Операциялық жүйе түсінігі. ОЖ атқаратын функциялары
Другие рефераты
Мәліметтер қорының классификациясы
Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) мәлiметтер құрылымы типтерiнiң бiрiне бағытталады. Олар: иерархиялық МҚБЖ, желiлiк МҚБЖ, реляциялықМҚБЖ болып үшке бөлiнедi.
МҚБЖ – бағдарламалық жабдық, оның көмегiмен МҚ (мәлiметтер қоры) құрылады, соның негiзiнде ақпаратты iздеу жүйесi (АIЖ) құрылады және жұмыс iстейдi. Ақпаратты iздеу жүйесi дегенiмiз – мәлiметтер қорының жиынтығы және оларға қызмет көрсетушi бағдарламалар.
Кез-келген мәліметтер қоры деректердің реляционды моделіне негізделеді.
Мәліметтердің реляционды моделінің негізінде қатынастар (relation - ағылшын тілінде қатынас) ұғымы жатыр. Егер белгілі шарттарды орындасақ, қатынасты екі өлшемді кесте түрінде берген ыңғайлы болады. Кесте көрнекті, әрі адамға түсінікті бейнелеу болып табылады.
Реляционды мәліметтер қоры– бұл өзара байланысқан қатынастар жиыны. Әрбір қатынас (кесте) компьютерде файл түрінде беріледі.
Қатынастарға қолданылатын негізгі амалдарға:
· Жиындарға қолданылатын амалдар: қиылысу, айырма, декарттық көбейту, бөлу, біріктіру;
· Арнайы реляционды амалдар: проекциялау, біріктіру, таңдау (селекция, шектеулер) жатады.
Мәліметтер қорын басқару жүйесінің деңгейі осы айтылған амалдарды орындауда қолданылатын құралдардың бар болуымен және олардың қолайлылығымен өлшенеді. Қатынастарда, реляционды мәліметтер қорында бұл амалдарды орындауда қолданатын тілдерді екі класқа бөлуге болады:
· Реляционды алгебра тілдері;
· Реляционды есептеулер тілдері.
Реляционды алгебра тілдері реляционды алгебраға негізделген. Қатынастарға қолданылатын амалдарды тізбектей белгілі ретпен жазып, қажетті нәтиже аламыз. Сондықтан реляционды алгебра тілдері процедуралық тіл болып, ал мәліметтер қорын басқару жүйелері тілдерінің көбі процедуралық программалау тілдері болып табылады.
Бұтақ тәрізді объектілердің кестесі иерархиялық құрылым болады. Бұндай құрылым үшін төменгі деңгейдегі объекті жоғарғы деңгейдегі объектіге бағынышты.
Мәліметтер құрылымының үшінші түрі – желілік МҚБЖ.
Керектi ақпараттарды жинау ғана емес, оларды жақсылап құрылымдау да маңызды. Кез-келген ақпараттық құрылым келешекте қажеттi ақпаратты алу үшiн құрылады. Сондықтан да ол мәлiметтердiң құрылымын жасау мына әдiстерге сүйену арқылы жасалады:
1) объектiнiң сипаттамаларын анықтау;
2) осы объектiлердiң атрибуттарын (атрибут – қатынас бағандары) анықтау;
3) объектiлердiң арасындағы байланысты көрсететiн құрылым типтерiн таңдау (кесте, иерархиялық, желiлiк).
4) ақпараттық құрылымның дәл экземплярын құру.
| | скачать работу |
Другие рефераты
|