетілген  әдісі  есептік-талдау тәсілі.   Сонымен  бірге  әдісте  өндіріс  адайын  жн-жақты  талдау  және онда  мүмкін  болатын  өзгерістерді  талдау  және  өнімнің  өзіндік  құнына  әсер  ететін  факторлар қарастырылады.   Норма және нормативтер  негізінде  жобаланатын  кезеңдегі техника-экономикалық  және  ұйымдық  шарт қалыптасады.

            Бір  типті,  бірақ  сапасы  жағынан  әртүрлі  бұйымдарды   калькуляциялау  кезінде параметрлік  әдісі  қолданылады.   Ол  өнімнің  сапалық   сипатына  байланысты  өндіріс  шығындарының  өзгеру  заңдылығын  бекітуге  негізделген.  Осылайша,  бұйымның  өзіндік  құнын   матералдар  мен  құрал-жабдықтардың  бір  килограммдық,  бір  тонналық  құны  негізінде  анықталады.  Берілген  өнімге  тән  басқада  көрсеткіштер  қолданылуы   мүмкін.  Осы  әдіс  бойынша  өнімнің  сапасын  жақсартатын  қосымша  шығындарды  анықтауға  болады.

            Қазіргі  нарықтық  экономикаға  өту  жағдайында  көптеген  шағын   және орта  кәсіпорындарда  калькуляция  баптардың  қысқартылған  номенклатурасын  қолданады,  олар  өзіне мыналарды  қосады:

·  материалды   шығындар   (шикізат,    материалдар,    жанармай    және

   технологиялық  мақсатта  қолданылатын  энергия);

·  еңбекақыға шығындар (тікелей  шығындар );

·  басқада  тікелей  шығындар;

·  өндірісті  басқару  және  қызмет  ету  шығындары;

            Кәсіпорын  алдында  өндіріс  шығындары  туралы  дәл  нақты және  тез  ақпарат  мәселесі тұрады. Көп  жағдайда  кәсіпкер  алдында  белгілі  ұсыным  базасында  шығындар  калькуляциясын  құрастыру  міндеті  тұрады  Сонымен  бірге  шығындар  калькуляциясының  міндеті-бұл  берілген  нормалар  мен  жоспарлардан  ауытқады  анықтауға  мүмкіндік  беретін  индикативтік   сипттағы     ақпараттарда    алу,    осы    ауытқулардың  себесін 

анықтау  және  осы  сияқты  ауытқуларды  азайту  немесе  ысыру шараларын  қабылдау.

            Калькуляциямен  салыстырғанда,  топау  әдісі  көбіне қолданылады,  өнімнің  өзіндік  құнын  құрайтын  шығындар (жұмыс,  қызмет көрсету)  олардың  экономикалық  мазмұнына  сәйкес  келесідей  жалпы бірыңғай  элементтер  топтастырылады:

·   материалдық  шығындар (қайтарымды  қалдықтар құны есебімен);

·   еңбекақыға шығындар;

·   әлеуметтік  қажеттіліктерге аударымдар;

·   негізгі   қорларға  амортизация;

·   басқада   шығындар;

            «Материалдық  шығындар»  элементінде  өндіріске, өнім  өндіруге  қажетті  шикізат  пен  материалдың,  жабдықтаушы  бұйымдар  және  жартылай  фабрикаттар,  технологиялық  және  өндірісті  қамтамасыздандыратын  жанармай  мен  энергияның  барлық  түрі (ғимаратты  жылумен  қамтамасыз  ету,  көліктік жұмыстар  және  т.б.). Материалдық  ресурс   шығындарынан  қайтарымды  қалдықтар  бағасы  алынып  тасталынады,  оларға  өнім  өндірісі  процсінде  қалыптасқан  шикізат қалдықтары,  материалдар,  жылу  тасымалдаушылар,  тұтынушылық  қасиетін  толықтай  немесе  біртіндеп  жоғалтқан  бастапқы  өнім  және  соның  негізінде  жоғары  шығындармен  қолданылатын  немесе  тіптен тікелей  мақсатта  қолданылмайтын  шығындар  жатады.

  

12345След.
скачать работу

Өндірілген өнімнің өндірістік және толық өзіндік құнын есептеу

 

Отправка СМС бесплатно

На правах рекламы


ZERO.kz
 
Модератор сайта RESURS.KZ